Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 307.83 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
страница1/2
Дата конвертации07.02.2016
Размер307.83 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish326251_8501.doc
  1   2


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

_______________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 24 ақпан № 59





Алматы қ.


г. Алматы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 11.04.12ж. №7554 тіркелген


Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді

басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 59 қаулысымен

бекітілді


Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне,

клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және

тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын

талаптары


1. Жалпы ережелер


Осы Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға, клиринг ұйымында мониторингінің, тәуекелдерді бақылау және басқару шарттары мен талаптарын белгілеуге қойылатын талаптарды айқындайды.

1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша есеп айрысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;

2) клиринг – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты анықтау, тексеру және беру процесі;

3) клирингтік жүйе – клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық кешен (рәсімдер жиынтығы);

4) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының - клиринг ұйымымен клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасаған сауда-саттықтың қатысушысы;

5) стресс-тестинг – клиринг ұйымының қаржылық жағдайына ерекше болатын бірақ клиринг ұйымының қызметіне әсер ететін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуді өлшеу әдістемелері;

6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

2. Клиринг ұйымының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің осы қаулы талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және клиринг ұйымы органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласы бойынша жүктелген міндеттерді орындауы бойынша талаптар тудырады.

3. Клиринг ұйымындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар былайша бөлінеді:

1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар;

2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар;

3) мониторингке, бақылауға және тәуекелдерді басқару тәртібіне қойылатын талаптар;

4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар.

4. Клиринг ұйымы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың
1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау есепті береді, ол мыналарды қамтиды:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесін;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келудің (сәйкес келмеудің) дербес бағалануын;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшіліктерді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетіп, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын.

5. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатпен көзделген тәртіпте клиринг ұйымы тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша (кредиттік, жүйелік, операциялық, нарықтық) тоқсан сайын стресс-тестинг жүргізеді.

6. Стресс-тестинг нәтижелері тәуекелдерді басқару жөніндегі клиринг ұйымының саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде, тоқсанына кемінде бір рет уәкілетті органға беріледі.

7. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері уәкілетті органға есептік жарты жылдықтан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар


8. Клиринг ұйымында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы клиринг ұйымы қызметінің корпоративті басқару талаптарына, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын, клиринг жүйесінің жұмыс істеуін көздейді.

9. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды қамтиды:

1) қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелері бойынша клирингті ұйымдастыру, өткізу және басқару;

2) сауда-саттық, қор биржасы, орталық депозитарий және (немесе) өзге есеп айырысушы ұйым клиринг қатысушыларының ұсынатын ақпаратын жинау, енгізу,сақтау және тарату;

3) клиринг процесінің үздіксіз, үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында клиринг жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу;

4) клиринг процесінде пайдаланылып отыратын клиринг ұйымын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету аудиті;

5) клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған биржалық мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру;

6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалған сауда-саттық және мәмілелер, сондай-ақ клиринг бойынша ақпарат жинау, талдау және сақтау;

7) клиринг ұйымының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;

8) клиринг ұйымын басқаруда ұйымдық-функционалдық құрылым құру және оны жетілдіре түсу;

9) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

10) клиринг ұйымының мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін ақпаратты ұсыну, және клиринг ұйымының органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;

11) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару саласы бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен және ішкі саясатымен белгілеген талаптарын клиринг ұйымының сақтау мониторингі;

12) сауда-саттыққа клиринг қатысушыларының қаржылық жай-күйі, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының ішкі құжаттар талаптарына сәйкестігі мониторингі;

13) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу рәсімдерін, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайында тиісті шаралар қолдануды анықтау;

14) арнайы клирингтік (кепілді және (немесе) резервтік) қорларды құру және пайдалану.

10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай ішкі құжаттардың болуымен ғана шектелмей мыналарды көздейді:

1) клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;

2) клиринг ұйымының меншікті активтерді инвестициялау тәртібі;

3) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;

4) клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері;

5) клиринг ұйымының басшы және өзге қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратты және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануын болдырмауға бағытталған рәсімдер;

6) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртібі;

7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың мониторингі және оны бақылаудың тәртібі мен талаптары;

8) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдемелік) қорларды қалыптастыру, сондай-ақ оны пайдаланудың тәртібі мен талаптары;

9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар;

10) клиринг ұйымының ақпараттық саясаты;

11) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

11. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды:

1) клиринг ұйымының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің тәуекелдерді басқару жөніндегі және басқа бөлімшелердің тәуекелдерді басқару саласы бойынша өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

2) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қосқандағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдер, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қол жетімді мәнін анықтау бойынша рәсімдер;

3) клиринг ұйымының қызметіне және оның клиринг жүйесінің жұмыс істеуі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар;

4) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген рәсімдер тиімділігі, клиринг ұйымының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәнін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау бірдейлігі мониторингінің механизмі;

5) осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген және осы тармақтың 3) тармақшасымен белгіленген рәсімдерге сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің механизмі;

6) тәуекелдер мониторингі, бағалау және бақылау рәсімдері, оның ішінде:

клиринг ұйымының жауапты бөлімшесі клиринг ұйымының басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдерді басқару бойынша тәуекел мониторингіне сай қабылдайтын шаралары;

тәуекелдердің туындау жиілігін бағалау, осы тәуекелдер ықпал еткен іс-қимылдарға кейін қатар қойылған және тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәндерін белгілеуді қоса алғандағы, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару бойынша жауапты бөлімшесі жүзеге асырған тәуекелдерге баға беру;

клиринг ұйымының тәуекелдер көрсеткіштері мәнін өзгерту, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың және осы көрсеткіштердің барынша жоғары қол жетімді мәнін, сол сияқты тәуекел көрсеткіштері мәнінің тәуекелдердің барынша жоғары қол жетімді мәнімен сәйкес келмеген жағдайында тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қабылданатын шараларды қоса алғандағы, клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару бойынша жауапты бөлімшесі жүргізіп отырған тәуекелдер мониторингі;

директорлар кеңесіне қор биржасының сауда жүйесіндегі клиринг қатысушыларымен жасалған мәмілелер бойынша клиринг ұйымының жауапкершілігін өзіне алуға қабілетті кез-келген маңызды жағдайлар туралы дереу есеп беруді ұсыну механизмі.

12. Клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде қолданылатын құжаттардың типтiк нысандарын белгiлейдi және мыналар бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды:

1) клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;

2) мыналарды көздейтiн клиринг ұйымының меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшiн ұсынымдар дайындау:

ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн;

инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кiрiстiлiгiнiң болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

ұсынымдарды беруге маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;

3) клиринг ұйымының меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткiзудiң және рәсiмдеудiң кезеңдiлiгi болатын инвестициялық шешiмдердi қабылдау;

4) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау барысында клиринг ұйымының органдары мен бөлiмшелерi өзара әрекеттесу;

5) көмегi арқылы мәмiлелер жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау процестерiнiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамына және қозғалысына салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;

6) клиринг ұйымының басқармасы меншiктi активтер есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижесi туралы есептiлiктi дайындау.

13. Клиринг ұйымының меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кiретiн, бiрақ олармен шектелмейтiн меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлейдi:

1) меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;

3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерi;

4) меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсете отырып, меншiктi активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) меншiктi активтердi инвестициялаумен байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат.

14. Клиринг ұйымының меншiктi активтерiн инвестициялаудың саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесi бекiтедi.

15. Iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыру рәсiмдерi:

1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;

2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiн;

4) iшкi аудит қызметiнiң тексеру жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;

5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін мiндеттi түрде пайдалануын;

6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

7) iшкi аудит қызметiнiң клиринг ұйымының директорлар кеңесіне тексеру нәтижелерi туралы есептерді ұсыну мерзiмдерiн және нысанын белгiлейдi.

16. Клиринг ұйымы қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын клиринг ұйымында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмiне мыналар кiредi:

1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған клиринг ұйымының органдары шешiм қабылдау рәсiмдерi:

клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;

клиринг ұйымы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;

клиринг ұйымы органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшiлiк тобының арасында осы ақпаратты ресми жариялағанға дейiн оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде қолдануларын шектеу;

2) клиринг ұйымы органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындысы бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптар;

3) клиринг ұйымының бөлiмшелерi арасында, клиринг ұйымының органдары мен бөлiмшелерi арасында, клиринг ұйымының бөлімшелері арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;

4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында клиринг ұйымы жүргiзетiн iс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.

17. Инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратты клиринг ұйымының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарға бағытталған шараларды қамтиды:

1) инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратты өзiнiң мүддесі немесе үшiншi тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмiлелер жасасуды болдырмауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк және оған негізделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшiлiк тобы арасында оны таратуды болдырмауға;

3) клиринг ұйымы қызметкерлерiнiң инсайдерлiк ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғалар беру мүмкiндiгiн шектеуге;

4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-1-бабында клиринг ұйымының инсайдерлiк ақпаратқа билiк етуге және оны пайдалануға бақылау бөлігінде көзделген шараларға.

18. Қор (тауар) биржасының сауда жүйесiнде қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша клирингті жүзеге асыру тәртiбi мыналарды көздейтiн рәсiмдердiң сипаттамасын қамтиды:

1) қор (тауар) биржасында айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген клирингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды жинауды, енгізуді, өңдеуді және сақтауды;

3) клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін мәмілелер бойынша есептесуді жүргізу жүйесінде қателер мен техникалық іркілістер болуына мониторингі және тестiлеудi;

4) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыру барысында сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары мен клиринг ұйымының арасындағы мәселелерді шешудің тәртiбiн;

5) клиринг ұйымының және сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары, қор (тауар) биржасы, орталық депозитарийі және (немесе) өзге есеп айырысу ұйымы арасындағы ақпаратпен алмасу тәртібін және шарттарын.

19. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының мониторингі мен бақылау тәртібі және шарттары мыналарды қамтиды:

1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының есептерінің және олардың қаржылық жай-күйінің мониторингіне қажетті өзге ақпараттың тізбесін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты ұсыну шарттары мен мерзімдерін;

3) клиринг ұйымының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты қарау тәртібі мен мерзімдерін;

4) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесін;

5) клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелері сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйі туралы жиынтық есептерді жасау және ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;

6) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жай-күйіне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты шараларды қабылдау тәртібі мен шарттарын;

7) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының мониторингінің жылдық жоспары;

8) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының тексеру жүргізу тәртібі мен шарттары;

9) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының сәйкестігін бағалау әдістемесі;

10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларын тексеру нәтижелерін ресімдеу және клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдері;

11) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына және клиринг ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес келмейтін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларына қатысты шараларды тәртібі мен шарттары.

20. Арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорларын қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары:

1) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының мөлшерін айқындау және бағалау әдістемесі;

2) клиринг ұйымының және сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорларының жарналарын жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;

3) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;

4) арнайы клирингтік (резервтік және (немесе) кепілдік) қорының активтерін инвестициялау мүмкіндігі, тәртібі және шарттары.

21. Сауда-саттыққа клиринг қатысушыларға қойылатын талаптар мынадай:

1) қаржылық жағдайына;

2) тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиісті жүйелерінің болуына;

3) қор (тауар) биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтауға, оның ішінде осындай мәмілелер бойынша қажетті қамтамасыз етуді қалыптастыруға.

22. Клиринг ұйымының ақпараттық саясаты мыналардан тұрады, бірақ мыналармен шектелмейді:

1) клиринг ұйымының ақпаратты жариялау тәртібі мен талаптары;

2) клиринг ұйымының беделіне ықпал етуі мүмкін ақпаратты тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде талаптар;

3) клиринг ұйымының беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат пайда болған және таралған жағдайда қажетті шараларды уақытылы қабылдау жөніндегі талаптар.

23. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық:

1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптардан;

2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда клиринг ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттері сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдар жоспарынан;

3) клиринг ұйым қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге жабдықтарды пайдалану тәртібінен;

4) клиринг ұйымының үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелілігінен тұрады.

  1   2

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница