3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар




Название3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
страница9/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер1.15 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kazcargo.kz/upload/files/jeleznodorojnii_transport_kz.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Заңымен 66-бап толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерi

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:

1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;

2) жолаушылар вагонының санаты, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;

3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;

4) жолаушылардың жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртiбi;

5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң тәртiбi;

6) қол жүгiн алып жүру тәртiбi мен шарттары;

7) багажды, жүк-багажды қабылдаудың және берудiң талаптары мен тәртiбi;

8) тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеудiң тәртiбi;

9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың тiзбесi, оларды тасымалдаудың тәртiбi мен талаптары;

10) жол бойында багаж бен жүк-багажды берудiң тәртiбi;

11) багаж бен жүк-багажды қайта жөнелтудiң тәртiбi мен талаптары;

12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбi;

13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртiбi;

14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару тәртiбi;

15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерi;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртібі;

16) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.

Тасымалдаушылардың Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 66-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

66-1-бап. Тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерi

Тасымалдаушылардың уәкілетті орган белгілеген Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерінде:

1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерін сақтауы;

2) қол жүгін және багажды алып жүру тәртібі мен шарттарын сақтау;

3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртібін сақтауы;

4) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін сақтау;

5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгіленген санатын, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша санатын сақтауы;

6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, міндетті түрде көрсетілетін қызметтер тізбесін сақтау;

7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртібін сақтауы;

8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртібін сақтауы;

9) тасымалдау құжаттарының белгіленген нысандарының және оларды ресімдеу тәртібінің сақталуы;

10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етілетін жануарларды алып жүру тәртібін, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;

11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртібін сақтауы;

12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртібін сақтауы;

13) тасымалдаушылардың қауіпті заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;

14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін төлемдерді қайтару тәртібінің сақталуы;

15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерін сақтауы;

16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-2-баппен толықтырылды

66-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Жолаушының:

1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға және кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;

2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өзiмен бiрге жетi жасқа дейiнгi бiр баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз не жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп, алып жүруге құқығы бар.

Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4) тармақша толықтырылды

4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар.

Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс;

5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;

6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;

7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;

8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерiстер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;

9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.

2. Жолаушы:

1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.

 

68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген темiр жол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.

Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.

Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бiрiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.

3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.

 

69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелі темiр жол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.

Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбiр ауыстырып тиеу үшiн бiр тәулiкке арттырылады.

2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.

3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөнiндегi операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.

 

70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары

1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталысымен, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (салық, кеден және өзге де) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк-багажды алу мәселесi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.

3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.

 

71-бап. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

72-бап. Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау

Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.

 

10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік

 

73-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ толықтырылды

1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және темiр жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады.

Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi.

2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келiсiмдерi жарамсыз болып табылады.

Тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады.

3. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңда, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi.

4. Тасымалды бiрнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.

5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.

 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар icon3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар iconТемір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемелекетке деген маңызы зор. Халқаралық байланыстың дамуына, және халықтың,мәдениеттің, жоғарлауына халықттың
Темір жол әр түрілі инжнерлік құрылғылармен техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды локомативті...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар icon«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар icon1. 1 Әскери отарлаудан экономикалық отарлауға & 2 Темір жол қатынасы отарлық саясат жемісі II тарау. Орынбор-Ташкент темір жолы саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың күретамыры
Азия елдерін жалғастырады және біз осы артықшылықтарды пайдалануымыз керек», деп атап өтті. Сонымен қатар елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030»...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар iconТемір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20 тармақшасына сәйкес...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар iconМамандырылған контейнер
...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар iconГеография және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар
«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар» пәні бойынша география мамандығының 2 курс студенттеріне арналған тапсырмалар...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02
Тақырыбы: «Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында су қоймаларының күйі және оның адам денсаулығына және өмір сүру жағдайына әсері.Қазақстанның...
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар icon«ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтар» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В060800 – Экология
««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» пәннінің оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар icon«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница