Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат




НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
страница4/23
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.islamhouse.com/d/files/kk/ih_books/single/kk_Sins_and_Wrong_Deeds.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

5.1.3.45. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының персоналын балалар менжасөспірімдер арасында қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына және наркологиялық бейін бойынша қауіп топттарымен ақпараттық және психоәлеуметтік жұмыс технологияларына оқыту

Жалпы орта білім беретін оқу орындары қызметкерлеріне арналған 6 күндік семинар өткізілді. 200 психолог оқытылды.

2012 жылы осы бағыттағы шараларға барлығы 1995,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.46. Білім беру ұйымдарына алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды (бейнеқұралдар) әзірлеу және енгізу

Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы бейнеқұралдар жасады, сонымен қатар журнал түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеқұралдарды қолдану туралы нұсқаулықтар әзірленді.

Бүгінгі таңда бағдарламаларды тираждау жүзеге асырылуда: тираж саны 2150 дана (жалпы дискілер саны).

1075 мектепті қамтамасыз ету жоспарлануда: оның ішінде, Астана қаласында - 69 мектеп; Павлодар облысында – 416 мектеп; Қарағанды облысында – 590 мектеп.

Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын 2568,4 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.47. Жалпы білім беретін оқуорындарын балалар менжасөспірімдерде темекіге, алкогольге және есірткіге елігу қаупін, сондай-ақ химиялық емес тәуелділік-ойынкұмарлық интернетке тәуелділікті ерте анықтау компьютерлік бағдарламаларымен жарақтандыру

2012 жылғы компьютерлік бағдарламалармен 839 мектеп жабдықталды:

Астана қаласында – 9 мектеп;

Ақмола облысында – 191 мектеп;

Қрағанды облысында – 235 мектеп;

Солтүстік Қазақстан облысында – 200 мектеп;

Қстанай облысында– 204 мектеп.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.48. Ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикалық күйзелістеріңің алғашқы көріністерін тану әдістеріне оқыту

Осы тармақты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығын әзірледі.


5.1.4.50. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді кұру және орталық республикалық телеарналарда олардың прокатын камтамасыз ету

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді:

- жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер әзірлеуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 354 келісімшарт);

- олардың прокатын орталық республикалық телеарналарда қамтамасыз етуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 355 келісімшарт) келісімшарттар жасады және олар толық көлемде іске асырылды:

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша 6 әлеуметтік ролик (қазақ және орыс тілдерінде) әзірленді:

1. «Бізден қол үзбеңіздер!»;

2. «Абайлаңыздар, темір жол өтпесі!»;

3. «Мас адамды тоқтат!»;

4. «Қарсы жолақ»;

5. «Жаяу жүргіншілер өтпесі»;

6. Рульде ұялы телефон пайдалану.

Аталған бейнероликтердің прокаты «СТВ» республикалық телеарнасында жүзеге асырылды (барлығы 550 шығарылым).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.4.51. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп тудыратын тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бойынша шараларды күшейту

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп-қатер тудыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды күшейту шеңберінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ЖҚЕ бұзушылықтарын фото-бейне тіркеу жүйелері енгізілуде, осылайша бүгінгі таңда олардың саны 219 бірлікті құрайды. Осындай жүйелерді пайдалана отырып, 463 мың жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды, нәтижесінде жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге айыппұл төлеу туралы 263 мың ұйғарым шығарылды, 1,2 млрд. теңгеге 112 мың ұйғарым орындалды.

Республиканың 500-ден астам жол полициясының патрульдік автомашинасы бейнетіркеуіштермен жабдықталды. Жылдамдықты тіркеудің 100-ге жуық қазіргі заманғы мобильді құралдары (радарлар) сатып алынды.

Республика бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін, ЖҚЕ сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыздар – балалар!», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші» және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралары ұдайы өткізіледі.

Ағымдағы жылы барлығы 1,9 млн. жол жүрісі ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде көлік құралдарын мас күйде басқарған 42 мың жүргізуші ұсталды.

Жол жүрісі ережелерін дөрекі бұзғаны үшін сот 35 мың жүргізушіні көлік басқару құқығынан айырды, 5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға тартылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.4.52. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама кұру

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама құруға келісімшарт жасалды және толық көлемде іске асырылды (2012 жылғы 27 тамыздағы № 356 келісімшарт).

«Астана» телеарнасында қыркүйек және қараша айлары аралығында эфирге «Қауіпсіз жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша 24 мамандандырылған бағдарлама (12 қазақ тілінде, 12 орыс тілінде) шықты. Бағдарлама апта сайын демалыс күндері көрсетілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.55. Апат медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі апаттар медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша мынадай жұмыс жасады:

1) «Апаттар медицинасы қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 13 қазандағы №354 бұйрығы бекітілді;

2) «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік оқиғалары кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы № 274 біріккен бұйрығы бекітілді;

3) «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жұмысы мен санитариялық әуе қызметімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №278 біріккен бұйрығы бекітілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.56. Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттер құру

2012 жылы 6 трассалық медициналық-құтқару пункттері құрылды. Олардың жұмысы үшін шұғыл әрекет ету бригадалары құрылды, ал олардың қызметкерлері апаттан құтқару жабдығымен жұмыс жасау дағдыларын үйреніп, жұмыс жасауға рұқсат алды. Қажетті медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек сатып алынды, сонымен қатар ағымдағы жылы медициналық құтқару реанимобильдерін жеткізуге келісімшарт жасалды.

Шұғыл медициналық-құтқару көмекгін көрсету бойынша трассалық пункттерді құруға 378 491,0 мың теңге бөлінді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.56-1. Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттердің жұмыс істеуі

2013 жылдың 1 қаңтардағы ахуалына ТМСК бригадалары ЖКА 423 рет барды. 899 зардап шеккенге көмек көрсетілді, оның ішінде 35 балаға. 399 адам емдеуге жатқызылды, оның ішінде 27 бала.

Трассалық пункттердің қызметі үшін 278 174,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 277 896,4 мың теңге. Игерілмеген сома – 277,6 мың теңге. Оның ішінде:

- басқа қызметтер мен тауарларды сатып алудан 237,6 мың теңгені үнемдеу;

- өңірде монополиялық жағдайындағы «Мойынқұм РУТ» ұсынушысымен 40 мың теңгеге байланыс қызметіне шарт жасалған жоқ, себебі Тараптар байланыс қызметін көрсету шарт міндеттеріне келісімге келген жоқ.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.5.57. Апаттар медицинасы қызметін медициналық жабдықтарымен және парашютті-десантты платформаларымен бірге 1 жиынтықта аэроұтқыр госпиталімен жарақтандыру

Апаттар медицина қызметін медициналық жабдықпен жарақтауға және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықта 1 831 574,0 мың теңге бөлінді. Аэромобильді госпитальді сатып алуға конкурс әлеуетті ұсынушыдан өтінім түспегендіктен болған жоқ. 2012 жылға республикалық бюджетті нақтылау кезінде медициналық жабдықты және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықты сатып алуға бөлінген 1 831 574,0 мың теңге сома қаржы республикалық бюджетке қайтарылды.


5.1.5.59. Санитариялық тікұшақтарды сатып алу және қызметін қамтамасыз ету

2012 жылы 6 бірлік ЕС-145 тікұшағы сатып алынды. «Ресей тікұшақтары» ОАО келісілген шарты бойынша Ка-32 сериялы санитариялық 2 тікұшақ 2012 жылғы мамырда жеткізілді.

2012 жылы Санитариялық әуе жөніндегі республикалық үйлестіруші орталығымен 1005 ұшу жүзеге асты, 1304 пациентке көмек көрсетілді.

Санитариялық әуені шақыру себептерінің құрамында – бірінші орында акушерлік тәжірибедегі жедел жағдайлар (28% - 370 жағдайлар, 2011 жылы 27% - 103 жағдайлар), сосын балалардағы жедел жағдайлар мен жарақаттар (17%). Жалпы 763 тасымалдау жасалды (2011 жылы - 219). 451 консультациялық қызмет көрсетілді (2011 жылы - 134). 90 операция орнында жасалды (2011 жылы - 27).

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде (2012 жылғы 15 қазандағы №23 РБК) іс-шара бойынша тікұшақтар үшін жергілікті қызмет көрсету құралдарды сатып алуға жарияланбаған конкурсқа, ұшақжай сатып алу бойынша құрылған үнемділік, тікұшақтарды сатып алу бойынша бағадағы айырма және қосылған құн салығы сома қалдығына байланысты 975 332 мың теңге сомаға шығындар қысқартылды.

Осыған байланысты, 2012 жылы тікұшақтарды сатып алу және пайдалануды қамтамасыз етуге 18 507 642,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 17 898395,0 мың тенге құрады,оның ішінде санитариялық әуе қызметіне 2 208 000,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 1 708 038 мың теңгені құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.60. Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқарушылық жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту

Ағымды жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (одан әрі – Бағдарлама) шеңберінде ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелеріне конкурс тәсілімен және баға ұсынысы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 5 флюороаппараты, 20 рентгенаппараты, 19 ЭКГ аппараты, 7 стоматологиялық қондырғы, 35 ультрадыбыстық диагностика аппараты, 31 гематологиялық анализатор, 1 торокальды хирургиялық жиынтық және 1 фиброгастродуоденоскоп, 2 генекологиялық орындық, үстелдер (медициналық, құралдық, манипуляционды), медициналық ширмалар,, кушеткалар, бактериоцидтты шамдар, ұзақ құйылатын штативтер және де басқалар 1044,5 мың теңгеге сатып алынып, орнатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.61. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және сотталғандар арасында тарату

Пенитенциарлық жүйедегі тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары үшін саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ сотталғандар арасында АИТВ/ЖИТС, туберкулездің таралуын болдырмау бойынша ақпараттық-танымдық материалдар жасалынып, таратылды (11 169 плакат, 6 042 буклет және 2 794 брошюра).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.62. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасында өзараіс-кимылды нығайту

4 облыста (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау) АИТВ- инфекциясын профилактикалау бойынша инъекциялық есірткілерді пайдаланушы топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қаржыландыру жүзеге асырылды. 971 ИЕТ-пен білім беру жұмысы жүргізілді, АИТВ-ге 689 ИЕТ тексерілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.64. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ ннфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру, Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін УЕҚ әлеуетін дамыту

Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламалары 7 өңірдегі ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі аумақтық орталықтар арқылы және 9 өңірде үкіметтік емес сектор арқылы іске асырылады. Жұмыс 133 аутрич-қызметкер арқылы жүргізілді, олар «Тең теңге» әдісімен 39 540 адамды дайындады. ҚАЖ мекемелерінде тергеуге қамалған және сотталғандар арасында 2012 жылы мыналар таратылды: 696838 дана дезинфициялық таблетка, 661716 дана презерватив, 19301 дана ақпараттық-білім беру материалы. 130 әлеуметтік қолдау қызметі көрсетілді.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.1.6.65. Емдеу аяқтаямаған, бас бостадығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ҚАЖ мекемелерінен босатылатын емдеу курсы аяқталмаған белсенді түрде туберкулез науқастарын емдеу, қадағалау және диспансерлік есепке алу бойынша іс-шаралар Жоспары құрастырылып бекітілді. ҚАЖ медициналық қызметтерімен туберкулез науқастарының босатылуға жатқызылғандарының тізімі алдын ала жасалынады және босатылуға дейін 2 ай бұрын осы тізімдер облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жіберіледі. Сонымен қатар науқастың паспорттық мәліметтерін, диагнозын, емінің басталуы және т.б. көрсетілумен «Маршруттық карта» бланкі толтырылады. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, бактерия шығаратын науқастарды аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге жеткізілуін және алып жүруін қамтамасыз етеді.

Ішкі істер министрлігімен ай сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулез науқастарының босатылу уақыты және мекен-жайын көрсетумен толық тізімі ұсынылады.

2012 жылдың 10 айында ҚАЖ мекемелерінен емдеуі аяқталмаған 529 сотталған босатылды, соның ішінде аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарынан мәліметтер бойынша 369 науқас (69,8 пайызы) емін жалғастыру үшін диспансерлік емделуге алынды. Мәжбүрлі емдеу фактісі тіркелмеген.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында Денсаулық сақтау министрлігі адам құқықтарын қорғау қоры және «Сәуле үміті» туберкулезбен күресу қоғамдарымен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сотталған туберкулез науқастарын босатылғаннан кейін емдеудегі пенитенциарлық және азаматтық сектор арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету» жобасы бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны орындау барысында пентенциарлық және азаматтық денсаулық сақтаудың өзара қатынасы сұрақтары, ведомствоаралық өзара қатынас облысындағы қолданыстағы нормативті құқықтық базасы, босатылатын туберкулез науқастарының емін аяқтауға уәждеме бойынша түзеу мекемелерінде іс-шаралар жүргізу, ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелерінен емі аяқталмай босатылғаннан кейін азаматтық денсаулық сақтау секторында зертханалық зерттелуіне және үзіліссіз емделуіне бақылауды қамтамасыз ету және басқа да туберкулезбен аурушаңдылық деңгейін төмендету және алдын алуға бағытталған іс-шаралар зерделенуде.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница