Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
страница1/8
Дата конвертации07.02.2016
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish679606_9602.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚРӘМ № 5844 03.11.2009ж. тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2009 жылғы 26 қыркүйектегі209



Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ брокерлік және дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 129 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4730 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар портфелін басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3230 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 9-13, 42-құжат), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 97 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4230 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 149 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 174 (980) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4641 тіркелген, 2007 жылы сәуір-мамырда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 1 маусымдағы «Заң газеті» газетінің № 82 (1111) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 167 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 59 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:

20 және 21-тармақтар алынып тасталсын.

4. Брокерлік және дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 29 наурызға дейінгі мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын және пайдаланылатын программалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.

5. Осы қаулы 2010 жылғы 29 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.


Төрайым Е. Бахмутова


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі

№209 қаулысымен бекітілді


Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық 


Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар сақтауы міндетті тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілейді.

 

 1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – Брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – Басқарушы) тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды анықтау болып табылады.

2. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының басқару органы (Брокер және (немесе) дилер үшін акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған қадағалау кеңесі (бұдан әрі – қадағалау кеңесі)) және атқарушы органы тәуекелдерді басқару жүйелерінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшелері мен қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.

3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ашық валюталық позиция – жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер топтарының) валютасына қойылатын талаптардың (міндеттемелердің) сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелерден (талаптардан) асып кетуі;

2) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

3) Басқарушы – бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;

4) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе Брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

5) Брокер және (немесе) дилер – бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым;

6) бэк-тестинг – тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

7) валюталық тәуекел – шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды асыра бағалаудан туындайды;

8) гэп – сыйақы ставкаларының өзгеруіне ұшыраған немесе белгiлi бір мерзім iшiнде өтелуі тиіс активтер мен мiндеттемелердiң көлемін салыстыру негiзiнде пайыздық тәуекелді және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелін өлшеу әдiстерi;

9) елдің (трансферт) тәуекелі – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентiнiң міндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

10) ішкі аудит қызметі – негізгі функциясы Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының бөлімшесі;

11) ішкі бақылау жүйесі – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару және Қазақстан Республикасының заңнамасын, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының шығындар немесе бедел тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқарушылық есептіліктерінің сенімді жүйесін қолдау жүйелерінің бөлігі;

12) ішкі құжаттар – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының, олардың органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметтерінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;

13) контрсеріктес – лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру барысында Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы ынтымақтастық жасайтын (немесе ынтымақтастық жасауды жоспарлайтын), қаржылық қызмет көрсететін және (немесе) Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы қатысатын мәміледе тарап болып табылатын ұйым;

14) корпоративтік басқару – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының жоғарғы органының, басқару органының (қадағалау кеңесінің), атқарушы органының және Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын, ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге (қатысушыларға) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін, Брокерді және (немесе) дилерді, Басқарушыны стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

15) кредиттік тәуекел – бағалы қағазды шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан, сондай-ақ своптар, опциондар, форвардтар мен кредиттік тәуекелге ұшыраған өзге де қаржы құралдары бойынша және аталған бағалы қағаздар мен қаржы құралдары жөніндегі есеп айырысуларды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты не контрсеріктестің немесе клиенттің шартта көзделген немесе мәміле жасау барысында туындайтын өздерінің міндеттемелерін орындамау немесе дер кезінде орындамау салдарынан туындайтын залал тәуекелін қосқандағы шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

16) құқықтық тәуекел – Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместермен қатынастарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы не Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы практикасының олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

17) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

18) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дереккөздері болып табылады;

19) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс жасауы барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ:

жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқару құрылымын қоса алғанда, Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының анық емес және тиімсіз ұйымдастыру құрылымына;

ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларына, саясатына және (немесе) стандарттарына, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктеріне;

шындыққа сай келмейтін ақпараттарына не оны тиісінше пайдаланбауға;

қызметкерлерді тиімсіз түрде басқаруға және (немесе) Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының білікті емес штатына;

Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін жүзеге асыру процесінің жеткілікті түрде тиімді құрылмауына не ішкі ережелердің сақталуына нашар бақылау жасалуына;

Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметіне сыртқы ықпалдың болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларына;

Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының қызметін реттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;

Брокер және (немесе) дилер, Басқарушы басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік база ауқымының тарылуына, клиенттердің және (немесе) контрсеріктестердің Брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға деген сенімсіздігіне немесе оны жағымсыз қабылдауына алып келген кәсіби емес іс-әрекеттеріне байланысты тәуекелдер кіретін сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

20) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – міндеттемелерді орындамау мүмкіндігіне не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығындарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу мүмкіндігімен анықталады;

21) пайыздық тәуекел – сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:

орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгіленген сыйақы ставкалары кезінде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуінен шығыстардың (шығындардың) туындауына;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдiстерiн қолдануға байланысты (негізгі тәуекел) тәуекелдер кіреді;

22) стресс-тестинг – заңды және жеке тұлғаның қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ заңды және жеке тұлғаның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

23) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс;

24) форс-мажор жағдайы – төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);

25) «stop-loss» лимиттері – қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

26) «take profit» лимиттері – қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша кірістердің шекті түрде жол берілетін деңгейі жөніндегі лимиттерді белгілеу саясаты;

27) VAR (Value at Risk) моделі – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарын сипаттайтын модель.

4. Брокерлер және (немесе) дилерлер, Басқарушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті көрсете отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, кемшілікті түзетуге қажетті іс-шаралар, іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдар мен оны орындаудың нақты мерзімдері көрсетілетін тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады.

5. Басқарушының және Басқарушы болып табылатын Брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері мен инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес екі айда бір рет есептеледі.

Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген стресс-тестинг нәтижелері Агенттікке әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

6. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын Брокер және (немесе) дилер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы жөніндегі ақпаратты Агенттікке есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconБасқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы №60 Қаулысы
...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница