Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы




Скачать 332.64 Kb.
НазваниеІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер332.64 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://akmo.kz/down/standartiz/2012/03/SPS_2012-3 62 kaz.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 15:39:19


Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 Қаулысы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. «Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің ішкі су жолдарымен қатынау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 177 Қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 100-құжат) күші жойлған деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 21 шілдедегі

839 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау

 қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағиданың қолданысы жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылғыш заттардан және жару құралдарынан (1-класты қауіпті жүктер) тұратын құрылғыларды тасымалдайтын адамдарға, сондай-ақ:

1) осы Қағидада көрсетілмеген және олардың ішкі немесе пайдалану жабдығында қауіпті жүктерден тұратын машиналарды немесе механизмдерді тасымалдауға;

2) адамдарды құтқару немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылатын тасымалдауларға, осындай тасымалдаулардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған жағдайда;

3) тасымалдау кезінде қауіпті қасиеттерін бейтараптандыру үшін жеткілікті термиялық өңдеуден өткен заттарға қолданылады.

3. Ішкі су көлігімен тасымалдауға тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) «Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 27 мамырдағы № 517 қаулысымен бекітілген қауіпті жүктер жіберіледі.

4. Қауіпті жүктерді тасымалдау жабық үй-жайларда да және палубада да рұқсат етіледі.

Қауіпті жүктер тек палубада жүктерді немесе оларға қол жеткізілуін үдемі бақылау талап етілген жағдайда, сондай-ақ жарылғыш газдар, улы булар қоспасын емес көрінбейтін жеміру пайда болу қаупінде тасымалданады.

Барлық жағдайларда мыналар бөлінуі тиіс:

тез тұтанғыш заттар от аймағына түскенде кезде жарылуы мүмкін заттардан;

жануға ықпал ететін немесе оны тудыратын тотықтырғыш және басқа да заттар тез тұтанғыш және жанғыш заттардан;

уыттылығы бар кез келген зат барлық тамақ өнімдерінен;

Жарылғыш,тез тұтанғыш, улы және коррозиялық газдар мен бу бөлетін қауіпті жүктер автономды қарқынды желдетпесі бар кеменің газ өтпейтін үй-жайларында орналастырылуы қажет.

5. Кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға жарамдылығын оларды қасиетіне, қауіптілік сипатына және топталуына байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің және су көлігінде бақылау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері анықтайды. Қажет болған жағдайда еңбек қорғау, санитарлық қадағалау жөніндегі инспекцияның және жөнелтушінің өкілдері тартылады.

6. Қауіпті жүктерді орналастырумен және бекітумен байланысты кемелерді жабдықтауды(кернегішті, төсемді, тіректерді және өзгесін орнату) жүк жөнелтуші орындайды.

Жүк жөнелтуші өрт сөндірудің қосымша құралдарымен және жеке қорғанудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етеді, олар жүк алушыға жүкпен бірге тапсырылады.

Автокөлік және теміржол көліктерінің қатысуымен қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші осы көлік түрлерімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес қажетті материалдар мен жабдықтарды қосымша ұсынады.

Қажетті материалдар мен құралдарды жүк жөнелтуші кемеге оған тиеуге дейін жеткізеді.

7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған жүк құжатында жүк жөнелтуші Тізбеге сәйкес қауіпті жүк атауын және салмағын көрсетеді.

Қауіпті жүктер «Химикаттар» және соған ұқсас жалпылама атаумен тасымалдауға қабылданбайды.

Қауіпті жүктерді бірлестіре ораған кезде жүкқұжатта (бұдан әрі- жүкқұжат) атауы, әрбір қауіпті жүктің салмағы және жалпы брутто салмағы көрсетіледі.

Қауіпті жүктердің ілеспе құжаттарында жоғарғы оң бөлігінде қызыл түсті штемпелдер қойылады, «Қауіпті» және жүк қауіптілігінің сипаттамасына байланысты: «У», «Тұтанбайтын сығымдалған газдар», «Тұтанбайтын сұйытылған газдар», «Тұтанады», «Тез тұтанатын сұйықтық», «Тез тұтанатын газ», «Тұтанатын сұйытылған газ», «Тұтанатын сұйық газ», «Тотықтырғыш», «Күйдіргіш заттар», «Судан жанады», «Улы газ», «Сұйытылған газ», «Өздігінен жанады», «Органикалық асқын оксид», «Сұйық газ».

Егер жүк қауіптіліктің екі және одан көп түріне ие болса, онда тиісінше қауіптіліктің екі және одан көп жазуы жазылады.

Штемпелдер жазуындағы әріп биіктігі кемінде 10 миллиметр болуы тиіс.

Әр түрлі кластағы бірлестіріп оралған жүктерді ұсынған кезде тасымалдау құжаттарына әрбір класқа сәйкес келетін штемпелдер қойылады.

8. Қауіпті заттардан тұратын химиялық реактивтер, медициналық және ветеринарлық препараттар, аптекарлық және парфюмерлік тауарлар қауіпті жүктерге белгіленген барлық шарттарды сақтай отырып тасымалданады.

9. Қауіпсіз жүк ретінде әр түрлі тез тұтанғыш сұйықтықтар, қышқылдар және басқа да қауіпті заттары нетто салмағы 1 килограммнан аспайтын және көлемі 1 литрден аспайтын ұсақ өлшемделген орамда шағын жөнелтімдермен жалпы жағдайларда тасымалданады.

Осы ереже қауіптілік сипаттамалары бойынша кез келген өлшемделген орамда тасымалданатын қауіпті жүктерге қолданылмайды.

Өлшемделген орамдағы қауіпті жүкпен бір орынның брутто салмағы 50 килограммнан аспайды.

Осындай жүктер бар әрбір орынның сыртқы орамына жүкжөнелтуші «Ұсақ өлшемделген орамда», «Жоғары» деген, ал шыны ыдыс болған кезде сондай-ақ «Сақ болыңыз», «Шыны» деген жазуларды басады. Бұдан басқа орамға осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес тиісті белгілер желімделеді.

Жүкқұжатта жөнелтуші жүгінің атауының астына «Жүк ұсақ орамда» деген белгі жасалады.Жүктік қауіптілігі сипатын көрсететін штемпель бұл жағдайда тасымалдау құжатына қойылмайды.

10. Қауіпті жүк тасымалдау үшін тығыз, берік, ақаусыз, мұқият тығындалған, жүктің аққан және шашылған ізі жоқ ыдыс пайдаланылады.

Шыны шөлмектегі, металл және пластмасса ыдыстағы (банкалардағы, бидондардағы, канистрлердегі) қауіпті жүктер ағаш тығыз немесе торлы жәшіктерге орналастырылады. Ашық жәшіктердің қабырғалары тығындалған бөтелкелер мен ыдыстардан 5 сантиметрге биік.

11. Ыдыс зақымдалған кезде жүкті одан әрі тасымалдау дереу тоқтатылады, ал жүк оқшауландырылады. Бұл жағдайда жүк иеленуші жүкпен не істеу керектігін тасымалдаушыға хабарлайды. Ыдысты тек жүк жөнелтушінің рұқсатымен, ол көрсеткен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдап, түзетуге болады.

Егер қауіпті жүгі бар ыдыстың зақымдалуы оны кемеге тиегенге дейін болса, онда ыдысты оңдау мен ауыстыруды жүк жөнелтуші жүзеге асырады.

12. Арнайы бақылауды қажет ететін ерекше қауіпті жүктер жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жолсеріктерімен тасымалданады. Жолсеріктер алып жүрген жүктердің қасиеттерін жақсы білуі, оларды тасымалдау шарттарының сақталуын бақылауы, ал қажет болған жағдайларда осындай жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар беруі және шаралар қабылдауы тиіс.

Жүк жөнелтуші жолсеріктерді қажетті жеке қорғану құралдарымен, құрал-саймандармен және материалдармен жабдықтайды.

13. Қауіпті жүктерді жөнелту кезінде жүк жөнелтуші жүк алушыға кеменің кету уақытын, жүктің нақты атауы мен санын, жекелеген орындардың салмағын және қысқа өміршең изотоптардың болуын хабарлайды.

14. Қауіпті жүктер болған бос ыдыс оны жөнелтуші онда тасымалданған жүктердің қалдықтарынан толық босатқан жағдайда, сондай-ақ толық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін оның ішін және сыртын тазаланғанда тасымалдауға қабылданады, бұл туралы жүкқұжатта «Жүк атау» деген бағанда «Ыдыс (онда болған жүктің атауы) тазартылған, қауіпсіз» деген белгі жасалады. Осындай ыдыс жалпы негізде, сығымдалған және сұйытылған газдар үшін бос баллондарды және этил сұйықтығы болған бөшкелерді қоспағанда, қауіпсіз жүк ретінде тасымалданады.

Егер ыдысты мұқият тазарту мүмкін болмаса, ол онда болған қауіпті жүкті тасымалдау үшін белгіленген ережелерді сақтай отырып тасымалданады. Жүкқұжатта, «Жүк атау» деген бағанда жөнелтуші «Ыдыс (онда болған жүктің атауы) …» деген белгі жасайды.

15. Қауіпті жүктерді қысқа мерзімді сақтаумен тасымалдауға қабылдауға тасымалдаушыда оларды қауіпсіз сақтау жағдайын қамтамасыз ететін жеке қойма үй-жайлары болған кезде ғана жол беріледі. Қауіпті жүктерді басқа қауіпті жүктермен бірлестіріп орналастыруға рұқсат етілмейді.

Тасымалдаушыда көрсетілген қойма үй-жайлары болмаған кезде қауіпті жүктер оларды тікелей жүк жөнелтуші кеме бортына әкелген кезде тікелей нұсқада қайта асқын жүкпен қабылданады.

16. Қауіпті жүктерді тиеу мен түсіру мамандандырылған айлақтарда жүк жолсеріктердің және иеленушілердің мамандары болуымен жүргізіледі. Ұсақ топтар жалпы айлақтарда арнайы бөлінген орындарда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып қайта тиеледі.

Тиеу және түсіру орындары тиеу-түсіру жұмыстарын тәулік бойы орындауды қамтамасыз ететін қауіпсіз және жеткілікті электрмен жарықтандырылған болуы тиіс.

Тиеу мен түсіруге және көрсетілгенмен байланысты өзге де қызметке қауіпті жүктердің қасиетін, оларды сақтау шарттарын және тиісті операцияларды орындаған кезде олар жұмыс істеуді, оларды кемеде, контейнерде және қоймада орналастыру мен жинақтау тәртібін білетін адамдар тартылады.

Қауіпті жүктерді кемелерге тиеу немесе кемелерден түсіру кеме әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

Қауіпті жүктер кемеге оны басқа жүктермен тиеуге беріледі, ал бірінші болып түсіріледі.

Қауіпті жүктермен жүк операциялары кезінде кемеге басқа кемелердің тіркеп сүйрету, жабдықтау және басқа да мақсаттар үшін жақындауына тыйым салынады.

17. Тиеу-түсіру операцияларын қолмен орындаған кезде қауіпті жүктерді иықтан тастап жіберуге, жиектеп сырғытуға, сүйретуге және оларды басқа жүктерге соғуға, сондай-ақ ілмектерді, болат тросстарды және ыдысты зақымдауы мүмкін, ал от қаупі бар және жарылу қаупі бар жүктерді өңдеу кезінде ұшқын тудыратын басқа да жүк қармауыш құрал-саймандарын пайдалануға тыйым салынады.

Трюмге, қоймаға немесе вагонға кіруге және онда жұмыс жүргізуге жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және тұншықтырғыш булар мен газдардың қауіпсіз шоғырлануы болмаған кезде ғана жүргізіледі.

Тиеу-түсіру жұмыстары аяқталғаннан кейін тиеу-түсіру орындары, кемелердің трюмдер мен палубалары жүк қалдықтарынан тазартылады, ал қажет болғанда жуылады немесе зарарсыздандырылады. Осындай өңдеу қауіпті жүкпен жұмысқа пайдаланылған машиналарға, механизмдерге, табандықтарға, жүк қармауыш құрал-саймандар мен арнайы киімдерге жүргізіледі.

18. Жүк алушы қауіпті жүк келген сәттен бастап 24 сағат ішінде порттан оны әкетеді, ал портта оны уақытша сақтау үшін тиісті жағдайлар болмаған кезде жүкті алушы тікелей кемеден алуы және дереу әкетуі тиіс.

19. Бірнеше қауіпті қасиеттерге ие, соның ішінде улы (уытты) жүктер үшін осы Ереже 6-тарауымен белгіленген талаптарды сақтай отырып тасымалданады.

 

 

  1   2   3

Похожие:

Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы icon«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconАвтомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1514 Астана, Үкімет үйі Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы icon1 автомобильдердің жалпы қҰрылысы
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау,...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі №1017 қаулысы
Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы iconТасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
А (бұдан әрі- заң) сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су жолы, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық...
Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница