Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты




Скачать 111.8 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты
Дата конвертации07.02.2016
Размер111.8 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish655890_2583.doc
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты түсініктемесі

Агенттік Басқармасының «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамына ұлттық және шетел валютасында банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысымен:



- банк операцияларын қолданыстағы заңнаманы жүйелі түрде (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш рет және одан артық) бұзып, жүзеге асырғаны;


- төлем және аударым операциялары жөніндегі шартты міндеттемелерді тиісті түрде жүйелі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш рет және одан артық) орындамағаны;


- пруденциалдық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш рет және одан артық) бұзғаны;


«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында белгіленген банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзғаны;


- уәкілетті органға біле тұра шынайы емес есеп берулер мен мәліметтерді ұсынғаны;

- нормативтік құқықтық кесімдерді жүйелі түрде (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш рет және одан артық) бұзғаны үшін;


- уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш рет және одан артық) орындамағаны үшін Банкке ұлттық және шетел валютасында банк заңнамасымен көзделген операцияларды жүргізуге берілген лицензия қайтарып алынды.


«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 6-тармағына сәйкес банктен банк операцияларын жүргізуге лицензияны (лицензияны) қайтарып алғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілікті (уақытша администраторды) тағайындайды.


Агенттіктің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы №470 бұйрығымен Банктің уақытша әкімшілігінің құрамы тағайындалды, оған басқарудың барлық органының өкілеттілігі берілді. Бұрын жұмыс істеп тұрған Банктің басқару органдарының өкілеттілігі тоқтатылады.


Банктер туралы заңның 48-1 бабына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензиясы қайтарылып алынған банк банктік және өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ, уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдерімен көзделген шығыстарды және банкке келіп түскен ақшаны аударумен байланысты шығыстармен байланысты операцияларды қоспағанда, банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.


Уақытша әкімшілік қызметінің негізгі мақсаты банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және ВТБ басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.


Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 47-бабына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде заңнамамен белгіленген тәртіппен банк қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.


Осыған байланысты Агенттік заңнамамен белгіленген тәртіппен Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз берді.


Банкті тарату туралы сот шешім шығарғанға дейінгі кезеңде және Агенттік банктің тарату комиссиясын тағайындағанға дейін банк қызметі уақытша әкімшілік басшылығымен жүзеге асырылады.


Қазіргі уақытта банктің уақытша әкімшілігі бірінші кезекте мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:


банктің барлық мөрлерін, мөртабандарын, клише мен пломбирлерді, банктің барлық құжаттарын, банктің меншікті және кепіл мүлкін, ақпараттың электрондық тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етулерді, сондай-ақ басқа да құндылықтарды қабылдау;


банк кассасына және оның филиалдарына ревизия жүргізу, барлық ақшалай және өзге де құндылықтарды тексерумен байланысты, сондай-ақ корресспонденттік, ағымдағы шоттардың қалдықтарын тексеруді жүргізу;


баланстық (тыс) активтер мен міндеттемелерді, банк шарттарын, кредиттік досьелерді және басқа құжаттарды түгендеуді жүргізу;


банкке түсіп жатқан қолма-қолсыз және қолма-қол ақшаларды және қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге іс-қимылдарды келіп түсетіндерді бақылау;


Заңның 73-бабының 1-тармағының 3-тармақшасымен банкті мәжбүрлеп тарату туралы істі сот қозғаған күннен бастап кредиторлардың Банкке қоятын талаптары тек тарату процесінде ғана қойылады, банкті қамтамасыз етуге ағымдағы шығыстармен байланысты талаптарды қоспағанда.


Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшінен енген күннен бастап банкті тарату процесі басталады.


Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшінен енген күннен бастап уәкілетті орган Агенттік Басқармасы 25.02.06ж. №40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Банктерді мәжбүрлеп тарату ережесіне (бұдан әрі-№40 Ереже) сәйкес оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссиясын құруға міндетті.


Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған мүлікті басқару және таратылатын банктің істері жөніндегі өкілеттілігі беріледі. Тарату комиссиясы банк істерін аяқтау үшін шаралар қабылдайды, оның ішінде оның кредиторлары мен акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнінде таратылатын банктің атынан іс-қимыл жасайды.


№40 ереженің 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілінде жариялайды, сонымен бірге шағымдарды (өтініштерді) ұсыну мерзімдері және кредиторлар өз талаптарын ұсына алатын адрес көрсетіледі.


Банктерді мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, Банктер туралы заңның 73-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және № 40 Ереженің 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес және осы банкке қатысты мүліктік сипаттағы оның барлық талаптарын тарату процесі аяқталғанға дейін, осы сәттен бастап тек тарату комиссиясының атына ғана осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қатысушысы банк депозиторлары өтеуге тиіс сома мөлшеріндегі кепілдеме бойынша ұйымдастыру талаптарын қоспағанда ұсынылуы керек.


Сонымен бірге, банктерді мәжбүрлеп тарату жағдайында «Қазақстандық депозиттерге кепілдеме беру қоры» АҚ (бұдан әрі-Қор) депозитерлерге сыйақыны есептеместен бірақ кепілдік берілген өтемақының ең жоғарғы сомасынан астам емес сомада депозит бойынша қалдық сомасын төлеуге кепілдік береді.


Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

№ 40 Ереженің 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің ресми баспа басылымдарында тәртіпті, талаптарды (өтініштерді) қою мерзімдерін және кредиторлар өздерінің талаптарын қоятын мекен-жайды көрсетіп мемлекеттік және орыс тілдерінде банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты жариялайды.

Банктер туралы Заңның 73-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және № 40 Ереженің 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес банкті мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі шыққан күннен бастап және банкті тарату процесі аяқталғанша осы банкке қатысты барлық мүліктік талаптар қатысушы-банктің депозиторларына төленуге жататын сома мөлшеріндегі кепілдік беру бойынша ұйымдардың талаптарын қоспағанда, осы сәттен бастап тек тарату комиссиясына қойылуы және осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаралуы мүмкін.

Сонымен қоса, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) депозиторларға депозиті бойынша сыйақыны қоспай қалдық сомасын төлеуге кепілдік береді, бірақ кепілді өтемақының барынша жоғары сомасынан аспайтын мөлшерде.

Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Мәжбүрлеп тартылатын банктің депозиторларына төлем жасау механизмі 2007 жылғы 01 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Кепілдік беру туралы Заң ) анықталады, оған сәйкес Қордың бір қатысушы-банктегі кепілді депозиттері бойынша тұтас кепілді өтемнің барынша жоғары мөлшері жеті жүз мың теңгені құрайды.

Қор Кепілдік беру туралы Заңның 21-аббына сәйкес соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қатысушы-банкті мәжбүрлеп тарату және кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент-банктің (не агент-банкті таңдау мүмкіндігі болмаған жағдайда Почтаның ұлттық операторының) атауын көрсетіп, кепілді өтемді төлеудің басталуы, төлемнің кезеңі мен орны (орындары) не Кепілдік беру туралы Заңның 23-бабымен көзделген жағдайда кепілді өтемді төлеуін бастау мерзімін ұзарту жөнінде ақпаратты жариялау арқылы хабардар етеді.

Қор кепілді өтемді төлеу мерзімін ұзартқан жағдайында депозиторларды төлем жасаудың басталуы, кезеңі, орны (орындары) және төлем жасау шарттарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты жариялау арқылы қосымша ақпараттандырады.

Аталған ақпаратты депозитор Қордың өзінен алуға құқылы.

Банктің депозиторы банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда, кепілді өтемді төлеу басталғаны туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай ішінде агент-банкке кепілді өтемді оған төлеу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы, ол өтінішке банк шоты шарттарының және (немесе) банк салымының және (немесе) салым құжаттарының тұпнұсқасы мен олардың көшірмесі қоса берілуі тиіс. Агент-банк депозитор өзінің тұлғасын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана кепілді өтемді төлеуді жүргізеді.

Таратылатын ВТБ депозитор талаптарының құқығы расталғанда, агент-банкке құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агент-банк кепілді өтемді төлейді.

Депозитор алты ай өткеннен кейін кепілді төлемді алу үшін Қорға өтініш беруге құқылы.

Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-банк депозиторға байланысты кредитор немесе гарант ретінде болғанда, кепілді өтем мөлшері кепілді депозиттің сомасы мен аталған қатысушы-банктің қарсы талап сомасын есепке алу нәтижесі бойынша пайда болған айырма сомасына қарай анықталады.

Банктер туралы Заңның 74-2-бабымен белгіленген тәртіп және кезек бойынша Банктің тарату комиссиясы тарату массасынан салымның қалған сомасы мен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтаруға тиіс, Банктер туралы Заңға сәйкес жеке тұлғалардың депозиттері мен ақша аударымы бойынша талаптары, жинақтаушы зейнетақы корлардың зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылатын депозиттер бойынша талаптары, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдардың депозиттері бойынша талаптар төртінші кезекте қанағаттандырылады.

Бұл ретте, әр кезектің талаптары алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады. Бір кезектің кредитор талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылатын банктің ақшасы және (немесе) басқа мүлігі осы кезек кредиторы арасында бір уақытта қанағаттандыруға жататын талаптар сомасына пропорциональді бөлінеді.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 51-бабының 6-тармағына сәйкес таратылатын заңды тұлғаның мүлігі жетпегендіктен қанағаттандырылмаған кредиторлар шағымдары, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін өтініш берілмеген талаптар өтелген болып саналатынына назар аудару қажет.

Сондықтан, Банк депозиторы:

1) Заңның 21-бабымен белгіленген тәртіп бойынша Қордан кепілді өтемді алу үшін:

- кепілді өтемді төлеу басталғаны жөнінде хабарландыру шыққан күннен бастап 6 ай ішінде - агент-банкке (Почтаның ұлттық операторына);

- аталған 6 ай өткеннен кейін - Қорға өтініш беруі қажет.

2) қалған талаптарды алу үшін № 40 ереженің 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тарату комиссиясымен белгіленген екі айдан кем емес болмайтын мерзім ішінде жазбаша өтінішпен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп – ВТБ – тарату комиссиясына өтініш беруі қажет.


Банк депозиторлары Банкке қоятын талаптарын оның деректер базасымен салыстыру мақсатында шарттардың көшірмелерін, басқа салынған құжаттарды және тұлғасын куәландыратын құжаттарды қосып Уақытша әкімшіліктің Төрағасы Т.З. Тұрсыновқа мынадай мекен-жай бойынша: Қарағанды қ., Бұхар-жырау даңғ., 32, сондай-ақ аумақтағы Банктің тікелей филиалдарындағы уақытша әкімшіліктің басшыларына жазбаша өтініш беруге ұсынамыз.


«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның уақытша әкімшіліктерінің мекен-жайларының тізімі




өңір

мекен-жайы

1.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ., Бұхар жырау даң., 32







Теміртау қ., Чайковский көш.,,20

2.

Алматы

Алматы қ., Әуезов көш., 50

3.

Алматы облысы

Талдықорған қ., Ақын Сары көш., 155

4.

Астана

Астана қ., Республика даң.,4/1

5.

Павлодар облысы

Павлодар қ., Урицкий көшесі., 76

6.

Қостанай облысы

Қостанай қ., Гоголь көш., 85

7.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ., Виноградов көш., 12







Семей қ., Валиханов көш., 124

8.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ., Интернациональная көш., 35

9.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қ., Маресьев көш., 95

10.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қ., Майлы Қожа көш.,17

11.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қ., Фурманов көш.,168

12.

Атырау облысы

Атырау қ., Құлманов көш.,117б

13.

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., Әйтеке би көш.,6а

14.

Жамбыл облысы

Тараз қ., Пушкин көш., 44

15.

Маңғыстау облысы

Ақтау қ., 14-ықшам аудан., 58-үй

16.

Ақмола облысы

Көкшетау қ., Әуезов көш., 177




Барлығы

18

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен
Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметі арасындағы бағалы қағаздар, зейнетақы қызметі...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconРеттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы №223 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі Агенттік) Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconI. Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау
Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconЕкінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамының жай-күйіне қатысты iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница