Скачать 413.58 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функционалдық міндеттері 1. Есептілікті дайындаудың сапасын жақсарту және уақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттің атқарылу мониторингінің тиімділігін арттыру үшін «Бюджет процесінің мониторингі» біріктірілген ақпараттық жүйесін жетілдіру, оның функционалдығын кеңейту және барлық деңгейдегі бюджеттердің пайдалануын одан әрі жетілдіру қажет. 2. Бухгалтерлік есепті жүргізу дұрыстығын, жасалған операцияларды уақтылы көрсетуді, бастапқы құжаттардың ресімделу дұрыстығын, есептердің жасалу дұрыстығын қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасауды автоматтандыру талап етіледі. Осыған байланысты, барлық мемлекеттік мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік мекемелердің қаржысын және активтерін басқару жөніндегі бірыңғай бағдарламалық өнімді құру және орнату талап етіледі. 3. Еліміздің қаржы ресурстарын тиімді бақылау, қаржы құжаттарының электрондық құжат айналымына көшуі, қағаз есептердің санын қысқарту, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақытын қысқарту, ҚБАЖ қаржы құжаттарын өңдеу уақытын қысқарту үшін ҚБАЖ-бен мемлекеттік мекемелердің қаржылары мен активтерін басқару жөніндегі бірыңғай бағдарламалық өнімді біріктіру қажет. Бұл біріктірілген жүйеде әрбір мемлекеттік мекеме бойынша барлық ақпараттық болуына байланысты тұтастай алғанда бюджет есебінен ұсталатын барлық мекемелер бойынша активтер, талаптар, міндеттемелер жөнінде дұрыс және салыстырмалы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 4. Тиімділіктің жаңа стандарттарына қол жеткізу үшін жаңғыртуды басқарудың және үздіксіз жетілдірудің ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу және енгізу талап етіледі. Мұндай бағдарлама басқару мен көшбасшылықты шоғырландыруға, жұмыс сапасының қазіргі заманғы деңгейіне және тиімділігіне қол жеткізу үшін жоспарланған шаралар мен коммуникациялық бағдарламаларды орындауды үйлестіруге және өзара бақылауға мүмкіндік береді. Кеден органдары үздіксіз жетілдіру бағдарламаларын үнемі жүзеге асыруы тиіс, өйткені халықаралық кеден әдістері мен СЭҚ қатысушыларының қажеттіліктері экономикалық жаһандандыру үрдістеріне жылдам әрекет етеді. 5. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қызметін жақсарту және жетілдіру үшін аумақтық бөлімшелер қызметінің бірқатар көрсеткіштеріне негізделген және тиісті комитеттер жүргізетін Министрлік ведомстволары аумақтық бөлімшелері қызметінің тиімділігі мен сапасын рейтингтік бағалау жалғастырылатын болады. бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіндегі кемшіліктерді егжей-тегжейлі анықтауға, әлсіз жерлерді табуға, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету, кадрлардың тұрақсыздығын қысқарту үшін кадрлық әлеуетті тұрақты арттыру, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының бітірушілерді тарту, біліктілік деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру қажет. 7. Атқару тәртібінің сапасы және мониторингін арттыру үшін құжаттың барлық өту сатылатында ақпараттық бағдарламаларды функционалдық қолдануды кеңейту қажет. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына қосымша 1 Негізінде Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық құжаттардың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» туралы 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы; 2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі; 3. Қазақстан Республикасының Салық кодексі; 4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; 5. «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы; 6. «Жекешелендiру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы; 7. «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы; 8. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңы; 9. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; 10. «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңы; 11. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңы; 12. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы; 13. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңы; 14. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңы; 15. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; 16. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы; 17. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 18. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; 19. «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; 20. «Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы; 21. «Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығы; 22. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысы; 23. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы; 24. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысы; 25. «Барлық заңды тұлғалардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) көшуін қамтамасыз ету жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 760 қаулысы; 26. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру заңды іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы. |