Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері




Скачать 40.58 Kb.
НазваниеМұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Дата конвертации08.02.2016
Размер40.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/530/Kosimsha.doc


Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы «__» _____ № _____ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының

2011 жылғы «__» _____ № _____ бірлескен бұйрығымен бекітілді


Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері


1. Осы Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Осы өлшемдерде мына ұғымдар пайдаланылады:

1) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

2) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;

3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;

4) тексерiлетiн субъекті – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өндіруші;

5) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға.

3. Бастапқы кезде барлық тексерiлетiн субъектілер болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:

тексерiлетiн субъектілермен құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру – 2 балл;

екі және одан да көп тексерiлетiн субъектілермен мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы – 2 балл;

тексерiлетiн субъектілермен шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдау – 2 балл;

шұғыл түрде авариялық жағдайды болдырмау қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату және аз қуатты технологиялық қондырғылармен мұнай өнімдерін өндіру – 2 балл;

тексерiлетiн субъектілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуі – 2 балл;

тексерiлетiн субъектіде өндіріс паспортының болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектіде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілерде дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілерде Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсынбауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есеп жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындамауы – 2 балл.

5. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.

Тексеру кезеңінде 4 балдан 6 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Тексеру кезеңінде 6 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 2 балға дейін жинаса, орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде заңнамалар талаптарын бұзбаса болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Орташа тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 3 балға дейін жинаса, болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

6. Жоспарлы тексерулер тәуекел дәрежесіне байланысты:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкте жүргізіледі.



Похожие:

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЕсірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconТелерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЖеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған жаднама
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау кезінде, соның ішінде салық салу мақсатында да анықтау кезінде қысқа әрі нұсқа...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconНотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Республикасы Әдiлет министрiнiң «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconАлматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Ардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына,...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconМұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconΙ-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Азақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері icon1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconПайдалы қазбаларды өндiру салығы
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 330 баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница