Скачать 164.44 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Жалпы және теориялық физика кафедрасы 050604 - «Физика» мамандығының студенттеріне арналған «Тепе-теңдіксіз статистикалық физика» ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Павлодар
БЕКІТЕМІН ФМжАТФ деканы ___________ С.К.Тлеукенов «___»____________200__ж. Құрастырған: профессор, ф.-м.ғ.к., доцент Ш.К.Биболов _____________ Жалпы және теориялық физика кафедрасы 050604 - «Физика» мамандығы студенттеріне арналған Тепе-теңдіксіз статистикалық физика ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама 200__ж.______________«___» бекітілген жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған Кафедра отырысында ұсынылған 200___ж. _____________ «____» №____ хаттама. Кафедра меңгерушісі ___________ Ш.К.Биболов Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу әдістемелік кеңесі мақұлданған 200__ж. _____________ «____» №_____хаттама ОӘК төрайымы _______________________А.Т. Кишубаева Оқытушулар туралы мәлімет Биболов Шагизда Қапсаттарұлы - ф.-м.ғ.к., жалпы және теориялық физика кафедрасының профессоры, дәріс, практикалық сабақтар. Қабылдау сағаттары: А-313, жұма 15.30-16.30. Пән туралы мәліметтер Пәннің ұзақтылығы 15 апта, 7 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, олардың ішінде 45 сағат – аудиториялық, 90 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған. Аудиториялық сағаттардың үлесуі календарлық жоспарда көрсетілген. 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу процесінде оның орны1.1 Пәннің мақсаты: Макроскопиялық жүйелердің тепе-теңсіз күйлерде болғанда негізгі термодинамикалық және статистикалық заңдылықтары туралы терең және мығым білім берумен бірге ол білімдерді қолданбалы мәселелерге пайдалануды үйрету. Қойылған мәселелерді шешу кезінде термодинамикалық және статистикалық теорияларға тән түрлі әдістерге айрықша көңіл бөлу. 1.2 Пәннің міндеттері: Осы пәнді оқып үйренген студент тепе-теңдіксіз тасымалдау құбылыстары кезінде термодинамика мен статистикалық физиканың негізгі ұғымдары мен негізгі заңдарын білуі тиіс, термодинамика мен статистикалық физикада шешілетін мәселелерді қоя біліп, шешу әдістерін үйренуі керек, тасымалдау коэффициенттердің сан мәндерін таба білуі, тасымалдау құбылыстарын зерттеудің әдістерімен танысу керек. 1.3 Пререквизиттер Тепе-теңдіксіз статистикалық физика пәнін терең және дәйекті түрде оқып білу үшін молекулалық физиканы және термодинамиканы, теориялық механиканы, термодинамика және статистикалық физиканы білу қажет. Сонымен бірге ықтималдық теориясы, дифференциалдық теңдеулер теориясы мен математикалық физика әдістерінің негіздерін білуі қажет. ӘДЕБИЕТ Негізгі:
Қосымша:
«Тепе-теңдіксіз статистикалық физика» пәнінің тақырыптық жоспары
Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі Тақырып 1 Флуктуациялар теориясы. Флуктуациялар теориясындағы биномдық, Гаусс және Пуассон үлесулері. Флуктуациялар теориясындағы канондық және үлкен канондық үлесулер. Тепе-теңдік сәулеленудің флуктуациялары. Классикалық жүйелердегі флуктуациялар. Жылулық шу. Найквист формуласы. Флуктуациялардың квазитермодинамикалық теориясы. Жарықтың тығыздық флуктуацияларында шашырауы. Тығыздық, көлем, температура, қысым, ішкі энергия, термодинамикалық күштер флуктуациялары. Термодинамикалық функциялардың орташа және ең ықтималды мәндері. Тақырып 2 Кинетикалық теория. Жұптық соқтығысулар жуықтауы. Больцманның кинетикалық теңдеуі. Қатты шарлар моделі. Соқтығысулар интегралы. ББГКИ теңдеулерінен Больцман теңдеуін тұжырымдау. Соқтығысу интегралының қасиеттері. Энтропияның өсу заңы. Н-теорема. Газдың еркінмолекулалық қозғалысы. Сиректелген газдың термодинамикалық функциясы. Газодинамикалық функциялар. Масса, импульс және кинетикалық энергия тығыздықтарының тасымалдау теңдеулері. Гидродинамикалық жуықтау. Максвеллдің жергілікті үлесуі. Тұтқырлы сұйықтың Навье-Стокс гидродинамика теңдеулері. Грэд әдісі. Тақырып 3 Броундық қозғалыс. Броундық бөлшек қозғалысының сипаты. Ланжевен теңдеуі. Фоккер-Планк теңдеуі. Марков процестері. Эйнштейн-Смолуховский теңдеуі. Гармониялық осцилятордың броундық қозғалысы. Электрлік контурдағы жылулық тербелістер. Осцилятордың броундық қозғалысындағы баяу процестерді бөліп алу. Тербелістердің орташа энергиясының спектрлік үлесуі. Энергия флуктуацияларының спектрі. Амплитуда және фаза флуктуациялары. Фаза диффузиясы. Газдағы кинетикалық флуктуациялар (бірбөлшекті үлесу функцияның флуктуациялары). Тақырып 4 Қайтымсыз процестер термодинамикасының негіздері. Қайтымды және қайтымсыз процестерді термодинамикалық суреттеу. Тасымалдау теңдеуі. Жергілікті тепе-теңдік гипотезасы. Сақталу заңдары және үздіксіз жүйелердің баланс теңдеулері. Гидродинамика теңдеулері. Энтропияның баланс теңдеуі. Энтропия өндірісі. Сызықты диссипативті жүйелер термодинамикасы. Онзагер қатыстары. Қайтымсыз процестер термодинамикасындағы энтропия балансы. Термодинамикалық ағындар және күштер. Кюри симметриясының принципі. Энтропияның минималды өндірісі туралы теорема. Тасымалдау құбылыстары: диффузия, тұтқырлық, жылу өткізгіштік. Қиылысу құбылыстары. Термодиффузия (Соре эффектісі). Дюфор эффектісі. Электроөткізгіштік. Ом заңы. Термоэлектрлік құбылыстар. Терможұп. Зеебек құбылысы. Пельтье эффектісі. Томсон құбылысы. 2.2 Практикалық сабақтардың мазмұны
Студенттерге өзіндік оқуға арналған тақырыптар: 1 Тақырып – Флуктуациялар теориясы. Тепе-теңдік сәулеленудің флуктуациялары. Жылулық шу. Найквист формуласы. Ұсынылатын әдебиет: [5], 59-77 б. 2 Тақырып - Кинетикалық теория. Жұптық соқтығысулар геометриясы. Бөлшектердің шашырауы. Соқтығысулар интегралын бағалау. Ұсынылатын әдебиет: [5], 458-471 б. 3 Тақырып - Броундық қозғалыс. Броундық бөлшектің бірөлшемді, екіөлшемді қозғалыстары. Эйнштейн-Смолуховский теңдеуі. Ұсынылатын әдебиет: [5], 115-122 б. 4 Тақырып - Қайтымсыз процестер термодинамикасының негіздері. Тасымалдау құбылыстары: диффузия, тұтқырлық, жылу өткізгіштік. Қиылысу құбылыстары. Термодиффузия (Соре эффектісі). Ұсынылатын әдебиет: [9], 59-72 б. Бақылау шаралар графигі
Студенттердің білімін тексеру тәртібі 1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы: - сабаққа дайындалу, топтағы белсенді жұмыс және сабақтағы бақылау шараларына қатысу: - зертханалық және өздік жұмыстарды мерзімінде, сапалы қорғау және орындау: 2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. 3. Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3. Егер оқу жоспарында емтихан және сынақ қарастырылса, онда Р2-ні анықтаған кезінде сынақты екінші межелік бақылау ретінде қарастыру қажет. Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 баллдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді. 4. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің бағасы семестр бойынша мынаған тең: РР=(Р1+Р2)/2. 5. Студенттердің әрбір пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға салмақтық үлестерін (РРСҮ және ҚБСҮ) ескерумен РР және ҚБ бағаларының қосындысынан құралады Қ=РР*РРСҮ+ҚБ*ҚБСҮ Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР = 0,6, ҚБ = 0,4- Ескерту: АҮ – ТУ; МБ – РК; РР – РД; КЖ – КР; СӨЖ – СРС; СӨЖО – СРСП; ҚБ – ИК; Қ – И; РРСҮ – ВДРД; ҚБСҮ – ВДИК. Курстың саясаты Талаптар жүйесі:
Барлық аудиторлық уақыт дәрістерге, тәжірибелік сабақтарда есеп шығаруға және зертханалық жұмыстарды орындауға бөлінген. Әрбір сабаққа дайындалу және үй тапсырмаларын міндетті түрде орындау қажет. Сендердің дайындықтарын бақылау жұмыстармен, тестермен, сұраулармен тексеріледі. Барлық тапсырмалар белгіленген уақытта орындалуы тиіс. Сабақта тәртіп ережесін бұзу аудиториядан шығаруға дейін жазалана алады. Сабақты босату үшін келесі жазалау санкциялары бекітіледі: - себепсіз дәріс немесе практикалық сабақтарға қатыспау үшін – 0 балл, қайта орындалған тапсырма үшін максималды балл 4 немесе 5 орнына 1 балл төмен қойылады. Кешігумен орындалған тапсырмалар, автоматты түрде төмен бағаланады, яғни 1 баллға төмен болады. Емтиханда немесе жазба жұмыстарды орындаған кезде көшіруге тыйым салынады. Егер де, қандай-да бір себеппен сіз бақылау шарасы кезінде жоқ болсаңыз, сіз оны келесі сабақта өте аласыз, әйтпесе сіз 0 балл аласыз. Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға айналдырылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі. Кесте 1
|
![]() | 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны | ![]() | Барлығы –90 сағат Орал 2010 ж «Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу процесіндегі орны» бөлімінде типтік оқу бағдарламасы негізінде оқу пәніне қатысты Мемлекеттік... |
![]() | 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны Жұмыс бағдарламасы барлық мамандықтарының оқу-жұмыс жоспары мен Қр бжҒМ 2005 жылдың «11» мамырындағы №289, 12 шілдедегі №480 бұйрықтарымен... | ![]() | ПӘннің мақсаты және міндеттері, ОҚу процессіндегі орны «Қазақ шежіресі» курсының мақсаты болып табылады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің тайпалары және этнографикалық топтар: төрелер, қожалар,... |
![]() | Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны Бұл пәнді оқу барысында тәлімгерлер металдардың құрылымын, металдардың қасиеттерін, құрылысын оқып біледі. Қазіргі заманға сай жаңа... | ![]() | Пәннің мақсаты мен міндеттері: Химия пәннің негізгі мақсаты Мамандықтың жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалған,пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті |
![]() | 1 ПӘн мақсаты мен міндеттері, ОҚу процессіндегі алатын орны «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған жалпы орта білім негізінде, оқу түрі күндізгі | ![]() | 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты ... |
![]() | І тарау. Заманауи цитология пəні, міндеттері жəне зерттеу əдістері Биология ғылым.Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаратылыстану ғылыми пәндер... | ![]() | 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Аналитикалық химия пәннің негізгі мақсаты Мамандықтың элективтік пәндер каталогы негізінде дайындалған пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті |