050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже




Название050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
страница3/73
Дата конвертации06.02.2016
Размер7.81 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/OMKO/Baza_testovyh_zadanii/Экология.каз..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

Дәріс беруші оқытушы: Файзуллаева М.Ф.- х.ғ.к., доцент


Курстың мақсаты: материалдық өндiрiстiң барлық сферасында проблеманың кешендi түрде шешiлуiн жүзеге асыратын жүйелiк ықпал жасау.

Деректемелер/пререквизиттері: физика

Курстың/пәннің мазмұны: Кiрiспе. Экология ұғымы,экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы.Экологияның мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның ролі. Дарақ экологиясы – аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі,оптимум және минимум аймақтары. Абиотикалық факторлар әсерінің жалпы заңдылықтары. Негізгі абиотикалық факторлардың (жарықтанғандық, температура, ылғандану, тұздану) экологиялық маңызы. Демэкология ;популяция сиаттамалары, флуктуациялар және популяция санының реттелуі. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамасы. Экологиялық қуыс. Синэкология; қауымдастық ішіндегі әсерлесулердің түрлері, қауымдастықтың трофикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің флуктуациялары;энергия алмасуы және заттар айналымы,экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы, экологиялық сукцессиялар. Биоценоз, биогеоценоз, экологиялық жүйе туралы түсінік. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. Биоценоздың трофикалық құрылымы. Құрлықтық және сулық экожүйелердің типтері. Биосфера туралы ілім. Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадскийдің ілімі. Тірі зат концепциясы. Биосферадағы заттар айналымы. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Табиғи қорлар. Табиғи қорлардың жүйелері. Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы. Табиғатты тиімді пайдалану. Қоршаған ортаны бақылау және мониторинг. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудың әдістері мен көрсеткіштері. Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері. Мониторинг түрлері: химиялық, физикалық биологиялық, әлемдік, аумақтық, фондық, таьиғи-шаруашылық, биоэкологиялық, геоэкологиялық, санитарлы-гигиеналық. Табиғи ортаның жағдайы және оның қорларын ақпараттық бақылаудың кадастрлық жүйелері. Кадастр түрлері және олардың сипаттамасы. Қазақстан Республикасында табиғат қорғау қызметiн басқару. Экологиялық құқық негiздерi. Қоршаған табиғи ортаның сапалық нормативтерi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология.-Ростов н/Д: изд-во Феникс , 2000. –576с.

  2. Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии. –М.: В.ш., 1999, 450 г.

  3. Сағымбаев Г. Экология негiздерi. Оқу құралы. Ғылым, 1996ж.

  4. Бейсенова Ә.С., Шiлдебаев Ж.Б., Экология. Оқу құралы. Алматы, 1999ж.

  5. Экология негiздерi. Оқулық/ Баешов А., Дәрiбаев Ж.Е. Шакиров Б.С. және т.б. –Түркiстан. 2000. –196 бет.

  6. Байдiлдаев Д.Л. Қазақстан Республикасыныњ экологиялық қҒқыѓы. – Алматы,2005

  7. Бродски А.К. Жалпы экологияныњ қысқаша курсы. – Алматы, 1998

  8. Жатқанбаев Ж. Экология терминдеріне түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2000

  9. Зимин Ю.А. Экология . – Москва , 2002

  10. Оразбаев Р.С. Экология негіздері. Астана, 2001

  11. А.Кудратов. Охрана окружающей среды. – Т.: Укитувчи, 1995, 190 с.

  12. Охрана окружающей среды. Справочник.- Л.: Судостроение, 1978, 560 с.

  13. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. – А.: Ана тiлi, 1991-188с.

  14. А.Кудратов. Охрана окружающей среды. – Т.: Укитувчи, 1995, 190 с.

  15. Охрана окружающей среды. Справочник.- Л.: Судостроение, 1978, 560 с.

  16. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. – А.: Ана тiлi, 1991-188с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: AL 2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3 семестр

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші оқытушы: Сахиев С.Е.- с.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ мамандардың қоршаған әлеуметтік ортаны түсінуі, ғылыми танымдарын қалыптастыруы.

Деректемелер/пререквизиттері: өзін-өзі тану, тарих, адам және қоғам.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылым ретінде құрылымы және қызметтері. Әлеуметтанудың білім жүйесіндегі алатын орны Әлеуметтанулық ой-пікірдің кезеңдері. XIX ғ. 40 жылдарындағы ғылыми әлеуметтанудың қалыптасуы әлеуметтану дамуының классикалық кезеңі. О.Конттың позитивтік доктрикасы. XX ғ. әлеуметтануы. П.Сорокиннің социологиялық теориясы. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Қоғам және оның түрлері. Әлеуметтік жүйе ұғымы, негізгі элементтері. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғамның таптық құрылымы және әлеуметтік жіктелу теориясы. Әлеуметтік стратификация, негізгі элементтері мен формалары. Әлеуметтік мобильділік теориясы. Тұлға және қоғам. Тұлға және қоғам жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік ролі. Отбасы және отбасы қатынастары әлеуметтік зерттеу саласы. Отбасы әлеуметтануының категориялары мен мәні. Отбасы формаларының пайда болуы және эволюциясы. Адам және білім. Білімнің адам, қоғам өміріндегі орны, білімнің қызметі. Үздіксіз білім концепциясы, білім жүйесінің құрылымы. Дін әлеуметтануы. Дін-әлеуметтік институт ретінде. Діннің қоғам өміріндегі ролі, тарихи, әлеуметтік түбірлері. Социологиялық зерттеудің әдістемесі. Социологиялық зерттеулер, мақсаты мен түрлері. Социологиялық зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу бағдарламасы және қызметтері. Демографиялық қатынас. Демография ұғымы. Қоғамның демографиялық құрылымы. Әлеуметтік шиеліністер. Әлеуметтік шиеліністерді тудыратын себептер, атқаратын қызметтері, жіктелуі, шиеліністі құрайтын элементтер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. А.И.Икенов. Әлеуметтану нгіздері. Оқу құралы, Алматы, 2004ж.

  2. Р.Әбсаттаров. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2004ж.

  3. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Мәдени мұра. Қазақстан, Алматы, 2006ж.

  4. Кравченко А.И. Социология в вопросах и ответах. Учебное пособие. Москва, 2003г.

  5. Жанказарова З.Ж. Социология семьи. Алматы, 2007г.

  6. Аитов Н.А. Социология образования. Алматы, 2000г.

  7. А.Тұрғынбаев. Социология негіздері. Алматы, 1998ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; компьютермен жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4 семестр

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші оқытушы: Жүсіпов А.Е.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Деректемелер/пререквизиттері: информатика

Курстың/пәннің мазмұны: Экономикалық ғылым пәні; экономикаға кіріспе; меншіктің негізгі ұғымдары; экономикалық және құқықтық аспектілер; макроэкономикаға кіріспе; ақша, ақша айналымы, ақша саясаты; ұлттық табыс; жиынтық шығындар, ұсыныс пен сұраныс, инфляция мен жұмыссыздықтың макроэкономикалық проблемалары; тұтынушы талғамы; нарық және табыстардың бөлінуі; салыстырмалы экономикалық жүйелер. Кәсіпкерліктің мәні, оның негізгі сипаттық белгілері. Кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдық формалары. Өндіріс функциясы. Қосымша өнімділіктің кему заңы. Кәсіпорындар қорларының ауыспалы айналымы. Негізгі және айнымалы капитал. Халықтың табыстары: қалыптасу көздері мен түрлері. Халықтың өмір сүру деңгейі. Кедейшілік. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік теңдік. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері. Ақша жүйесі, оның даму кезеңдері. Қаржы жүйесі және мемлекеттің фискалдық саясаты. Несие-банкі жүйесі. Салықтар. Салық салудың негіздері мен формалары. Лаффер қисығы. ҚР-ғы салықтар мен төлемдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998,

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999,

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993,

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4 семестр

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші оқытушы: Алдамбергенұлы А.- оқытушы

Курстың мақсаты: Алған білімнің негізінде студент құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді ажырата білу тиіс.

Деректемелер/пререквизиттері: әлеуметтану, саясаттану

Курстың/пәннің мазмұны: Құқық көзі, ұғымы, құрылымы, белгілері. Құқық пен мемлекет өзара байланысы. Заңдылықтар жүйесі, Құқық нормаларын талдау және жүзеге асыру. Құқықтық қарым-қатынас, заңдылық, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік. Кәсіпкерлік субьектілері мен обьектілері, жекеменшік құқығы, келісім-шарттар түрлері мен формалары, интеллектуальді меншік құқығы. Жеке еңбек шарты, еңбек құқығына байланысты мәселерді шешу жолдары. Неке және отбасы туралы кодекс. Ерлі-зайыптылар мен ата-аналар міндеттері мен құқықтары. Адам құқықтары туралы конвенсия. Қылмыс квалификациясы және құрамы, оны жазалау шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: «Жеті жарғы» 2001ж.

2. Ақпарова Р.Н. ҚР прокуратура органдары.-Алматы: «Дәнекер»,2000.

3. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор в РК.-Алматы, 2002.

4.Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы.-Алматы, 2001

5. Каиржанов Е.И. Уголовное право. Общая часть. Алматы, 1997 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; критикалық ойлауды дамыту стратегиясы.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

Пәннің коды: TK 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, элективті

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4 семестр

Кредит саны: 1 кредит

Дәріс беруші оқытушы: Жұмабай Қ.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерді іс – қағаздарын сауатты жазуына, оның түрлерін білуге үйрету, іс қағаздарының шығу тарихынан мағлұмат беру, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін жете меңгерту, іс – қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру. Кредиттік технология жүйесін оқытудың жаңаша әдістерін пайдалану арқылы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге, ресми орындарда қазақ тілінде іскерлік қарым – қатынас жасай білуге үйрету, студенттердің сөйлеу мәдениетін арттыру.

Деректемелер/пререквизиттері: әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын оқытудың маңызы мен рөлі, мақсаты мен міндеттері. Тілдің қоғамдағы орны. Іс қағаздарының тарихы. ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы іс қағаздарының үлгілері. Тілдің стильдік тармақтары мен олардың басты ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің қолданылуы. Көркем әдебиет стиліндегі тілдік қолданыстар. Ғылыми стильдің қызметі мен тілдік сипаты. Қоғамдық-публицистикалық стиль, оның өзіндік ерекшеліктері. Ресми іс қағаздар стилі. Жалпы сипаттамасы. Ресми іс қағаздар тілі, стильдік ерекшеліктері. Ресми қарым-қатынас түрлері. Ресми іс қағаздар тілінің ауызекі түрі. Жазбаша іскерлік қарым-қатынас, оның ерекшелігі. Қызметтік хаттар, түрлері, олардың жазылу тәртібі. Шақыру хат, хабарлама хаттың жазылу жағдайлары, жеделхат, телефонхат, жолдама хат, сұраныс хат, ұсыныс хат, ресми хат, ақпарат хат, өтініш хат, циркуляр хат, баяндау хат. Іскерлік құжаттардың топтастырылуы. Басқару органдарының басқару реттеу қызметіне қатысты құжаттар. Өтініш, жазылу құрылымы. Тіркеу карточкасы. Өмірбаян - резюме (түйіндеме). Өмірбаян түрлері. Мінездеме, оның түрлері. Хаттама, жазылу үлгілері, сипаты. Хабарландыру түрлері. Кадрлар жөніндегі іс парағы. Еңбек келісімінің мазмұны, құрылымы. Еңбек кітапшасы. Анықтама. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат. Кепілхат. Сенімхат түрлері, оған тән ерекшеліктер. Келісімшарттың жасалу жолдары. Тапсырыс түрі: алмастыру, коммерциялық тапсырыс түрі. Түсінікхаттың жазылу ерекшелігі. Басқару ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық түрлері. Үндеу. Шешім. Ереже. Декларация. Жарлық. Қаулы. Талап арыздың жасалуы, өкімдік күші. Бұрыштамаға тән ерекшеліктер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Президентінің Жарлығы. “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” А., 1998 жыл 5 қазан.

  2. ҚР Тіл туралы Заңы. Алматы, “Дәнекер” 2001жыл

  3. Дүйсембекова Л. “Іс қағаздарын қазақша жүргізу” оқу құралы. А., “Ана тілі” 2001ж.

  4. Ресми іс қағаздары. А.Алдашева, З. Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. – Алматы; 2001 жыл

  5. Балақаев М.., М.Серғалиев Тіл мәдениеті. Алматы “Ана тілі” 2004 ж.

  6. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы 1993ж.

  7. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы., “Қазақстан” 1971ж.

  8. Кирсанова М.В. Современное делопроизводство. М., ИНФРА.М., 2002

  9. ҚР – да іс қағаздарын жүргізу (Құраст. Скала В.И. Скала Б.В., Скала Н.В.) А., “ЛЕМ”; 2001жыл

  10. Кирсанова М.В., Аксенова Ю.М. Курс делопроизводства. М: ИНФРА – М; 2001 жыл

  11. Л.В.Павлюк., Т.И.., Н.И.Воробьев. Справочник по делопризводству, архивному делу и основные работы на компьютере – “Изд-й дом Герда.”., 2002 жыл

  12. Салагаев В. Культура делового общения. /Учебное пособие/ А., “Қаржы - қаражат”, 2003 жыл

  13. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы., “Раритет”; 2002 жыл.

  14. Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. Алматы., 2001 жыл

  15. А.О. Мұса., Қ.Ә.Әбенова., Ж.О.Мұсаева., С.Ізтілеуова. Іскерлік қазақ тілі. Алматы, 2001 жыл

  16. Қабдоллов З. Сөз өнері. Алматы. “Білім” 1978 жыл

  17. Кеңес Юсуп. Құжат тілі. Павлодар., “ЭКО”, 2001 жыл

  18. Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті. Алматы., 1986 жыл

  19. Венедиктова Б:И. О деловой этике и этикете. Москва, 1990

  20. Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. Москва, 1989

  21. Андреев В.И. Деловая риторика. Казань, 1993 жыл

  22. Ерғазиева Н., Сүлейменова Б. Іс қағаздарының орысша – қазақша сөздігі. А., “Ана тілі”, 1992 жыл

23. Б.Жахина, А.Құрманова, И.Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар. Оқу құралы. Көкшетау. 2006 жыл

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

Похожие:

050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже : Бакалаврдың
Берілетін дәреже: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмыс қорғаған тұлғаларға 5В011100 “Информатика”...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже : Бакалаврдың
Берілетін дәреже: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмыс қорғаған тұлғаларға 5В011100 “Информатика”...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В090500- «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В090500– «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже icon050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы мысалы негізінде 6D010300 Педагогика және психология Түйін
Ақпараттық жүйелер дамуы деңгейінің әлемдік логикасы ақпараттық технологиялар саласында кәсіби кадрларды даярлау міндеттерін жаңадан...
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже iconИнформатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница