«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына




Название«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына
страница6/21
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://keu.kz/attachments/article/731/ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Жерге тұйықтауды орнату

 

145. Ток өткізгіш бөліктерге жерге тұйықтау кернеуі жоқтығын толық тексергеннен кейін орнату қажет.

146. Тасымалды жерге тұйықтау құралы алдымен жерге тұйықтау құрылғысына жалғанады, одан кейін кернеу жоқтығына тексеріліп, ток өткізгіш бөліктерге орнатылады.

ӘЖ сымдар әртүрлі деңгейде тартылған кезде, жерге тұйықтау төменгі сымнан бастап орнатылады.

Тасымалды жерге тұйықтау конструкцияның жерге тұйықтау шинасына және ток өткізгіш бөліктерге бояудан тазартылған орындарға жалғанады.

Тасымалды жерге тұйықтау құралы кері (кезекпен) алынады: алдымен оны ток өткізгіш бөліктерден алып, одан кейін жерге тұйықтау құрылғыдан ажырату қажет.

147. Тасымалды жерге тұйықтау құралын орнату және алу кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында диэлектрлік қолғаптарды киіп, оқшаулағыш штанганы пайдалану арқылы жүргізіледі. Тасымалды жерге тұйықтау құралдарының қысқыштары оқшаулағыш штангамен немесе тікелей диэлектрлік қолғаптармен жерге тұйықталады.

148. Осы Қағидалардың 200-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, жерге тұйықтау үшін сол мақсаттарға арналмаған сымдарды пайдалануға тыйым салынады.

 

 

Тарату құрылғыларында жерге тұйықтау құралдарын орнату

 

149. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс жүргізу үшін токтан ажыратылған учаскенің кернеу берілетін барлық фазаларының (полюстердің) ток өткізгіш бөліктері жұмыс үшін токтан ажыратылған жинақты шиналарда бір жерге тұйықтау құралын орнату жеткілікті жинақты шиналарды қоспағанда, жерге тұйықталады.

Ажыратылған желілі айырғышта жұмыс жүргізу кезінде айырғышта жерге тұйықтаушы пышақтардың бар екендігіне қарамастан, ӘЖ жағынан төмен түсіретін сымдарда айырғыш арқылы әртүрлі әрекеттер жасау кезінде бұзылмайтын қосымша жерге тұйықтау құралы орнатылады.

150. Жерге тұйықталған ток өткізуші бөліктер кернеудегі ток өткізуші бөліктерден көзге көрінетін үзік арқылы бөлектенеді.

Осы Қағидалардың 130-тармағында көзделген жағдайларда көзге көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі.

Орнатылған жерге тұйықтау құралы тікелей жұмыс жүргізіліп жатқан ток өткізгіш бөліктерден, токтан ажыратылған ажыратқыш, айырғыш, бөліктегіш немесе жүктемені ажыратқыш, алынған сақтандырғыш, бөлшектелген шиналар немесе сымдар арқылы бөлектеуге рұқсат етіледі.

Тікелей жұмыс орнында ток өткізгіш бөліктерге, осы бөліктер жеткізілген кернеуде (әлеуетте) тұрған жағдайда, жерге тұйықтау құралы қосымша орнатылады.

151. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында ТҚ-ның, қалқандардың, құрастырмалардың құрама шиналарында жұмыс жүргізу кезінде шиналардан кернеу түсіріледі және шиналар (оқшауланған сымнан жасалған шиналардан басқа) жерге тұйықталады. Осы ТҚ-ның қосылымдарын, қалқандарды, құрастырмаларды және оларға жалғанған жабдықтың жерге тұйықтау қажеттілігін және мүмкіндігін наряд, нұсқау беруші айқындайды.

152. Орындалатын жұмыстардың (оқшауламаның кедергісін өлшеу) сипаты бойынша талап етілетін болса, жұмыс орнын дайындау кезінде орнатылған жерге тұйықтауды уақытша алып тастауға рұқсат етіледі.

Жерге тұйықтау құралдарын уақытша алып тастау және қайтадан орнату жұмыстарын жедел персонал немесе наряд берушінің тапсырмасымен жұмысты өндіруші орындайды.

Жерге тұйықтау құралын уақытша алып тастауға, сондай-ақ жұмыс жүргізушінің осы операцияларды орындауына берілетін рұқсат осы Қағидаларда 2-қосымшаның нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолына енгізіліп, жерге тұйықтау құралын қайда және қандай мақсатпен алып тастау туралы жазылады.

153. Құрылысы күрделі, яғни оған жерге тұйықтау құралын орнату қауіпті немесе мүмкін емес электр қондырғыларында (мысалы, кейбір тарату жәшіктерінде, ішкі (сыртқы) ЖТҚ-ның жекелеген түрлерінде, фазалары тік орналасқан құрастырмаларда), айырғыш пышақтарына диэлектрлік қақпақтарды, диэлектрлік жапсырмаларды орнатуды немесе сымдарды, кәбілдерді және шиналарды токтан ажыратуды қамтитын, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша іс-шаралар әзірленеді. Мұндай электр қондырғылардың тізбесін жұмыс беруші бекітеді және персоналдың назарына жеткізеді.

154. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерге тұйықтау құралдарын орнату және алып тастау бойынша операцияларды орындауға жедел персонал санынан III топтағы бір жұмысшыға рұқсат берілді.

155. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында тасымалды жерге тұйықтау құралдарын екі жұмыскер орнатады: біреуі - электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы (жедел жұмыс персонал санынан), екіншісі - электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер; III топтағы жұмыскер жөндеу персоналы санынан, ал басқа ұйымдардың қосылымдарын жерге тұйықтау кезінде - осы ұйымдар персоналы арасынан бөлінген жұмыскер орындай алады. Қашықтағы қосалқы станцияларда әкімшілік-техникалық немесе жедел персоналдың рұқсаты бойынша негізгі схемадағы жерге тұйықтау құралдарын орнату кезінде, басқа ұйымдардың персоналы ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтың екінші жұмыскеріне жұмыс істеуге рұқсат етіледі; жедел персонал санынан электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы бір жұмыскердің тұйықтау пышақтарын іске қосуына болады.

Жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер жеке өзі жерге қосқыш пышақтарды токтан ажырату және тасымалды жерге тұйықтау құралын алып тастауға рұқсат етіледі.

 

 

ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын орнату

 

156. Барлық ТҚ және желі токтан ажыратылған секцияланушы коммутациялық аппараттарда кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ жерге қосылады.

Мыналарға рұқсат етіледі:

1) егер ӘЖ екі жағынан жерге қосылған болса, ал осы қосалқы станцияларда жерге тұйықтау құралдары токтан ажыратылған желі айырғыштарының сыртында орнатылған болса, онда кернеуі 35 кВ және одан жоғары тарамды ӘЖ осы тарамдарға жалғанған қосалқы станцияларда жерге қоспау керек;

2) кернеуі 6-20 ӘЖ бір ғана ТҚ немесе бір секцияланушы аппаратта немесе ТҚ немесе секцияланушы аппаратқа жақын тіректе жерге тұйықтау қажет. Бұл кернеудің қалған ТҚ-да және ӘЖ токтан ажыратылған секцияланушы аппараттарында, ӘЖ жұмыс орны мен осы ТҚ немесе секцияланушы аппараттар арасыңда жерге тұйықтау құралдары орнатылған жағдайда, оны жерге тұйықтауға рұқсат етіледі. ӘЖ-де көрсетілген жерге тұйықтау құралдары жерге тұйықтау құрылғылары бар тіректерде орнатылады.

Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын тек жұмыс орнында ғана орнату жеткілікті.

157. Осы Қағидалардың 156-тармағында көрсетілген жерге тұйықтау жұмыстарына қосымша, әрбір бригаданың жұмыс орнында барлық фазалардың сымдары, ал қажет болған жағдайда, найзағайдан қорғайтын арқансымдар да жерге тұйықталады.

158. Қарнақтық аралықта монтаждау кезінде, сондай-ақ ӘЖ-нің құрастырылған учаскесінің қарнақтық тіректерінде тұзақтарды жалғағаннан кейін, сымдар (арқансымдар) бастапқы қарнақты тіректе және шеткі аралық тіректердің (шеткі қарнақтық тіректің алдында) бірінде жерге тұйықталады.

159. Монтаждалған қарнақтық аралықтың шеткі қарнақтық тірегінде, сондай-ақ ӘЖ-нің құрастырылған учаскесіндегі қарнақтық тіректе, найзағай разрядтарының әлеуеті ӘЖ-нің дайын учаскесінің сымдарынан (арқансымдардан) және басқа да асқын кернеулердің сымдарынан (арқансымдардан) келесі, монтаждалып жатқан учаскеге ауысып кетуін болдырмау үшін сымдарды (арқансымдарды) жерге тұйықтауға рұқсат берілмейді.

160. Бір тізбекті ӘЖ жерге тұйықтау құралдарын жұмыс орындарында жұмыс жүргізіліп жатқан тіректе немесе көршілес тіректе орнату қажет. Жерге тұйықтау құралдарын бригада жұмыс істеп жатқан ӘЖ учаскесінің екі жағынан жерге тұйықтау құралдарының арақашықтығы 2 км астам қашықтық шарттарында орнатуға болады.

161. Тіректен оқшауланған найзағайдан қорғайтын арқансымда немесе тірек конструкциясында жұмыс жүргізу кезінде, егер бұл арқансымға 1 м кем қашықтықта жақындау қажет болса, арқансым жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құралы арқансым оқшауланған аралықта немесе жұмыс жүргізіліп жатқан аралықта орнатылады.

Жерден оқшауланған найзағайдан қорғайтын арқансымнан жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақты ажырату немесе жалғау жұмысы алдын ала арқансымды жерге қосып алғаннан кейін жүргізіледі.

Егер осы арқансымда қатқан мұзды еріту көзделсе, жұмыстың алдында арқансым токтан ажыратылуға және оған кернеу берілуі мүмкін жақтардан жерге тұйықталады.

162. Тасымалды жерге тұйықтау құралдары металл тіректерде олардың элементтеріне, жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақтары бар темір-бетонды және ағаш тіректерде - сол баспалдақтарға, олардың бүтіндігі тексерілгеннен кейін жалғанады. Жерге тұйықтаушы төмендеткіш баспалдақтары жоқ темір-бетонды тіректерде жерге тұйықтау құралдарын траверстерге (қолдан жасалған қорғаныс) және жерге тұйықтау құрылғысымен түйісетін тіректің металл элементтеріне жалғанады.

Кернеуі 1000 В дейінгі жерге қосылған бейтарапты электр қондырғыларында нөлдік сымның жерге қайтадан қосылуы орын алған жағдайда, тасымалды жерге тұйықтау құралы осы нөлдік сымға жалғанады.

Тасымалды жерге тұйықтау құралдарын жерге тұйықтаушы өткізгіштерге немесе конструкцияларға жалғайтын орындар бояудан тазартылады.

Жұмыс орнындағы тасымалды жерге тұйықтау құралын 0,5 м кем емес тереңдікте топыраққа тік енгізілген жерге қосқышқа жалғауға жол беріледі. Жерге тұйықтау құралдарын кездейсоқ топырақ үйінділерінің үстіне орнатуға тыйым салынады.

163. Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ тіректерден немесе телескопиялық мұнарадан оқшаулағыш буынсыз жұмыс жүргізгенде, жерге тұйықтау құралы жөнделіп жатқан желі сымдарына және сол тіректерге асылған барлық сымдарға, оның ішінде радиотрансляция және телемеханика желілерінің оқшауланбаған сымдарына орнатылады.

164. Жөндеу үшін токтан ажыратылған ӘЖ тасымалды жерге тұйықтау құралдарын орнату, одан кейін алып тастау және тіректердегі жерге қосқыш пышақтарды токқа қосу жұмыстарын жедел персонал ішінен: біреуі - электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы (кернеу 1000 В жоғары ӘЖ) немесе электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жұмыскер орындайды. Жөндеу персоналы ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы екінші жұмыскерді пайдалануға рұқсат етіледі.

Жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бір жұмыскерге жерге тұйықтаушы пышақтарды токтан ажыратуға рұқсат етіледі.

ӘЖ жұмыс орындарында тасымалды жерге тұйықтау құралдарын электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бригада мүшесімен бірге жұмыс жүргізуші орнатуға рұқсат етіледі. Сол тасымалды жерге тұйықтау құралдарын алып тастауды жұмыс жүргізушінің нұсқауымен бригаданың электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы екі жұмыскер жүргізеді.

ӘЖ-де кернеу жоқтығын тексеру, жерге тұйықтау құралдарын орнату немесе алу кезінде екі жұмыскердің біреуі жерде тұрады және екіншісі бақылауды жүзеге асырады.

165. Басқа ӘЖ-мен қиылысу аралығында, көптізбекті ӘЖ токтан ажыратылған бір тізбегінде әсерден пайда болған кернеудегі ӘЖ-де жүргізілген фазалық жөндеу жұмыстарында жерге тұйықтау құралдарын ӘЖ-де орнатуға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 28-тарауында келтірілген.

 

 

Жұмыс орнын қоршау, плакаттарды ілу

 

166. Электр қондырғыларында ажыратқыштардың, бөлектегіштердің және жүктеме ажыратқыштарының жетектерінде, сондай-ақ коммутациялық аппараттарды қашықтан басқару кілттері мен батырмаларында: «Жерге тұйықталған» деген плакаттар ілінеді; оларда қателікпен іске қосылған кезде электр қондырғылардың жерге тұйықталған учаскесіне кернеу беріліп кетуі мүмкін.

167. Кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерді уақытша қоршау үшін оқшаулағыш материалдардан жасалған қалқандар, кермелер, экрандар қолданылады.

Уақытша қоршауларды кернеуді түсірмей орнатқан кезде олардан ток өткізгіш бөліктерге дейінгі аралық осы Қағидаларға 10-қосымшасының 1 кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем болмауы тиіс. Кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында бұл қашықтықты 0,35 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.

Уақытша қоршауларда: «Тоқта! Кернеу» деген жазулар жазылады немесе тиісті плакаттар ілінеді.

168. 20 кВ дейінгі электр қондырғыларда ток өткізгіш бөліктерді қалқандармен қоршауға болмаса, токтан ажыратылған және кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктердің арасында (мысалы, токтан ажыратылған айырғыш түйіспелерінің арасында) оқшаулағыш жапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жапсырмалардың кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жанасуына жол беріледі.

Оқшаулағыш жапсырмаларды электр қаупсіздігі бойынша IV және III топтағы екі жұмыскер орындайды және алып тастайды. Жапсырмалармен орындалатын операциялар кезіңде диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш штанганы (қысқыштарды) пайдаланылады.

169. Жұмыс орнымен шектесетін камералардың, шкафтар мен панельдердің қоршауларында: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар ілінеді.

170. АТҚ-дан жерден орындалатын және іргетастар мен жекелеген конструкцияларда жұмыстар кезінде жұмыс орны арқанмен, жуан жіппен немесе кенеп және синтетикалық талшықтардан істелінген баулармен (көлік және жаяу жүргінші өтетін жол қалдырылып) қоршалуға және қоршауларға: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар, қоршалған кеңістіктің ішкі жағына қаратылып, ілінеді.

Арқанды ілу үшін бос орын аймағына енгізілмеген конструкцияларды, олар қоршалған кеңістіктен тыс қалатын болса, пайдалануға рұқсат беріледі.

АТҚ-дан желілік ажыратқыштардан басқа барлық кернеу түсірілген уақытта желілік ажыратқыштар: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар (қоршалған кеңістіктің ішкі бетіне қаратылып) ілінген арқандармен қоршалады.

АТҚ екінші реттік тізбектерде нұсқау бойынша жұмыс жүргізу кезінде жұмыс орнын қоршау талап етілмейді.

171. АТҚ-да жұмыс орнынан онымен шектесетін кернеу келіп тұрған учаскеге өтуге болатын конструкциялар учаскесінде көзге жақсы көрінетін: «Тоқта! Кернеу» деген жазулары бар плакаттар орнатылады. Бұл плакаттарды жөндеу персоналы ішінен III топтағы жұмыскердің жұмысқа рұқсат етушінің басшылығымен орнатуына рұқсат береді.

Бойымен жоғары көтерілуге рұқсат етілген конструкциялармен шектесетін конструкциялардың төменгі жағында: «Жоғары шықпа! Өлтіреді» деп жазылған плакат ілінеді.

Жұмыс жүргізу үшін олар арқылы көтерілуге рұқсат етілген орнықты сатылар мен конструкцияларда: «Жоғарыға осы жерден шық!» деп жазылған плакат ілінеді.

Әзірленген жұмыс орындарындағы электр қондырғыларында: «Осы жерде жұмыс істе» деген жазуы бар плакат ілінеді.

172. Жұмыс орнын әзірлеу кезінде рұқсат беруші орнатқан «Ерекше нұсқаулар» осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген нарядтың бағанында ескертілген жағдайлардан басқа, плакаттарды, қоршауларды жұмыс толық аяқталғанға дейін алып тастауға немесе орнын ауыстырып қоюға рұқсат берілмейді.

 

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына icon«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 24 тармақшасына
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница