050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже




Название050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
страница8/73
Дата конвертации06.02.2016
Размер7.81 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/OMKO/Baza_testovyh_zadanii/Экология.каз..doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73



Жеке пәндерді сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: КТ 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: Тайман C.Т. т.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Студенттерге Қазақстан тарихының ежелгi дәуiрден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихымен таныстыра отырып, оның этногенезі, қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру. Игерген бiлiмi негiзiнде ертедегi және қазiргi таңдағы күрделi де, қарама-қайшылыққа толы тарихи процесстердiң мәнiн, мазмұнын, адамзат қоғамының қалыптасу процесiн шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: орта мекептегі Қазақстан тарихы пәнi

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Қазақстан тарихының хронологиясы мен кезеңдері. Археологиялық және жазба деректер. Тарихнама. Зерттеу әдістері. Қазақстан жеріндегі тас ғасыры мен қола ғасыры. Адамның, қоғамдық қатынастардың және мәдениеттің пайда болуы мен дамуы. Көшпеліліктің пайда болуы және оның маңызы. Б.з.д. І мың. алғашқы мемлекеттік құрылымдар. Сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті. Түркі қағанаты және оның мұрагерлері (Батыс түрік, түргеш, қарлұқ қағанаттары). Х-XII ғғ. Түркі мемлекеттері мен ұлыстары. Моңғол шапқыншылығына дейін Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және этникалық процесстердің дамуы. Қазақстан моңғол империясының құрамында. XIV-XV ғғ. ұлыстар мен мемлекеттер.

Қазақ хандығы құрылуының алғы шарттары. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Қазақ хандығының құрылуы мен күшейуі. Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасуы. «Қазақ» атауы. Қазақ ру-тайпаларының қоныстануы. Қазақ жүздері. Дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымы. Қазақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық соғысы. Қазақ-қытай қарым-қатынасы. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті. Қазақстан Ресей империясының қол астында. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты және оның зардаптары. Қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық күресі. ХІХ ғ. екінші жартысында-ХХғ. басында Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш-Орда» өкіметінің тарихы.

Қазақстан Кеңес үкіметінің орнауы жылдарында. Қазақ АКСР-ның құрылуы. ХХғ. 20-жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Большевиктердің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Ауылды «кеңестендіру» мен ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың қайғылы зардаптары. 20-30-жылдардағы мәдени үрдістер. Саяси қуғын-сүргін және оның зардаптары.

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстандықтар майдан даласында (1941-1945жж). Қазақстанға өзге ұлттарды күштеп көшіру.

Қазақстанның соғыстан кейінгі (1946-1953 жж.) жағдайы. ХХ ғ. 50-60-жылдары экономикадағы өзгерістер мен ауыл шаруашылығындағы реформалар. ХХ ғ. 50-70- жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір мен мәдени үрдістер. Ұлттық саясаттағы дағдарыс. Қазақстан «қайта құру» жылдарында. 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы.

КСРО-ның құлауы және ТМД-ның құрылуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы. Нарықтық қатынастарды енгізу. 1992-1998 жылдардағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар. Қазақстан – халықаралық қауымдастықтың тең мүшесі. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиет: Қазақстан тарихы Очерктерi, А., 1994, Қазақстан тарихы І,ІІ,ІІІ,ІУ,У-том А., 1996-2010 ж.ж., С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992., Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992., Л.Гумилев. Көне түрiктер. А., 1992., Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы, А., 1993., А.Көмеков. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары, А., 1994., Қазақстан тарихы очерктерi, А., 1994.

Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: Боранбаева А.

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Негізгі мәндеттері - информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

  3. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

  4. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

  5. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

  6. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.

  7. Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2000 ж

  8. Под редакцией С.В.Симоновича. “Информатика. Базовый курс“. –Санк-Петербург, 2002 г.

  9. Балапанов Е.Қ., Б.Бөрiбаев, Г.Мадиярова, Р.Дүзбаева. “Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, 2001 ж

  10. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001.

  11. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша,орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale 1103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Сахиев С. с.ғ.к., аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Әлеуметтану курсын оқитын студенттер мына жағдайларды білуі қажет:

  • қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;

  • жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;

  • әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын;

  • социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылым ретінде (пәні, құрылымы және қызметтері). Әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері (алғашқы тарихы мен әлеуметтік-философиялық алғы шарттары). Классикалық және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар.

Қоғам, әлеуметтік институттар және өзара әрекеттесу. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар. Әлеуметтік өзара әрекеттесу жүйесіндегі тұлға (тұлға әлеуметтенуі). Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік мобильділік. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Мәдениет әлеуметтік өзгерістер факторы ретінде. Әлеуметтік өмірдің жаһандық мәселелері және жалпыадамзат құндылықтары.

Орта деңгей теориялары (тұлға әлеуметтануы, білім әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар және оларды шешу логикасы.

Әлеуметтанулық зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын әзірлеу. Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері. Эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулерді талдау мен өңдеу тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002

4. Арон Р. “Этапы развития социологической мысли” М,1992

5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004

6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. “Социология” М,2005

7. Әбсаттаров Р., Дәкенов М.“Әлеуметтану” алматы, Ғылым, 2003

Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК- Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханалар).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Омаров Д. – аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мағынасы болып табылады. Саясаттану пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қоғамның саяси қатынасы, саяси сана, қоғамды біртұтас жүйе ретінде сақтау және т.б. сұрақтарға жауап береді.Саясаттану курсы саяси терминдердің ана тілімізде көрініс табуына және демократиялық саяси білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.

Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында саяси ғылымдарды оқып үйренудің маңызы зор болып табылады.

Қоғамның дамуының теориялық негізін меңгермей, саяси білімсіз, саяси сана мен мәдениетті жетілдірмей ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сол мақсатта, қазіргі жоғарғы оқу орындарында саясаттану курсын оқыту жүзеге асырылуда.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, философия, мәдениеттану, әлеуметтану, құқық негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану пәні, объектісі, әдісі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны. Саясаттанудың болашақ маман тұлғасын, азаматты қалыптастырудағы орны. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, түрлері, мүмкіндіктері, шекаралары мен келешегі. Саясаттанудың субъектісі. Саяси элита мен көшбасшылық. Гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен саясаттың ізгілік сипаты. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Билік қатынас пен процесс ретінде: пайда болуы, мәні, шығу көздері, ресурстары. Саяси жүйе. Саяси режим мен оның типтері. Демократияның теориялары мен моделі. Сайлау жүйелері. Басқару мен мемлекеттік құрылыс формасы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар. Мемлекеттің қарым-қатынас формалары және азаматтық қоғам, Қазақстанның партиялық жүйесі. Саяси мәдениет пен саяси идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар, олардың алдын алу мен шешу жолдары. Әлемдік саясат пен қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саяси процестің ерекшеліктері. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі сыртқы саяси бастамалары.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

  2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

  3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

  4. Политология. Нысанбаев А.Н. – Алматы, 1998.

  5. Политология. Энциклопедический словарь. – Москва, 1993.

  6. Политология в схемах и комментариях: учебное пособие/под ред. А.С.Тургаева, А.Е.Хренова. - СПб: Питер, 2005.

  7. Политология: Курс лекций / М.Н.Марченко, О.Э.Лейст, Е.А.Воротилин и др.; Под ред. М.Н.Марченко. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ЗЕРЦАЛО, 2000.

  8. Политология: Словарь-справочник / М.А.Василик, М.С.Вершинин и др. - М.: Гардарики, 2000.

  9. Политология: Учебн. пособие / Сост. и отв. ред. А.А.Радугин. - 2-е изд., доп.. - М.: Центр, 2003.

  10. Политология: Учебник для вузов / Под ред. М.А.Василика. - М.: Гардарики, 2000.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73

Похожие:

050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже : Бакалаврдың
Берілетін дәреже: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмыс қорғаған тұлғаларға 5В011100 “Информатика”...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже : Бакалаврдың
Берілетін дәреже: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмыс қорғаған тұлғаларға 5В011100 “Информатика”...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В090500- «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В090500– «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы мысалы негізінде 6D010300 Педагогика және психология Түйін
Ақпараттық жүйелер дамуы деңгейінің әлемдік логикасы ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау міндеттерін жаңадан...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница