Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат




НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
страница8/23
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.islamhouse.com/d/files/kk/ih_books/single/kk_Sins_and_Wrong_Deeds.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

5.4.140-1. Икемді төсек бейіндерімен көп бейінді стационарларды, оның ішінде ауруханалық секторды қайта құрылымдаудың есебінен дамыту

Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде А 2.2. «Денсаулық сақтау секторында инвестициялық жоспарлау бойынша әріптестік өзара іс-қимыл» кіші компоненті бойынша «Sanigest Internaсional» консалтингтік компаниясы Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) бірлесіп халық санын, тууды, сырқаттануды, халықтың медициналық көмектегі қажеттілікті, медициналық ұйымға жету уақытын болжауды есепке ала отырып, 2025 жылға дейін облыстардың ауруханалық ұйымдар желісін қайта құрылымдау бойынша мастер-жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – мастер-жоспарлар) әзірлеуде.

Ауруханалық сектордың желісін қайта құрылымдау және оңтайландырудың өңірлік жоспарларын әзірлеу кезінде республиканың ерекшеліктері есепке алынды: үлкен аумақ және 500-ге дейін тұрғыны бар кішкентай елді-мекендердің үлкен саны, аумақтық алшақтығы.

Қазіргі кезде 14 облыс үшін мастер-жоспарлардың жобалары әзірленді, ал 2 қала: Алматы және Астана үшін ағымдағы жылы әзірленетін болады.

Әзірленген жобалармен қолда бар медициналық ұйымдарды І деңгейдегі ауруханаға – аудандық ауруханаларға (АА) қайта бейімдеу ұсынылады, олардың құрамында төсектердің 4 негізгі бейіні көзделеді (терапия, педиатрия, хирургия, босандыру); ІІ деңгейдегі – көп бейінді өңірлік ауруханалар (КБӨА), құрамында төсектердің 4 негізгі бейінінен басқа неврологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялыұ, урологиялық және төсектердің басқа бейіндерін ұйымдастыру жоспарлануда, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту, мейіргерлік күтім бөлімшелері мен ауруханаларының және хоспистердің желісін дамыту ұсынылады.

Ауруханалық секторды оңтайландыру бойынша өткізілетін шаралар тәуліктік стационарлардағы ресурссыйымды төсек қорын төмендетуге және стационарды алмастыратын технологияларды дамытуға бағытталған.

Демографиялық өзгерістерді және халықтың стационарлық көмектегі тиісті қажеттілігін есепке ала отырып, қолданылатын тәсілдердің негізінде көп бейінді (ауданаралық) және аудандық ауруханалар түрінде кейбір стационарлардың төсектік қуаттылығын арттыру және керісінше қуаттылығы аз тиімсіз ауылдық ауруханаларды жабу ұсынылады. Көптеген жағдайларда ауруханаларды жабу емес, қайта бейімдеу көзделеді.

Осылайша, өңірлерде 55 қалалық, 156 орталық аудандық ауруханасынан, 23 аудандық ауруханасынан 1/3 жағдайда ІІ деңгейдегі ауруханаларды ұйымдастыру жоспарлануда – 73 көп бейінді аурухана, оның ішінде келесі өңірлер бойынша: Ақмола – 4, Ақтөбе – 4, Алматы – 10, Атырау – 3, Шығыс Қазақстан – 8, Батыс Қазақстан – 4, Жамбыл – 7, Қарағанды – 6, Қостанай – 6, Қызылорда – 5, Маңғыстау – 1, Павлодар – 3, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан – 9.

Өңірлердің ауруханалық ұйымдарын халықаралық стандартқа сәйкес келтіру үшін мастер-жоспарлардың жобаларымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігін пайдалануды қоса, 2025 жылға дейін стационарларды салу және жаңғырту бойынша ұсыныстар берілген. Осы ұсыныстар мастер-жоспарлардың жобаларында «100 аурухана, 100 мектеп» жобасымен үйлестірілген.

Оған қоса, медициналық ұйымдардың желісін оңтайландыру бойынша ұсыныстарды тиімді іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына ауруханалық ұйымдардың желісін жетілдіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.


5.4.140-2. Бейіндердің қажеттілігін есепке ала отырып, төсек қорын ұтымды ету

БҰДЖ жағдайында менеджментті жетілдірудің белгілері пайда бола бастады. Бұл керует қорын дербес және ұтымды басқарудан басталады. Сонымен, 2012 жылы республика көлемінде медициналық қызметтің сұранысқа ие емес бейіні бойынша 1409 керует қысқартылған, 2201 керует халыққа қажет медициналық көмек бейіні бойынша қайта бейінделген.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.

5.4.140-3. Медициналық ұйымдар қызметінің бейінді емес түрлерінің аутсорсинг жүйесін дамыту

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың бейінді емес қызмет түрлерінің аутсорсингін дамыту жөніндегі бұйрықты дайындады.

5.4.140-4. БҰДЖ мақсаттарына қол жеткізу үшін БҰДЖ және ДБАЖ-ны ықпалдастыру

БҰДЖ және ДБАЖ ықпалдастыру үшін республика бойынша пайдаланылатын бағдарламалық кешендердің порталдық форматтары енгізілді.


5.4.140-5. Бағдарламалық кешендердің порталдық форматын енгізу

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көмек көрсету денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген тұрғындардың нақты саны туралы бірыңғай орталықтандырылған дерекқорды қалыптастыру мақсатында «Бекітілген тұрғындардың тіркелімі» (бұдан әрі-БТТ) порталы жұмыс істеуде.

Шығындарды өтеу процесін ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы жұмыс істеуде.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тарифіне қосымша компонентін енгізу, әр өңір бөлігінде индикатор жүйесі баллдарының құнын есептеу мақсатында «Медициналық-санитариялық көмек көрсетуге қосымша компонент» порталы жұмыс істеуде.

Онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың электрондық тіркелімді қалыптастыру процестерін автоматтандыру және халықаралық стандарттар емделудің сапасына сәйкес қамтамасыз етуімен көрсетiлген санаттағы науқастарды медициналық көмек көрсетуде онкологиялық диспансерлердің шығындарын өтеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы құрылды.


5.4.140-6. Медициналық ұйымдар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу

Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті ортаны, медициналық ұйымның ашықтық және еркін таңдау қағидаттарын дамыту мақсатында Министрлікпен 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс басталды. 2012 жылы медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау жүйесінің әзірленген әдістемесі негізінде республиканың медициналық ұйымдарын саралау жүргізілді. Саралау нәтижелері 2012 жылдың желтоқсан айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтында орналастырылды.


5.4.140-7. Амбулаториялық-емханалык ұйымдардың деңгейінде ішінара қор ұстаудың бірінші кезеңін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу (пилоттық жоба)

2012 жылы 15 МСАК ұйымдарында кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша пилот жүзеге асырылды

5.4.140-8. Аурухана секторын қайта құрылымдауды ескере отырып, 10 жылдық мерзімге инвестициялық жобаларды қалыптастыру

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының А.2.2.-кіші компонентін іске асыру шеңберінде 2012 жылы «Sanigest» консалтингілік компаниясы 14 өңірдегі ауруханалық секторды қайта құрылымдау бойынша шеберлік-жоспар жобаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне келісу үшін әзірлеп, жолдады, 2013 жылы Астана және Алматы қалалары бойынша шеберлік-жоспар жобалары әзірленеді.

Осындай шеберлік-жоспарларда консалтингілік компания әрбір өңір үшін инвестициялық жобаларды жасау (күрделі жөндеу, медициналық ұйымдардың ғимараттарын салу және стандарттарға жеткізу, халықаралық стандарттарға дейін медициналық жабдықтарды жарақтандыру) бойынша ұсынымдар жасады.

Өңірлердің ауруханалық секторын қайта құрылымдау бойынша шеберлік-жоспарлар жобалары негізінде «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығы инвестициялық жобаларды қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинау және өңдеу және өңірлердің қажеттілігіне сәйкестендіру бойынша жұмыстарды бастады. Аталған іс-шаралар өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылады.


5.4.140-9. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу тетіктерін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында МЖМӘ дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламасының ттұжырымдамасы келісу үстінде, онда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін енгізу бойынша міндеттер көрсетілген:

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі нысандарын енгізу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларын келісу негізінде денсаулық сақтау секторында бірыңғай инвестициялық портфельді ұзақ мерзімге қалыптастыру;

- МЖМӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету;

- МЖМӘ негізінде жобаларды іске асыру саласында әлеуетті арттыру.

Мемлекеттік-жеке меншік әрітестіктің әртүрлі нысандарын енгізу мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін төмендегілер қажетті:

-«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және оларды қолдану салаларын кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдау;

-«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу;

-Жаңа денсаулық сақтау объектілерін жобалау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес СНжҚ қайта қарау;

-МЖМӘ объектілерін пайдалану кезеңінде денсаулық сақтау сеткорында МЖМӘ жобаларын қаржыландыруды қосу;

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларын келісу негізінде денсаулық сақтау секторында бірыңғай инвестициялық портфельді ұзақ мерзімге қалыптастыру мәселесін шешу үшін келесі іс-шараларды өткізу қажет:

- өңірлік деңгейде қайта құрылымдау жоспарларын бекіту;

- әрбір өңір үшін әлеуетті денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін айқындау;

- ұзақ мерзімге бірыңғай инвестициялық портфельді қалыптастыру (10-15 жыл);

МЖМӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша іс-шараларды орындау қажет:

  • МЖМӘ мәселелері, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың мүмкіндіктері, жұмыс орындарын құру бойынша азаматтық сектордың өкілдерімен түсіндірме жұмысын жүргізу;

  • Ашық конкурстық ресімдер;

  • МЖМӘ жобасының өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ақпараттық сүйемелдеу;

МЖМӘ негізінде жобаларды іске асыру саласында әлеуетті арттыру мақсатында төмендегілер қажетті:

- Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау секторында МЖМӘ жобаларын дамыту және сүйемелдеу бойынша басқарманы құру;

- Денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармалары мамандарының МЖМӘ саласында әлеуетін арттыру үшін халықаралық консалтингтік көмекті жұмылдыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде МЖМӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру.


5.4.140-10. Басымды бағыттар бойынша клиникалық нұсқаулар мен хаттамаларды әзірлеу және енгізу

2012 жылда клиникалық рұсқаларды бейімдеу бойынша жұмыс өткізілді. Бұл мақсатпен 01.08.2012 жылғы ҚР ДСМ Эксперттік кеңесте клиникалық нұсқаладың тақырыптары бекітілді.

Бес негізгі жолдама бойынша жұмыс топтары құрылды: педиатрия, терапия, хирургия, акушерлік-гинекология. Клиникалық нұсқаларды бейімдеу жөнінде жұмыс тиімділігн жоғарту үшін әр басқарма ерекшелігіне сәйкес мамандандырылған жұмыс топтар құрылған. Бұл мамандандырылған жұмыс топтар жыл аралығында 42 клиникалық нұсқаларды бейімдеді.

2012 жыл аяғында бейімдеу процесі аяқталды, клиникалық нұсқалар денсаулық сақтау дамыту сұрақтар бойынша Эксперттік кеңес мәжілісінде бекітілді.

Медициналық практикаға клиникалық нұсқалады енгізу жөнінде жұмысты жетілдіру мақсатымен CSIH консалтинг компаниясы консультатнтарымен қатар клиникалық нұсқаларды енгізу бойынша бапкерлер тренингі өткізілді. 25 адам оқытылды.

Бұдан басқа бөлім қызметкерлерімен медициналық жоғары оқу орындар, ғылыми орталықтар және денсаулық сақтау ұйымдар жетекші мамандары үшін клиникалық нұсқалар жасау ережелер мен әдістер және олардың сапасын бағалау бойынша тренингтер өткізілді. Жалпы түрде 85 адам оқытылды.

Сонымен қатар республиканың 12 аймағында «Медициналық практикаға клиникалық нұсқаларды енгізу және мониторинг жасау» каскадты тренингтер өткізілді. 2401 медициналық қызметкер оқытылды. Оқыту процеске бейімделген клиникалық нұсқаларды табысты енгізу мақсатымен жоғары оқу мекемелердің оқыту бағдарламаларына дәлелді медицина қағидаттарын енгізу бойынша CSIH (Канада) компаниясы консультанттарымен бірлескен тренингтер өткізілді. Бұл тренингте 29 адам оқытылды. Сонымен қатар медициналық жоғары оқу мекемелерінде «Оқыту процесіне дәлелді медицина қағидаттарын енгізу» каскадты тренинг өткізілді. Тренингте 75 адам қатысты.

CSIH консалтинг компаниясы консультанттарымен келіскен клиникалық нұсқаларды енгізу жоспар жобасы жасалды.

2013 жылда 40 клиникалық нұсқалар бейімдеу бойынша, аймақтарға мониторинг пен және клиникалық нұсқаларды енгізу тиімділігін бағалауды жасау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.

5.4.141. Жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «коян жырық») бар балаларды ортодонтиялық емдеуді косу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 Қаулысына сәйкес 2011 жылдың басынан бастап жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «коян жырық») бар балаларды ортодонттық емдеуді косу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі кеңейтілді. 2012 жылға 2295 баланы емдеу үшін 48 195 мың теңге бөлінді.

Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.

5.4.142. Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 2012 жылы 213,7 мың теңгеге реанимобиль және санитариялық автокөлік сатып алунды.


5.4.144. Аудандық, қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту

Қалалық және аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2012 жылы 508,3 мың теңгеге ревматологиялық бейінде буындар ауруын емдеу үшін физиотерапиялық кешендер, уретеропиелоскопы бар байланысты лазерлік литотриптер, эндоскоптардың толық желісі бар эндоскопиялық видеотірек, жиынтығында датчиктер бар УДЗ аппараттары, жиынтығында датчиктері, басқару панелі бар УДЗ аппараттары сатып алынды.

5.4.146. Паллиативті көмек пен оңалтуды көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру

Министрлік паллиативтік көмектің әр түрлі формаларын (амбулаторлық паллиативті көмек, оңтайлы қызметтері дамыту) дамытумен паллиативті көмек қызметін жетілдіру, паллиативті көмекті ұйымдастыру бойынша медициналық және әлеуметтік қызметтердің күштерін біріктіру, паллиативті көмек көрсететін ұйымдар және басқа медициналық ұйымдар арасында мирасқорлықты дамыту жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Республикада хоспис және мейіргерлік күтім ауруханасы (МКА) түріндегі паллиативті қызмет қызметі құрылды. Қазіргі таңда хоспистер немесе хоспистік бөлімшелер ҚР-ның 6 қаласында – Қарағанды, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар және Алматы қалаларының көпбейінді ауруханалары және онкологиялық диспансерлері жанында қызмет атқаруда. Шығыс Қазақстан облысында МКА (30 төсек), Қарағанды қ. (30 төсек), Алматы қ. (паллиативті көмектің 100 төсегі, соның ішінде МКА 30 төсек) ұйымдастырылды.

Министрлік паллиативті көмекті одан әрі жетілдіру мақсатында қазіргі кезде паллиативті көмек стандартын әзірлеуде.

Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалтуды көрсету ҚР Үкіметінің «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, соның ішінде балаларды оңалту ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы №1342 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

Министрлік оңалту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.

Сүйек-бұлшық ет патологиясы бар науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және диспансерге жатқызудың сапасын арттыру үшін диспансерлік науқастар және мүгедектер мәліметтерінің электрондық жүйесі (бұдан әрі – «Д») құрылды, денсаулық сақтау ұйымдарында оперативті емдеуді қажет ететін мүгедектердің тізімі құрастырылды, «Д» науқастарды оңалтудың жоспары құрылды.

Науқастарды одан әрі оңалту және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кардиологиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және неврологиялық бейіндерді қайта бейіндеу бойынша шаралар жүргізілуде.

Халықаралық стандарттарға сәйкес оңалту көмегін, ерте қалпына келтіру емін көрсету мақсатында өңірлерде МҚЖЗ бар науқастарға 20 инсульттік орталық ашылды, мамандар шетелде оқытылды.

ДСБҰЖ аясында жіті жағдайлардан және оперативті әрекеттерден кейін ерте қалпына келтіру емін көрсетудің және медициналық оңалтудың технологиялары енгізілді.

Оңалту қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2012 жылдың 11 мамырында барлық медициналық ұйымдарда оңалту іс-шараларын белсендіру мәселелері жөнінде оңалту, физиотерапия саласындағы барлық мамандардың қатысуымен республикалық мәжіліс өткізілді. Мәжіліске қатысушылар оңалту қызметін жетілдіруге бағытталған негізгі іс-шаралар, нақты айтқанда 2012-2015 жылдарға арналған оңалту қызметін дамытудың консепциясын, оңалту қызметін дамыту бойынша жол картасын, оңалту көмегін көрсетудің стандарттарын, хаттамаларын, алдын алуды ұйымдастырудың, сауықтырудың және халықтың мақсатты топтарына (балаларға, ауыл тұрғындарына, еңбек ұжымдарының мүшелеріне және т.б.) медициналық оңалтуды көрсетудің практикалық ұсынымдарын әзірлеу анықталған резолюцияны қабылдады.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница