Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген




Скачать 148.81 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген
Дата конвертации07.02.2016
Размер148.81 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/min_kz/DVA.doc


Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрімен

келісілген__________________

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым № 112 бұйрығымен бекітілген



Ішкі әкімшілендіру департаменті туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1. Ішкі әкімшілендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, Министрлік туралы ережеге, Министрлік басшылығының бұйрықтарына, өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мыналар болып табылады:

1) Кадрлық жұмыс және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – КЖТДБ);

2) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі – БҚҚБ);

3) Қаржы басқармасы ( бұдан әрі – ҚБ);

4) Мемлекеттік сатып алу, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы басқармасы (бұдан әрі – МСАТҚҰЖБ).


2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары


4. Департаменттің негізгі міндеттері:

соның ішінде КЖТДБ-ның:

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастыру-басқару құжаттары бойынша қызметін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

Министрлік бойынша мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

Министрліктің кадрлық саясатын жүргізу;

БҚҚБ-ның:

Министрліктің құжат айналымын ұйымдастыру;

Министрліктің ведомстволық мұрағатында құжаттардың уақытша сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;

Министрлік бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

ҚБ-ның:

Министрліктің бухгалтерлік және қаржылық есебін жүргізу;

еңбекақы қоры мен басқа да шығыстарды есептеу және төлеу;

бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру жоспарын орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

МСАТҚҰЖБ-ның:

Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

5. Департамент негізгі міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттар, шағымдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Құзыретіне қатысты жатқызылған мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тексеруді жүргізу;

Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен әдіснамалық құралдарды әзірлеуді және енгізуді;

соның ішінде КЖТДБ:

тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша Министрліктің құрылымы, штат саны мен штаттық кесте жобаларын әзірлейді;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметті өту үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, Министрлік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек туралы және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын сақтауына бақылау жасау жүзеге асырады;

Департаменттер басшыларының ұсыныстары бойынша мерекелік күндерге орай, аса қиын міндеттерді үздік орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін Министрлік қызметкерлерін көтермелеу туралы бұйрықтарды дайындайды;

«Кадрлар» автоматты кіші жүйесін пайдалана отырып кадрларды басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін енгізуді қамтамасыз етеді;

Министрлікте әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарды ұйымдастыруды және өткізу;

Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу;

Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін даярлауды, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

мамандардың шетелдерде оқуы, қызметкерлердің мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардың, тұрғын үй комиссиясы, аттестаттау комиссиясы, конкурстық комиссия, тәртіптік комиссия қызметтерін қамтамасыз ету;

Министрлікте еңбек тәртібін нығайту және олардың сақталуы бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

кадрлық сипаттағы мәселелер бойынша Министрлік қызметкерлеріне консультация беру;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

Министрлік әзірлейтін мемлекеттік және орыс тілдерінде шығыс хат-хабарларын, жобаларды, нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық келісімдері, өзге де құжаттамаларды редакциялау;

Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік және шетел тілдерін зерделеуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

БҚҚБ:

құжаттаудың бірыңғай тәртібін, құжаттармен, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың хат-хабарларымен жұмыс істеуді ұйымдастыруды, ақпараттық-іздестіру жүйесін құруды және жүргізуді, құжаттарды орындауды бақылауды және Министрліктің ведомстволық мұрағатына тапсыру үшін құжаттар мен істерді дайындауды қамтамасыз ету;

түскен құжаттардың сипаты мен сапасын талдауды, олардың одан әрі жылжуын айқындау мен қойылған мәселелерді өз құзыреті шегінде шешуді, құжат айналымын жетілдіруде шаралар қабылдауды жүзеге асыру;

жоғары тұрған органдар мен Министрлік басшылығының тапсырмаларын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің орындау мерзімдері мен тексерулерін бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Үкіметімен бірге бақылаудағы құжаттарды орындау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

құжаттандыру және құжаттамаларды басқару бойынша айлық, тоқсандық, жартыжылдық, 9 айлық, жылдық есептерді құру;

Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беру;

Министрлік басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беру;

бақылау құжаттарды орындалудың жалпы әдіснамасы мен әдістемесін жетілдіру;

бақылау құжаттарды орындаудың электронды жүйесін жетілдіру;

құжат айналымы бойынша бірыңғай тәртіпті қамтамасыз ету;

электронды цифрлық қол қоюды (ЭЦҚ) қолдана отырып Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЕҚАБЖ) бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын және одан әрі оңтайландыруды қамтамасыз ету;

бақылаудағы ұйымдастыру-өкімдік ету құжаттар бойынша орындалуын бақылау;

жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау бойынша Министрлік басшылығының жұмысын ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОГ нысанындағы статистикалық есепті ай сайын тапсыру;

Министрліктің Жиынтық іс-номенклатурасын құру;

Министрліктің ведомстволық мұрағатында уақытша сақталатын құжаттарды жинақтау, есебі, сақталуын қамтамасыз ету, ғылыми-анықтамалық ақпаратты жасау, пайдалану;

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамына қатысты құжаттарды белгіленген талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына мемлекеттік сақтауға дайындау және уақытында тапсыру;

Министрлікте мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

ақпаратты алу мен тарап кетуінің техникалық тәсілдерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы нұсқама жүргізу;

жұмылдыру құжаттарымен жұмыс істеген кезде Министрлікте құпиялылық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқарушылық және әдістемелік құжаттарды, нұсқауларды, жаднамаларды әзірлеу және сараптау;

Министрлікте мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орталық сараптау комиссиясы мен тәртіптік талаптарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да арнайы комиссиялардың жұмысына қатысу;

құпия істерді жүргізу;

Қазақстан Республикасында құпиялылық тәртібін және өздеріне қатысты бөлімде мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық талаптарын білуіне сынақ жүргізу;

ҚБ:

қаржы және бюджет саясатын әзірлеуге қатысу;

меншікті сақтауға, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтарды дұрыс жұмсауға, бюджет қаражатын үнемдеу тәртібін сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

бюджетті, бухгалтерлік, қаржылық, салық және статистикалық есептердің атқарылуы туралы ай сайынғы жедел жиынтық есептерді жасау;

өтілі бойынша хаттамаға сәйкес еңбекақы есептеу мен төлеуді, сондай-ақ өзге де шығыстарды есептеу мен төлеуді ұйымдастыру;

Министрлік бойынша алдағы жылға арналған (жиынтық) бюджеттік өтінімдер мен паспорттарды жасау, ресімдеу және Бюджеттік қалыптастыру бағдарламасы бойынша деректерді шығару;

міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын құрады және уақытында бекіту;

МСАТҚҰЖБ:

Министрліктің жоспарланатын номенклатурасын, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларын бекіту;

құрылымдық бөлімшелермен бірге Министрлік атынан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу;

өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты уәкілетті органға тапсырады;

Министрліктер үйі ғимаратына өту тәртібін қамтамасыз ету;

халықаралық әріптестікті жүзеге асырған, шетелдіктерді қабылдаған кезде өту және ішкі объектілер режимін ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етеді;

Министрліктің құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.

Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді жетілдіруді ұйымдастырады.

Министрлік мүлкін сақталуын қамтамасыз ету;

Министрліктің ақпараттық жүйесін материалдық-техникалық және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірге ресми хаттамалық іс-шараларды, Министрдің, вице-министрлердің, Министрліктің уәкілетті лауазымды тұлғаларының шетел делегацияларымен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен, шетелдік компаниялармен, банктермен, сондай-ақ Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдармен іскерлік кездесулерін жүзеге асырады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрліктің Web-сайтына жариялайды;

Министрлік қызметкерлерінің еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;

оған жүктелген өзге де функциялар.

6. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз қызметтерін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:

жетекшілік ететін мәселелері бойынша құжаттарды дербес қарауға, құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырмалар беруге және Министрлік Регламентімен бекітілген тәртіпте Министрліктің қарауына енгізілетін құжаттардың жылжуының сақталуын қамтамасыз етуге;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

Министрліктің ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінен Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, шаруашылық етуші субъектілермен қызметтік хат алмасуларды жүргізуге;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, Министрліктің ведомстволарында тексерулер жүргізуге;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Департамент басшысы қол қояды;

орындаушылық және еңбек тәртіптерінің, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарының бұзылу фактілері бойынша қызметтік тексерулер және т.б. жүргізуге;

Министрлікке және құрылымдық бөлімшелерге бекітілген активтерге, пассивтер мен мүліктерге тексерулер жүргізуге;

Министрлік басшылығына Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне бекітілген мүліктерді қайта бөлу және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуге;

Министрліктің бекітілген сметасы бойынша қаражаттың жұмсалуын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың жүргізілуі жөніндегі құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауға;

заңнамалық және нормативтің құқықтық актілер жобалары, сондай-ақ өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда оларға бұрыштама қоюдан бас тартуға;

ұйымдастыру-кадрлық жұмыс мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық иелігіндегі бөлімшелеріне нұсқаулар беруге;

Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру


7. Департаментті Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын директор басқарады.

8. Департамент директорының Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.

9. Басқарманы Министрдің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.

10. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департамент атынан Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Директор, ал ол болмаған кезде оны ауыстыратын адам қол қояды.

11. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптарымен және функционалдық міндеттерімен анықталады және белгіленген тәртіпте бекітілетін лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.

12. Департамент Директоры:

Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруларына дербес жауап береді;

Министрге Министрліктің құрылымы мен штаттық кестесі, қызметкерлердің белгіленген саны шегінде оның басқармалары жөнінде ұсыныстар береді;

Министрліктің құпиялық режимін сақтауды қамтамасыз етеді;

Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады;

Министрлік басшылығына бақылаудағы тапсырмалардың орындалу жөнінде толық ақпаратты министрліктің регламентіне сәйкес ай сайын ұсынады;

қызметкерлердің белгіленген саны мен еңбекақы қоры шегінде Департаментің құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар береді;

Департамент директорының орынбасары мен Басқарма бастықтарының лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;

Министрлік қызметкерлеріне еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

Министрліктегі жалпы іс жүргізу бойынша қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес Департаментте жедел іс жүргізуді қамтамасыз етеді;

Министрліктің алқа мәжілістеріне, сондай-ақ Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министр, Жауапты хатшы және вице-министрлер өткізетін кеңестерге қатысады;

Министрлікке ведомстволық бағыныста ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

қаржылық қызметке жұмыс уақытының өтілуіне байланысты есеп табельінің берілуін белгіленген мерзімде қамтамасыз етеді;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министр хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;

Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

13. Департамент Директорының орынбасары:

кадрлық қамтамасыз ету, құжат айналымы, тілдерді дамыту, аттестаттау, кадр резервін қалыптастыру, персоналды дамыту, қызметкерлерді оқыту, мемлекеттік сатып алулар, ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, бақылау жасайды және үйлестіреді;

Министрлік қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жүргізеді;

Департаментте құжаттың орындалуына күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады, бақылау құжаттарының мерзімін бұзған немесе сапасыз орындауға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

орындаушылық тәртіп үшін Жауапты хатшының алдында дербес жауап береді;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;

нормативтік құқықтық актілерді Web-сайтта уақытында орналастыруға бақылау жүргізеді және ақпаратты Баспасөз қызметіне уақытында тапсырады;

басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

14. Басқарма бастығы:

Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындауына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;

жедел басқаруды, басқарма қызметкерлерінің қызметін үйлестіру және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;

өз құзыреті шегінде Департамент туралы ережені әзірлеуге қатысады;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;

Басқарманың іс номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді;

жоғарыда тұрған басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындайды.

15. Департамент қызметін ұйымдастыру, бақылау және қамтамасыз ету әрбір қызметкердің өзі орындайтын тапсырманың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапкершілігі қағидаттарына құрылады.

16. Департамент қызметкерлері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

Департамент қызметін нақты ұйымдастыру және оны жетілдіруді қамтамасыз етуге;

өзі орындайтын тапсырманың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауап беруге, қызметтік міндеттерін адал орындауға;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға;

өзінің біліктілігін арттырумен жүйелі айналысуға;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтауға міндетті.


4. Департамент қызметкерлерінің өзара алмасу схемасы


Өзара алмасушылық

Лауазымның №

Лауазымның №

С-2-18-0-1

С-3-18-0-2

С-3-18-0-2

С-2-18-0-1

С-4-18-1-0

С-5-18-1-1, С-5-18-1-2

С-5-18-1-1

С-6-18-1-4

С-5-18-1-2

С-6-18-1-6

С-5-18-1-3

С-6-18-1-7

С-6-18-1-4

С-6-18-1-5

С-6-18-1-5

С-6-18-1-4

С-6-18-1-6

С-6-18-1-9

С-6-18-1-7

С-5-18-1-3

С-6-18-1-8

С-6-18-1-10

С-6-18-1-9

С-6-18-1-6

С-6-18-1-10

С-6-18-1-8

С-6-18-1-11

С-6-18-1-7

С-4-18-2-0

С-5-18-2-1

С-5-18-2-1

С-4-18-2-0

С-5-18-2-2

С-5-18-2-1

С-6-18-2-3

С-6-18-2-5

С-6-18-2-4

С-6-18-2-3

С-6-18-2-5

С-6-18-2-3

С-4-18-3-0

С-5-18-3-3

С-5-18-3-1

С-5-18-3-2

С-5-18-3-2

С-5-18-3-1

С-5-18-3-3

С-6-18-3-5

С-5-18-1-4

С-5-18-3-3

С-6-18-3-5

С-6-18-3-6

С-6-18-3-6

С-6-18-3-5

С-6-18-3-7

С-5-18-3-3

С-6-18-3-8

С-5-18-3-1

С-4-18-4-0

С-5-18-4-1

С-5-18-4-1

С-6-18-4-3

С-5-18-4-2

С-6-18-4-5

С-6-18-4-3

С-5-18-4-1

С-6-18-4-4

С-6-18-4-3

С-6-18-4-5

С-5-18-4-2

С-6-18-4-6

С-6-18-4-5

С-6-18-4-7

С-6-18-4-6

С-6-18-4-8

С-6-18-4-7



Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Негізге алынып стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан тарихы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconПӘ 2012 жылғы жоспарының іс-шарасы және мемлекеттік органдардың 2012 жылғы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша Сараптама комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconАгенттігі төрағасының 2006 жылғы «09» тамыздағы №02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317-ө және Қазақстан Республикасы Білім...
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы «20» маусым №112 бұйрығымен бекітілген iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница