Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы




НазваниеТауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
страница1/11
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly_927.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11






Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын

есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №927 қаулысы


«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 9 шілдедегі

№927 қаулысымен

бекітілген


Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну

нормаларын есептеу және бекіту қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және газды есептеу аспаптары болмаған кезде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өлшем бірлігі – тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормативінің көрсеткіші;

2) көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің конструктивтік және техникалық параметрлері – коммуналдық ресурстарды тұтыну көлеміне (санына) әсер ететін көрсеткіштер (қабырға материалдары, шатыр, қабаттылығы);

3) абаттандыру дәрежесі – тұтынушыларға коммуналдық қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтарының болуы;

4) климаттық жағдай – жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы, жылуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы, жылу беру кезеңіндегі желдің жылдамдығы мен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну көлеміне әсер ететін өзге де климаттық параметрлер;

5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) өтінім – қызмет көрсетушінің уәкілетті органға тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы ресми өтініші (арызы);

7) қызмет көрсетуші – тұтынушыларға тауарлық және сұйытылған мұнай газын ұсыну бойынша қызмет көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

8) объект өкіл – газды тұтынудың нақты көлеміне бақылау жүргізілетін көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, жеке тұрғын үй немесе көп пәтерлі тұрғын үй.

Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.


2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі


3. Тұтыну нормаларын есептеген кезде көп пәтерлі үйдің немесе жеке тұрғын үйдің мынадай конструктивтік және техникалық параметрлері ескеріледі:

1) жылыту мұқтажына газды жұмсаған кезде – қабырғалардың материалдары, шатырлар, тұрғын үй-жайлардың көлемі, қоршау конструкцияларының алаңы және терезелер, үйішілік инженерлік коммуникациялар мен жабдықтардың тозуы;

2) суды ысытуға газды жұмсаған кезде – үйішілік инженерлік желілер мен жабдықтардың тозуы.

4. Сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) тамақ дайындауға және суды ысытуға тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда килограмммен белгіленеді.

СМГ-да тұрғын үй-жайларды жылытуға тұтыну нормалары айына жылытылатын алаңының бір шаршы метріне немесе жылытылатын көлемінің бір текше метріне килограмммен белгіленеді.

5. Тұтыну нормалары бірдей конструктивтік және техникалық параметрлері, сондай-ақ абаттандыру дәрежесі бар көп пәтерлі үйлер және жеке тұрғын үйлер үшін бірыңғай белгіленеді.

6. Тұтыну нормалары оны пайдаланудың мынадай бағыттары бойынша анықталады:

1) тамақ дайындау;

2) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда шаруашылық және санитарлық-гигиеналық мұқтаждар үшін ыстық су дайындау (кір жууды қоса алғанда);

3) газбен суды ысыту болған кезде;

4) газбен суды ысыту болмаған кезде;

5) тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтер бойынша) жылыту.

7. Ғимараттың жылытылатын алаңы сыртқы қабырғаның ішкі бетінің шегінде өлшенетін ғимараттың қабат (оның ішінде мансардтық, жылытылатын цокольды және жертөлелік) алаңы ретінде анықталады. Ғимараттың жылытылатын алаңына жылу шатырлары мен жертөлелердің, жертөленің (еден астының), суық жылытылмайтын кіреберістің, сондай-ақ суық шатырдың немесе мансард емес оның бөліктерінің алаңы кірмейді.

Ғимараттың жылытылатын көлемі бірінші қабаттың еденінен бастап соңғы қабаттың төбесіндегі бетке дейін өлшенетін ішкі биіктік бойынша қабаттың жылытылатын алаңы ретінде анықталады.

8. Халықтың тұрмыстық мұқтаждықтарына тауарлық және сұйытылған мұнай газының тұтыну нормаларын есептеген кезде мынадай әдістер қолданылады.

1) ұқсастық әдісі;

2) есептеу әдісі.

9. Ұқсастық әдісі конструктивтік және техникалық параметрлері, абаттандыру дәрежесі және климаттық жағдайлары ұқсас объекті өкілдерде орнатылған ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемін өлшеу нәтижесінде алынған деректер болған кезде қолданылады.

10. Есептеу әдісі, егер конструктивтік және техникалық параметрлері, абаттандыру дәрежесі және климаттық жағдайлары ұқсас тұрғын үйлердегі ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен өлшеу нәтижелері, сондай-ақ объекті өкілдерде болмаса, қолданылады.

11. Әдістердің біреуін қолдану туралы шешімді қызмет көрсетуші қабылдайды.

12. СМГ-ның тұтыну нормалары тұтынылған газды бір жылдың айларына тепе-тең бөлу негізінде есептеледі немесе оны маусымдық біркелкі тұтынбауға байланысты сараланады.

13. Бірнеше бағыттар бойынша тұрғын үй-жайларда газды пайдаланған кезде тауарлық газды тұтынудың тиісті нормалар бойынша анықталған көлемі қалыптасады.

14. Қолайлы болу үшін тұтыну нормаларын есептеу тұтынылатын газды жылдың айларына тепе-тең бөлу есебінен жүргізіледі.

Тамақ дайындауға және суды ысытуға тауарлық газды тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда текше метрмен белгіленеді.

Тұрғын үй-жайларды жылытуға тауарлық газды тұтыну нормалары айына жылытылатын алаңының бір шаршы метріне немесе жылытылатын көлемінің бір текше метріне текше метрмен белгіленеді.

15. Тұтыну нормалары газбен жабдықтау объектілері орналасқан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының табиғи-климаттық, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып әрбір үшін есептеледі және бекітіледі.


Ұқсастық әдісімен тауарлық және сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі


16. Ұқсастық әдісімен тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу газды тұтынудың нақты көлемін таңдап бақылау негізінде жүргізіледі.

17. Тұтынылған газдың көлемі көп пәтерлі үйлердің пәтерлерінде немесе жеке тұрғын үйлерде орнатылған жеке есептеу аспаптарымен немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерге орнатылған ұжымдық (үйге ортақ) есептеу аспаптарымен анықталады.

18. Таңдап бақылау жүргізу үшін объекті өкілдері іріктеп алынады.

19. Таңдап алынатын объекті өкілдердің саны (іріктеп алу көлемі) газды пайдаланудың әрбір бағыты бойынша анықталады.

Объекті өкілдерді таңдаған кезде мынадай шарттар сақталады:

1) объекті өкілдер тұрақты газбен, жылмен және сумен жабдықтау аймағында болуға тиіс;

2) объекті өкілдер ерекше сипаттағы инфрақұрылымы бар (пәтердің ішіндегі газды тұтыну көлеміне әсер ететін моншамен, кір жуу орнымен, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен, балабақшалармен, емдеу және басқа кәсіпорындармен қамтамасыз етілген) елді мекендерден таңдап алынады;

3) таңдау көлемі ең аз қажетті шамадан кем болмауға тиіс;

4) қосылу желісіне қосылған тұрғын емес үй-жайлары бар және есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үй объекті өкілдер бола алмайды;

5) объекті өкілдер таңдап алынатын елді мекендер өңір үшін қалыпты климаттық жағдайда болуға тиіс.

20. Таңдаудың ең аз қажетті көлемін анықтаған кезде ерікті көлемге сынама таңдау жүргізіледі. Бірінші тәсіл талдау үшін таңдаудың қажетті көлемін қабылдауға негізделген. Егер осы таңдап алудың көлемі деректердің қажетті дәлдігін алуға жеткіліксіз болса, осы таңдап алуды қажетті көлемге дейін толтыру қажет.

Екінші тәсілде сыналатын таңдап алу әдетте бастапқы жиынның көлемінен 1 %-ға тең алынады. Осы сыналатын таңдап алудың негізінде түпкілікті таңдап алудың қажетті көлемі анықталады. Одан әрі берілген көлемдегі таңдап алу жүзеге асырылады және ол бойынша таңдап алуды зерттеу жүргізіледі.

Сыналатын таңдап алуды талдау мынадай дәйектілікпен жүзеге асырылады.

Алын ала алынған таңдап алудың орташа арифметикалық шамасы мынадай формула бойынша анықталады:


(1)

мұндағы:

n' – алдын ала таңдап алынған объекті өкілдер, пәтерлер (немесе үйлер) саны;

Xi – бақыланатын кезең ішінде объекті өкілдердің i бойынша бір адамға шаққанда газдың айлық орташа шығысы, м3;

– алдын ала таңдап алынған таңдап алудың орташа арифметикалық шамасы, м3.

Таңдап алу жиынтығының дисперсиясы мынадай формула бойынша есептеледі:


(2)

мұндағы:

– таңдап алу жиынтығының дисперсиясы.

Таңдап алу жиынтығының дисперсиясы таңдап алынған сынаманың деректері бойынша формула бойынша есептеледі:


(3)

мұндағы – таңдап алу жиынтығының дисперсиясы.

Шағын таңдау үшін (n<30) таңдап байқаудың орташа қатесі (μ) мынадай формула бойынша анықталады:


(4)

Сынама алынған таңдап алу бойынша () шекті қатені мынадай формула бойынша анықтайды:


(5)


мұндағы t – сенім коэффициенті (Стъюдент өлшемі) – еркіндік дәрежесінің санына f=n'-1 және сенім ықтималдығына (нәтижелердің сенімділік деңгейі) байланысты негізгі орташа шама осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген кесте бойынша айқындалатын таңдап алынған орташа шамадан қаншалықты өзгешеленетін ықтималдықтың нақты мәнін көрсететін параметр.

Егер үлкен сыналатын таңдап алу пайдаланылатын болса, онда шекті қатені бере отырып, оны сыналатын таңдап алу бойынша есептелген (нәтижелердің сенімділік деңгейінің қандай да бір мәні болғанда) шекті қатемен салыстыру қажет. Егер болса, онда сыналатын таңдап алудың көлемі жеткілікті және түпкілікті.

Егер болса, бұл аз көлемдегі таңдап алу кезінде болуы мүмкін, онда орташа шаманы анықтау үшін қажетті ең аз көлемдегі таңдап алу мынадай формула бойынша анықталады:

қайта іріктеп:

(6)


іріктеуді қайталамай:


(7)


мұндағы:

n – таңдап алу жиынтығының, пәтердің (немесе үйдің) ең аз қажетті көлемі;

N – негізгі жиынтықтың көлемі (қаралып отырған топ бойынша газ жүргізілген пәтер (пәтер немесе үй) саны);

– таңдап алудың рұқсат етілген шекті қатесі ( алдын ала алынған таңдаудың шекті қатесінің шамасынан артық емес үлеске тең қабылданады, бірлік).

(6), (7) формулалар таңдап алудың ең аз қажетті көлемін береді.

21. Тауарлық газ пайдаланылған жағдайда газдың шығыны «Газдар. Көлемін анықтауға арналған шарттар» МЕМСТ 2939-63 бойынша стандарттық шарттарға келтірілген текше метрде есептеледі. Егер орнатылған есептеу аспаптарында температура бойынша немесе қысым бойынша арнайы түзеткіш болмаса, онда есептеу аспабы арқылы өткен газдың көлемін стандарттық шарттарға сәйкес келтіру мынадай формула бойынша есептеу арқылы жүргізіледі:

, (8)

мұндағы:

– стандарттық шарттарға сәйкес келтірілген газдың шығын көлемі, м3;

– есептеу тетігі бойынша есептеу аспабы арқылы өткен газдың шығыны, м3;

– есептеу аспабының немесе оның қасында орналасқан газ құбырының ішінде бар (артық) қысым, мм сынап бағанасында;

– атмосфераның барометрлік қысымы (750,1 мм сынап бағанасында деп қабылданады);

– есептеу аспабының немесе оның қасында орналасқан газ құбырының ішіндегі СМГ-ның бу фазасындағы нақты температурасы, °С.

 (8) формулаға кіретін параметрлердің мәні тиісті аспаптардың көрсеткіштері бойынша немесе метеорологиялық қызметтің деректері бойынша қабылданады.

22. Тұтынушылар жұмсаған газды есептеу аспабының көлемі бойынша анықталған СМГ-ның саны (, м3) стандарттық шарттарға сәйкес келтіріледі () және мынадай формула бойынша (кг) есептеледі:


, (9)

мұндағы:

– газдың массалық шығыны, кг;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның тығыздығы, кг/м3, оны компоненттердің қоспадағы үлестік мәніне стандарттық тығыздықта жүргізілген компоненттердің жиынтығы ретінде анықтайды;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның i компонентінің тығыздығы, кг/м3;

– СМГ-ның i компонентінің көлемдік мәні, көлемдік %.

Егер СМГ компонентінің массалық (%) құрамы белгілі болса, онда оларды мынадай формулалар бойынша (10), (11) мольдік (%), содан кейін көлемдік (%) мәнге ауыстырады:


, мольдік % (10)


, көлемдік %, (11)


мұндағы:

, , – СМГ-ның i компонентінің массалық, мольдік және көлемдік мәндері, тиісінше – массалық %, мольдік %, көлемдік %;

– СМГ-ның i компонентінің молекулярлық массасы;

– стандарттық жағдайлар кезінде СМГ-ның i компонентінің сығылу коэффициенті.

СМГ-ның құрамына кіретін көмірсутектер үшін , , мәндер «Табиғи газ. Физикалық қасиетін есептеу әдістемесі. Тауарлық газды, оның компоненттерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің физикалық қасиетін анықтау» МЕМСТ-қа 30319.1-96 (бұдан әрі – 30319.1-96 МЕМСТ) сәйкес келтірілді.

23. Газды тұтынудың маусымдық біркелкі еместігін ескере отырып, әрбір объект өкіл бойынша газдың шығынын бақылау күнтізбелік бір жыл ішінде жүргізіледі.

24. Есеп жүргізген кезде есептеу аспабы көрсеткішінің есебіндегі қатенің салдарынан туындаған газ шығынының ерекше өзгешеленетін мәнін, мәнді тіркеген кездегі қатені алып тастау қажет.

25. Бақылау нәтижелері бойынша бақылататын кезең ішінде газдың нақты шығынының жиынтық ведомосы жасалады.

26. Есептеу аспаптары пәтердегі барлық газ аспаптарына және аппараттарына орнатылған жағдайда жылытуға жұмсалатын газдың шығыны жергілікті жылыту жүйесі болған кезде тексерілетін объект өкіл бойынша және олар болмаған кезде осындай ұқсас объектілер бойынша газды тұтыну көлемінің арасындағы айырма ретінде анықталады.

27. СМГ-ны пайдаланудың әрбір бағыты бойынша оны айлық орташа тұтынуды мынадай формула бойынша анықтайды:


, (12а)


Тауарлық газды пайдаланудың әрбір бағыты бойынша оны айлық орташа тұтынуды мынадай формула бойынша анықтайды:


, (12б)

мұндағы:

– бір адамға шаққанда немесе жылытылатын алаңның 1 м2 СМГ-ды айлық орташа тұтыну, кг/адам∙ай немесе кг/м2∙ай;

– бір адамға шаққанда немесе жылытылатын алаңның 1 м2 тауарлық газды айлық орташа тұтыну, м3кг/адам∙ай немесе м/м2∙ай;

– бақыланатын уақыт аралығындағы объекті өкілдер бойынша СМГ-ның нақты шығысы (1-ден n-ге дейін), м3;

– бақыланатын уақыт аралығындағы объекті өкілдер бойынша тауарлық газдың нақты шығысы (1-ден n-ге дейін), м3;

– есептеу аспабынан көрсеткіштер алынатын уақыт аралығы, күн;

– СМГ тұтынатын тұрғындардың тиісті саны, адам немесе жылытылатын алаңның мөлшері, м2;

– айдағы күндердің орташа саны ().

Маусымдық біркелкі еместік ескерілген жағдайда есептеу аспабынан көрсеткіштерді алуды жылдың салқын, өтпелі және жылы кезеңдерінде жүргізу қажет, ал жылдың әрбір кезеңі үшін айдың орташа ұзақтығын берілген өңір үшін олардың қабылданған ұзақтығына сәйкес анықтау қажет.

28. СМГ-ды пайдаланудың әрбір бағыт бойынша оны тұтыну нормасы мынадай формула бойынша анықталады:


, (13а)


Тауарлық газды пайдаланудың әрбір бағыт бойынша оны тұтыну нормасы мынадай формула бойынша анықталады:


, (13б)

мұндағы:

Нm ­­­­– СМГ тұтыну нормасы, кг/адам∙ай немесе кг/м2∙ай;

Hv – тауарлық газды тұтыну нормасы, м3/адам∙ай немесе м32∙ай;

К – есептеу аспаптары болмаған жағдайда газды шектен тыс тұтынуды есептеу коэффициенті (1,1 қолдану ұсынылады).




Есептеу әдісімен сұйытылған мұнай газын

тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconҚарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconМұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация табыс етудің нысандары мен ережесін бекіту туралы
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы icon«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы icon1. Жалпы ережелер
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconИслам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы №66...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 58-бабының...
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconОқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница