«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі




Название«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі
страница1/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/emi/bonds/B79/bondsB79$-$5420$-$..doc
  1   2   3   4   5   6









«Павлодарэнергосервис»

акционерлік қоғамының

«Павлодарэнергосервис» АҚ

бірінші облигациялар шығарылымының ПРОСПЕКТІСІ

Облигациялардың түрі - атаулы купонды

қамтамасыз етілмеген

Саны – 20 000 000 дана


Уәкiлеттi органның жарияланған облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуi инвесторларға проспектiде сипатталған облигацияларды иемденуге қатысты қандай да бiр ұсыныстамалар беру дегендi бiлдiрмейдi. Жарияланған облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған уәкiлеттi орган осы құжатта берiлген ақпараттың шындығы үшiн жауапкершiлiк көтермейдi. Облигациялар шығарылымының проспектiсi тек Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуi тұрғысынан қарастырылды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары осы құжатта берiлген ақпараттың сенiмдiлiгi үшiн жауапкершiлiк көтередi және онда көрсетiлген бүкiл ақпараттың шын екенiн және инвесторларды қоғам мен оның орналастырылатын облигациялары жөнiнде шатастырмайтынын қуаттайды.


Павлодар қаласы, 2005 жыл

  1. ЭМИТЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


2. Эмитенттің атауы:

Толық атауы:




мемлекеттік тілде:


«Павлодарэнергосервис» акционерлiк коғамы

орыс тілінде:


Акционерное общество «Павлодарэнергосевис»

Қысқаша атауы:


мемлекеттік тілде:


«Павлодарэнергосервис» АҚ

орыс тілінде:


АҚ «Павлодарэнергосервис»



    Эмитенттің атауындағы өзгертулер туралы деректер:

1998 жылғы 23 ақпан - «Павлодарэнергосервис» АТАҚ,

1999 жылғы 25 қаңтар - «Павлодарэнергосервис» ААҚ,

2003 жылғы 30 желтоқсан - «Павлодарэнергосервис» АҚ.

3. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:


п/п

Қайта/тіркеу куәлігі №

Тіркелген күні

Тіркеуші орган

1

    4220-1945-АҚ

    23.02.98

Павлодар облысының Әділет басқармасы

2

    4220-1945-ОАҚ

    25.01.99

Павлодар облысының Әділет басқармасы

3

    4220-1945-АҚ

    30.12.03

Павлодар облысының Әділет басқармасы

4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 451800064034

5. Эмитенттің орналасқан жері, байланыс телефондары мен факс нөмірлері туралы ақпарат, электронды пошта мекен-жайы.

  • толық пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі,27

  • Байланыс телефоны: (83182) 32-20-22, 32-67-61 Факс: (83182) 32-67-61

  • Электрондық мекен-жайы: yur.pes@energo.kz

6. Эмитенттің банктік деректемелері.

ДСК – 006467817 Қазақстан Халық банкі АҚ ПФ-нда БСК 193201601.

  1. Эмитенттің қызмет түрлері.

Негізгі қызмет түрі – электр қуатын табыстау және бөлу.

8. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген рейтингілердің болуы туралы мәлiметтер. Эмитентке қаржылық агенттік мәртебесі берілген жағдайда, уәкілетті органның қаулысының күні, нөмірі көрсетіледі.

2005 жылғы 01 қазандағы ахуалы бойынша «Павлодарэнергосервис» АҚ-нда халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген баға жоқ.

«Павлодарэнергосервис» АҚ-ның қаржылық агенттіктің мәртебесі жоқ.

9. Эмитенттің барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атаулары, тiркелу күндерi, орналасқан жерлерi мен пошталық мекен-жайлары.

«Павлодарэнергосервис» АҚ-ның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

10. Толық ресми атауы:

- аудиторлық ұйым:

«KPMG - Janat» ЖШС,

Бас директор Бердалина Ж.К., аудит бойынша серіктес Вилсон Митчелл.

21.10.99 жылғы аудиторлық қызметтті жүзеге асыруға № 0000006 лицензия.

- қаржылық кеңесші:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, бағалы қағаздарына кәсіптік қатысушы, ҚР бағалы қағаздар нарығында атаулы ие ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығында брокерлік және дилерлік қызметпен шұғылдануға 2004 жылғы 19 ақпанда берілген № 0401100714 лицензиясы бар, Қазақстан Қор Биржасының «В», «К», «Р» және «С» санаттары бойынша мүшесі болып табылады.

11. Эмитенттің корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні.

Корпоративтік басқару кодексін акционерлердің жалпы жиналысы 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында қарастырады және қабылдайды.


II. ЭМИТЕНТТІҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ


  1. Эмитенттің басқару органдарының құрылымы.

Эмитенттің басқару органдары төмендегілер болып табылады:

  • жоғарғы орган – жалғыз акционер, ал акционерлердің саны ұлғайған жағдайда – акционерлердің жалпы жиналысы;

  • басқару органы – Директорлар кеңесі;

  • атқарушы орган – Президент.

Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау органы – ішкі аудит қызметі қосымша түзіле алады.

Акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің) айрықша құзыретіне төмендегі мәселелер жатады:

  • Қоғамның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу немесе оның жаңа редакциясын бекiту;

  • Қоғамды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

  • Қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешiм қабылдау;

  • санақ комиссиясының сандық құрамы мен өкiлетттiктер мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;

  • директорлар кеңесiнiң сандық құрамын, өкiлетттiктер мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу мөлшерi мен жағдайларын айқындау;

  • Қоғамның аудитын жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;

  • жылдық қаржылық есеп-қисапты бекiту;

  • Қоғамның есептiк қаржылық жылдағы таза табысын пайдалану тәртiбiн бекiту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылдау және жыл қорытындылары бойынша Қоғамның бiр жай акциясына шаққанда дивидендтер мөлшерiн бекiту;

  • Жарғының 7.3-тармағымен көзделген жағдайлар орын алған кезде Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешiм қабылдау;

  • жиынтығында Қоғамға тиесiлi активтердiң барлығының жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын активтердiң бiр немесе бiрнеше бөлiгiн табыстау арқылы Қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғамның iрi мәмiлелер мен Қоғам жасауға мүдделi мәмiлелер жасасуы туралы шешiмдердi бекiту;

  • Қоғамның мiндеттемелерiн оның меншiктi капиталының жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын сомаға ұлғайту туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру туралы акционерлерге хабарлау нысанын айқындау және осындай ақпаратты баспасөз басылымында орналастыру туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғам акциялардың өтеуiн төлеп алған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес олардың құнын айқындау әдiстемесiн бекiту;

  • акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiн бекiту;

  • егер ондай тәртіп Қоғамның Жарғысымен бекітілмесе, акционерлерге Қоғамның қызметi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындау, соның iшiнде баспасөз басылымын айқындау;

  • "алтын акцияны енгізу және күшін жою";

  • заңмен және қоғамның жарғысымен олар бойынша шешiмдер қабылдауды жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатқызылған өзге мәселелер.

Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне төмендегі мәселелер жатады:

  • Қоғамның қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

  • акционерлердiң жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешiм қабылдау;

  • жарияланған акциялардың санының шектерiнде Қоғамның акцияларын орналастыру және оларды орналастыру бағасы туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғамның орналастырылған акцияларды және басқа бағалы қағаздарды өтеуiн төлеп алуы туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғамның жылдық қаржылық есеп-қисабын алдын ала бекiту;

  • есептiк қаржылық жыл үшiн төленетiн акцияларды қоспағанда, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылдау және бiр жай акцияға дивиденд мөлшерiн айқындау;

  • Қоғамның облигациялары мен бағалы қағаздарының туындыларын шығару шарттарын айқындау;

  • атқарушы органның сандық құрамын, өкiлеттiктер мерзiмiн айқындау, оның басшысын және мүшелерiн (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырушы тұлғаны) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

  • атқарушы органның басшысы мен мүшелерiнiң (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырушы тұлғаның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерiн және еңбегiне ақы төлеу мен сыйақы беру шарттарын айқындау;

  • ішкi аудит қызметiнiң жұмыс тәртiбiн, ішкi аудит қызметiнiң жұмыскерлерiне еңбекақы төлеу және сыйлықақыландыру мөлшерiн және шарттарын айқындау;

  • бағалаушының және аудиторлық ұйымның қызметтерiне ақы төлеу мөлшерiн айқындау;

  • Қоғамның сақтық капиталын пайдалану тәртiбiн айқындау;

  • Қоғамның iшкi қызметiн реттейтiн (атқарушы орган Қоғамның қызметiн ұйымдастыру мақсатында қабылдайтын құжаттарды қоспағанда) құжаттарды бекiту;

  • Қоғамның филиалдары мен өкiлдiктерiн және құру және жабу туралы шешiмдер қабылдау және олар туралы ережелердi бекiту;

  • Қоғамның басқа ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;

  • Қоғамның мiндеттемелерiн оның меншiктi капиталының мөлшерiнiң он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту туралы шешiм қабылдау;

  • бұрынғы тіркеушімен келісімшарт үзілген жағдайда, Қоғамның тiркеушiсiн таңдау;

  • Қоғам немесе оның қызметi туралы қызмет, коммерциялық немесе өзге бiр заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;

  • iрi мәмiлелер мен Қоғам жасауға мүдделi өзге де мәмiлелер жасасу туралы шешiм қабылдау;

  • акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатпайтын өзге мәселелер.

Президенттің құзыретіне төмендегі мәселелер жатады:

  • акционерлердiң жалпы жиналысының және директорлар кеңесiнiң шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады;

  • үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда Қоғамның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

  • Қоғамның үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарында оның атынан өкiлдiк ету құқығына сенiмхаттар бередi;

  • Қоғамның жұмыскерлерiн (Басқарма мүшелерiн қоспағанда) тағайындау, орнын ауыстыру және босату туралы бұйрықтар шығарады, оларға көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртiптiк жазалар салады, Қоғамның штаттық кестесiне сәйкес Қоғамның жұмыскерлерiнiң лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларға дербес үстемақылардың мөлшерлерiн белгiлейдi, Қоғамның iшкi аудит қызметiнiң жұмыскерлерiн қоспағанда, Қоғамның жұмыскерлерiне сыйақылардың мөлшерлерiн айқындайды;

  • өзi орнында болмаған жағдайда Қоғамның штаттық кестесiне сәйкес өзiнiң мiндеттерiн атқаруды өзiнiң орынбасарларының біріне жүктейдi;

  • орынбасарларының арасында мiндеттердi, сондай-ақ өкiлеттiктер мен жауапкершiлiк өрiстерiн бөледi;

  • Қоғамның Жарғысымен, акционерлердiң жалпы жиналысының (жалғыз акционердің) және директорлар кеңесiнiң шешiмдерiмен айқындаған өзге функцияларды жүзеге асырады.


Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін кем дегенде үш мүшелік санда ішкі аудит қызметі түзіле алады.

Iшкi аудит қызметiнiң жұмыскерлерi директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.

Iшкi аудит қызметi тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді.

  1. Эмитенттің директорлар кеңесінің (байқаушы кеңесінің) мүшелері.




Директорлар кеңесі мүшелерінің аты-жөні, туған жылы

Эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің соңғы 2 жылда және қазiргi уақытта, соның iшiнде – қосарлас атқарған лауазымдары хронологиялық тәртiпте

Қатысу үлестерін көрсете отырып, Эмитент пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғылық капиталына қатысы

Алдындағы екі жылдың ішінде Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс

Дука Анатолий Иванович,

02.01.1951 жылы туған

2004 жылғы 07 қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,

01.07.2002 жылдан – 01.08.2003 жылға дейін – «Павлодарэнерго» АҚ Президенті;

01.08.2003 жылдан - қазіргі уақытқа дейін - «Павлодарэнерго» АҚ Басқарма төрағасы

0

01.08.03 жылға

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Амирханов Е.А.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Артамбаева Г.Д.

Дука А.И.

Прихожан Д.А.

Шарипов Р.Т.

Артамбаева Гульнара Джумагалиевна,

16.05.1969 жылы туған


2002 жылғы қазаннан - қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі

31.03.2004 жылдан – қазіргі уақытқа дейін – «Эксимбанк Казахстан» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі

2000 жылдан – қазіргі уақытқа дейін – «ЦАТЭК» АҚ Президенті

0

06.01.0 жылға

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дука А.И.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Амирханов Е.А.

Артамбаева Г.Д.

Прихожан Д.А.

Шарипов Р.Т.

Иманаев Марат Шамильевич,

22.05.1969 жылы туған.

2005 жылғы 08 тамыздан - «Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі.

31.07.2002 жылдан – 07.08.2005 жылға дейін - «Энергоцентр» АҚ Президенті.

2005 жылғы 08 тамыздан қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ Президенті.

0


05.04.0 жылға

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дука А.И.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Амирханов Е.А.

Артамбаева Г.Д.

Прихожан Д.А.

Глотов В.И.

Ризен Инна,

08.05.1948 жылы туған

«Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі,

2004 жылғы 01 қыркүйектен – қазіргі уақытқа дейін

01.07.2002 жылдан –01.08.2003 жылға дейін - «Павлодарэнерго» АҚ экономика және қаржы жөнінде вице-президенті;

01.08.2003жылдан - қазіргі уақытқа дейін – «Павлодарэнерго» АҚ Басқарма Төрағасының экономика жөнінде орынбасары

0



31.08.04 жылға

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дука А.И.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Артамбаева Г.Д.

Ризен И.А.

Глотов В.И.

Шарипов Р.Т.

Шарипов Рустам Тураевич,

10.05.1955 жылы туған

2004 жылғы 01 қыркүйектен -«Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі

01.07.2002 жылдан –01.08.2003 жылға дейін - «Павлодарэнерго» ААҚ коммерция жөнінде вице-президенті; 01.08.2003 жылдан – 01.09.2004 жылға дейін - «Павлодарэнерго» ААҚ басқарма төрағасының коммерция жөнінде орынбасары;

01.09.2004 жылдан- қазіргі уақытқа дейін –АҚ «Каустик» президенті

0

08.08.2005 жылға

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дука А.И.

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Артамбаева Г.Д.

Ризен И.А.

Иманаев М.Ш..

Шарипов Р


Қоғамда тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшелері жоқ.

  1. Эмитенттің атқарушы органы.

Эмитенттің атқарушы органының мүшесінің аты-жөні, туған жылы

қазiргi уақытта және соңғы екі жылда, соның iшiнде қосарлас атқарған лауазымдары

Қатысу үлестерін көрсете отырып, эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысы

Иманаев Марат Шамильевич,

22.05.1969 жылы туған.

2005 жылғы 08 тамыздан - «Павлодарэнергосервис» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі.

31.07.2002 жылдан – 07.08.2005 жылға дейін - «Энергоцентр» АҚ Президенті.

2005 жылғы 08 тамыздан қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ Президенті.

0




  1. 01.10.2005 жылға эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) табысталмады.

  2. Эмитенттің директорлар кеңесінің мүшелеріне, атқарушы органның мүшелеріне және эмитенттің басқа басшы тұлғаларына төленетін сыйақы.



    2005 жылғы шілде

    2005 жылғы тамыз

    2005 жылғы қыркүйек

    Барлығы

    Директорлар кеңесі

    888,9

    871,0

    902,5

    2 662,4

    Президент

    0

    0

    0

    0

    Басқа басшы жұмыскерлер

    0

    0

    0

    0

    Барлығы:

    888,9

    871,0

    902,5

    2 662,4




  1. Эмитенттің ұйымдастырушылық құрылымы.

Эмитенттің ұйымдастырушылық құрылымы сұлбасы №1 Қосымшада көрсетілген.

«Павлодарэнергосервис» АҚ-ның бас кеңсесі Павлодар қаласында орналасқан. Қызметкерлер құрамының жалпы саны 2005 жылғы "01" қазанға 1 349 адамды құрайды.


Қызметкерлер құрамының құрылымы, адам.




на 01.01.03

на 01.01.04

на 01.01.05

на 01.10.05

Қоғамның негізгі қызметінде қамтылған жұмыскерлердің саны

1 747

1 712

1 283

1 313

Әкімгерлік қызметкерлер құрамы

53

43

39

36

Барлығы

1 800

1 755

1 322

1 349


Кәсіпорында төмендегідей құрылымдық бөлімшелер бар:

ЦСРЗАИ – орталық релелік қорғау және автоматика қызметі:

  • релелік қорғау және автоматика құралдарын жөндеу, ретке келтіру, техникалық қызмет көрсету, соның ішінде электр қуатын есепке алу жүйелерін ретке келтіру

  • өлшеу құралдарын жөндеу (зертхана бар).

ПТС – өндірістік-техникалық қызмет, инвестициялық бағдарламаның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

СН и ТБ – сенімділік және қауіпсіздік техникасының қызметі;

ОРиСЗиС – ғимараттар мен үймереттерді жөндеу және құрылыс бөлімі.

Құқықтық және Келісімшарттық бөлім

Ток тарату желілері мен қосалқы станциялар бекітіліп берілген кәсіпорындар. Олардың негізгі функциялары төмендегілер болып табылады:

  • электр желілерін іске пайдалану, жөндеу және реконструкциялау;

  • релелік қорғау, апатқа қарсы және режимдік автоматикаға техникалық қызмет көрсету;

  • электр-техникалық жабдықты жөндеу және ретке келтіру.

Олар төмендегі кәсіпорындар:

  • ППЭС - Оңтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорыны,

Павлодар облысында Ертістің оң жақ жағалауында 35-110 кВ желілерге қызмет көрсетеді.

  • ЛПЭС - Солтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорыны,

Павлодар облысында Ертістің сол жақ жағалауында 35-110 кВ желілерге қызмет көрсетеді.

  • ГПЭС – Қалалық электр желілер кәсіпорыны,

Павлодар қаласының ТП, РП, кабельдік желілеріне және 10-0,4 кВ ЛЭП қызмет көрсетеді.

  • Аксу ПЭС- Ақсу электр желілер кәсіпорыны,

Ақсу қаласында және Ақсу ауданында ТП, РП, кабельдік желілеріне және 10-0,4 кВ ЛЭП қызмет көрсетеді.

Солтүстік жағалаудағы және Оңтүстік жағалаудағы электр желілері кәсіпорындарының құрамына олардың орналасқан жері бойынша 10 электр желілер ауданы кіреді.

Электр желілер аудандары (РЭС) обслуживают электрические сети 10-0,4 кВ в районах Павлодар облысында:

  • АРЭС - Ақтоғай электр желілер ауданы;

  • БРЭС - Баянауыл электр желілер ауданы;

  • ЖРЭС - Железинск электр желілер ауданы;

  • ИРЭС - Ертіс электр желілер ауданы;

  • КРЭС - Качирск электр желілер ауданы;

  • ЛРЭС - Лебяжинск электр желілер ауданы;

  • МРЭС - Майск электр желілер ауданы;

  • ПРЭС - Павлодар электр желілер ауданы;

  • УРЭС - Успенск электр желілер ауданы;

  • ЩРЭС - Шарбақты электр желілер ауданы.


ГПВЭС – қалалық үй ішіндегі электр желілер кәсіпорыны. ПМК (пәтер меншіктенушілердің кооперативтерімен) келісімшарттар бойынша үй ішіндегі электр желілеріне қызмет көрсету және жөндеу жүргізеді.


Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Аты-жөні және туған жылы

Қазіргі уақытта және соңғы 3 жылда атқарған қызметтері

Эмитент пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғылық капиталындағы үлесі

Язовская Алла Анатольевна,
1967 жылы туған

2005 жылғы 01 қыркүйектен - қазіргі уақытқа дейін

«Павлодарэнергосервис» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бірінші вице-президенті,

01.08.2001 жылдан – 18.11.2002 жылға дейін –
«Агроинвест» ААҚ бас бухгалтерінің орынбасары.

18.11.2002 жылдан- 11.08.2003 жылға дейін – «Павлодарэнергосервис» ААҚ Бірінші вице-президенті

11.08.2003 жылдан- 01.09.2005 жылға дейін – «Павлодарэнергосервис» ААҚ экономика және қаржы жөнінде вице-президенті






Глотов Владимир Иванович,

1943 жылы туған

2005 жылғы 08 тамыздан қазіргі уақытқа дейін«Павлодарэнергосервис» ААҚ өндіріс жөнінде вице-президенті

01.07.2002 жылдан - 27.01.2003 жылға дейін - «Павлодарэнерго» ААҚ өндіріс жөнінде вице-президенті;

28.01.2003 жылдан 05.01.2004 жылға дейін - «Павлодарэнергосервис» АҚ өндіріс жөнінде вице-президенті




Голосов Сергей Леонтьевич,
1955 жылы туған

2005 жылғы 24 маусымнан қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ бас инженері

07.08.2000 жылдан – 01.11.2003 жылға дейін – «Павлодарэнергосервис» ААҚ Оңтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорнының қосалқы станциялар қызметі бастығының орынбасары;

01.11.2003 жылдан – 24.06.2005 жылға дейін - «Павлодарэнергосервис» ААҚ Оңтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорнының бас инженерінің орынбасары




Кадкин Геннадий Иосифович,
1939 жылы туған

2002 жылғы 14 қарашадан қазіргі уақытқа дейін«Павлодарэнергосервис» АҚ бас инженерінің орынбасары

02.03.1998 жылдан – 14.11.2002 жылға дейін – «Павлодарэнергосервис» ААҚ бас маманы.





Толеубаев Балтабек Кобетаевич, 1955 жылы туған

2002 жылғы 03 маусымнан қазіргі уақытқа дейін «Павлодарэнергосервис» АҚ бас инженерінің ақпараттық технологиялар жөнінде орынбасары





Холкина Ирина Владимировна, 1960 жылы туған

2004 жылғы 01 қазаннан қазіргі уақытқа дейін - «Павлодарэнергосервис» АҚ бас бухгалтері,

22.09.1998 жылдан – 01.10.2004 жылға дейін –

«Павлодарэнергосервис» ААҚ бас бухгалтерінің орынбасары.





Құрылымдық бөлімшелердің басшылары туралы мәліметтер

Басшының аты-жөні, туған жылы

Лауазымы

Бөлімше

Бөлімшенің қысқаша атауы

Леньков Василий Иванович, 1956 жылы туған

Директор

Оңтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорыны

ППЭС

Нурашев Орал Казымович, 1955 жылы туған

Директор

Солтүстік жағалаудағы электр желілер кәсіпорыны

ЛПЭС

Долотин Дмитрий Иванович,
1966 жылы туған

Директор

Қалалық электр желілер кәсіпорыны

ГПЭС

Моругий Владимир Степанович, 1946 жылы туған

Директор

Ақсу электр желілер ауданы

АПЭС

Нурмаханбетов Еркимбай Калышевич, 1948 жылы туған

Бастық

Ақтоғай электр желілер ауданы

АРЭС

Шахметов Мурат Бязтаевич,

1963 жылы туған

Бастық

Баянауыл электр желілер ауданы

БРЭС

Величко Виктор Михайлович,
1949 жылы туған

Бастық

Железинск электр желілер ауданы

ЖРЭС

Макатов Рахимбай Конышпаевич, 1948 жылы туған

Бастық

Ертіс электр желілер ауданы

ИРЭС

Вагнер Андрей Андреевич,
1956 жылы туған

Бастық

Качирск электр желілер ауданы

КРЭС

Смакотин Александр Валентинович, 1973 жылы туған

Бастық

Лебяжинск электр желілер ауданы

ЛРЭС

Кисанов Куаныш Мухаметкалышевич, 1966 жылы туған

Бастық

Майск электр желілер ауданы

МРЭС

Базылов Каиргельды Каппасович, 1948 жылы туған

Бастық

Павлодар электр желілер ауданы

ПРЭС

Азаров Александр Леонтьевич,
1969 жылы туған

Бастық

Успенск электр желілер ауданы

УРЭС

Миронец Иван Иванович, 1951 жылы туған

Бастық

Шарбақты электр желілер ауданы

ЩРЭС
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі icon«Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі
Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк» акционерлік қоғамының уәкілетті орган тіркеген (12. 04. 05 жылғы № В57) облигациялық бағдарламасының...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі icon"Өрнек xxi" АҚ облигациялар шығарылымының проспектісі
Асар-аудит жшс жүргізеді, 2003 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік лицензия №266, Директор Михайленко Л. И., 1998 жылғы 21 ақпандағы...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconА кциялар шығарылымының проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconАкция шығарылымының проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі аќпараттыњ шынайылыѓы ‰шін жауап береді жєне онда берілген барлыќ аќпараттыњ...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі icon“варваринское” АҚ акциялар шығарылымының проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconҮшінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспекті
Уәкілетті органның облигация бағдарламасы шығарылымының проспектін мемлекеттік тіркеуі инвесторларға шығарылым проспектінде жазылған...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconБірінші проректор оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі бірінші проректор э.ғ. к., профессор Бұғыбаева Р. О

«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconОблигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 және 20-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconБАҒалы қАҒаздар эмиссиясының проспектісі
...
«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі iconМемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница