«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына




Название«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына
страница17/21
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://keu.kz/attachments/article/731/ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
35. Құрылыс-монтаж ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларында және электр жеткізу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге рұқсат беру

 

601. Жұмыс басталар алдында электр қондырғысында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның аумағында, құрылыс-монтаж ұйымдары (бұдан әрі - ҚМҰ) осы ұйымға жұмыстардың мазмұны, көлемі және орындалу мерзімдері жөнінде мәлімет беруге, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адамдардың тізімін, онда олардың аты-жөндерін, лауазымдарын және электр тоғының қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобын көрсете отырып, табыс етуге тиіс.

602. Жұмыстарды орындауға рұқсат беру кезінде, электр қондырғысында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым, ҚМҰ өкілімен бірлесе отырып, осы ұйым аумағында жұмыс жүргізу үшін В-қосымшасының «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі» 12-03-99 ҚНжЕ нормаларымен көзделген нысан бойынша акт-рұқсаттама жазуға тиіс.

603. Акт-рұқсаттама бойынша төмендегілер:

1) ҚМҰ-ның жұмыс аймақтарын бөлектеу үшін құрылған электр схемасының көзге көрінетін үзіктерін құру орындары, қорғағыштық жерге тұйықтау құралдарын орнату орындары;

2) ҚМҰ жұмыс орындарының қоршауларының шекаралары мен түрлері. Қоршаулар ҚМҰ жұмыскерлерінің қоршалған аймақтарының шектерінен тыс жерлерге қателікпен еніп кету мүмкіндігін болдырмауға тиіс;

3) жұмыс аймағына кіру (шығу), көліктің кіру (шығу) орындары;

4) жұмыс аймағында қауіпті және зиянды факторлардың болуы айқындалуға тиіс.

ҚМҰ-ның жұмыскерлеріне рұқсаттама беруге және наряд-рұқсаттамаға қол қоюға құқылы қызметкерлер акт-рұқсаттамада көрсетілуге немесе электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым басшысының жарлығымен айқындалуға (бұл құжаттың бір данасын құрылыс-монтаждау ұйымдарының өкіліне беру жолымен) тиіс.

604. Жұмыс жүргізілетін орынға келгеннен кейін құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскері, бөлінген учаскеде қауіпті факторы бар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтан өтуге тиіс, ал наряд беруге құқылы қызметкерлер, жауапты басшылар (қажет болғанда) және жұмыстардың жауапты орындаушылары электр қондырғыларының схемалары бойынша қосымша нұсқаулықтан өтуге тиіс.

Нұсқаулықты электр қондырғысында жұмыс жүргізілгелі жатқан ұйым бөлімшесінің басшысы (басшының орынбасары) өткізуге тиіс.

Нұсқаулықтың өткізілуі электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның және ҚМҰ-ның бөлімшелерінің нұсқаулықтарды тіркеу журналдарында атап көрсетілуге тиіс.

605. Электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның аумағында, сондай-ақ электр жеткізу желілерінің күзет аймағында жүргізілетін жұмыстарға алғаш рет рұқсаттаманы осы ұйымның қызметкерлерінің өкілі (рұқсат беруші) береді. Ол жұмыстарға жауапты басшыға немесе жұмыстың жауапты орындаушысына рұқсаттаманы осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес береді.

606. Акт-рұқсаттамада қарастырылған шаралардың сақталынуына ҚМҰ-ның және электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның басшылары жауапты.

 

 

Тарату құрылғыларындағы жұмыстарға рұқсаттама беру. Жұмыс аймағы қоршалған

 

607. ҚМҰ-ның үшін бөлінген жұмыстар аймағы электр қондырғысының жұмыс істеп тұрған бөлігіне құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскерлерінің қателесіп еніп кетуіне тосқауыл болатын тұтас немесе торлы қоршаумен қоршалады.

608. Жұмыс орындау үшін бөлініп қоршалған аймаққа ҚМҰ-ның жұмыскерлерінің жаяу өтетін және машиналар мен механизмдердің өтетін жолдары, қағида бойынша, жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларының аумағын және үй-жайды қиып өтпеуге тиіс.

609. Қоршалған аймақта ҚМҰ-ның жұмыскерлері жұмыстарды электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым қызметкерлері берген наряд бойынша құрылыс нормалары мен ережелері «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі» 12-03-99 ҚНжЕ үлгісіне сәйкес орындауға тиіс.

 

 

Жұмыс аймағы қоршалмаған немесе толық қоршалмаған

 

610. Жұмыс аймағы қоршалмаған немесе құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскерлерінің қоршалған аймаққа баратын жолы, оның ішінде күн сайынғы жолы жұмыс істеп тұрған ТҚ-ның аумағы ішінен немесе үй-жайы арқылы өткен жағдайларда, бұл аймаққа етуге рұқсаттаманы, оның ішінде күн сайынғы рұқсаттаманы, электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның өкілі беруге тиіс.

611. Құрылыс-монтаждау ұйымдарының үшін бөлінген аймақ қоршалмаған болса, ондағы жұмыстар, электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның өз міндеттерін осы ұйым берген наряд бойынша атқаратын өкілінің үздіксіз бақылауымен орындалуға тиіс.

612. Бақылаушы рұқсаттама берілген кезде орнатылған қоршаулардың, ескерту беретін плакаттардың сақталуына және қызметкерлердің кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жақындаудың рұқсат етілген қашықтықтарын ұстануына құрылыс-монтаждау ұйымдарының жауапты жұмыс орындаушысымен тең жауапты.

 

 

Электр жеткізу желілерінің күзет аймағындағы жұмыстарға рұқсат беру

 

613. ҚМҰ жұмыскерлеріне кернеу келіп тұрған электр жеткізу желілерінің күзет аймағындағы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ӘЖ-нің қиылысу аралығындағы жұмыстарға рұқсаттама беруді пайдаланушы ұйымның өкілі (рұқсат беруші) іске асырады. Бұл кезде рұқсат беруші ҚМҰ әр бригадасының жауапты басшысына және жауапты жұмыс орындаушысына ғана рұқсат бере алады. Ажыратылған электр жеткізу желісінің күзет аймағындағы жұмыстарға рұқсат берушінің ҚМҰ жауапты басшысына ғана рұқсаттама беруіне рұқсат етіледі, содан кейін соның өзі қалған қызметкерлерге рұқсаттама беруге тиіс.

614. Ажыратылған ӘЖ жауапты орындаушыларға рұқсаттама беру кезінде рұқсат беруші әрбір бригаданың жұмыс учаскесіне бір-бірден жерге қосу құралын, ал жұмыстарға жауапты басшыға рұқсаттама бергенде - жұмыс учаскесіне мүмкін жақындықта бір жерге қосу құралын орнатуға тиіс.

615. Ажыратылған ӘЖ жұмыс жүргізгенде құрылыс-құрастыру ұйымдарының жұмыс учаскелерінде жерге тұйықтау құралдарын наряд бойынша ӘЖ пайдаланатын ұйымның қызметкерлері ішінен рұқсат беруші орнатуға тиіс. Жерге қосу ажырату үшін бөлек наряд берілуге тиіс. Мұндай кезде бригада мүшесі ретінде құрылыс-құрастыру ұйымдарының жұмыскерлері ішінен III топ жұмыскерін тартуға рұқсат беріледі.

616. КЖ күзет аймағында жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағазында және акт-рұқсаттамада КЖ орналастырылуы мен салыну тереңдігі көрсетілуге тиіс.

617. КЖ күзет аймағында жер қазу жұмыстарын бастаудың алдында КЖ пайдаланатын ұйымның қызметкерлері ішінен бір жұмыскердің бақылауымен кәбілдердің орналасуын және салыну тереңдігін дәл анықтау мақсатында топырақтың тексерістік қазылуын (шурф) жүргізу керек, сондай-ақ жер қазғыш машиналардың жұмыс аймағын белгілейтін уақытша қоршаулар орнатылуға тиіс.

618. Қажет болғанда кәбілді тесуді КЖ пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері ішінен рұқсат беруші орындауға тиіс. Бригада мүшесі ретінде ҚМҰ IV топтағы жұмыскерін тартуға болады.

619. ӘЖ-нің күзет аймағында әртүрлі көтергіш машиналарды және жылжымалы бөліктері бар механизмдерді пайдаланып жұмыс істеуге, машинадан (механизмнен) немесе оның жылжымалы немесе көтергіш бөліктерінен, сондай-ақ оның жұмыс органынан немесе кез келген қалпындағы көтерілетін жүктен (оның ішінде өте жоғары көтерілу немесе ұшу қалпында) жақын тұрған кернеу берілген сымға дейінгі ауадағы қашықтық осы Қағидалардың 10-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем болмайтын жағдайда рұқсат етіледі.

 

Тұтынушылардың электр

қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

1-қосымша

 

 

Электр техникалық (электр-технологиялық) персоналдың электр қауіпсіздігі жөніндегі топтары және оларды беру

шарттары

 

Электр қауіпсіздігі бойынша тобы

Электр кондырғысындағы ең аз жұмыс өтілі (айлар)

 

Ұйымның персоналы

Тәжірибеден өтушілер

Орта білімі жоқ

Орта білімі бар

Орта техникалық; және жоғары техникалық білімі бар

Жоғары электр техникалық білімі бар

Кәсіптік-техникалық училищелер

Институттар және техникумдер (колледждер)

1

2

3

4

5

6

7

8

ІІ

Бағдарлама бойынша кемінде 72 сағат оқудан кейін

Нормаланбайды

1. Электр қондырғысы және оның жабдықтары туралы қарапайым техникалық білімі бар.

2. Электр тогының қауіптілігі және ток өткізгіш бөліктерге жақындаудың қауіптілігі туралы айқын түсінігі бар.

3. Электр кондырғыларындағы жұмыс кезінде негізгі сақтандыру шараларын білу.

4. Зақымданғандарға алғашқы көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын білу.

1

2

3

4

5

6

7

8

III

3

алдыңғы топтағы

2

алдыңғы топтағы

2

алдыңғы топтағы

1

алдыңғы топтағы

6

алдыңғы топтағы

3

алдыңғы топтағы

1. Жалпы электр техникада қарапайым таным-түсінігінің болуы.

2. Электр кондырғысын және оның техникалық қызмет көрсетуін білу.

3. Қауіпсіздік техникасының жалпы қағидаларын, оның ішінде жұмысқа рұқсаттама беру қағидаларын және орындалатын жұмысқа қатысты арнайы талаптарды білу.

4. Жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуді және электр қондырғыларында жұмыс істеп жатқандарға қадағалау жүргізуді білу.

5. Зақымданғандарды электр тогының әсерінен боса қағидаларын білу, алғашқы медициналық көмек көрсетуді және іс жүзінде зақымданған адамға ондай көмек көрсетуді білу.

IV

6

алдыңғы топтағы

3

алдыңғы топтағы

3

алдыңғы топтағы

2

алдыңғы топтағы

 

 

1. Электр техниканы арнайы кәсіптік техникалық училище көлемінде білу.

2. Электр қондырғыларындағы жұмыс кезінде қауіптілік туралы толық түсінігінің болуы.

3. Атқаратын қызметі көлемінде Қағидаларды, электр жабдықтарын техникалық пайдалану қағидаларын, электр қондырғыларының құрылысын және өрт қауіпсіздігін білу.

4. Қызмет көрсетілетін учаскенің электр қондырғысы мен жабдығының схемасын білу, жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық іс-шараларды білу.

5. Нұсқау беруді, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыруды, бригада мүшелеріне қадағалауды жасауды жүзеге асыру.

6. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен босату қағидаларын білу, алғашқы медициналық көмек көрсету беруді және іс жүзінде зақымданған адамға ондай көмек көрсетуді білу.

7. Персоналды қауіпсіздік техникасы қағидаларына, алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік тәсілдеріне үйретуді білу.

1

2

3

4

5

6

7

8

V

24

алдыңғы топтағы

12

алдыңғы топтағы

6

алдыңғы топтағы

3

алдыңғы топтағы

 

 

1. Электр қондырғыларының схемаларын, жабдықты жайғастыруды, өндірістің технологиялық үдерістерін білу.

2. Осы Қағидаларды, қорғаныс құралдарын пайдалану және сынау қағидаларын білу, осы және басқа талаптардың қайдан алынғандығы қатыстылығы туралы айқын түсінігінің болуы.

3. Атқаратын лауазымы көлемінде техникалық пайдалану қағидаларын, электр қондырғыларын және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу.

4. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыруды және кез келген кернеудегі электр қондырғыларындағы жұмыстарды тікелей басқаруды жүзеге асыруды білу.

5. Персоналға нұсқау беру кезінде қауіпсіздік шаралары туралы талаптарды анық белгілей және баяндай білу.

6. Персоналды қауіпсіздік техникасы қағидаларына, алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік шараларын үйретуді білу.

 

Ескертпе:

1. Кестеде келтірілген электр тоғының қауіпсіздігіне қатысты персоналға қойылатын талаптар ең аз талаптар болып саналады және ұйым басшысының шешімімен толықтырылуы мүмкін.

2. I топ электр техникалық персоналға жатады. Өндірістік персоналға I топқа жатқызуды талап ететін кәсіптердің, жұмыс орындарының тізбесін ұйым басшысы айқындайды. Электр тоғының қауіпсіздігі бойынша оның өндірістік қызметіне жататын талаптарды меңгерген персоналға I топ беріледі, бекітілген нысандағы журналға тіркеледі (Осы осы Қағидаларға 6-қосымша). I топты беру нұсқама жүргізу жолымен жүргізіледі, әдетте, ол ауызша сұрау нысанында білімін тексерумен және (қажет болғанда) жұмыста үйренген қауіпсіздік дағдыларын тексеру немесе электр тоғынан зақымданғанда алғашқы көмек көрсетумен аяқталуға тиіс. I топты беруді ұйым басшысының өкімімен тағайындалған электр техникалық персонал арасынан IV топқа ие жұмыскер жүргізеді.

3. III топ 18 жасқа толған жұмыскерлерге ғана беріледі.

4. Жұмысқа қабылданған кезде (басқа жұмыс учаскесіне ауысқан, жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстырған), білімін тексеру барысында жұмыскер электр қондырғысының жабдығына қолданылатын өзінің бұрын иеленген тобын жаңа учаскеде растауға тиіс.

5. Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерді ауыстырған кезде, әдеттегідей, оған алғашқы топ ІІІ-тен жоғары берілмейді.

6. Мемлекеттік инспекторлар, электр қондырғыларына бақылау жасайтын еңбек қорғау жөніндегі мамандар электр техникалық (электр технологиялық) персоналға жатпайды. Олардың инспекциялау құқығымен IV тобы болуы тиіс. Куәліктің нысаны осы Қағидалардың 5-қосымшасында келтірілген. Талап етілетін жалпы өндірістік өтіл кемінде 3 жыл болуы тиіс (электр қондырғылары үшін міндетті емес).

Энергетикалық қадағалау жөніндегі инспекторлар, сондай-ақ энергиямен жабдықтау ұйымдарының еңбекті қорғау бойынша мамандары V топты иелене алады.

 

Тұтынушылардың электр

қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

2-қосымша

 

 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Похожие:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына icon«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 24 тармақшасына
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница