Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»




Скачать 353.74 Kb.
НазваниеПән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер353.74 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://tarih-geografia.ucoz.kz/_ld/0/3__-www.toprefera.doc
  1   2   3

G-041.07.05.23-2013

Силлабус ГОСО бакалавриата

Ред. 1.

Страница из




СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ Университеті


МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ микробиология КАФЕДРАСЫ


Силлабус

(Syllabus)


Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика

Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Оқу сағаттарының көлемі: 90 (2 кредит)


Курс: 1

Семестр: 1


Семей 2014

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 3.08.389-2006 ҚР ММОС және 2007 жылғы «Молекулалық биология және медициналық генетика» типтік оқу бағдарламасы негізінде Семей қаласының ММУ молекулалық биология және микробиология кафедрасымен дайындалды.


«28» 08. 2014 ж. кафедра мәжілісінде талқыланған

№1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________________ профессор Мынжанов М.Р.


Оқытушылар туралы мәліметтер:


Кафедра меңгерушісі: Мынжанов Масығұт Рахымұлы, б.ғ.д. профессор

Ғылыми бағыты: Радиациялық факторларға және паразитарлық аурулар кезінде болған өзгерістердің иммунологиялық реактивтілігін арттыру ретінде иммунореттеуші әдістерді қолдану.

Научная школа: Семей мемлекеттік медициналық институты, «Коррекция иммунного ответа при химиотерапии экспериментального трихинеллеза» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған. 1993 жылы Мәскеу қаласында «Коррекция радиационных иммунодефицитов с целью профилактики эхинококкоза» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған.


Ақышпаева Оразбану Түскенқызы, м.ғ.к., доцент.

Ғылыми бағыты: клеткадағы белоктың биосинтез және модификация мәселелері, дамудың туа біткен ақаулары, Семей аймағының туа біткен патологиясы, Семей ядролық полигонына жақын территориялардың экологиялық мәселелері.

Ғылыми мектебі: Д.И. Ивановский атындағы вирусология институты, 1982 жылы Мәскеу қаласында «Биосинтез и модификация белков в клетках, зараженных вирусов гриппа» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған.


Маусунбаева Лэйлэ Насырқызы, б.ғ.к., доцент, СММА профессоры

Ғылыми бағыты: бруцеллезге иммунитеттің қалыптасу процесінде тәуліктік ырғақтар; дамудың туа біткен ақаулары, Семей аймағының туа біткен патологиясы, Семей ядролық полигонына жақын территориялардың экологиялық мәселелері.

Ғылыми мектебі: Семей мемлекеттік медициналық институты, 1990 жылы Алматы қаласында «Суточные ритмы в прцессе формирования иммунитета к бруцеллезу у морских свинок, вакцинированных штаммом «Brucella abortus-19» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған.


Оразалина Айнаш Сапарқызы, б.ғ.к., доцент, КОЖ, стоматология, шетел бөлімінің деканы.

e-mail: O-ainash2007@yandex.ru

Ғылыми бағыты: Эхинококкозды емдеудің жаңа әдістерін өңдеу және жалпы гамма сәулеленудің аз мөлшерінің әсерінде паразитарлық аурулар кезінде организмнің иммунореактивтілігін зерттеу.

Ғылыми мектебі: Семей мемлекеттік медициналық институты, 1999 жылы «Функциональное состояние иммунной системы при экспериментальном эхинококкозе на фоне введения антигельминтиков» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған. .


Ибраева Гүлжан Рахимжанқызы, аға оқытушы

e-mail: zhan2509@mail.ru

Ғылыми бағыты: эндемді және дәрілік өсімдік түрлері.

Ғылыми мектебі: Семей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурсы, «Шығыс Қазақстанның эндемді өсімдіктері, олардың биологиясы және таралу ерекшеліктері» тақырыбына магистрлік диссертация қорғаған.


Темекбаева Эльмира Сайлауғазықызы, оқытушы

e-mail: temekbaeva@yandex.ru

Ғылыми бағыты: ағаштекті өсімдіктердің аурулары.

Ғылыми бағыты: Семей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасы, «Қарағайдың аурулары» тақырыбына магистрлік диссертация қорғаған.


Кафедра туралы ақпарат: кафедраның орналасқан орны Семей қаласы, Абай көшесі 103, бас ғимарат, 3-қабат. 319-бөлме. Телефон: 56-53-33 (1073)


Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

  • Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

  • Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

  • Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

  • Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

  • Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

  • Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)



Кіріспе


Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және ақуыздардың, матрикалық синтездерді, генетикалық материалдарды ұйымдасуын және қызмет етуін, сонымен қатар жасушалар мен органеллалардың құрылымы мен қызметінің молекулалық негіздерін, клеткалардың өсу, даму, бөліну және тіршілігін жою үдістерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу және даму себептерін, оларды анықтау, алдын алу және емдеу шараларын зерттейді.

Медициналық жоғары оқу орындарында молекулалық биологияны оқыту клетканың құрылысы мен қызмет етуінің молекулалаық негіздерін, гендер экспрессиясының реттелуін, матрикалық синтезді, сигнал беру механизмдерін түсінуге негіз болады. Бұл тіршіліктің қалыпты үрдістерімен қатар, көптеген аурулардың, оның ішінде медициналық генетиканың мазмұны болып табылатын гендер мен хромосомалар мутациясымен байланысты тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын анықтайтын себептерді түсінуге қажет.

Бірінші курстан бастап мұндай фундаментальдық дайындық студенттердің клиникалық ойламдығын бекітуге мүмкіндік береді. Студент молекулалық биология және медициналық генетикамен танысу барысында тіршіліктің өзгеріс механизмдерінде молкулалық және жасушалық негіздерін, және олардың патологияның пайда болуы және көрінуін, сонымен қатар жаңа молекулалық-генетикалық диагностика және алдын алу әдістерімен танысады.

Бұл биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерства және гинекологияны игеруде теоретикалық база бола алады.


Пәннің мақсаты:

Студенттерде организм функциясының негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, генетика және экогенетика негіздері және олардың халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудегі ролі туралы қазіргі таңдағы білімді қалыптастыру.


Оқытудың міндеттері:

  • гигиеналық және медициналық-профилактикалық шаралар мен адамның тіршілік ету ортасын сауықтыруды жүргізу үшін қалыпты және патологиялық жағдайда ағза қалыптасуының молекулалық-генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролі туралы ұғым қалыптастыру;

  • теориялық және тәжірибелік медицинада қазіргі молекулалық және генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі қағидалары туралы түсінік қалыптастыру;

  • жиі кездесетін ауруларды уақытында диагностика жасау және алдын алу шарасын жүргізуде тұқымқуалайтын аурулардың негізгі белгілерін табуға үйрету;

  • медицинада молекулалық-генетикалық жетістіктерді қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы мәлімет беру;

  • ғылыми әдебиетпен және электрондық биомедициналық деректер жиынымен жұмыс жасау дағдыларын үйрету.


Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

  • тіршілік ұйымдарының клеткалық және молекулярлы –генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтарын;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымдық- функциональдық ұйымын

  • адам ағзасына сыртқы ортаның зиянды факторларының молекулярлы – генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі ролін;

  • молекулярлы – генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптерін;

  • молекулярлы- биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;


Студент істей алуы керек:

  • оптикалық құрал – микроскоппен жұмыс жасау, уақытша препараттар дайындау техникасын меңгеру;

  • 1 курс студенттеріне клиникалық ойлауды қалыптастыру үшін ситуациялық есептерді шығару;

  • қалыпты және патологияларда реттелу мен өздік реттелудің қорғаныс- бейімделушілік процесстерін түсіндіретін және денсаулықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін факторларды бағалау үшін, молекулярлы- генетикалық процесстер туралы білімді қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі типтерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотиптін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулярлы – биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану.


Пререквизиттер: биология және химияның мектеп бағдарламасы, медициналық биофизика.

Постреквизиттер: биохимия, гистология, патофизиология, балалар аурулары, акушерство және гинекология.



Пәннің қысқаша мазмұны

Молекулалық биология және генетика пәні мен міндеттері, даму тарихының негізгі кезеңдері. Зерттеу бағытындағы негізгі қазіргі заманға сай және даму болашағы. Молекулалық биология және медициналық генетикадағы отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктері. Клиникалық мәселелерді шешуде молекулалы-генетикалық білімнің рөлі.


Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыптардың атауы

Сағаттар

саны

1


Молекулалық биология және генетикаға кіріспе. Белоктар құрылысы және атқаратын қызметі.

Нуклеин қышқылдарының құрылысы, атқаратын қызметі және биосинтезі. Про- және эукариоттарда гендер экспрессиясын реттелуі.

2


2



Зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістері, медицинада қолданылуы.

Биологиялық мембраналар қызметінің молекулалық-генетикалық механизмдері.

Клеткалық цикл және оның реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері. Апоптоз.

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Жыныс генетикасы. Белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауы.

2



3


Өзгергіштік. Модификациялық, комбинативтік, мутациялық өзгергіштік. Канцерогенез.

Даму генетикасы. Жеке дамудың клеткалық және генетикалық негіздері.

2


4



Адамның тұқым қуалайтын аурулары. Тұқым қуалайтын аурулардың негізгі топтары.

Тұқым қуалайтын аурулар диагностикасы және алдын алу.

Адам генетикасын зерттеу әдістері - 1

Адам генетикасын зерттеу әдістері – 2

Популяциялық генетика негіздері.

Зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістері. Гендік инженерия. Клондау.

2



5

Адам экологиясы. Антропогендік экожүйелер. Экогенетика және фармакогенетика негіздері.

2

Барлығы

10 сағат
  1   2   3

Похожие:

Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconПән коды: Мiс 2210 Мамандық : 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – 5В110200 негізінен құрастырылып,...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconСиллабус молекулярлық биология және медициналық генетика mbg 1201
Силлабус mbg 1201 «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «5В110200- Қоғамдық...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» icon«ҚОҒамдық денсаулық сақтау» факультеті
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша білімін бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconБиология кафедрасы силлабус
Силлабус 051101- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулярлық...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconПән коды: Ana 1215 Мамандығы: 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау
Анатомия және гистология оқу жұмыс бағдарламасы, анатомия пәнінің типтік оқу бағдарламасы бойынша құрылған
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» iconПән: Медициналық биология генетикамен Мамандығы
Тақырыбы 5: «Медициналық генетика негіздері. Гендік және хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын патологияларды анықтау және алдын...
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» icon«стоматология» факультеті молекулалық биология және медициналық генетика пәні бойынша білімін бағалау үшін
Клетка – тіршіліктің элементарлы-құрылымдық бірлігі. Клетка органоидтарының құрылысы және атқаратын қызметтері
Пән: Молекулалық биология және медициналық генетика Мамандық коды: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» icon«Анатомия және физиология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы бекітемін оәжтж проректоры
Пән бойынша жұмыс бағдарламасы 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін Типтік оқу бағдарламасының, Астана 2012 ж., негізінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница