1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін




Название1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін
страница1/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер1.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish111255_8705.doc
  1   2   3   4   5   6   7


2012 жылғы 28 сәуір 154


Қазақстан Республикасында

валюталық операцияларды

жүзеге асыру қағидаларын

бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:


1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 2 ақпанда № 17 (1046), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2006 жылғы желтоқсанда – 2007 жылғы қаңтарда жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 60 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4840 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 15 тамызда № 124 (1153) жарияланған);


3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5823 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 6 қарашада № 170 (1593), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 12 жарияланған).

3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі


2012 жылғы «____»__________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі


2012 жылғы «____»__________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі


2012 жылғы «____»__________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда министрлігі


2012 жылғы «____»__________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

№ 154 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасында

валюталық операцияларды жүзеге асыру

қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және резиденттердің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тiркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі валюталық операциялар бойынша ақша төлемі мен аударымын жүргізуге, шетел валютасын сатып алу және сатуға, қолма-қол шетел валютасын алуға (есептеуге) және пайдалануға қатысты белгіленеді.

Тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелері асып кеткен жағдайда тіркеудің немесе хабарлаудың талаптары туындайтын шекті мәндерді, сондай-ақ тіркеу және хабарлау режимдеріндегі ерекше жағдайларды айқындайды.

Ұлттық Банктің валюталық операцияларды тіркеуді және және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртiбi валюталық операциялардың жекелеген түрлері үшін тіркеу және хабарлау рәсімдерінен, резиденттердің берілген тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктер шегінде мәліметтер беру нысаны мен тәртібінен, валюталық реттеу режимдерінің жеке жағдайларынан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Заңда көрсетiлген мағынада пайдаланылады.

Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрi – биржа) негiзгi сессиясында қалыптасқан және Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5570 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Ұлттық Банк Басқармасының «Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына (бұдан әрi – Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібі) сәйкес айқындалған теңгенiң шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенiң биржада сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына қатысты, Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібіне сәйкес кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелген бағамы;

2) инвестициялау объектiсi – бағалы қағаздары (қатысушылардың дауыстары) сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлкіне мүліктің жарна салынатын (салынған) ұйымдар. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргiзген жағдайда олардың базалық активi болып табылатын бағалы қағаз эмитентi инвестициялау объектiсi болып табылады;

3) өз операциялары – валюталық шарттың тарабы болып табылатын резиденттiң өз атынан және өз қаражаты есебiнен жүзеге асыратын валюталық операциялары;

4) резидент емес эмитенттердiң бағалы қағаздары – базалық активi резидент емес эмитенттердiң бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының және (немесе) эмитент елiнiң заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар ретiнде танылатын қаржы құралдары;

5) резидент эмитенттердiң бағалы қағаздары – базалық активi резидент эмитенттердiң бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар ретiнде танылатын қаржы құралдары;

6) тiкелей инвестициялау объектiсi – дауыс беретiн акцияларының он және одан көп пайызы немесе қатысушылардың жалпы дауыс санының он және одан көп пайызы тiкелей инвесторға тиесiлi (тиесілі болатын) заңды тұлға;

7) тiкелей инвестор – инвестициялау объектiсiне тiкелей инвестициялауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) заңды немесе жеке тұлға.

3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7584 тiркелген, Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына (бұдан әрi – Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес айқындалатын күн экспорт немесе импорт күнi болып табылады.

4. Егер осы Қағидаларда өзгеше жазылмаса, заңды тұлғаларға қатысты белгiленген нормалар олардың филиалдарына және өкiлдiктерiне де қатысты қолданылады.

5. Осы Қағидаларға сәйкес талап етiлетiн ақпаратты (хабарлама, есептер, жазбаша хабарлар) уәкiлеттi банктер берілетін деректердiң құпиялылығын және сәйкестігін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепiлдiкпен жеткiзетін көлік жүйесiн пайдалана отырып, қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсілмен ұсынады.

6. Уәкiлеттi банк Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бұзуды есептемегенде, күнтiзбелiк ай iшiнде өзiне мәлiм болған, банк клиенттері жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша, келесi күнтiзбелiк айдың соңғы күнiнен кешiктiрмей хабарлайды.


2. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерi

мен аударымдарын жүргiзу тәртiбi


7. Валюталық операция бойынша ақша төлемi мен (немесе) аударымын уәкiлеттi банк арқылы жүргiзген кезде ақша жөнелтуші немесе алушы болып табылатын резидент (резидент емес) уәкiлеттi банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшiн);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке тұлғалар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн), егер болса;

3) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы куәлiк (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшiн), егер бұл құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

4) Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық шарт. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты және келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе оның келісімшарттың есептік нөмірін алғандығы туралы белгісі бар көшірмесі;

5) Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда тiркеу куәлiгi, хабарлама туралы куәлiк;

6) Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не орындау қажеттігіне негіз болатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.

Мәмiленiң жағдайларын нақтылау, операцияны және оның қатысушыларын жiктеу мақсатында заңды тұлға уәкiлеттi банктiң талап етуi бойынша құрылтай құжаттарын ұсынады.

Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етiлетiн құжаттарды және мәлiметтердi ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi банк осы Қағидалардың 9-тармағының екiншi бөлігінде, 10 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операция бойынша ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүргiзбейдi.

8. Жеке тұлғалар арасындағы валюталық операция бойынша Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын өтеусіз ақша аударымы үшін, сондай-ақ жеке тұлғаның шетел банкіндегі өз банк шотына (өзінің банк шотынан) ақша аударуы үшін валюталық шартты ұсыну талап етілмейді.

Тiркеу, хабарлау немесе келісімшарттың есептік нөмірін алу талаптары айқындалған валюталық операция бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымы үшiн валюталық шартты ұсыну мiндеттi. Өзге жағдайларда резиденттің және резидент еместің банк шоты бойынша баламасы он мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген кезде, егер:

1) ақшаны жөнелтуші (алушы) резидент емес немесе резидент жеке тұлға болса;

2) ақшаны жөнелтуші (алушы) резидент заңды тұлға болса және ақшаны жөнелтуші (алушы) бұл ақша төлемі және (немесе) аударымы тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап ететін валюталық операцияны жүзеге асырумен байланысты емес екендігін растаса, осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер ақша төлемі және (немесе) аударымы валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргiзілген күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледi.

9. Резидент тiркеу куәлiгi және (немесе) хабарлама туралы куәлiк талап етiлетiн валюталық операция бойынша ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүргiзген кезде резидент уәкiлеттi банкке осындай құжаттардың түпнұсқаларын және көшiрмелерiн ұсынады. Оларды салыстырып тексергеннен кейiн көшiрмелерi уәкiлеттi банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Қағидалардың 73-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тiркеу куәлiгiнiң (хабарлама туралы куәлiктiң) түпнұсқасының орнына тiркеу куәлiгiнiң (хабарлама туралы куәлiктiң) нотариат куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Резидентте хабарлама туралы куәлiк болмаған жағдайда уәкiлеттi банк хабарлама туралы куәлiкті алу қажеттiгi туралы резидентке кез келген нысанда хабарлай отырып, операцияны жүргiзедi. Бұл ретте уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына резидент-клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есеп бередi. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.

Тiркеу куәлiгi талап етiлетiн валюталық операция бойынша резиденттiң пайдасына ақша түскен кезде уәкiлеттi банк резидентке тiркеу куәлiгiн ұсыну қажеттiгi туралы хабарлайды және көрсетілген құжатты резидент ұсынғаннан кейін ғана түскен ақшаны оның банк шотына аударады.

Егер тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік ресімделген валюталық шартқа осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 6) тармақшаларына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуды талап ететін өзгерістер енгізілсе, осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көзделген құжат ретінде қолданыстағы тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті қабылдауға жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк резидентке жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алу қажеттігі туралы кез келген нысанда хабарлайды.

10. Резидент (резидент емес) валюталық операция бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымын уәкiлеттi банк шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi банкке алдын ала ұсынбай жүзеге асырады. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi банктiң немесе Ұлттық Банктiң сұратуы бойынша ұсынылады.

11. Резидент заңды тұлға корпоративтiк төлем карточкаcын пайдалана отырып, валюталық операция бойынша сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүргiзген жағдайда, резидент заңды тұлға уәкiлеттi банкке валюталық шартты ұсынады. Резидент заңды тұлға көрсетiлген құжатты жоғарыда көрсетiлген операция жүргiзiлген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде ұсынады.

Егер ақша төлемі және (немесе) аударымы валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргiзілген күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледi.

12. Ақша жөнелтуші жеке тұлғаның валюталық шартты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкiлеттi банк валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын ақша жөнелтуші (алушы) мұндай аударымның мақсатын көрсеткен және оның:

1) уәкілетті банкке осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;

2) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін (резидент жеке тұлғалар үшін) алуды талап ететін валюталық операцияны жеке тұлғаның жүзеге асыруымен байланысты емес екендігін растайтын;

3) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес екендігін (ақшаны уәкілетті банкте шот ашпай-ақ аударған кезде) растайтын жасаған немесе растайтын жазбалары болған кезде ғана жүргізеді.

Бұл тармақтың ережелері жеке тұлғаның банк шоты бойынша уәкілетті банктің төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын ақша төлемдеріне және (немесе) аударымдарына қолданылмайды.

13. Уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша, жеке тұлғалар валюталық операциялар бойынша күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырған мынадай ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы:

1) егер ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкiлеттi банкте шот ашпай жүргiзiлген ақша төлемi және (немесе) аударымы туралы;

2) егер мұндай ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асқан болса, банк шоттары бойынша осы Қағидалардың 12-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген ақша төлемi және (немесе) аударымы туралы;

3) егер мұндай ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының не алынатын ақшаның сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкiлеттi банктiң төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымы не банк шотынан алынған қолма-қол ақша туралы ақпараттан тұратын есепті ұсынады.

Егер ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының не алынатын ақшаның валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргiзілген күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледi.

Осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есепке жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде жүзеге асырған валюталық операция бойынша ақша төлемдерi және аударымдары бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың шетел банктерiндегi өз банк шоттарына (өздерінің банк шоттарынан) ақша аударымдары бойынша ақпарат кiрмейдi.

14. Резиденттiң және (немесе) резидент еместiң мiндеттемелерiн орындау есебiне резидент үшiншi тұлға уәкiлеттi банк арқылы валюта операция бойынша жүргiзетiн ақша төлемi және (немесе) аударымы резидент үшiншi тұлға мен атына ақша төлемi және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын тұлғаның арасындағы өзара мiндеттемелердiң сипатын айқындайтын шартты ұсынған жағдайда, егер бұл осындай ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыруға негіз болған валюталық шартта көрсетiлмесе, жол берiледi.

Егер резидент жеке тұлға валюталық операция бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымын жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының мiндеттемелерiн орындау есебiне жүзеге асырған жағдайда, осындай жеке тұлғалардың арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарт ретінде ақша жөнелтушінің міндеттемелерді орындау есебіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.

15. Резидент еместiң шетел банкіндегi шотынан резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебiне жүзеге асырылатын резиденттiң валюталық операциясы бойынша ақша төлемi және (немесе) аударымына мынадай:

1) резидент резидент еместен алған қаржылай қарыз үшiншi тұлғалардың банк шотына есептелген;

2) бағалы қағаздар нарығында резидентке ол тiркелген мемлекеттiң заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар резидент емес қаржылық қызметтерді көрсеткен;

3) резидент емес тапсырма шарты бойынша резидентке қызмет көрсеткен жағдайда жол берiледi.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҰлттық Банк
...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconКодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 тармағына
Оса беріліп отырған салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесі бекітілсін
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану
Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҚазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам
Оса беріліп отырған Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында...
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін iconҮкіметтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар мөрлері туралы ереже туралы
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар мөрлері туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница