Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат




НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
страница3/23
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.islamhouse.com/d/files/kk/ih_books/single/kk_Sins_and_Wrong_Deeds.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

5.1.1.27. Кәмелетке толмағандар істері жөніңдегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту 

2012 жылы кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар үшін «Балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіпті топтарды анықтау технологияларына оқыту» Қазақстан Республикасының қалаларында: Павлодар – 2 семинар, Қостанай – 2 семинар, Тараз – 3, Ақтөбе – 2, Ақтау – 2 семинар өткізілді. Барлығы 450 курсант оқытылды.

Осы тармақ бойынша 2012 жылғы шығын 3476,5 мың теңгені құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.1.1.28. Мектеп оқушылары арасындағы нашақорлық саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Осы тармақты орындау шеңберінде мынадай жұмыс жасалды:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша «Балалар алкоголизмі мен нашақорлығы профилактикасының арнайы әдістері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы №376 бұйрығы әзірленіп, жарияланды;

2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша оқыту үшін білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011жылғы 31 қазандағы № 755 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) 2011жылғы 28 қазандағы №568 бірлескен бұйрығы бекітілді.

2012 жылы Министрлік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірігіп «Орта білім беру жүйесінде есірткіге алғашқы тәуелділікті профилактикалау жүйесін жетілдіру туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісу үстінде.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.29. ІІМ қызметкерлерін (полиция, учаскелік инспекторлар) мас болу күйін анықтау дағдыларына, алкогольді (есірткі, уыттану) жағдайындағы тұлғаларға қатысты қабылданған шараларға сараланған тәсілдерге оқыту

«Мастық күйін анықтау дағдыларына, алкогольді (есірткі, уыттану) жағдайындағы тұлғаларға қатысты қабылданған шараларға сараланған тәсілдер» 3 күндік оқыту семинарының бағдарламасы әзірленді.

Барлығы 2012 жылы 490 полиция қызметкері және участкелік инспекторлар оқытылды:

• 2012 жылғы сәуір және шілде айларында үш 3 күндік оқыту семинары Павлодар қаласында өткізілді, 135 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы мамыр және тамыз айларында үш 3 күндік оқыту семинары Қостанай қаласында өткізілді, 105 курсант оқытылды;

•2012 жылғы шілде және желтоқсан айларында үш 3 күндік оқыту семинары Тараз қаласында өткізілді, 100 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы қыркүйек айында екі 3 күндік оқыту семинары Ақтау қаласында өткізілді, 90 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы қазан айында екі 3 күндік оқыту семинары Ақтөбе қаласында өткізілді, 60 курсант оқытылды.

Барлығы 2012 жылғы шығын 3504,0 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.1.2.32. Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және «Дұрыс тамақтану ұлттық орталығы» ҚБ арасында жалпы сомасы 204 900,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 271 шарт жасалды.

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында мынадай жұмыс жасалды:

1) 2012 жылғы 29-30 мамырда халықтың әртүрлі топтарының тамақтануының өзекті мәселелеріне, республикадағы балалар үйлері балаларының тамақтану ерекшеліктеріне, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша халықпен жұмысты ұйымдастыруға және оңтайландыруға арналған Миннесота (АҚШ) университеті ғалымдарының, жетім балалардың халықаралық қорының өкілдерінің, Ресейдің ерікті ғалымдарының, республиканың балалар үйлерінің бас дәрігерлерінің, дәрігер-диетологтардың, диета-мейіргерлердің және басқа да медицина және ғылыми-зерттеу мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі заманғы кезеңдегі тамақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, өткізілді;

2) республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарына балалар тағамы өнімдерін, қант диабетімен және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастарға тағам өнімдерін өнеркәсіптік шығару бойынша стандарттарды әзірлеуде консультативтік көмек көрсетілді;

3) өнеркәсіптің қайта өңдеу салалары үшін «Балалар тамағына, қант диабетімен және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастарға арналған функционалдық өнімдер» деген әдістемелік ұсынымдар әзірленді, шығарылды және таратылды.

4) «Семірудің және қант диабетінің алдын алу», «Тамақ факторымен байланысты инфекциялық аурулар», «Денсаулық және қауіпсіз тамақтану дегеніміз не», «Біздің тамағымыздағы витаминдер мен микроэлементтердің рөлі», «Жасырын аштық деген не және одан қалай сақтануға болады» деген тақырыптарда жалпы білім беретін мектептердегі кіші мектеп оқушыларын интерактивті оқытудың тақырыптық компьютерлік бағдарламалары әзірленді, шығарылды және республиканың облыстары және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларына таратылды;

5) С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының базасында әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін дұрыс тамақтану мәселелері жөнінде үлгілік және жұмысшы оқу бағдарламалары, бірнеше тақырыптар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлар мен оқу құралдары әзірленді;

6) МСАК, СӨС орталықтары қызметкерлері, барлық облыстар, Астана мен Алматы қалаларындағы санэпидқызмет мамандары үшін 849 адамды қамтумен дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша оқыту семинарлары өткізілді;

7) Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 6-9 айлық балалардың және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің йодпен, темірмен, фолий қышқылымен және А витаминімен қамтамасыз етілуіне биологиялық мониторинг жүргізілді;

8) Мектепте тамақтану жағдайын бағалау, қалалық және ауылдық елді мекендердегі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамақтану мәртебесін зерттеу нәтижелері бойынша республика халқының әртүрлі топтары үшін Энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктер нормалары әзірленді және бекітілді.

Балаларды А витаминімен сапплементациялау әдістемесі енгізілді. Ақмола және Қостанай облыстарының пилоттық аудандарында тұратын 6-9 айдағы 27 500 балаға А витаминімен сапплементация жүргізілді;

9) дәрігерлер мен орта медицина персоналы үшін А витамині тапшылығының алдын алу бойынша нұсқау әзірленді және жұмыста пайдаланылды, ол қазір ЮНИСЕФ желісі бойынша техникалық көмек шеңберінде басылымда жатыр;

10) 6-9 айдағы балаларда А витаминімен сапплементациялау жүргізу бойынша 120 медицина қызметкеріне оқыту семинары жүргізілді;

11) республиканың барлық өңірлерінде тұратын ұрпақты болу жасындағы 4361 әйелге олардың емшекпен тамақтандыру жөніндегі ақпараттандырылуын, білімі мен дағдыларын, сондай-ақ олардың тамақтану жағдайларын анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Дәрігерлер, орта медицина персоналына арналған қазақ және орыс тілдерінде емшекпен тамақтандыру, сондай-ақ «Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасы» (бұдан әрі – БМҚА) халықаралық критерийлеріне ауруханалардың сәйкестігін бағалау жөніндегі құралдың 3 түрі әзірленді, басып шығарылды және облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына таратылды. Алматы қаласы № 1,2 перзентханаларды БМҚА сәйкестігіне қайта сертификаттау жүргізілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.1.2.33. Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу

Көрсетілген іс-шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Профилактикалық медицина академиясы» АҚ арасында дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау компаниясын жүргізу жөнінде 58 995,0 мың теңге сомасына 2012 жылғы 13 сәуірде № 272 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Барлығы республика бойынша 48 акция өткізілді, оның ішінде «Дұрыс тамақтану – қазіргі заманғы өмірдің стилі» деген 16 жалпы республикалық акция барлық облыс орталықтарында, 32 қалалық акция жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру лагерлерінде мектеп оқушыларымен өткізілді. Барлығы акциялармен 72 788 адам қамтылды, оның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің ұйымдасқан ұжымдарының балалары, студенттер мен басқа да халықтың топтары.

Тұрғындардың дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру мақсатында конференциялар мен семинарларда (5), дөңгелек үстелдерде (13) баяндамалар оқылған 82 әртүрлі коммуникациялық іс-шаралар өткізілді, викториналар (8), конкурстар (9), БМДМ-де кештер (6) ұйымдастырылды, халықтың әртүрлі топтарымен әңгімелесулер мен кездесулер (24), мастер-кластар (5) өткізілді және 12 іс-шарада тегін негізде консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы 16340 адам қамтылды. Білім беру ұйымдары мен медициналық мекеме қызметкерлері, қарт адамдар, оқушылар мен студенттер, жалпы 8164 тыңдаушы саны қамтылған жекелеген ұжымдар үшін 220 дәріс оқылды.

МСАК медицина қызметкерлері үшін халықтың әртүрлі топтарын дұрыс әрі тиімді тамақтану негіздеріне оқыту, халықпен инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша жұмыс бойынша 168 семинар тренингтер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері, орта мектеп мен оқу орындарының тәрбиеленушілері арасында семинарлар өткізілді, 7186 адам қамтылды.

Республикалық ғылыми-практикалық журналдарда тезистер шығарылды, оның ішінде 172 моно және қосалқы авторлармен жұмыстар шығарылды. БАҚ-та екі тілде 187 сөз сөйленді, оның ішінде 161-і – республикалық, өңірлік телеарналар бойынша және 26 әңгімелесу әртүрлі деңгейдегі радиода. Қызметкерлердің республикалық және облыстық, басқа да жергілікті теле және радиоарналарда сөз сөйлеуі дұрыс тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, алиментарлы аурулардың алдын алу, тамақ өнімдерінің жекелеген топтарының пайдалы қасиеттері, жасты, жұмыс сипатын, өмір сүру үлгісін есепке ала отырып әртүрлі топтың тамақтану ерекшеліктері, тамақтану дағдыларын өзгерту мәселелері бойынша халықтың көптеген бөлігін қамтуға мүмкіндік берді.

160 мың дана көлемінде 18 коммуникациялық материал әзірленді және басып шығарылды (жүкті әйелдерге арналған кітапша, МСАК мекемелері үшін плакат, ер адамдарға, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына, мектепке дейінгі балаларға арналған плакат, бояуға арналған суреттер, парақша-кестелер, ата-аналар мен мұғалімдерге, аналарға арналған парақшалар, тұрғындарға арналған жаднамалар, халықтың әртүрлі топтарына арналған буклеттер, оқушыларға арналған күнтізбе).

Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қазақ және орыс тілдерінде роликтер түсірілді, олар телеарнада 2012 жылғы 18 қыркүйектен бастап 21 желтоқсанға дейін 4 ай бойы көрсетілді.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша телевизиялық фильм түсірілді, оны 2013 жылдың 1-ші тоқсанында «Астана» республикалық арнасында көрсету жоспарлануда.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.2.34. Дұрыс тамақтану мәселелері жөніңдегі бейне және аудио роликтер шығару

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша 4 бейнеролик көрсетілді (2-уі орыс тілінде, 2-уі қазақ тілінде). 2012 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында «Астана» арнасында бейнероликтер көрсетілді (дұрыс тамақтану проблемасы бойынша – 16 рет, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша – 16 рет).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.1.2.35. Денсаулық сақтау мәселелерін орта, техникалық және кәсіптік білім берудің педагог қызметкерлерінің білктілігін арттыру бағдарламаларына енгізу

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институтында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өңіраралық орталықтарында педагогикалық қызметкердің денсаулығын сақтау мен білім сапасын арттыру мақсатында «Жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік», «Төтенше жағдай кезіндегі жүріс-тұрыс», «Стихиялық апатта қауіп-қатерді төмендету», «Еңбекті қорғау», «Есірткі тұтыну», «Шылым шегуді ескерту» тақырыптары қарастырылған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.2.36. Витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнмдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 461 қаулысына сәйкес витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу үшін Алматы облысының (Талғар ауданы) бюджетіне 100 млн. теңге бөлінді.

Жеткізу бойынша іс-шараны жүзеге асыру ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жоспарланды.

Жеткізу шарты бойынша 2012 жылғы қазан мен 2013 жылғы қаңтар аралығында 4 ай ішінде Алматы облысы Талғар ауданының 41 мектебінде табиғи витаминделген сүтті және «тірі» йогуртты жеткізу ұйымдастырылды. 14599 оқушы (мектеп алды, 1 - 4 сыныптар) витаминделген сүтпен қамтамасыз етілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.2.37. Жергілікті шикізат көздерін пайдалана отырып балаларға арналған емдік-профилактикалық тамақ өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру мәселесін қарау

Қазіргі уақытта жергілікті сүт шикізатын пайдаланумен «Амиран» зауыты және балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіретін 40 балалар сүт ас үйі жұмыс істейді.

Халықтың мақсатты топтары үшін жергілікті шикізат негізінде өнеркәсіптің қайта өңдеу салалары үшін тамақ өнімдерін шығару жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді (балалардың мамандандырылған тағамы: биолакт, наринэ, йогурттар; емдік-профилактикалық тағам: қымыз, шұбат, айран, таң).


5.1.3.38. Мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу

Профилактикалау мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппаратын нығайту бойынша «Дене шынықтыру» сабағында 1-11 сыныптарында жаттығулар жүргізіледі.

Қарағанды облысында жалпы бағасы 39 470,0 мың тенгеге 2193 дана және Астана қаласында жалпы бағасы 10 530,0 мың тенгеге 585 дана рефлексті терапияға арналған құрылғы қойылған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.39. Жалпы білім беретін оқу орындарында «Нашақорлықтың маскүнемдікпен темекі шегудің профилактикасы» әдістемелік құралын байқаудан өткізу және енгізу

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге арналған «Сенің таңдауың!» («Өз денсаулығың – өз қолында») атты әдістемелік құрал әзірледі.

Аталған әдістемелік құрал мектептің жоғары сынып оқушыларына, кәсіптік мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына арналған.

Әдістемелік құрал оқу процесінде қолданылады.


5.1.3.40. Үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісті жобалау және қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту

2011-2012 оқу жылдары республиканың жалпы білім беру ұйымдарында 46 спорт залы, 67 ойын және 66 спорт алаңдары қалпына келтірілді. 70 спорт залы, 71 ойын және 116 спорт алаңдары қайта ашылды.

1248 мектепке жаңа жиһаз сатып алынды. Ағымдағы қадағалау барысында анықталған бұзушылықтар үшін мемсанэпидқадағалау органдары 586 айыппұл салды, 638 ұйғарым берді. 8 спорт залдың жұмысы тоқтатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.44. Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша ақпараттық науқан (бейне және аудио роликтер шығару) жүргізу

2012 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласында жасөспірімдерге және жастарға арналған Ұлттық тәуліктік тіке байланыс желісінің телефоны (150) қызмет істейді. Бүгінгі таңда «Тіке байланыс желісі» орталығында акушер-гинекологтар жұмыс істейді. Шағымдар Қазақстан Республикасының барлық жерінен тіркеуге алынады. Қызмет істеу кезінде 5 700 астам шағым түсті.

Жастарды психоәлеуметтік қолдау (тіке байланыс желісі 150) бойынша бейне және аудиороликтер жасалды, олар «ХИТ» ТРК және «ХИТ FM» радиостанциясында көрсетілді.

Интернет арқылы www.youtube.com. Видеороликтерді орналастыру жолымен саламатты өмір салтын насихаттау шаралары белсенді күшейтілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница