Үстеме пайда салығЫ




НазваниеҮстеме пайда салығЫ
Дата конвертации07.02.2016
Размер44.4 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://akimzyrian.gov.kz/kz/files/taxes_03.doc
ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ

Төлеушiлер 

Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар  бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiсi

 1. Жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады. 

2. Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты Салық Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:

1) Салық Кодекстің 100 – 114, 116 – 122-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын  есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мынадай шығыстар мен залалдар шегінде:салық кезеңі ішінде қолданыстағы тіркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлік есепте тіркелген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтердің кейінгі шығыстарының сомалары шегіндегі шығыстарды қоса алғанда, тіркелген активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстардың;жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және                           112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрі шегерімге жатқызылатын шығыстарының;

3)  Салық Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерінде шеккен залалдардың сомасы ретінде айқындалады.

 4. Салық  Кодекстің 348 баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар мен залалдарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерге жатқызу кез келген мөлшерде (348 баптың 3-тармағының                         2) тармақшасында көрсетілген нақты келтірілген шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

5. Тиісті  салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу кезінде 348 баптың 4-тармағында белгіленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы 348 баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан 348 баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін бұдан бұрын шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпорациялық табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.

Салық  базасы


1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының Салық Кодекстiң 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.

2. Осы тараудың мақсатына орай таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

3. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық Кодекстiң 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, Салық Кодекстің 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын резидент еместер үшін таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа байланысты тұрақты мекеменің таза табысына есептелген салықтың сомасына азайтылады.

Есептеу тәртібі

1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбір бөлігіне Салық Кодекстiң                       349-бабына сәйкес айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін салық базасына Салық Кодекстiң  351-бабында белгiленген әрбір тиісті ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Салық  Кодекстің  350 баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін және жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының нақты алынған мәні негізінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) Салық Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын Салық Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңінде есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының сәйкес келетін мәнінің жоғары шегінің көбейтіндісі ретiнде айқындайды;

2) жылдық жиынтық табыстың алынған есеп айырысу мәні негізінде Салық Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін таза табыстың тиісті есеп айырысу сомасын айқындайды;

3) салық кезеңінде алынған нақты таза табысты Салық Кодекстің                351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін деңгейлер бойынша бөледі.Таза табыстың есеп айырысу сомасы, жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы, Салық Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген шегерімдердің жалпы сомасы мен Салық Кодекстің                 349-бабының 4-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, корпорациялық табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

4)  Салық Кодекстің 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне қатысты таза табыстың әрбір бөлігіне үстеме пайда салығының тиісті ставкасын қолданады.

Үстеме пайда салығының ставкалары


Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар өзгермелі шкала бойынша мынадай мөлшерде төлейді:

              Салық кезеңі


Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 148-бабында айқындалған салық кезеңі қолданылады.

          Салықты төлеу мерзімі


Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

 Салық декларациясы 

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

Похожие:

Үстеме пайда салығЫ iconКөлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ...
Үстеме пайда салығЫ iconПайдалы қазбаларды өндiру салығы
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 330 баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді
Үстеме пайда салығЫ iconЕ. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
А,В,с егер а оқиғасы әр сынақта сөзсіз пайда болса, онда ол ақиқат оқиға деп аталады. Сынақ кезінде пайда болмайтын оқиға мүмкін...
Үстеме пайда салығЫ iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00-нысан)
Үстеме пайда салығЫ iconҚмму ф 4/3-07/02
Мақсаты: Мутацияның пайда болуы және оның репарация механизмдерін, мутацияның пайда болу себептерінәі негізгі түрлерін оқыту
Үстеме пайда салығЫ iconЕ. к барлықов Сапа – нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Сапа деген ұғымның өзі ертеде пайда болып, жүздеген тіпті мыңдаған жылдар бойы қолданылып келеді. Бәлкім ол сауда сауда пайда болған...
Үстеме пайда салығЫ iconСалықтардың экономикалық мазмұны мен функциялары
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға...
Үстеме пайда салығЫ iconИнфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен...
Үстеме пайда салығЫ iconТілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде...
Үстеме пайда салығЫ iconАіи – ң жетекші түрлері болып табылады: (4)
Епм – де пайда болған кез – келген инфекциялық ауру, егер осы ауру епм – ге түскенге дейін болмаған жағдайда немесе жазылып шыққан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница