«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған




Скачать 382.32 Kb.
Название«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған
страница3/3
Дата конвертации07.02.2016
Размер382.32 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.lsc.kz/userfiles/file/koldogovor_kz.doc
1   2   3

V бөлім.

Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер



11. Жұмыс беруші:

1) жасы, 1 және 2-топ мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған кезде темір жол көлігі ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жыл және одан да артық қызметкерлерге лауазымдық жалақысы (тарифтік ставкасы) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге.

Қызметкерлерге темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтіліне қарай толық 10 жыл үшін 25 000 (он мың) теңге қосымша жәрдемақы төлеуге. Әрбір келесі толық 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін өткен кезеңнің қосымша жәрдемақысының 30 пайызына өсіруге. Толық емес 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін сараланған түрде төлеуге. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерге есептелген біржолғы және қосымша жәрдемақының сомасын 50 пайызға ұлғайтуға.

Жәрдемақы мөлшерін белгілеу үшін еңбек қызметіндегі үзілістеріне қарамастан, жұмыс өтіліне темір жол көлігі ұйымдарындағы барлық жұмыс уақыты кіргізіледі.

Темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жұмыстан өзі босаған және жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты, зейнеткерлік жасына жетуі бойынша жұмыстан босатылып, осы тармақтың бірінші азатжолында көзделген біржолғы жәрдемақыны алмаған қызметкерлерге төлем сәтіне қалыптасқан бір айлық тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеуге, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға жәрдемақы мөлшерін 50 пайызға ұлғайтуға;

2) 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлейтін адамға материалдық көмек көрсетуге;

3) темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жасы бойынша зейнеткерлікке темір жол көлігі ұйымынан шыққан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жыл сайын келесі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетуге:

а) ең төмен мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге - ең төмен мөлшердегі зейнетақының 65 пайызы;

б) ең төмен мөлшердегі зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлерге - ең төмен мөлшердегі зейнетақының 75 пайызы;

в) ең төмен мөлшердегі зейнетақыдан жоғары, бірақ 1,3-тен артық емес зейнетақы алатын зейнеткерлерге - ең төмен мөлшердегі зейнетақының 45 пайызы.

Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариатының арнаулы құрылымдарына қатысушы болып табылатын жұмыс істемейтін зейнеткерлерге кем дегенде ең төмен мөлшердегі зейнетақының 105 пайызы мөлшерінде, ал «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға кем дегенде ең төмен мөлшердегі зейнетақының 100 пайызы мөлшерінде қосымша материалдық көмек көрсетуге.

Қоғам филиалдарында есепте тұрған басқа жұмыс істемейтін зейнеткерлерге Көлік және байланыс қызметкерлері күніне әрқайсысына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

4) Қоғам қызметкерлері мен олардың асырауындағы адамдардың біреуіне (баласын үш жасқа дейін тәрбиелеуіне байланысты жұмыс істемейтін жұбайы асырауындағы адам болып танылады), сондай-ақ кәсіподақ қызметкері мен оның асырауындағы бір адамға Қазақстан Республикасының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағы бойынша жылына бір рет купелік вагонда ақысыз жол жүру (баратын жеріне және кері қарай) жөніндегі шығыстарын өтеуге.

Жылына бір рет ақысыз жол жүруге құқығы бар тұлғаларға бір жылдық мерзімге жолаушылар және қала маңындағы қатынас пойыздарында жүруге арналған шығыстарды өтеуге рұқсат беруге. Билеттің құнын өтініште көрсетілген қашықтыққа (бір жағына 150 шқм-дан аспайтын), айына үш рет жүру есебінен, билет берілген күнге қарағанда қолданылатын тариф бойынша белгілеуге.

Қызметкерлер тәуелді акционерлік қоғамдардан жұмыстан босатылған және олар Қоғамға жұмысқа қабылданған кезде қызметкерлердің жеке қажеттіліктері бойынша ақысыз жол жүру құқығын беретін жұмыс өтілін сақтауға;

5) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарды қоспағанда, зейнеткерлікке темір жол көлігі кәсіпорындарынан шыққан және олардағы кем дегенде 10 жыл жұмыс өтілі бар Қоғамның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне медициналық көрсетілімдер бойынша емделуі немесе сауығуы үшін және, ерекше жағдайларда, отбасы жағдайы бойынша жылына бір рет Қазақстанның темір жолы бойынша купелік вагонда ақысыз жол жүру құқығын беруге.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге ақысыз жүру құқығын «Құрметті теміржолшы» белгісі туралы ережеге сәйкес беруге;

6) темір жол көлігіндегі кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар және еңбекақысы 55000 (елу бес мың) теңгеден төмен қызметкерлерге медициналық көрсетілімдері, толтырылған санаторлық картасы, жолдаманы сатып алу үшін төленген шоты болған кезде санаторлық-курорттық емделуге (санаторлық-курорттық сауықтыру қызметтерін көрсететін санаторийларға Қоғам жеңілдікпен беретін жолдамалардан басқа) 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге.

Қоғам қызметкерлерін санаторлық-курорттық сауықтыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді жыл сайын сатып алуға;

7) тістерін протездеуге (қымбат металдармен протездеуді қоспағанда) төлем жасауға:

темір жол көлігіндегі кем дегенде 20 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлерге жылына 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

зейнеткерлікке темір жол көлігі кәсіпорнынан шыққан, темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі: әйелдер – 20 жыл, ерлер – 25 жыл тиісінше, зейнеткер-теміржолшыларға тістерін протездеуге жылына 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде төлем жасауға;

8) еңбек шарты мүгедектігіне байланысты бұзылған кезде 1, 2-топ мүгедектігін алған қызметкерлердің зейнеткер-теміржолшыларға сияқты жеңілдіктер беріліп, Қоғам филиалдарында есепке қойылуын қамтамасыз етуге;

9) үкімет және сала наградаларымен марапаттауға арналған ұсынуларды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша әзірленген Жұмыс берушінің актілерін кәсіподақ органдарымен келісуге;

10) жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-интернаттарда және темір жол колледждерінде оқитын жетім балалар мен теміржолшылардың аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына киім, аяқкиім, мектептік мүккәмал сатып алуға қайырымдылық көмекті әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның шешімі бойынша, осы мақсатқа белгіленген бюджет шегінде көрсетуге;

11) шағын станцияларда, разъездерде тұратын қызметкерлерді ауызсумен қамтамасыз етуді жақсарту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға;

12) әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес жылына бір рет отбасының бір жанға шаққандағы орташа кірісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы белгілеген кедейлік шегінен төмен, Қоғам қызметкерлерінің аз қамтамасыз етілген санатына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

13) 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге жұмысқа келген жас маман-теміржолшыларға жұмысының алғашқы екі жылы бойына тұрғын үйді жалға алу құнын өтеуге;

14) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің және олардың балаларының темір жол бейініндегі жоғары және орта арнаулы кәсіби білім беру ұйымдарында оқуына қаражат бөлуге;

15) бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, әкелерге (бала асырап алушыларға) баласын тамақтандыру үшін жұмыстың әрбір 3 сағаты сайын ұзақтығы кем дегенде отыз минут еңбекақысы төленетін қосымша үзілістер беруге;

16) темір жол көлігі ұйымдарындағы кем дегенде 10 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлердің мерейтойларына: әйелдер - 55 жасқа, ерлер - 60 жасқа толуына байланысты бір айлық тарифтік ставка (жалақы) мөлшерінде адал еңбегі үшін біржолғы көтермелеуді жүргізуге;

17) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қоғам қызметкерлері балаларының каникул кезіндегі жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға ақша бөлуге;

18) Кәсіподақпен келісілген Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің балаларына арнап бір балаға кем дегенде АЕК-тің 50 пайызынан кем болмайтын есебінен балалардың жаңа жылдық таңертеңгіліктерін ұйымдастыруға және бір сыйлықтың құны кем дегенде бір АЕК есебінен қызметкерлердің он жасқа дейінгі, қоса алғанда, жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға бюджетте қаражат көздеуге;

19) темір жол көлігі қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және Қоғамның жұмыс істемейтін зейнеткерлерін әлеуметтік қолдауға жыл сайын ақша бөлінуін көздеуге (Қоғамның жыл сайын бөлетін ақшасының мөлшерін Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдері ішінен құрылатын комиссия белгілейді және ол осы Шартқа толықтыру ретінде ресімделеді);

Қоғамның өндірістік-қаржылық көрсеткіштері нашарлаған жағдайда Қоғамның қызметкерлері мен жұмыс істемейтін зейнеткерлері үшін әлеуметтік жеңілдіктер бюджетінің шығыстар сметасын азайту жағына қайта қарауды (14-қосымша) Тараптардың келісімі бойынша жүргізуге;

20) донор-қызметкерлердің тексерілу және қайта құю үшін қан тапсырған күндері үшін жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

21) пойыздар қозғалысының қауіпсіздігімен байланысты, медициналық куәландырудан өтпеген және мамандығы бойынша міндеттерін орындауға жіберілмеген қызметкерлерге (жалпы жұмыс өтілі 25 жыл, олардың 12 жыл 6 айы зиянды еңбек жағдайында) денсаулық жағдайы бойынша зейнеткер жасына толғанша салалық жәрдемақылар енгізу мүмкіндігін қарастыруға;

22) құны 50 мың теңгеден артық ақылы операция жасалған кезде қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия белгілейтін мөлшерде материалдық көмек көрсетуге;

23) темір жол көлігіндегі еңбек өтілі 10 жылдан кем емес зейнеткерлерге олар 70, 80, 90 және 100 жасқа толған кезде 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

24) құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кәсіподақ комитеттері Қоғамның зейнеткер-теміржолшыларын жерлеуін ұйымдастыруға, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, зейнеткерлермен олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыс істеу үшін автокөлік бөлуге көмек көрсетуге;

25) әлеуметтік қолдау, жоғары білікті кадрларды тарту және тұрақтандыру мақсатында Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге жеңілдікпен меншікке тұрғын үй беруге;

26) Қоғамда есепте тұрған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір ардагерге айына 50 кВт есебінен жылына тұтынылған электр энергиясы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.


VІ бөлім

Кәсіподақтың міндеттері


12. Кәсіподақ:

1) Жұмыс берушіге:

еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуға;

еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге;

сапаржайлар мен пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарылатуға;

сенім мен өзара түсіністік негізінде әлеуметтік серіктестікті дамытуға жәрдемдесуге;

2) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:

олардың өмір сүру деңгейін көтеру;

жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;

3) салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, кадрлық құрылым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қоғам қызметкерлеріне жолдамалар бөлуге, балалардың демалуы мен сауығуын ұйымдастыруға қатысуға, бұл ретте әлеуметтік әділдік Қоғамның барлық өңірлерін біркелкі қамту принциптерінің сақталуын бақылай отырып, Қоғам қызметкерлері мен олардың балаларының сауықтыру демалысы бойынша талдау жасауға;

4) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуға;

5) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушілердің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянды дер кезінде және толық өтеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;

6) берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарында, Жұмыс берушіде, сотта және басқа органдарда Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сотқа талап арызбен жүгіну, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқықтық және нормативтік актілерге наразылық білдіру туралы прокуратурадан сұрауға;

7) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;

8) еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын қарағанда ақысыз құқықтық көмек көрсету және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына шығаруға;

9) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

10) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, еңбекті, қызметкерлердің тұрмысы мен денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және келісуге қатысуға;

11) Осы Шарттың орындалуына бақылау жасау үшін Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;

12) осы Шарттың талаптарын орындаған кезде еңбек дауларының пайда болуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге міндеттеме алады.


VІІ бөлім

Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері


13. Жұмыс беруші:

1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға;

2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті орынжайлар мен байланыс құралдарын ақысыз пайдалануға беру;

3) Кәсіподақ және оның филиалдарымен шақырылатын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын қамтамасыз етуге;

4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініші бойынша бір уақытта олардың еңбекақысы беріліп жатқан кезде мүшелік жарналарды ұстауға және бухгалтерия арқылы кәсіподақ ұйымдарының есеп-шотына аударуға;

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қорғау жағдайын, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподақ өкіліне теміржолдық көлік шығыстарын өтеуге;

6) негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді:

Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындауы үшін (айына 8 сағатқа дейін);

Кәсіподақ және оның филиалдарымен шақырылатын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына қатысу үшін орташа еңбекақысын сақтап еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;

7) осы Шартпен көзделген Жұмыс берушінің міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;

8) сайланбалы кәсіподақ органдарына сайлануы себепті өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе, қызметкердің келісімі бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;

9) негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіпорын толық таратылған жағдайлардан басқа, жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз әкімшіліктің бастамасы бойынша жұмыстан шығармауға;

10) қосымша ақыларды, үстемелерді, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге;

11) егер бұрынғы жұмысы темір жол көлігі ұйымдарында болса, салалық кәсіподақ ұйымында жұмыс істеу уақытын сіңірген еңбегі үшін ай сайын үстеме алуға құқық беретін темір жол көлігіндегі жұмыс өтіліне есептеуге міндеттеме алады.


VІІІ бөлім

Қабылданған міндеттемелердің орындалмағаны үшін

тараптардың жауапкершілігі


14. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің бұзылуына немесе орындалмауына кінәлы лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

ІХ бөлім

Шарттың орындалуына бақылау жасау



15. Осы Шарттың орындалуына Комиссия бақылау жасайды.

16. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде пайда болған дауларды жергілікті жерлерде құрылған комиссиялар реттейді.

17. Комиссия осы Шарттың орындалу қорытындыларын жылына екі рет қарайды.

18. Шарт талаптарының бұзылуы анықталған кезде Комиссия бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жазбаша түрде ұсыныс жібереді. Тараптар 10 күндік мерзімнен кешіктірмей өзара консультациялар жүргізіп,


Тараптар үшін орындауға міндетті болып табылатын жазбаша түрдегі шешім қабылдауға міндетті.

19. Шарт мәтіні Қоғамның әрбір құрылымдық бөлімшесіне жеткізіледі.


«Локомотив сервис орталығы» Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамының Теміржолшылар

Президенті кәсіподағының төрағасы

_____________Қ.Сәрсембаев _____________Б.Шубин

1   2   3

Похожие:

«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамының жарғысы
Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №485-ц бұйрығына сәйкес құрамынан Қоғамды бөліп шығару арқылы «Локомотив» акционерлік қоғамын...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының 2011-2015 жылдарға арналған кадр саясаты астана қ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының 2010-2020 жылдарға арналған Кадр стратегиясына сәйкес әзірленіп,...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon«парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қОҒамы «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ»
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мен Ұлттық ақпараттандырудың орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандумға...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы «Ұлтссо» АҚ
Акционерлік қоғамның лауазымды қызметкерлері осы проспектідегі ақпараттардың анықтығына жауапты болып табылады және мұнда жазылған...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған iconАкционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауы: «Көлік Сақтандыру қоғамы» акционерлік қоғамы

«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Басқару үрдісі (менеджмент). Басқару үрдісіндегі талдаушы бухгалтердің рөлі. Кәсіби этика. Жауапкершілік орталығы (шығындар орталығы,...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған iconШығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан
Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon16 мая 2011 года в 12-00 часов
Акционерное общество «Локомотив» (далее – ао «Локомотив») объявляет итоги закупок проведенного 16 мая 2011 года в 12-00 часов в филиалах...
«Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница