Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат




НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
страница1/23
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.islamhouse.com/d/files/kk/ih_books/single/kk_Sins_and_Wrong_Deeds.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23






№ исх: 08-8/01-2246 от: 01.02.2013

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Үкімет мемлекеттік бағдарламаның алты негізі бағыттары бойынша нысаналы индикаторларға және көрсеткіштерге қол жеткізуді және міндеттердің орындалуын көздейтін Іс-шаралар жоспарын қабылдады. Мемлекеттік бағдарлама 216 тармақтан тұрады. Мемлекеттік бағдарламаға соңғы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен енгізілді. 2012 жылға 34 іс-шараны аяқтау мерзімімен 163 іс-шараны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 1 орындалған жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғам, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар жұмылдырылды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 1000 адамға шаққанда мынадай көрсеткіштермен ұсынылған: халықтың табиғи өсуі – 14,51 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 13,95); туу – 23,07 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 22,78); өлім – 8,56 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 8,83). Халықтың табиғи өсу көрсеткіші орта республикалық деңгейден жоғары Маңғыстау (25,96), Оңтүстік Қазақстан (25,42), Қызылорда (21,86), Атырау (21,51), Жамбыл (19,97), Алматы (16,25), Ақтөбе (16,1) облыстарында және Астана қаласында (21,06) байқалады.

Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 69,01 салыстырғанда 69,6 құрады.

2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,4-ке қарсы 100 000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

Бала өлімінің көрсеткіші 9 %-ға төмендеді және 14,84-ке қарсы 1000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

2012 жылы халықтың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 86,6 салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 81,7 құрады.

АТИВ-инфекциясының 15-49 жастағы топта таралуы жоспарланған 0,2-0,6% кезінде 0,19%-ды құрады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар мынадай жолмен жүзеге асырылды.

5.1.5. Денсаулық сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніңде ұсыныстар енгізу

ҚР ДСМ 2012 жылғы 8 мамырдағы № 322 бұйрығымен құрамында ҚР ДСМ, ҚР ЕжХӘҚМ өкілдері бар жұмысшы топ құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді:

- өнеркәсіптік орындарда қатерлерді басқару жүйесіне ауысу;

- ҚР заңнамалық актілеріне кәсіптік қатерлер ұстанымынан өзгерістер енгізу;

- кәсіби аурулардың және уланулардың және т.б. мемлекеттік тіркелімін әзірлеу.


5.1.7. Қызметкерлердің, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар жайындағы үлгілік медициналық пункттер қызметкерлерінің денсаулығын қолдау жөніңдегі қолда бар инфрақұрылымды бағалау

Өнеркәсіп объектілеріндегі қызметкерлердің тізімдік құрамына байланысты медициналық пункт, фельдшерлік және дәрігерлік сауқтыру пункт құрамына және алаңына талаптар қойылған «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен жайларға қойылған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 Қаулысы қабылданды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.10. Еңбектің зиянды жағдайындағы жұмысшылардың жұмыс уақытының барынша ұзақтығын айқындау бойынша зерттеу жүргізу

Зиянды еңбек жағдайда қызметкерлердің барынша көп жұмыс ұзақтығын белгілеу бойынша зерттеуді «ҚР еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғану республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК (2011-2013жж.) жүргізуде.

Ағымдағы жылда аралық есептің нәтижелері:

1) тау-кен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек жағдайларын кешенді гигиеналық бағалау негізінде еңбектің қатер және қауіп классы, еңбек процесінің қиындығы және қарбаластығы айқындалған;

2) жұмыс орындарда алмастырмалы тозаңның мөлшері есептелді, тау-кен өнеркәсіптің негізгі кәсіби топтардың жұмыс орындарында тозаңның мөлшерлі жүктемесі есептелді;

3) өнеркәсіптік ортаның негізгі жағдайсыз факторларының мөлшерге тәуелді жүктемесіне математикалық есептер әдістері ұсынылды.

2013 жылғы жоспар:

1) зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс өтілін дәлелдеумен өндірістің зиянды факторларының қызметкерлерге әсер етудің жеке және топтық экспозицияға бағалауды өткізу;

2) зиянды жұмыс өнеркәсіптерінде жұмыстың барынша ұзақтылығы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.13. Темекі шегуді алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығару және телерадио хабарын тарату арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерін катыстырып науқандар мен жобаларды өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі телерадиохабарлама арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерінің катыстысуымен ақпараттық-насихаттау науқандары мен жобаларын жүзеге асырды және темекі шегу мен ішімдікті шектен тыс қолдануға қарсы баспа материалдарын шығарды.

Атап айтқанда «Егемен Қазақстан» газетінде жаппай спортпен шұғылдануды насихаттау тақырыбында мемлекеттік тілде 4 мақала және орыс тілінде 4 мақала жарық көрді.

Мақалалар 50 мың тиражда келесі нөмірлерде басылып шығарылды:

  1. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 834-839 (27910);

  2. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446-447 (27265-27266);

  3. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 847 (27918);

  4. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (2787);

  5. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 423-424 (27242-27243);

  6. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 440-441 (27259-27260);

  7. 2012 жылғы 13 қарашадағы № 744-745 (27817);

  8. 2012 жылғы 17 қарашадағы № 399-400 (27218-27219).

Сонымен қатар, 2012 жылғы 27 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін «Рахат-ТВ» ЖШС телеарнасында тікелей эфирде еліміздің алдыңғы қатарлы спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен таңғы гимнастика көрсетілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі шылым шегудің, ішімдікті шектен тыс қолданудың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында республика деңгейінде көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен төмендегідей науқандар өткізілді:

- Саламатты өмір салтын насихаттау үшін қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Жастар дауысы» шарасы («Жігер» тобы, Дәрібаевтар отбасы, Олег Ким және т.б.);

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілінің қатысуымен Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күніне орай баспасөз конференциясы;

- Бокс бойынша әлем чемпионы Е. Ибраимовтың қатысуымен Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күніне байланысты пікірталас;

- Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен Дүниежүзілік есірткілік затты шектен тыс қолдану және оның заңсыз айналымымен күрес күні шеңберінде веложарысы.

Бұдан басқа, республикалық деңгейде эфирге талдамалық, публицистикалық, білімді-танымдық сипаттағы 1600 астам сюжет шықты. Баспасөз басылымдарының арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға анағұрлым көңіл келесі газеттермен: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Экспресс К», «Око», «Ел», «Республика.kz», «Страна и мир», «Спорт өмірі», «Спортивная жизнь», «Астана турспорт» мен «Казинформ», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерімен бөлінеді.

Республиканың барлық аумағында саламатты өмір сүру салты жайында билбордтар, лайтбокстар орнатылған.

Телеарналарда көрсету мақсатында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған 14 теле бағдарламалары (ұзақтылығы 20 минут), 14 бейне-, 13 аудиороликтері жасалды. Нашақорлықты, «Кальян» шылым шегуді, алкоголизмді профилактикалау бойынша ақпараттық-шолу материалдары (плакаттар, буклеттер, үнпарақтар) жасалып, таратылды: шылым шегу - 1131529 дана, нашақорлық – 1127872 дана, алкоголизм – 1100113 дана.

Республикалық телеарналар мен радиостанцияларда бейне және радио роликтердің көрсетілімі өткізілді, бейнероликтер көрсетілімінің саны - 1232.

Алматы мен Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтердің 38 820 көрсетілімі ұйымдастырылды (10 бейнеролик), саламатты өмір салтын ғаламтор арқылы насихаттау www.youtube.com. сайтына бейнероликтерді жүктеу арқылы жүзеге асырылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.14. Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөніңде әлеуметтік бейнероликтер жасау

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде 5 әлеуметтік бейнеролик дайындады, олар «Қазақстан», «Астана», «31 арна», «СТВ» телеарналары эфирінен көрсетілді (қараша-желтоқсан айларында). Бейнероликтердің тізімі:

-«Саламатты әлеумет-айбынды мемлекет» 90 секунд.

-«Рухы биіктер» 35 секунд.

-«Мен-чемпионмын»35 секунд.

-«Спорт алаңындағы кездесу» 35 секунд.

-«Лондон 2012» 90 секунд.

СӨСҚҰО саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша 14 бейне және 13 аудиоролик жасалды, саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша телеарналарда эфирге шығу арқылы 16 телехабар жасалды (хронометраж 20 мин.). Бейнероликтерді көрсетудің жалпы саны – 1232 шығу, аудиороликтер – 1200 шығу. Республика бойынша саламатты өмір салтын қалыптастырудың барлық аспектілері бойынша бейне және аудиоөнімдерін көрсету жүзеге асты (шығу саны): телеарнада көрсету – 8232 және радиода хабарлау – 83093.

Алматы және Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтер көрсетілді – 38820 шығу (10 бейнеролик):

-Астана қаласының әуежайында цилиндирлік мониторда бейнероликтер көрсетілді – 20820 шығу (10 бейнеролик); - Алматы қаласының әуежайында халықаралық және жергілікті ұшу залдарының мониторларында бейнероликтер көрсетілді – 18000 шығу (10 бейнеролик);

- бейнероликтерді www.youtube.com. сайтына орналастыру ғаламтор арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды белсенді түрде күшейту қолданылады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.15. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 2012 жылғы 27-28 қазанда және 8 желтоқсанда Орталық мемлекеттік органдар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізді. Спартакиадаға 25 мемлекеттік органнан 800-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. Жарыстар халықаралық стандарттарға сәйкес келесі спорт ғимараттарында өткізілді:

- «Астана Арена» стадионы;

- «Сарыарқа» республикалық велотрегі;

- «Алау» мұз айдыны;

- «Зодиак» бильярд клубы;

- «7 Континент» ғимаратының шахмат мектебі.

2012 жылғы 17-21 қазанда Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Жас әскери бірлестіктерінің республикалық штабы және Әскери-спорттық клубтарының федерациясы қатысуымен әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастар арасында республикалық спартакиада өткізілді.

Жарысқа еліміздің 6 облысынан 9 топ қатысты, 200-ге жуық жас спортшы қамтылды.

Спартакиада бағдарламасына спорттың әскери-қолданбалы түрлерін, оның ішінде, әскерилендіріліген кросс, эстафета және оқ ату сайыстары енгізілді.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Спартакиада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында және «Зеленый бор» демалыс орнында өткізілді.

2012 жылғы 7-8 желтоқасанда Ақтөбе қаласында Салалық кәсіподақтар арасындағы жазғы республикалық спартакиада өткізілді. Жарысқа 9 салалық кәсіподақ командалары, 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиада спорттың 8 түрінен өткізілді. Оның ішінде:

-қол күресі;

-гір көтеру;

-қазақ күресі;

-үстел теннисі;

-тоғыз құмалақ;

-шахмат;

-дойбы;

-жеңіл атлетика.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподақтары қызметкерлері жеңіп алды, екінші орынды ауыл шаруашылығы кәсіподақтары қызметкерлері, ал үшінші орынға білім және ғылым кәсіподақтары қызметкерлері орналасты.

Марапаттау рәсімінде Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен республиканың барлық аумағында Ұлттық ойындар күні, 2012 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Медицина қызметкерінің күніне орай медицина қызметкерлерінің арасында республикалық спортакиада өтті. Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі» өтті.

Жалпы 23721 іс-шара өткізілді, оның ішінде: «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіру, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай сынып сағаттары, «Облыстық саңырауқұлақ фестивалі», «Менің Қазақстаным» поезді және «Көңілді экспресс» жарысы, 47 телебағдарлама, 26 радиобағдарлама, мерзімді баспалардағы 59 мақалалар, 84 аудио-бейне роликтерінің көрсетілімі, 47 175 дана ақпараттық-танымдық материалдар.

«2012 Денсаулық фестиваліне» республика бойынша 1614413 адам қатысты, оның ішінде «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіруде 181 837 адам, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай сынып сағатында 10 000-нан астам оқушы қатысты.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.16. Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Саламатты Қазақстан» телевизиялық  бағдарламасын құру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы тармақты іске асыру шеңберінде «Хабар», «Ел Арна», «СТВ», «Астана», «7 арна», «31 арна» телеарналарында; «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Заң газеті», «Юридическая газета», «Республика kz», «Экспресс К», «Ел», «Жас қазақ», «Страна и мир», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Московский комсомолец в Казахстане» газеттерінде; «Қазақпарат», «Bnews», «КазТАГ», «Тенгри ньюс», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері жарияланды.

Жалпы 2012 жылы денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша республикалық арналарда 1000 астам сюжет көрсетілді, газеттерде 1300 астам мақала, сондай-ақ ақпараттық агенттіктерде 350 хабарлама жарияланды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат icon«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница