1. Жалпы талаптар




Название1. Жалпы талаптар
страница1/13
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/talap24.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы «8» ақпандағы

№ 24 бұйрығымен

бекітілген


Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы

құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Осы генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы 7 бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.


1. Жалпы талаптар



1. Газ генераторы станцияларын жобалау, салу және қайта салу Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы құрылыс және санитарлық талаптар мен нормаларға, технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жүргізілу қажет.

2. Құрылысы (қайта салуы, кеңейтуі) аяқталған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдау «Күрделі жөндеулері аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002. талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

Осы Нормативтердің талаптарына қайшы келетін, еңбек қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік санитарияға, қоршаған ортаға және өрт қауіпсіздігіне теріс әсер ететін шегіністері бар, жаңадан салынған және қайта салынған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдауға тыйым салынады.

3. Агрегаттар мен негізгі жабдықтардың құрылымына немесе технологиялық сұлбаларға өзгерістер енгізу кәсіпорын жобалаушысының, жабдықты дайындаушы-зауыттың келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сонымен қатар енгізілетін өзгерістер технологиялық процестерді енгізу мен жабдыққа қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі керек.

Ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлық, құрылымдық және инженерлік-техникалық шешімдеріне өзгерістер енгізу белгіленген тәртіпте бекітілген қолданыстағы нормаларға сәйкес әзірленген жобасыз рұқсат етілмейді.

4. Негізгі генераторлық газ өндірісіне ықпал ететін немесе оны қажетті құрамдас бөліктермен қамтамасыз ететін, оттегін өндіру, газ генераторларын таза бумен қамтамасыз ету сияқты бөлек өндірістерді қауіпсіз пайдалану талаптары осы Нормативтерге енгізілмеген.

5. Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстарды жобалау, салу, дайындау, монтаждау, жөндеу мен пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды салу және қауіпсіз пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес болуы керек.

6. Өндірістік процестерді ұйымдастыруға қойылатын, қауіпсіздіктің негізгі шарттары болып:

1) технологиялық тәртіптің, жұмыс орындары бойынша өндірістік нұсқаулардың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың, сондай-ақ жабдық пен су құбырларын жөндеу жөніндегі нұсқаулардың параметрлерін қатаң сақтау;

2) сақтандырғыш қондырғы құралдардың, дабылдың, шек қоюдың ақаусыздығы, электр қуатымен үздіксіз жабдықтау, сондай-ақ желдету қондырғыларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

3) жабдықтар мен су құбырларының герметикалығын, сондай-ақ өндірістік бөлмелердегі ауа ортасының жай-күйін жүйелі түрде бақылау;

4) жетектердің қоршалуының және машинаның басқа да барлық қозғалу және айналу бөлшектерінің, көтергіштердің, сонымен қатар дренажды қондырғылардың және тағы басқа сенімді орнатылуы және ақаусыздығы;

5) электрлік оқшаулаудың жай-күйін жүйелі түрде бақылау табылады.

7. Газ генераторы станцияларындағы өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.

8. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулары «Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауды әзірлеу және бекіту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 278-б бұйрығының талаптарына сәйкес болуы қажет.

9. Өндірістік (технологиялық, жабдықты пайдалану жөніндегі) нұсқауларда технологиялық үдерістің сипаттамасы, жабдық туралы мәліметтер, жабдықты қауіпсіз пайдалану және жөндеу талаптары, жұмысты қауіпсіз орындау тәртібі болуы керек.

10. Технологиялық үдерістерді, коммуникация сұлбалары өзгерген жағдайында өндіріске өзгертулер енгізілгенге дейін қолданыстағы нұсқауларға кәсіпорынның бас инженері (техникалық басшы) бекіткен тиісті түзетулер енгізілуі керек.

11. Әр кәсіпорында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен, Апатты жою жоспарларын құрастыру жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес апаттарды жою жоспарлары жасалуы керек.

Апаттарды жою жоспарлары келесі мерзімнің басталуынан бір ай бұрын жыл сайын қайта қаралуы және бекітілуі керек.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

1. Жалпы талаптар icon1 іas халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты
Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi...
1. Жалпы талаптар iconПедагогикалық Қызметкерлердің ҚЫСҚа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘк дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Осы Талаптар біліктілікті арттыру курстарының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын бірыңғай амал тұрғысынан келуді қамтамасыз ету...
1. Жалпы талаптар icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1. Жалпы талаптар icon1 Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі Клиринг
Клиринг жалпы өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Ал биржалық клиринг ол биржалық саудаға қатысушылар...
1. Жалпы талаптар iconРефератты орындау және жазуға қойылатын талаптар
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
1. Жалпы талаптар iconЖалпы листингілік талаптар ("Ислам бағалы қағаздары" секторын қоспағанда)
АӨҚО Қра талаптарына сәйкес келетін, аудиторлық ұйым қаржылық есеп берушіліктің аудитін жүргізеді
1. Жалпы талаптар iconЖалпы листингілік талаптар ("Ислам бағалы қағаздары" секторын қоспағанда)
АӨҚО Қра талаптарына сәйкес келетін, аудиторлық ұйым қаржылық есеп берушіліктің аудитін жүргізеді
1. Жалпы талаптар iconАҚпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелердегі стандарттық кешендер есептеудің автоматтандырылған жүйелері Биллинг жүйелері. Жалпы техникалық талаптар

1. Жалпы талаптар iconХимиялық зертханалардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары
Бұл Талаптар химиялық зертханаларды жобалау, оларды құрылысын салу және оларды пайдалану кезінде қолданылады
1. Жалпы талаптар iconКредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған анықтамалық-КӨрсеткіш
Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге қойылатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница