«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына




Название«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына
страница11/21
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://keu.kz/attachments/article/731/ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
28. Әуе электр жеткізу желілері Тіректерде және тіректермен жұмыс істеу

 

350. Тіректердің элементтерін ауыстыру, тіректерді және ӘЖ сымдарын бөлшектеу технологиялық карта немесе жұмыс жүргізу жобасы бойынша орындалуға тиіс.

351. Тірекке көтерілуге және онда жұмыс істеуге оның жеткілікті орнықтылығы мен беріктігін, әсіресе табанының мықтылығын тексергеннен кейін рұқсат беріледі.

352. Ағаш тіректердің беріктігі 0,5 метрдей тереңдікте қазып, ағаштың шірігендігін өлшеу арқылы тексеріледі. Темір бетон тіректердің және жалғамалардың беріктігін анықтау үшін құйматаста жол берілмейтін сызаттардың болмауын, тіректің айналасындағы топырақтың отырып кетуін және қабынып көтерілуін, тіректің (жалғаманың) құйматасының ақауларын топырақты 0,5 метрдей қазып, тексеріп алу керек.

353. Металл тіректерде іргетас ақауларының жоқтығы, қарнақты бұрандардың барлық қисықтары мен гайкаларының түгел екендігі, сымдарды жерге қосатын тартпалардың жай-күйі тексерілуге тиіс.

354. Беріктігі күмән туғызатын (жеткіліксіз тереңдетілуі, топырақтың қабынып көтерілуі, ағаштың шіруі, құйматастағы сызаттар) тіректі бекіту қажеттілігі мен тәсілдерін сол жерде жұмыс жүргізушімен немесе жұмыстарға жауапты басшымен анықталады.

Тартпалардың көмегімен тіректерді бекіту бойынша жұмыстар тірекке көтерілусіз орындалады, яғни телескопиялық мұнарадан немесе қасында тірек орнатылған адамдарды көтеру үшін басқа механизмнен немесе ол үшін аспасы үшін тірек бойымен көтерілуді қажет етпейтін арнайы бекітілетін құрылғылар қолданылады.

Тірек бойымен көтерілу оны бекіткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

Сымдардың және арқансымдардың біржақты тежеуге есептелмеген және уақытша осындай тежеуге түсетін тіректер құлаудан сақтау үшін алдын ала бекітіледі.

Тіректерді бекіткенге дейін сымдардың тұтастығын бұзуға және тіректерден байламдарын шешуге рұқсат етілмейді.

355. Тірекке көтеруге биіктіктегі жұмыстарға рұқсат алған және төмендегі энергия қауіпсіздігі топтарына жататын бригада мүшелеріне:

III - тіректің басына дейінгі жұмыстардың барлық түрлерінде;

II - тіректің басына дейнгі жұмыстарда ӘЖ ажыратып орындай, ал ажыратылмаған ӘЖ төменгі сылымдарына дейін 2 м аралық қалатын деңгейден биік емес жерде орындауға рұқсат етіледі. Тіректі сырлау жұмыстары бұған жатпайды. (Осы Қағидалардың 366-тармағы).

Биілікте жұмыстардың жекелеген түрлерін мұндай жұмыстарды орындау үшін осы Қағидаларда белгіленген топтарға жататын кемінде екі жұмыскер орындайды.

356. Ағаш және темірбетон тіректерге көтерілгенде сақтандыру белдігінің жүк асып қоятын арқанды тіреудің сырт жағынан кіргізіледі.

Оқшаулықтары істікті бұрыштағы тіректерге ішкі бұрыш жағынан көтерілуге және онда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Тіректе жұмыс істегенде сақтандырғыш белдікті пайдалану және оларды қолдану кезінде екі тармаққа (лаздармен) сүйену талап етіледі.

Тіректің тіреуінде жұмыс істегенде кернеу келіп тұрған жақын сымдарды көзден таса тіндей кетпейтіндей болып орналасу талап етіледі.

Тіректің бөлшектерін ауыстыру кезінде олардын жылжып немесе құлап кету мүмкіндігіне жол берілмейді.

357. П және АП тәріздес тіректердің жеке және қосарлы сүйемелерін ауыстыру кезінде тіректің екі тіреуін бірден қазып шығаруға рұқсат берілмейді. Сүйемелерді ауыстыруды тіректің бір аяғынан басталады; ондағы сүйемелерді ауыстырғаннан кейін, құрсауды бекітіп, топырақты таптап нығыздаған соң, екінші аяқта сүйемелерді ауыстыруға кіріседі. Қосарланған сүйемелерді кезекпен ауыстыру талап етіледі.

358. Сүйемелерді шығару немесе түсіру кезінде қазаншұңқырдың ішінде болуға рұқсат берілмейді.

359. Тіректерді құлату және орнату тәсілдерін, қажеттілігін оның ауытқып кетуін болдырмау үшін оларды бекіту тәсілдерін жұмыстың жауапты басшысы, ал ол тағайындалмаса - наряд беруші айқындайды.

Ілмектері бар тартқыштарды пайдаланған жағдайда соңғылары сақтандырғыш құлыптармен жабдықталады.

Тартқыштар мен арқансымдар тік тұрғызылған тіректен оны топыраққа немесе іргетасқа бекіткеннен кейін ғана алынады.

360. Оқшаулағыш аспаларда (оқшаулағыш тізбелімінде) жұмыс істеу кезінде тізбекті және көп тізбекті (екі немесе одан да көп оқшаулағыш тізбелімінде) сүйемелдеуші және созылмалы көп тізбекті аспалар бойынша орын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Бір тізбекті созылмалы оқшаулағыш аспада арнайы құрал-саймандарды қолданып немесе аспаның үстіне жатып, дененің тепе-теңдік қалпын реттеу үшін қалқаға аяғын тіреп, жұмыс істеуге жол беріледі.

361. Сүйемелдеуші оқшаулағыш аспада жұмыс кезінде сақтандырғыш белдіктің жүк артқыш арқаны қалқаға бекітіледі. Жүк артқыш арқанның ұзындығы жеткіліксіз болса, белдікке байланған екі сақтандырғыш арқанды пайдаланылады. Бір арқан траверске байланады, ал алдын ала траверстің сыртынан айналдырылған арқансымды, қажет болған жағдайда, бригаданың сақтандырушы мүшесі алып береді.

362. Созылмалы оқшаулағыш аспада жұмыс кезінде сақтандыру белдігінің жүк артқыш арқаны траверске немесе сол мақсатқа арналған құрал-сайманға бекітіледі.

363. Сүйемелдеуші және созылмалы көп тізбекті оқшаулағыш аспаларда сақтандыру белдігінің жүк артқыш арқанын оқшаулағыштың жұмыс жүргізілмейтін бір тізбелімінде бекітуге жол беріледі. Бұл жүк артқыш арқанды жұмыс жүргізіліп жатқан тізбелімге бекітуге рұқсат берілмейді.

Оқшаулағыш аспаның босап кетуіне әкелуі мүмкін ақаулар табылған жағдайда, жұмыс тоқтатылады.

364. Траверстерді сымдарды, арқандарды көтеріп шығарғанда (немесе төмен түсіргенде), сондай-ақ оларды созған кезде, осы траверстердің немесе тіреулердің астында болуға рұқсат берілмейді.

365. Жүкті көтеру схемасын тандау және көтергіш блоктарды орналастыру тіректің ақауын тудыратын әрекеттерді болдырмайтын есеппен жасалуға тиіс.

366. Тіректің ұшына дейін көтеріліп, оны сырлауды электр қауіпсіздігі бойынша II топ қызметкері осы Қағидалардың 355-тармағының талаптарын сақтай отырып, орындауға рұқсат беріледі. Сырлау кезіңде сырдың оқшаулағыштарға және сымдарға төгілуін болдырмау шаралары қабылдануы тиіс (мысалы, табандық қойылады).

367. Тізбектері көлденең орналасқан көп тізбекті ӘЖ кернеуді бір тізбектен ажыратып жұмыс істеуге тек сол тізбек жағынан рұқсат етіледі. Кернеудегі тізбектерді сүйемелдейтін траверстердің учаскелеріне өтуге рұқсат берілмейді.

368. Бір тізбегі екінші тізбектің үстінде орналасқан көп тізбекті ӘЖ ажыратылған тізбегінде жұмыс істеуге, егер бұл тізбек кернеу келіп тұрған тізбектерден төмен ілінсе рұқсат етіледі. Тірекке тек ажыратылған тізбек жағынан көтерілуге рұқсат етіледі. Ажыратылған тізбектің сымдарын ауыстыруға және реттеуге рұқсат берілмейді.

369. ӘЖ қимасы 240 мм2 -ден кем емес сымдар және қимасы 70 мм2 кем емес арқандар бойымен сымдар мен арқансымдардың діріл немесе тотығудан пайда болған ақаулары жоқ болған жағдайда, қызметкерлердің орын ауыстыруына рұқсат етіледі. Жарықшақталған сымдар мен арқандар бойымен орын ауыстырғанда, сақтаңдырғыш белдіктің жүк артқыш арқанын соларға, ал арнайы арбаны пайдаланған кезде арбаға бекітіледі.

 

 

Ток өткізгіш бөліктерде және оларға жақын маңда кернеу түсірілмей жүргізілетін жұмыстар

 

370. Жұмысты тіректен, телескопиялық мұнарадан оқшаулағыш элементсіз су көтергіштен немесе адамдарды көтеретін басқа да механизмнен жүргізген кезде, құралдарды, құрал-сайманды, арқансымды және тартқышты қолданып жұмыс істеп жатқан қызметкерде 1000 В дейін кернеу беріліп тұрған сымға (электр тоғын бергіш, радио хабарды таратқыш, телемеханикалық) дейінгі аралық 0,6 м кем болмауы тиіс.

371. Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ 0,6 м кем аралықта сымдарға (электр тоғын бергіш, радио хабар таратқыш, телемеханикалық) жақындау мүмкіндігі бар жұмыстарды жүргізгенде, бұл сымдар токтан ажыратылады және жұмыс жүргізілетін орында жерге қосылады.

372. Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ-де және кернеуі 1000 В жоғары желілердің тіректеріне ілінген көшелерді жарықтандыру желілерінде сымдарды қайта тарту және ауыстыру жұмыстары кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары желілердің барлығын ажыратқан және жұмыс учаскесінің екі жағынан да жерге қосылған жағдайда жүргізіледі.

Жұмыстарды наряд бойынша құрамында екіден кем емес жұмыскері бар бригада орындайды; жұмыс жүргізушінің электр қауіпсіздігі бойынша IV топ болуы тиіс.

373. ӘЖ-де кернеуді түсірмей жұмыстар орындаған кезде, персоналдың қауіпсіздігі төмендегі екі схеманың бірі бойынша жүргізіледі:

бірінші схема: кернеу келіп тұрған сым - оқшаулау - адам - жер.

Бұл схема екі әдіспен іске асырылады:

1) негізгі қорғаныс құралдары диэлектрлік қолғаптар мен оқшауланған құрал болғанда, байланыстағы жұмыс. Бұл әдіспен кернеуі 1000 В дейінгі жұмыстар орындалады.

2) жұмыстар негізгі (оқшаулағыш сом темірлер, тістеуіктер) және қосымша (диэлектрлік қолғап, етік, жапсырмалар) электрден қорғау құралдарын пайдаланып, қашықта орындалатын жұмыс. Бұл әдіс кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ-де қолданылады;

екінші схема: кернеу келіп тұрған сым - адам - оқшаулау - жер. Бұл схема бойынша жұмыстарға мынадай шарттарда жол беріледі:

1) жұмыс жүргізушінің тиісті кернеудің арнайы құрылғылары арқылы жерден оқшаулау;

2) экрандағыш жинақты қолдану;

3) экрандағыш жинақтың, жұмыс алаңының және персонал әлеуеті үшін арнайы сом темір сымын тегістеу. Жұмыс кезінде қызметкерден жерге қосылған бөліктерге және жабдыққа дейінгі қашықтық осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен кем емес.

374. Сым әлеуеттері астындағы жұмыстың нақты түрлері ЖҰҚ (ЖЖҚ) бойынша орындалады.

375. Кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ-де сымдарының әлеуеттері астындағы (ток өткізгіш бөліктерге тікелей жанасу арқылы) жұмыстары электр қауіпсіздігі бойын IV топ қызметкері, ал III топ бригаданың қалған мүшелері орындайды.

376. Сымның әлеуетінен өзге әлеует астында тұрған оқшаулағыштар мен арматураға жанасуға, сондай-ақ сым әлеуеті астында тұрған оқшаулағыш құрылғының алаңында жұмыс жүргізілгенде, осы алаңда тұрмаған жұмыскерлерді құралды немесе құрал-саймандарды беру немесе алуға тыйым салынады.

377. Оқшаулағыш аспаларда жұмыс бастар алдында өлшегіш сом темірмен фарфор оқшаулағыштардың электр төзімділігі тексеріледі. Шығарым қысқыштар болса, оларды жұмыс орындалатын тірекке және көршілес (егер жол бедері бойынша талап етілсе) тіректерге сыналап қағу талап етіледі.

378. Оқшаулағыш аспада оны қайта тізбектеу, жекелеген оқшаулағыштарды, арматураны ауыстыру бойынша оқшаулағыш құрылғыларда немесе траверстерде болатын жұмыстарға аспадағы жарамды оқшаулағыштар 70%-дан кем емес, ал кернеуі 750 кВ ӘЖ-де бір аспада ақаулы оқшаулағыш бестен көп болмаған кезде рұқсат беріледі.

379. Траверсте орындалатын оқшаулағыш аспаларды қайта тізбектеу, кезінде қажетті құрал-саймандарды траверске орналастыруда және алып тастауды диэлектрлік қолғаптарды киіп, ал кернеуі 330 кВ және одан жоғары ӘЖ-де экрандағыш жинауын орындау талап етіледі.

380. Кернеуі 35 кВ ӘЖ-де оқшаулағыш аспада ақаусыз екі оқшаулағыш болса, оның бірінші оқшаулағышының шапкасына, ал кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-де - бірінші және екінші оқшаулағыштардың шапкасына жанасуға рұқсат етіледі. Оқшаулағыштардың шоты траверстен жүргізіледі.

381. ӘЖ-дегі кернеу 35-110 кВ кезінде түтікті разрядтағышты кернеу астында орнатуға разрядтағыштың сыртқы электродының сымға жақындауға болатын берілгіш қашықтықтан кем қашықтықта жақындауын болдырмайтын оқшаулағыш аспалы габаритник қолдануға жол беріледі.

382. Разрядтағыштың сыртқы электродын сымға жақындатқанда немесе разрядтағышты түсірген немесе электродты сымнан алыстатқан уақытта пайдаланылған газдардың сыртқа шығуы мүмкін аймақта болуға рұқсат берілмейді. Разрядтағыштың сыртқы электродын оқшаулағыш сом темірдің көмегімен жақындату немесе алыстату талап етіледі.

Тіректен оқшаулатылған найзағайдан қорғайтын арқансымға 1 метрден кем қашықтықта жақындауға рұқсат берілмейді.

383. Мұз еріту схемасында арқансым пайдалану кезінде арқансымға жақындауға жол берілген аралық мұз ерітуге жұмсалатын кернеуге байланысты анықталады.

384. Кернеу келіп тұрған ӘЖ-де, ӘБЖ-де тұман түскенде, жаңбыр және қар жауғанда, тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен қатар тіректердегі жұмыстарды қиындататын жел көтерілгенде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

 

 

Жұмыс істеп тұрған ӘЖ-мен қиылысу аралықтарындағы жұмыстар

 

385. Сымдар мен арқансымдарды монтаждағанда немесе ауыстырғанда, тартпа контактілерді кернеу келіп тұрған сымдарға қарай түйістіруге және жақындатуға жол бермейтіндей бағыттап байыппен, жұлқыламай тартып жазу талап етіледі. Бір жаққа қарай, одан кейін кері тартып созу үшін кенептен және синтетикалық талшықтан жасалған арқандар, олардың ең аз ұзындығын таңдалып және босаңсытпай тартылып қолданылады.

Жұмыс кезінде пайдаланылатын шығыршықтар мен болат арқансымдар жерге тұйықталады.

386. Әрбір барабанның сымын (арқансымын) илеу алдында, оның ұштарын барабанның төлкесіне жалғап жерге тұйықталады, ал барабан білігі жерге тұйықтағышқа немесе барабанға жақын тірекке жалғанады.

387. Монтаждау жұмыстарын (нысаналау, созу, роликтен қысқыштарға ауыстырып салу) бастау алдында иленген сым (арқансым) екі жерден: созу қысқышына жақын бастапқы анкер тірегінде және ол арқылы созу жүргізілетін түпкілікті тіректе жерге тұйықталады. Бұдан басқа, жерге тұйықтау жұмыс жүргізілетін әрбір аралық тіректердегі сымға (арқансымға) салынады.

388. Металдан иленген роликтерде немесе қысқыштарда жатқан сым немесе арқансым үшін осы роликтердің (қысқыштардың) құрсамаларын жерге тұйықтау жеткілікті болып табылады. Роликтің (қысқыштың) металл құрсамасы шеңбері мен бетон тіректің металл денесі немесе арматурасы арасындағы табиғи металл түйісуі кезінде металл роликті (қысқышты) жерге тұйықтау бойынша қосымша іс-шаралар талап етілмейді.

389. Оқшаулағыш буыны жоқ телескопия мұнарасынан (көтергіштен) сымдардағы жұмыс кезінде мұнараның жұмыс алаңы сом темірдің көмегімен желідегі сымға қимасы кемінде 10 мм2 иілгіш мыс өткізгішпен жалғастырылады, ал мұнараның өзі жерге қосылады.

Бұл кезде сым жақын маңдағы тіректе немесе аралықта жерге қосылады.

390. Телескопия мұнарасының жұмыс алаңын сыммен жалғағаннан кейін, мұнараның кабинасына кіруге және одан шығуға, сондай-ақ жерде тұрып мұнараның корпусына жанасуға рұқсат берілмейді.

Ұшы жоқ арқан ретінде металл арқанды пайдалануға рұқсат берілмейді.

391. Анкерлі тіректегі ілгектерді (шлейфтерді) сол тірекпен шектес анкерлік аралықтағы монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жалғанады.

Кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ анкерлі тірегінде ілмектер оларды жалғағанға дейін сымдарға немесе созғыш оқшаулағыш аспаларға бекітіледі, бірақ траверстен санағанда төртінші оқшаулағыштан жақын емес, ал кернеуі 35 кВ және одан төмен ӘЖ тек сымға бекітіледі.

392. ӘЖ-нің кернеу келіп тұрған басқа ӘЖ мен қиылысатын аралығындағы сымдарда жұмыс орындағанда, жерге тұйықтау құралын жұмыс жүргізіліп жатқан тірекке орнату керек.

Егер бұл аралықта сымдар ілінетін немесе ауыстырылатын болса, онда қиылыс орнының екі жағынан ілінетін де, ауыстырылатын да сым жерге тұйықталады.

393. ӘЖ (ашық ТҚ) қиылысу аралығында сымдарды (арқансымдарды) және осы сымдардан төмен орналасқан, кернеу келіп тұрған, соларға жататын оқшаулағыштар мен арматураны ауыстыру кезінде жоғарыда орналасқан сымдарды қырқып тастамау үшін ауыстырылатын сымдар (арқансымдар) арқылы кенеп немесе синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар әрі асырыла лақтырылуға тиіс. Арқандарды екі жерден қиылысу орнының екі жағынан олардың ұштарын зәкірге немесе конструкцияға бекіте отырып лақтыру қажет. Сымды (арқансымды) жайлап және бір қалыпты көтеру керек.

394. Сымдарда (арқансымдарда) және сол сымдардан жоғары орналасқан, кернеу келіп тұрған, сол сымдарға жататын оқшаулағыштарда, арматурада жұмыстар жұмыс жүргізу жобасы бойынша жүргізіледі. Жұмыс жүргізу жобасында сымдардың (арқансымдардың) төмендеп кетуін болдырмау және әсерден пайда болған кернеуден қорғау шаралары қарастырылуға тиіс. Мұндай жұмыстар кезінде сымдарды (арқансымдарды) ауыстыру қиылысатын сымдардан кернеуді міндетті түрде түсіргеннен кейін барып орындалуға тиіс.

 

 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Похожие:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына icon«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 24 тармақшасына
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница