«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына




Название«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына
страница10/21
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.31 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://keu.kz/attachments/article/731/ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
26. Конденсаторлық құрылғылар

 

294. Жұмыс жүргізу кезінде конденсаторды қоректендіру көзінен ажыратқаннан кейін, конденсаторларға немесе олардың ток өткізгіш бөліктеріне жанаспас бұрын, шиналарға жалғанған немесе жекелеген конденсаторларға орнатылған разрядтағыш құрылғылардың бар екендігіне қарамастан, конденсаторлар разрядталады.

295. Конденсаторларды разрядтау - қалдық кернеуді нөлге дейін жеткізу оқшаулағыш штангаға бекітілген жерге қосу өткізгіші бар металл шиналар арқылы шықпаларды қысқа тұйықтау және корпусқа тұйықтау жолымен орындалады.

296. Егер конденсатордың шықпалары электр сызбанұсқаларға қосылмаған, бірақ электр өрісінің (әсерден пайда болған кернеудің) әсер ету аймағында болса, онда олар қысқартылуға тиіс.

297. Реактивті қуатының жеке өтемі бар, желіден ажыратылған асинхронды электр қозғалтқыш орамаларының клеммаларына конденсаторлар разрядталғанға дейін жанасуға рұқсат берілмейді.

298. Трихлордифенил (бұдан әрі - ТХД) сіңген, тесілген жерлері бар конденсаторларға жалаңаш қолмен жанасуға рұқсат берілмейді. Терінің ТХД тиген жерін сабынды сумен жуу керек, ал көзге тисе - бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен (бір шай қасық ас содасын бір стақан суға қосып) немесе қос көмір қышқылды натрий ерітіндісімен көзді жуу керек.

 

 

27. Кәбілдік жұмыстар

 

299. Ұйымдардың, елді мекендердің аумағында, сондай-ақ жер асты коммуникацияларының (электр кәбілдері, байланыс кәбілдері, газ құбырлары және басқалары) қорғалатын аймақтарындағы жер жұмыстары ұйым басшылығының (тиісті) жергілікті билік органының және осы коммуникациялардың иесі жазбаша рұқсат бергеннен кейін ғана басталады. Рұқсатқа коммуникациялардың орналасуы мен салыну тереңдігі көрсетілген жоспар (схема) қоса тіркеледі. Жер асты коммуникацияларының орналасқан жері жоспарда да (схемада), жұмыстар жүргізілетін орында да тиісті белгілермен немесе жазулармен белгіленеді.

300. Жоспарларда көрсетілмеген кәбілдер, құбырлар, жер асты құрылыстары, сондай-ақ оқ-дәрі табылған жағдайда, жер жұмыстарын табылған құрылыстардың кімге меншіктілігі анықталғанға дейін және, жұмысты жалғастыру үшін тиісті ұйымдардан рұқсат алғанға дейін тоқтату қажет.

301. Жүргізілетін жұмыстар кәбілді қазып шығаруға байланысты болмаса жер қазу жұмыстарын машинамен 1 м кем қашықтықта, ал сынабалға және оған ұқсас механизмдермен кәбіл жолынан 5 м кем аралықта орындауға рұқсат берілмейді.

Кәбіл үстіндегі топырақты жұмсарту үшін жер қазу машиналарын, шой балғаларды, сүймен және балға шоттарды пайдалануға кәбілге дейін қалған топырақ қабатының 0,4 см тереңдігінде рұқсат етіледі. Кәбілге дейін қалған топырақты күрек пайдаланып, қолмен шығару керек.

КЖ қазып шығару алдында ұйымның, яғни КЖ иесінің бір қызметкерінің қадағалауымен, тексеру мақсатында желіні ашу жұмысы орындалады.

302. Қысқы уақытта жерді күрекпен қазуға оны жылытып алғаннан кейін кірісу керек. Ол кезде жылу көзін кәбілдерге 0,15 см кем емес аралықта жақындатуға рұқсат етіледі.

303. Қазаншұңқырлар, орлар (траншея) немесе шұңқырларды қазу жұмыстарын жүргізген кезде, жұмыс орны қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын есепке ала отырып, қоршалады. Қоршауларда ескерту беретін белгілер мен жазулар, ал түнгі уақытта дабыл қағу жарығы болуға тиіс.

304. Опырылып құлау қаупі бар жұмсақ немесе ылғалды топырақ жерде (топырақта) ор қазу кезінде олардың қабырғалары сенімді нығайтылуға тиіс.

Сусымалы топырақты жерде қабырғаларды нығайтпай-ақ, топырақтың табиғи құламасына сәйкес келетін құламалар орнатып, жұмысты жүргізуге болады.

Қазаншұңқырдан немесе ордан шығарылған топырақты шұңқырдың ернеуінен 0,5 м қашықтықта үю керек. Тереңдігі 2 м асатын шұңқырдағы топырақты әзірлеу және нығайту жұмыс жүргізу жобасына сәйкес орындалуға тиіс.

305. Табиғи ылғалды топырақта жер асты сулары мен жақын маңда орналасқан жер асты құрылыстары жоқ болғанда, табиғи ылғалды топырақта тік қабырғалы қазаншұңқырлар мен орларды қабырғаларын нығайтусыз қазу жұмыстарын, үйілген құмды және ірі кесекті топырақта - 1,25 м аспайтын, балшықты топырақта және саз топырақта - 1,5 м аспайтын тереңдікте жүргізуге рұқсат етіледі.

Тығыз байланысқан топырақта тік қабырғалы орларды қабырғаларын нығайтусыз роторлы және ор қазғыш экскаваторлармен 3 м аспайтын терендікте қазуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда жұмыскерлерді ордың ішіне түсіруге рұқсат берілмейді. Орлардың адамдар болуы қажет жерлерінде бекіткіштер орнатылуға немесе құламалар жасалуға тиіс.

Қатқан топырақты (сусымалы топырақтан басқа) қату тереңдігіне бекіту орнатпай-ақ дайындауға болады.

306. Осы Қағидалардың 305-тармағында келтірілген шарттардан өзгеше шарттар жағдайында, қазаншұңқырлар мен орларды бекіткіштерсіз-ақ құламалар немесе барлық биіктігі бойынша тік қабырғалар арқылы дайындауға рұқсат етіледі.

307. Тереңдігі 3 м дейінгі қазаншұңқырлар мен орлардың бекіткіші, әдеттегідей, инвентарлы болуға және үлгі жобалар бойынша орындалуға тиіс.

308. Құламалары нығыздалмаған шұңқырларға (қазаншұңқырларға, орлар мен арықтарға) жақын жерге құрылыс машиналарын, автокөліктерді орналастыруға, олардың орнын ауыстыруға, жұмыс істеуге, жүк көтергіш шығырларды, құрал-жабдықты, материалдарды және т.б. орналастыруға, топырақтың опырылып құлау призмасынан тыс жұмыс жүргізу жобасы бекіткен қашықтықта немесе көлденеңі бойынша шұңқырдың құламасының табанынан жоғарыда көрсетілген машиналардың, құрал-жабдықтардың, шығырлардың, материалдардың және т.б. жақын тірек бөлшектеріне дейін осы Қағидалардың 10-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген қашықтықтан кем қашықтықта ғана рұқсат етіледі.

 

 

Кәбілдер мен муфталарды ілу және бекіту

 

309. Ашық муфталар ор арқылы көлденең тасталған жұмыр ағаштарға сымдардың немесе арқансымның көмегімен ілінген тақтайға бекітілуге және қораппен жабылуға тиіс. Қораптың бір қабырғасы алынбалы болуға және шегесіз бекітілуге тиіс.

310. Кәбілдерді ілу үшін көршілес кәбілдер мен құбырларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

311. Кәбілдерді жылжып кетпейтіндей етіп ілу керек.

312. Қазылып алынған кәбілдерді жауып тұратын қораптарға: «Тоқта! Кернеу» деген қауіпсіздік плакаты ілінеді.

 

 

Кәбілді кесу, муфталарды ашу

 

313. Кәбілді кесу немесе муфталарды ашу алдында жұмыстың жөнделуге тиісті кәбілде жүргізілетініне, ол кәбілдің токтан ажыратылғанына, оның екі жағынан жерге қосылғанына және қажетті техникалық шаралардың орындалғанына көз жеткізу керек.

314. Жөнделуге тиісті кәбілді анықтау жолдары:

1) кәбіл туннельде, коллекторда, арнада салынған болса - кәбіл жолы бойымен бақылай қарап шығу, сызбалар мен схемаларды жайып қойып салыстыра тексеру, биркалар бойынша тексеру;

2) кәбілді жерге салынған болса - оның орналасуын схемалар арқылы салынғаны бойынша салыстыра тексеру.

Бұл мақсатта алдын ала барлық кәбілдерді көруге мүмкіндік беретін бақылаушы ор (шурф) кәбілдерге көлденең қазылуға тиіс.

315. Кәбілдің көзге көрінетін ақауы жоқ болса, барлық жағдайда кәбілді кәбіл іздегіш аппаратпен анықтайды.

316. Кәбілді кесу немесе жалғағыш муфтаны ашу алдында кернеу жоқтығын оқшаулағыш штангадан және темір инеден немесе кескіш ұштамадан тұратын арнайы аспаппен тексеріп алу керек.

Бірнеше кәбіл салынған үңгіржолдарда, коллекторларда, құдықтарда, орларда және басқа да кәбіл құрылыстарында арнайы аспап қашықтан іске қосылатын болуы керек. Бұл аспап кәбілдің сыртқы орауын талсымдарға дейін тесіп өтіп, олардың өзара тұйықталуын және жерге қосылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Кәбіл тесілген жерінде алдын-ала экранмен жабылуға тиіс.

317. Кәбілді тесу кезінде арнайы киім киіп, диэлектрлік қолғаптарды және бет пен көзді қорғайтын құралдарды пайдалану қажет, бұл кезде ордың үстінде тесіліп жатқан кәбілді мүмкіндігінше қашық және оқшаулағыш табан үстінде тұру қажет.

Кәбілді тесу жұмысын екі жұмыскер: рұқсат беруші мен жұмыс жүргізуші немесе жұмыс жүргізуші мен жұмыстарға жауапты басшы орындауға тиіс; олардың біреуі тікелей кәбілді теседі, ал екіншісі бақылау жасап тұрады.

318. Егер кәбілден бұлінуі нәтижесінде барлық ток өткізгіш талсымдар ашылатын болса, кернеу жоқтығын кәбілді теспей-ақ, тікелей кернеу көрсеткіші арқылы тексеруге болады.

319. Тескіш аспапты жерге қосу үшін жерге 0,5 м кем емес тереңдікте енгізілген жерге қосқышты немесе кәбіл сауытын пайдалануға болады. Жерге қосу өткізгішті сауытқа жалғау үшін қамыттарды пайдалану қажет; қамыт астындағы сауыт тазаланып сүртілген болуы керек.

Сауыт тотығуға ұшыраған жағдайда, жерге қосу өткізгішті кәбілдің металл қабығына жалғауға рұқсат етіледі.

320. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда сызбаларды, биркаларды, кәбіл іздегіш аппаратты қолданып, кәбілдердің ұзындығы мен салу тәсілі арқылы жөнделуге тиісті кәбілді дәл анықтауға мүмкіндік болса, наряд берушінің шешімімен кәбілді кеспестен және муфталарды ашпастан бұрын кәбілді теспеуге болады.

321. Алдын ала тесу жасалмаған жағдайда, жалғағыш муфталарды ашу және кәбілді кесу жұмыстарын жеге тұйықтау құралы арқылы диэлектрлік қолғаптарды киіп, бет пен көзді қорғайтын құралдарды пайдалана отырып, оқшаулағыш табанда тұрып орындау қажет.

Алдын-ала тесу жұмысы жасалса, кәбілдегі сол жұмыстарды жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларынсыз-ақ орындауға рұқсат етіледі.

 

 

Кәбіл массасын қыздыру және муфталарға құю

 

322. Муфталарға құйылатын кәбіл массасы қақпағы мен шүмегі бар арнайы металл ыдыста қыздырылуға тиіс.

Ішінде кәбілді массасы бар, қақпағы ашылмаған банканы қыздыруға рұқсат берілмейді.

323. Муфталарға кәбіл массасын құю бойынша жұмыс арнайы киім, брезент қолғаптар және қорғаныс көзілдірігін кию арқылы орындалады.

324. Дәнекерді қыздыру, түсіру және тасымалдау жұмыстарын брезент қолғаптар мен сақтандырғыш көзілдіріктер киіп орындау қажет. Дәнекер немесе масса құйылған ыдысты бір қолдан екінші қолға беруге рұқсат берілмейді, тасымалдау үшін алдымен ыдысты жерге қою қажет.

Муфталарға құюға арналған балқытылған дәнекер мен қыздырылған қоспаны карабиннің көмегімен металл сымға ілінген арнайы жабық ыдысқа құйып, содан кейін құдыққа түсіру қажет.

325. Балқытылған массаны металдан істелінген араластырғышпен араластыру керек, ал балқытылған дәнекердің бетіндегі күйені құрғақ металл ожаумен алып тастау керек. Араластырғыш пен ожауды қолданар алдында қыздырып алу керек. Ыстық масса мен дәнекерге ылғал түспеуге тиіс.

326. Жылдың суық мезгілдерінде жалғаушы және шеткі муфталарға ыстық қоспа құймастан бұрын, оларды қыздырып алу қажет.

327. Кәбіл массасын кәбіл құдықтарында, үңгіржолдарда, кәбіл құрылыстарында қыздыруға рұқсат берілмейді.

 

 

Кәбілді салу және қайта салу, кәбіл муфталарын тасымалдау

 

328. Кәбілді барабанды домалатқанда, оны шығыңқы жерлері киімді кей жерлерінен іліп кетпеуі үшін шаралар қолданылуы керек.

Барабанды домалату бойынша жүргізілетін жұмыстың алдында кәбілдің ұштарын бекіту және барабаннан шығып тұрған шегелерді суырып тастау қажет.

Кәбілді барабанды қатты топырақтың үстіне көлденең салынған тегіс беттің бойымен немесе тежегіш құрылғысы бар төсемнің бетімен домалатуға болады.

329. Кәбілді қолмен салғанда жұмыскерлердің саны былай анықталады: әрбір ер адамға массасы 35 кг аспайтын, ал әйелдер үшін 15 кг массасы бар кәбіл учаскесі бөлінуге тиіс. Жұмыс брезент қолғап киіп орындалады.

330. Кәбіл салу кезінде бұрылыстың ішкі бұрыштарында тұруға, сондай-ақ жол бұрылыстарында кабільді қолмен көтеріп ұстап тұруға рұқсат берілмейді. Мұндай мақсатта бұрыштық роликтер орнатылуға тиіс.

331. Кәбілді электр тогымен қыздырғанда кернеуі 380 В жоғары трансформаторды қолдануға рұқсат берілмейді.

332. Кәбілдерді қайта салу және муфталарды тасымалдау жұмысы кәбілді ажыратқаннан кейін орындалады. Кернеу беріліп тұрған кәбілдерді ауыстыруға төмендегі жағдайларда рұқсат етіледі:

1) қайта салынатын кәбілдің температурасы 5оС кем болмауы тиіс;

2) кәбілдің қайта салынатын учаскесіндегі муфталар, қамыттар арқылы тақтайларға бекітілуге тиіс;

3) жұмыс істеу үшін диэлектрлік қолғапты пайдалану керек, механикалық бүлінулерден қорғау үшін оның сыртынан брезент қолғап кию қажет;

4) жұмысты кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында V топтағы жұмысқа жауапты басшының, кернеуі 1000 В дейінгі электр қоңдырғыларында IV топтағы жұмыс жүргізушінің бақылауымен кәбіл салу жұмысында тәжірибесі бар жұмыскерлер орындауға тиіс.

 

 

Жер асты құрылыстарындағы КЖ жұмыс істеу

 

333. Жер асты КЖ жұмыстарды, сондай-ақ соларға түсіп тексеруді наряд бойынша кемінде үш жұмыскер, оның екеуі сақтандырушылар, орындауға тиіс. Жұмыс орындаушы мен сақтандырушы жұмыскерлер арасында байланыс орнатылуға тиіс. Жұмыс жүргізушінің біліктілік тобы IV болуы керек.

334. Әрбір цехта (ауданда, учаскеде) ұйым басшысы бекіткен газға қауіпті жер асты құрылыстарының тізбесі болуы керек, ол тізбемен жедел жұмыс атқаратын жұмыскерлер таныстырылуға тиіс.

Барлық газға қауіпті жер асты құрылыстары жоспарда белгіленуге тиіс. Газға қауіпті тұрақ-жайлардың люктері мен есіктері мұқият жабылуға және мемлекеттік стандартқа сәйкес белгілері болуға тиіс.

335. Жер асты құрылысында жұмыстың алдында және жұмыс кезінде табиғи жолмен немесе мәжбүрлі желдету қамтамасыз етіледі және ауада 20% кем болмауға тиіс оттегі құрамына талдау жасалынуы керек.

Табиғи желдету кемінде екі люкті ашу және олардың жанына ауа ағынын бағыттап тұратын арнайы қалқа орнату арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс басталар алдындағы табиғи желдету 20 минуттан кем болмауы керек.

Мәжбүрлі желдету жер асты құрылысындағы ауа толық алмасқанға дейін 10-15 минут төмен түсірілген, түбіне 0,25 м жетпейтін шланг көмегімен желдеткіш немесе компрессор пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

Желдету үшін сығылған газы бар баллондарды қолдануға рұқсат берілмейді. Егер табиғи немесе мәжбүрлі желдету зиянды заттардың толық жойылуын қамтамасыз етпесе, тыныс органдарын оқшаулайтын құралдарды, оның ішінде өңешті противогазды қолданған кезде ғана жер асты құрылысына түсуге рұқсат беріледі.

336. Жер асты құрылыстарында газдануды тексеріп алмай жұмысқа кірісуге рұқсат берілмейді. Тексеру жұмысын аспаптарды пайдалануға үйретілген қызметкерлер жүргізеді. Мұндай қызметкерлердің тізімі ұйым бойынша нұсқаулықпен бекітіледі.

Газдың жоқтығын ашық оттың көмегімен тексеруге рұқсат берілмейді.

337. Ағынды-тарту желдеткішімен жабдықталған коллекторларда, үңгіржолдарда ағынды-тарту желдеткіші жергілікті талаптарға сәйкес белгіленетін мерзімдерде іске қосылуға тиіс. Бұл жағдайда газ жоқтығын тексермеуге рұқсат етіледі.

338. Коллекторлар мен үңгіржолдарда екі люк немесе екі есік, жұмыскерлер солардың арасында болуы үшін, ашық тұруға тиіс. Ашық люктің жанында ескерту беретін белгі қойылуы немесе қоршау жасалынуы керек. Жұмыс басталғанға дейін бригада мүшелері кездейсоқ жағдайларда жер асты құрылыстарынан көшіру жоспарымен таныстырылуға тиіс.

339. Құдықтарды ашу кезінде ұшқын пайда болдырмайтын сайманды қолдану қажет, сонымен қатар люктің қақпағы оның мойын ернеуіне ұрылуын болдырмау керек.

Құдықтың ашық люгінің қасына ескерту беретін белгі қойылуы немесе қоршау жасалынуы керек.

340. Құдықтың ішінде болуға және жұмыс істеуге III топтағы бір жұмыскерге рұқсат етіледі, ол сақтандырғыш арқаны бар сақтандыру белдігін қолдануға тиіс. Сақтандыру белдігінің жон арқадан айқасатын, иыққа ілінетін қайысы, айқасқан жерінде арқанды бекітетін шеңбері болуға тиіс. Арқанның екінші ұшын сақтандырушы қызметкерлердің біреуі ұстауға тиіс.

341. Коллекторда, үңгіржолдарда, кәбілдік жартылай қабаттарда және өзге құрылыстарда отқа қатысты жұмыстарды жүргізген кезде, жұмыс жүргізу тәртібі жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) жауапты адамымен келісілуге тиіс.

Отқа қатысты жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттама берілуге тиіс.

342. Отқа қатысты жұмыстарды орындау кезінде отқа төзімді материалдан істелінген, жалынның өршуін тежейтін қалқаншалар қолданылуға және өрт болдырмау шаралары қабылдануға тиіс.

Құдықтағы жұмыстар кезінде олардың ішінде дәнекерлеу шамдарын жағуға, пропан-бутан газы бар баллондарды орнатуға, муфтаға құйылатын қоспалар мен дәнекерді қыздыруға рұқсат берілмейді.

343. Кәбіл салынған коллекторларда, үңгіржолдарда, кәбілдік жартылай қабаттарда және басқа үй-жайларда пропан-бутанды пайдаланатын жұмыста үй-жайлардағы баллондардың жалпы сыйымдылығы 5 литрден аспауы керек.

Жұмыс аяқталғаннан кейін газы бар баллон әкетіліп, ал үй-жай желдетілуге тиіс.

344. Кәбілді күйдіру кезінде құдықтың ішінде болуға рұқсат берілмейді, ал үңгіржолдарда және коллекторларда екі ашық есіктің арасындағы жерде болуға рұқсат етіледі. Кәбілдерді күйдіріп жатқанда оларда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

Күйдіріп болған соң, өрт шығып кетпеуі үшін кәбілдерді тексеру қажет.

345. Жұмысқа рұқсаттама берудің және үңгіржолдарда өрттен қорғау құрылғыларын тексерудің алдында, автоматты іске қосу қашықтан басқаруға көшірілуге және: «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.

346. Құдықтарда, коллекторларда, үңгіржолдарда шылым шегуге, сондай-ақ ашық люктерден 5 метрден кем аралықта сіріңке жағуға, ашық от пайдалануға рұқсат берілмейді.

347. Құдықтарда, коллекторларда, үңгіржолдарда ұзақ уақыт жұмыс істегенде, олардың ішінде болу уақытын жұмыс орындау шарттарына байланысты наряд-рұқсаттама беруші белгілеуге тиіс.

348. Газ пайда болғанда құдықтарда, коллекторларда және үңгіржолдарда жұмыстар тоқтатылып, газдану көзін анықтағанша және оны жойғанша жұмыскерлер қауіпті аймақтан шығарылуға тиіс.

Газды ығыстырып шығару үшін мәжбүрлі желдету қолданылуға тиіс.

3 49. Құдықтардағы және үңгіржолдардағы жұмыс орындарын жарықтандыру үшін кернеуі 12 В шырақтар немесе жарылыстан қорғалып жасалған аккумуляторлы қолшамдар қолданылуға тиіс. Шырақтардың 12 В трансформаторлары құдықтан немесе үңгіжолдан тыс орналасуға тиіс.

 

 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Похожие:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына icon«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 24 тармақшасына
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 25 тармақшасына iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница