1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі




Скачать 310.61 Kb.
Название1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер310.61 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.theatre-library.ru/files/k/kureychik/kureychik_22.rtf
  1   2



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 9.10.07ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні: 29.08.2012ж.

Қайта қаралды:

Бет ден






CИЛЛАБУС


Пәні: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА МВМG 1201


Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»


Дәрістер: 36 сағат


Тәжірибелік сабақтар: 72 сағат


СӨЖ: 54 сағат


Сағат саны 162 сағат


Астана 2012ж.


Силлабус 051301- Жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.


Құрастырушылар:Мамбетпаева Б.С. Алтаева Н.З.

Силлабус АҚ «Астана Медицина Университеті» 051301 «Жалпы медицина» мамандығының студенттеріне арналған.


Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланған


№ 1 хаттама «29» тамыз 2012 ж.


кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева


1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әртүрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы.

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Кафедра доценті Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхамеджанқызы

Ғылыми қызығушылығы. Паразитология сұрақтары.

Аға оқытушы Жалмақанова Жанар Жұманбайқызы КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Оқытушы Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Оқытушы Қалбаева Айнагүл Еркінқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Биология факультеті.

Ғылыми қызығушылығы Оқу үлгеріміне сыртқы орта әсері.

1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «АМУ» АҚ оқу корпусы.


1.9 Пәннің саясаты

  • Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу,

  • Жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру,(екі апта аралығында)

  • Оқу тәртібін сақтау,

  • Құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау.

  • Ұялы телефондарды қолданбау

  • Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.


2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу кезеңдерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты кезеңдермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай қалыптасқан дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабілетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік кезеңдеріндегі молекулалық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі рөлін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология пәндерін оқу үшін теориялық база болып табылады.


2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзадағы негізгі молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.


2.3 Пәннің міндеттері:

  • Кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы молекулалы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиісті:

  • тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–қызметтік ұйымы

  • жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың рөлін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

  • генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі рөлі;

  • адамдағы тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілері;

  • тұқымқуалайтын аурулар диагностикасының; профилактикасының және емдеуінің негізгі принциптері;

  • молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;

  • молекуларлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;




  • Істей алуға тиісті:

  • молекулалы-генетикалық кезеңдер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, гистология, микробиология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушерлік және гинекология.


2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Молекулалық биология және медициналық генетикаға кіріспе.

Жалпылама

2

2

Нәруыздардың құрлысы мен қызметтері

Жалпылама

2

3

Нуклеин қышқылдары, жіктелуі, құрылысы мен қызметтері.

Жалпылама

2

4

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі

Жалпылама

2

5

Генетикалық код, түсінік, қасиеттері. Нәруыз биосинтезі.

Жалпылама

2

6

Про- және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі

Мәселелі

2

7

Жасушаның генетикалық аппараты

Жалпылама

2

8

Репарация - геномның кездейсоқ зақымдалуынан сақтандыруын қамтамасыз ететін жүйе

Жалпылама

2

9

Зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері және олардың медицина мен фармацияда қолданылуы.

Жалпылама

2

10

Жасушаның биологиялық мембранасының құрылысы мен қызметінің молекулалық механизмдері

Жалпылама

2

11

Жасуша ішілік органелла мен цитоқаңқаның құрылымы және қызметі

Жалпылама

2

12

Жасушааралық сигнализация мен интеграцияның молекулалық механизмдері

Жалпылама

2

13

Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері. Апоптоз.

Жалпылама

2

14

Даму генетикасы. Жеке дамудың жасушалық және генетикалық негіздері. Дамудың туа біткен ақаулары

Жалпылама

2

15

Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары

Жалпылама

2

16

Тұқымқуалайтын ауруларға арналған диагностика, профилактика және емдеу негіздері

Жалпылама

2

17

Популяциялық генетика негіздері

Жалпылама

2

18

Экогенетика және фармакогенетика негіздері

Жалпылама

2




Жалпы сағат саны: 18




36



Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары





Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Нәруыз құрылысы мен қызметтері.

Семинар.

Мультимедиялық мәліметтер базасы

2

2

ДНҚ құрылысы және қызметі.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

3

ДНҚ репликациясы.


семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

2

4

РНҚ түрлері. Құрылысы және қызметі.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

5

Генетикалық код. Транскрипция. РНҚ-ның посттранскрипциондық модификациясы.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2


6

Нәруыз биосинтезі трансляция


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

7

Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулалы механизмі.

Семинар



2

8

Аралық бақылау – коллоквиум №1..

Коллоквиум

2

9

Жасушаның генетикалық аппараты.

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

10

Мутациялық өзгергіштік. Мутагенез. Мутагендік факторлар

семинар ситуациялық есептерді шығару


2

11

Мутация типтері. Репарация.

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

12

Зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері. Гендік-инженериялық технологиялар.

семинар, ситуацияларды модельдеу


2


13

Аралық бақылау – коллоквиум №2.

Коллоквиум

2

14

Жасушаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау

2


15

Жасуша мембранасының молекулалық құрылысы және қызметтік жиынтықтары.

Коллоквиум

2

16

Жасушаішілік тасымалдаудың молекулалық механизмдері.

Семинар

2

17

Цитоқаңқа. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасушаішілк матрикс.

Семинар

2

18

Жасушаға сигналды берудің молекулалық механизмдері. Жасушаішілік сигнализацияның негізгі механизмдері.

Семинар

2

19

Жасушалық цикл және жасушаның бөлінуі

Семинар Препараттарды микроскоптан қарау

2

20

Жасуша пролиферациясы реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері.

Коллоквиум

2

21

Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.

Семинар

2

22

Аралық бақылау – коллоквиум №3.

Коллоквиум

2

23

Жеке даму генетикасы.

Семинар

2

24

Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы.

Семинар

2

25

Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процесстердегі рөлі.

Коллоквиум

2


26

Медициналық генетикаға кіріспе. Негізгі генетикалық түсініктер . Белгілердің тұқымқуалау түрлері.

семинар ситуациялық есептерді шығару


2

27

Адамның тұқымқуалайтын аурулары, жіктелуі,

медико-әлеуметтік маңызы.

Кіші топтарда жұмыс


2


28

Полигендік немесе мультифакторлық аурулар.

семинар

2

29

Хромосомалық аурулар. Тұқымқуалайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасы.

семинар

2

30

Тұқымқуалайтын аурулардың зертханалық диагностикалық және алдын-алу әдістері. Медико-генетикалық кеңес (консультация).

Іскерлік ойындар

2

31

Популяциялық генетика негіздері

Семинар

2

32

Популяциялық-генетикалық зерттеулер

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

33

Экогенетика негіздері

Коллоквиум

2

34

Фармакогенетиканегіздері.

Семинар

2

35

Аралық бақылау – коллоквиум №4.

Семинар

2

36

Қорытынды кеңес.

Семинар

2




Жалпы сағат саны: 72









Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.

Оқытушылардың аты жөні

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жума

Мамбетпаева Б.С.







16.00







Мироедова Э.П.







17.00







Алтаева Н.З.

16.00













Сманова Г.Б.













16.00

Абдрахманова Б.М.




16.00










Жалмаканова Ж.Ж.




13.00










Карагулова А.Ш.













10.00-14.00

Калбаева А.Е.







16.00






  1   2

Похожие:

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі iconСиллабус
Мму онкология кафедрасының меңгерушісі Сирота В. Б. м.ғ. д., профессор Кафедра және оқытушылар туралы жалпы мәлімет
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана 2006)...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus 1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі iconОқытушылар құрамын аттестаттау туралы
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби дамуының мониторингін жүзеге асыру мақсатында
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon2 Оқытушы туралы мәлімет
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Зоология», А. 2005 типтік бағдарлама және кафедра құжаттары негізінде құрастырылған
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының тарихы
КазҰУ тегі ертеде 1935 жылы Теориялық механика атауымен құрылған. 1939 жылдан дипломдандырылған механик –мамандығы бойынша түлектер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница