МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі




Скачать 265.68 Kb.
НазваниеМҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер265.68 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/muhanbetkali.doc
  1   2   3



ӘОЖ 37.016: 539.14:004.422.833:373 Қолжазба құқығында


МҰХАНБЕТҚАЛИ АЙГҮЛ


Негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі


6М011000 – Физика мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда 2012

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, физика-математика факультетінің «Физика және ФОӘ» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекші - п.ғ.к., Ресей Федерациясы

Жаратылыстану Академиясының

профессоры Ешімова Ұ. З.


Ресми оппонент - ф-м.ғ.д., профессор Бисенбаев Қ.


Диссертациялық жұмыс 2012 жылы «___»___________сағат_____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Физика және математика факультетінің «Физика және ФОӘ» кафедрасында қорғалады.


Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсеитова көшесі, 100) танысуға болады.


Реферат 2012 жылы «___» ______________таратылды.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы Ж. С. Раимбаева


Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Орта мектепте физика пәнін оқыту оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп реформасын жүзеге асыру барысында, физикалық білім беруді қоғамның соңғы он жылдықтағы уақыт талаптары мен ғылыми жетістіктеріне лайықты, барлық мүмкіндіктерді қолдануды қажет етеді.

Адам және қоғам жөнінде барынша мол білім берумен қатар, білім мазмұнын тұлғаға бағыттау, тұлға мүддесіне бейімдеу маңызды. Егер, оқушылардың білімі мен шеберлігін, дағдысын жеке өмірлік жоспарларын іске асыруға, өз денсаулықтары мен өмірін қорғауға мүмкіндік берсе, олардың пәнге қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Қазіргі таңда әрбір азамат радиоактивтілік құбылысын ядролық энергетика, медицинадағы қолданысы бойынша тиімділік, ал қоршаған ортаға туғызатын экологиялық залалы тиімсіздігі тұрғысынан түсінеді.

Радиоактивтілік құбылысы атом ядросындағы процестерге тәуелді болғандықтан, орта мектептің физика курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауында оқытылады.

«Атом және ядролық физика» тарауы 2000 жылға дейін 11-сыныпта оқытылды [1].

Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап «Физика» пәнінен алғашқы төл оқулықтарымыз қолданыла бастады. Негізгі мектепте «Физика және Астрономия» пәні ретінде қалыптасты, «Ядролық физика» тарауы негізгі мектептің 9-сыныбында бүгінгі күнге дейін оқытылуда. Алайда, мына төмендегі жағдайларды ескеру қажеттілігін атаймыз.

Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалдың жағдайы әрбір азаматты ойландырары сөзсіз.

  1. Семей, Атырауда (Азғыр), Батыс Қазақстанда (Капустин Яр, Глиц), Шығыс Қазақстанда, Қызылордада (Байқоңыр), Ақтөбеде (Ембі) ядролық сынақтар жасалды. Алматы, Талдықорған қалалары Қытайдың ЛобНор сынақ айлағындағы жарылыстардан да зардап шегетіні анық.

  2. АЭС-ң қатты радиоактивті қалдықтарды жоспарлы бөлуін ескерген дұрыс деп ойлаймыз. Кеңестер Одағы кезінде алғашқы АЭС-ң бірі Қазақстанда (Маңғыстау облысында) жасалғандығын, АЭС-ң жұмыс істеу мерзімінің шектеулілігін ескерген жөн.

  3. Қазақстан Республикасы уран өндірісі жөнінде алдыңғы қатарға шығып отырғандығы, кейбір аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары) радиациялық деңгейдің жоғарылығы байқалады.

  4. Әлем тәжірибесін ескерсек, Чернобыль АЭС-ғы, бүгінгі озық технологиялы Жапон еліндегі Фукусима АЭС-ғы реактордың істен шығуы әрбір азаматтың радиоактивтілік құбылысымен, оның тиімділігі мен залалы жөнінде жүйелі білімге ие болуды қажет етеді.

Аталған жағдайларды ескерсек, өскелең ұрпақтың радиоактивтілік құбылысы мен ядролық физика курсы бойынша берілген білім сапасы мен қоғамдық қажеттілік арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылық, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылы жүргізілген 15 жастағы оқушылар білімін анықтаудың PISA-2009 Халықаралық зерттеулерінен де байқалады. PISA-2009 Халықаралық зерттеулері 65 елді қамтыса, жаратылыстану білімі (оның ішінде физика пәні де бар) бойынша біздің еліміз 58-орында [2].

Зерттеу нысаны: негізгі мектепте «Физика және Астрономия» курсының «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы

Зерттеу мақсаты: негізгі мектеп «Физика және Астрономия» пәні «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын анықтау мен тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Зерттеу болжамы: Егер,

  • негізгі мектеп физика курсы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының мазмұнын әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне бейімдесе,

  • зерттеу нысанының мазмұнын жетілдіріп, физикалық экспериментпен толықтырса,

  • жоғарыда аталған тарауды оқытуда блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі жасалып, ол іс-тәжірибеге енгізілсе,

онда, негізгі мектеп физика курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқыту барысында оқушылардың білімі, шеберлігі мен дағдысының жүйелі әрі өз өмірін қорғау мен сақтауға қажетті білім алуға мүмкіндік жасайды.

Зерттеу мақсатына жету үшін мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет деп есептейміз:

  • «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының орта мектепте оқытылу жағдайын зерттеу;

  • зерттеу нысанын оқытуды жетілдіру мақсатында Ресей Федерациясында қолданылатын оқулықтарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау;

  • Қазақстан Республикасында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытуға қажетті оқу материалдарын, эксперименттік жүйесін және тиімді әдістемесін жасау.

Зерттеудің жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Негізгі мектеп «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың жаңа блок-модульдік жүйесін оқу процесіне қолданудың тиімділігі алғаш рет дәлелденді.


Практикалық маңыздылығы:

  1. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жаңа оқу материалдарымен толықтыру мүмкіндігі дәлелденді.

  2. Жоғарыда аталған тарауды негізгі мектепте блок-модульдік жүйемен оқытудың тиімділігі анықталды.

  3. Зерттеу нысанын оқыту барысында оқушылардың алған білімі жаратылыстану негізіндегі пәндерді оқыту барысында қолдануға және орта мектепте аталған тарау бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында педагогикалық зерттеулердің қалыптасқан әдістері, оның ішінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық технологияларды зерттеу, бақылау мен педагогикалық эксперименттер жүргізу, эксперименттер қорытындысы мен өңдеу әдістері қолданылады.

Жұмыстың апробациясы: Зерттеу қорытындылары Ресей Федерациясында Москва қаласында өткен «Физическое образование: проблемы и перспективы развития» атты конференциясында, Республикалық «Физика Қазақстан мектебінде» журналында, «Орта мектептегі жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» атты Қызылорда облыстық ғылыми-әдістемелік семинарда, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы» жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағында, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің “Физика және ФОӘ” кафедрасы мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу барысында Қызылорда қаласындағы №2, 3, 4, 9 орта мектеп мұғалімдері оқу материалдарын таңдауға ықпал етіп, зерттеуге қатысты.

Арнайы жинақталған оқу материалдарын Дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» мектебінде физика пәнін оқыту барысында қолданылды.

Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 тарау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


Диссертацияның негізгі мазмұны


Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі анықталып, мақсаты мен міндеті айқындалды. Жұмыстың нысаны мен болжамдары анықталды, зерттеу жұмысының жаңалығы көрсетілді, практикалық маңыздылығы көрсетілді.

І тарауда қазіргі таңда қолданыста жүрген педагогикалық технология ұғымына ғылыми-әдістемелік талдау жасалды. «Педагогикалық технология» - педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы [3]. Кеңестік қоғамдағы педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология»

ұғымына әртүрлі талдаулар беріледі. Мысалы, В. П. Беспалько, педагогикалық технологияға оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, И. П. Волков оқу процесінің жоспарланған қорытындысын сипаттау, А. М. Новиков – оқу процесін программалау деп тұжырымдайды. Талдау барысында М. М. Жанпейісова мен педагог Г. Д. Әуелбекованың модульдік технологияға берілген сипаттамалары талданып, қорытынды жасалды. Оқыту процесінде модульдік технологияны қолдану әдістері отандық ғалымдар М. М. Жанпейісоав [6], Г. Д. Әуелбекова [7] еңбектерінде талқыланған. Модульдік технологияны оқу процесінде тікелей қолдануға ұсыныстар мен әдістемелер ұсынған. Біздің зерттеуімізше бұл ұсыныстарды гуманитарлық пәндерде қолдану тиімді. Ал жаратылыстану бағытындағы оның ішінде физика пәніне қолдану үшін бұл технологияны жетілдіру керек деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен құруға мүмкіндік береді [4].

Осы заңды негізгі ала отырып, «Физика» курсында блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі ұсынылды. Бұл жүйені 1-сызбадан көре аламыз.

І тарауды талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келдік:

  1. Негізгі мектепте «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың блок-модульдік технологиясына талдау жасалды.

  2. Жоғарыда аталған тарауды оқытуда блок-модульдік технологияны қолдану тиімділігі айқындалды.

  3. Зерттеу нысанын блок-модульдік технологияны қолдану жүйесі ұсынылды (сызба 1).

ІІ тарауда Ресей Федерациясында мен елімізде қолданыста жүрген «Физика-9» оқулығындағы «Атомдық физика» тарауының оқытылу жағдайына салыстырмалы екі жақты талдау жасалды. Нәтижесінде Ресей Федерациясының оқулығындағы сағат саны бағдарлама бойынша бөлінген санынан артық екені дәлелденді.

Бұл бағдарламалар мен оқулықтарды талдау барысында төмендегідей қорытынды жасалды:

  1. Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген оқулық «Физика-9» курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқу материалдарының күрделілігіне байланысты мазмұнын қайта қарау және жетілдіру.

  2. Оқу материалдарын жүйелеу негізінде, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру.

  3. Жоғарыда аталған тарауда берілген оқу материалдарына қосымша материалдар жинақтау.

  4. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тараудың жаңа мазмұнын құру қажеттілігі анықталды.

Блок-модульдік технологияның құрамы

сызба 1

Блок-модульдік педагогикалық технология



Концептуалды негіздері

Оқытудың мазмұндық бөлігі

Іс жүзіне асыру процесуалды бөлік



Оқыту мақсаты, оқу материалдарының мазмұны

Оқу процесін ұйымдастыру оқушының іс әрекетін ұйымдастыру әдістері мен формалары. Оқытушының нақты іс-әрекеті

Блок-модульдік технологияның қолданыс тарихы

Зерттеу жұмысының келесі сатысында отандық оқулықтардағы «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауының оқытылу жағдайы талданды.

Мектеп физика курсы Кеңестер Одағы кезеңінде екі деңгейден біріншісі - таныстыру (пропедевтический) курсы VII-VIII сыныптар 2 жыл, екіншісі жүйелі (систематический) курсы IX-XI сыныптар 3 жылға арналған бағдарламамен оқытылатын еді (1-кесте).


Кесте 1

І деңгей – таныстыру

(VII-VIII сыныптар)

ІІ деңгей – жүйелі

(IX-XI сыныптар)

Сынып

Апталық жүктеме (сағат)

Сынып

Апталық жүктеме (сағат)

7 сынып

2

9 сынып

3

8 сынып

2

10 сынып

4







11 сынып

4,5


Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жалпыға міндетті 11 жылдық білім бола тұрып, негізгі мектеп физика курсы таныстыру (пропедевтикалық) деңгейден арылып, ғылыми деңгейге көшті. Оның үстіне негізгі мектепте «Физика» пәнінің барлық тараулары оқытылып, сағат саны қысқарды. Бұрын 11 сынып үшін де қиындықпен түсіндіріліп, қиындықпен меңгерілетін «Толқындық оптика, атом ядросы» тараулары негізгі мектепке енгізілді. Бұл әрине, Ресей, Белорусь, Украина елдеріндегі физикалық білім беру бағдарламасымен үндеседі. Ресей Федерациясының «Білім туралы» заңына сәйкес жалпыға бірдей міндетті негізгі мектеп болып табылады [5].

Біздің елімізге келсек «Физика» пәнінен, Кеңес дәуіріндегі оқу материалдары азайған жоқ, күрделенді, ал бірақ оқытуға арналған уақыт азайды, яғни 2+2+2 негізгі мектепте, 3+3 орта мектепте. Оқу материалдарының күрделілігін ескере отырып, «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың тиімді әдістерін іздедік. Зерттеу жұмысы барысында негізгі мектеп физика курсында «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауы мен орта мектепте «Атомдық физика», «Атом ядросының физикасы» тарауларын салыстырмалы талдау жасалды. Талдау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:

  1. Негізгі мектеп физика курсында оқытылған материалдардың орта мектепте қайталануы;

  2. Негізгі мектепте оқу материалдарының күрделілігі;

  3. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауында кванттық физика ұғымдарының оқытылуы;

  4. Оқулық бойынша тақырып саны көп, ал, бағдарламада тарауды оқытуға бөлінген сағат саны аз екендігі және есептер шығаруға уақыт жеткіліксіздігіне;

  5. «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауында эксперименттік жұмыстардың жасалмайтындығына көз жеткіздік.

Зерттеулер нәтижесінде «Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар», «атом ядросы. Ядролық энергия. Элементар бөлшектер және Әлем дамуы туралы мағлұматтар» тарауын оқытудың тиімді жаңа жүйесі жасалды. Бұл жүйе бойынша тарау «Атом ядросы. Ядролық энергетика» деп аталып, тараудың әдістемесі жасалды. Тарау мазмұны төмендегі кестеде келтірілген.

  1   2   3

Похожие:

МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі icon1. 3 Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Информатика мамандығының пәндері: Информатика, берілгендер қорын басқару жүйесі, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі,...
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі icon) 13. 00. 02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Құсман Қапез
Төле би көшесі 86, 415 ауд.) 13. 00. 02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының...
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconАтом ядросы және элементар бөлшектер деген сөз физика курсында әлденеше рет қайталанады. Атом ядросының өзi элементар бөлшектерден тұрады
Физиканың атом ядроларының кұрылысы мен турленуi зерттелетiн бөлiмi ядролық физика деп аталады
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconМектеп директорларына !
Ббж кбари педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру мақсатында 2007 жылдың сәуір айының 9-ы мен 13-і аралығында физика пәнінен...
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconМодульдік жұмыс оқу бағдарламасы және смллабус
Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың...
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconАбенова лайла куантаевна
Негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы «физика және астрономия» курсын оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconРеферат Қызылорда, 2012 ж Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «физика және фоә»
Бейінді оқытатын сыныптар мен мектептердегі физика пәні мұғалімінің әдістемелік бағыттарын зерттеу
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconҚабылдау емтиханның бағдарламасы 050110 – Физика мамандығының
М011000 – «Физика» мамандығы юойынша магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері болып
МҰханбетқали айгүл негізгі мектеп физика курсында атомдық физика тарауын модульдік технология негізінде оқытудың теориясы мен әдістемесі iconСолтүстік Қазақстан облысы
Біздің пән физика және астрономия болғандықтан мектеп курсында астрономия элементеріне де көбірек көңіл бөлу талап етіледі. Осы орайда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница