Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы




НазваниеҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
страница1/34
Дата конвертации07.02.2016
Размер3.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kisc.kz/files/bbd_k.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.01.2015 11:07:53


Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi, кіріспе алып тасталды

 

I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары

(1 - 59-3 баптар)

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 11-2-баптар)

2-тарау. Банкiлердi құру

(12 - 29 баптар)

3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру

(30 - 40 баптар)

4-тарау. Банкiлердiң қызметiн реттеу және депозиторлардың мүддесiн қорғау

(41 - 52 баптар)

4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері

(52-1 - 52-11 баптар)

5-тарау. Есеп және есеп беру

(53 - 56 баптар)

6-тарау. Банктерге және олардың үлестес тұлғаларына аудит

(57 - 59 баптар)

II Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары

(60 - 74-4 баптар)

7-тарау. Банктердi және банк холдингтерін ерiктi түрде қайта құру

(60 - 61 баптар)

8-тарау. Банкті және банк холдингін консервациялау

(62 - 67-1-баптар)

9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру

(68 - 74-4 баптар)

III Бөлiм Қорытынды ережелер

(74-5 - 78 баптар)

9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк

(74-5 - 74-9 баптар)

10-тарау. Қорытынды ережелер

(75 - 78 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен, «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

I Бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi

1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі − әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.

3. Банкінің ресми мәртебесi жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

 

11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап жаңа редакцияда; 06.03.97. № 83-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілдi; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:

бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;

бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;

заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) банкаралық клиринг - төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

3) банк конгломераты - банк холдингінен, банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.

Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.

4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

2012.05.07. № 30-V ҚР
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Р 2015 жылғы 2 тамыздағы №342-v заңын қараңыз (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconЕкінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкоперацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы icon«Нұрбанк» АҚ-тың Директорлар кеңесі бекіткен 1-Бөлім. Жалпы шарттар
Республикасының №2444 «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» Заңының негізінде және сол Заңға Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы icon«Қазақстанның кәсіби бағалаушылары Палатасы» бп конференциясында Бекітілген
Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы...
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы iconРешение жарма ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница