Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың




Скачать 36.85 Kb.
НазваниеҚаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың
Дата конвертации06.02.2016
Размер36.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diac.ru/downloads/atol_fr_choosing.doc
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың

9 айында атқарған жұмыстары есебінің тезистері

Қаңбақты ауылдық округінде Алмалы, Ақжар, Дөңши елді мекендері орналасқан. Ондағы тұрғын халық саны 1330 адамды құрап отыр. Аула саны 215.

Қаңбақты ауылдық округі бойынша әлеуметтік-экономикалық

бағдарламаны орындау мақсатында 2013 жылы салық бойынша атқарылған жергілікті болжамды төлемнің орындалу көрсеткіштері:

Мүлік салығы

Жер салығы

Көлік салығы

Барлығы

Жос-пар

нақты

%

Жос-пар

нақты

%

Жос-

пар

нақты

%

Жос-

пар

Нақ

ты

%

12000

12000

100

32000

32000

100

345000

345000

100

389000

389000

100

Ауылдық округ әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындарынан түскен Алмалы, Ақжар ауылдарында мал емдеу үшін мал қамайтын қора салу жөнінде түскен 2 өтініштің 1-і орындалып, Ақжар ауылының солтүстік батыс жағынан ауыл тұрғындарының күшімен арнайы мал қамайтын қора салынды. Алмалы ауылынан мал қамайтын арнайы қора салу қазан айының соңына жоспарлануда.

Округте «Сапар» ЖШС мен 38 шаруа қожалығы тіркелген. Олардың негізгі айналысатын бағыты мал шаруашылығы. Сонымен қатар 4 жеке кәсіпкер тіркелген. Олар негізінен жеке саудамен айналысушылар.

2013 жылы 134 га жерге егін егілді, оның ішінде 350 га жерге картоп, 50 га жерге көкөніс егілді.

2013 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша округтегі ірі қара мал басы 457 басқа өсіп, 3926 басты, қой-ешкі 3104 басқа өсіп, 11860 басты құрады, жылқы басы 146 басқа көбейіп, 1195 басты құрады. Қысқы мал азығы ретінде 3500 тн қатты табиғи шөп дайындалды. Мал басын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2000 бас ірі қара сырғаланды.

Ірі қара малдың әлеуетін арттыру мақсатында 5 шаруа қожалығы субсидия алып, асыл тұқымды мал өсірумен айналысып келеді. Биылғы жылы округтен «Жусы Ж.» шаруа қожалығы олардың қатарына қосылып, мал басын асылдандырумен айналысуда.

Білім беру саласы: Округтегі Абай атындағы орта мектеп пен Балқаш орта мектептерінде 139 оқушы білім алады. Екі мектепте барлық саны 39 мұғалім білім береді. Абай атындағы орта мектеп пен Балқаш орта мектебі жанынан мектепке дейінгі 25 орындық шағын орталық жұмыс істейді. 2013 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген 13 түлектің ҰБТ-ға 10-і қатысып, білім сапасы 66,1 балды құрады. Мектепке Дөңши ауылынан 41 оқушы арнайы автобуспен тасымалданады.

Балқаш орта мектебінде 31 оқушы білім алады. Биылғы жылы аталған оқу орнын 6 түлек бітіріп, 6-ы да ҰБТ-ға қатысып, орташа көрсеткіш 69,2 балды құрады. Қысқы жылыту маусымына лимит бойынша Абай атындағы орта мектепке – 26700 литр жанар май, Балқаш орта мектебіне – 21381 литр жанар май жеткізілген. Биылғы жылы Балқаш орта мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен бөлінген 20 млн 347 мың теңге қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық саласы: Алмалы ауылында 20 төсектік «Алмалы ауылдық ауруханасы» МҚКК орналасқан, Ақжар ауылында – 1 ФП, Дөңши ауылында – 1 ФП орналасқан.

Әлеуметтік жағдайға әсер ететін аурудың түрлері: туберкулез ауруымен 1 жағдай, бруцеллез ауруымен 1 жағдай тіркелді. 15 нәресте дүниеге келіп, 8 адам қайтыс болды. Сары ауру, ВИЧ ауруы бойынша ауырған адамдар тіркелген жоқ. Биылғы жылғы қысқы жылыту маусымына барлығы 53 тонна көмір түсірілді, оның ішінде Дөңши ФП-не 3 тонна, Ақжар ФП-не 10 тонна көмір, Алмалы ауылдық ауруханасына 40 тонна көмір түсірілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету: Округ тұрғындары қазіргі таңда ауыз суды трубкалы колонкалар арқылы пайдаланады. Алмалы ауылында орналасқан орталықтандырылған ауыз су жүйесінен әр аулаларға су тарту жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта 86 аула ауыз суды пайдаланып отыр.

Дөңши ауылын сапалы ауыз су жүргізуге сметалық жобалау жұмыстары үшін 3 571 428 теңге қаражат бөлініп, Дөңши ауылындағы сумен жабдықтау құрылысын қайта жаңғырту үшін 2,0 га жер учаскесін тұрақты пайдалануға және 1,0 га жер учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы шешімі шығарылды.

Әлеуметтік қамсыздандыру: Округ бойынша 18 жасқа дейін балалары бар 12 отбасы жәрдемақы алады. Тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны 22. Қоғамдық жұмысқа биылғы жылы 8 адам жіберілді. Тұрақты жұмысқа 10 адам орналасса, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы 2 азамат жұмысқа орналасты және 1 азаматша кәсіптік оқуға жіберілді.

Биылғы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша ауыл әкімі тарапынан 19 өкім, 3 шешім шығарылды. Ауыл тұрғындарына 295 анықтама беріліп, 71 өтініш қабылданды.

Мәдениет: Ауылдық округ бойынша Алмалы ауылында 1 мәдениет үйі мен 6 мың кітап қоры бар 1 кітапхана жұмыс істейді.

Похожие:

Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconДолон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері
Долон ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны- 1603 адам, шаруашылық аулалары- 481
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconМұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі

Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconТезисы глуховка ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2015 жылға міндеттері туралы округ әкімінің есебі
Глуховка ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылған сын ескертпелері
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconҚарасаз ауылдық округі әкімінің және әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Көрінуі
«Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconЕкпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі
Жұмыспен қамтылған адамдар 322, оның ішінде бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтындар- 118. Жеке кәсіпкерлер- ауылдық округте 56 зейнеткер,...
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың icon«жетітөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс – шаралар және нәтижелердің...
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың I – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Ың әкімдігінің 7 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 3 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ...
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconҚосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары
«Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі...
Қаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница