«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан




Скачать 180.96 Kb.
Название«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан
Дата конвертации07.02.2016
Размер180.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.bala-kkk.kz/sites/default/files/upload/files/Finance/kaz.Postanovlenie__2010-2012_ZHY

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2009 жылғы 22  желтоқсандағы 

2162 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

 қаулысымен бекітілген 

«2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. 2010 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2010 жылға: 

1)    кiрiстер – 3 075 328 927 мың теңге, оның ішінде: 

салықтық түсiмдер – 1 645 919 671 мың теңге;  

салықтық емес түсiмдер – 61 816 072 мың теңге; 

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 26 748 312 мың теңге; 

трансферттердiң түсiмдерi – 1 340 844 872 мың теңге; 

2) шығындар – 3 702 354 223 мың теңге; 

3) таза бюджеттiк кредит беру – 15 795 898 мың теңге, оның iшiнде: 

бюджеттiк кредиттер – 128 990 009 мың теңге;  

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 113 194 111 мың теңге; 

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 78 178 806 мың теңге, оның iшiнде: 

қаржы активтерiн сатып алу – 78 678 806 мың теңге; 

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 500 000 мың теңге; 

5) тапшылық – -721 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 4,1 пайыз; 

6)    бюджет тапшылығын қаржыландыру – 721 000 000 мың теңге. 

2. Қоса беріліп отырған: 

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі; 

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін. 

3. Мыналар:  

1)    осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

2)    осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

3)    осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін  ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу: 

«Өзін-өзі тану» кабинеттері үшін жабдықтар сатып алуға; 

мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге; 

4)    осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

5)     осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

6)     осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

7)     осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

8)     осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

9)     осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

10)    осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен                                                      18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

11)    осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге және жол жүруін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

12)    осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу; 

13)    осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу; 

14)    осы қаулыға 16-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу; 

15)    осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

16)    осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

17)    осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

18)    осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

19)    осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

20)    осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

21)    осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

22)    осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

23)     осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығы өнiмдiлiгiн және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

24)     осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

25)    осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

26)    осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік  сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік  кредиттердің сомасын бөлу; 

27)    осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға: 

негізгі орта және жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердегi физика, химия, биология кабинеттерiн оқу жабдығымен жарақтандыруға; 

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы трансферттердің  сомасын бөлу; 

28)     осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;  

29)    осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға: 

жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;  

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

30)    осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

31)     осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 

32)    осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу; 

33)    осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу; 

34)    осы қаулыға 36-қосымшаға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;  

35)    осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу; 

36)    осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға сыйақының нөлдік ставкасы бойынша берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу; 

37)     осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін беруге байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу; 

38)     осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде көзделген әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының салық салынатын базасының өзгеруін ескере отырып бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу; 

39)     осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнің сомасын бөлу; 

4. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай іс-шараларды қаржыландыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді және нысаналы даму трансферттерін аудару үшін 93 302 307 мың теңге мөлшерінде сома бөлінсін: 

мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге 27 963 120 мың теңге, оның ішінде мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша: 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне                   1 758 055 мың теңге; 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне         2 648 661 мың теңге; 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне               13 197 786 мың теңге; 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 483 020 мың теңге; 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне           8 875 598 мың теңге. 

Осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын, сондай-ақ Алматы қаласының және Алматы облысының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне –облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және ұстауға, сондай-ақ салуға және реконструкциялауға 17 950 934 мың теңге. 

Осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін салуға және қайта жаңартуға берілетін ағымдағы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне –кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3 572 262 мың теңге. 

Осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне  кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және дамытуға және қалалар мен елді мекендерді жайластыруға 30 510 191 мың теңге. 

Осы қаулыға 45, 46-қосымшаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендердің  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жөндеуге және жайластыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігіне кадрларды даярлауға және қайта даярлауға 4 981 800 мың теңге. 

Осы қаулыға 47-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кадрларды даярлауға және қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінеәлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге 6 324 000 мың теңге. 

Осы қаулыға 48-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің денсаулық сақтау объектілерін  күрделі және ағымды жөндеуге 1 000 000 мың теңге. 

Осы қаулыға 49-қосымшаға сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымды жөндеуге берілетін соманы бөлу бекітілсін; 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігіне мәдениет және ақпарат объектілерін  күрделі және ағымды жөндеуге                    1 000 000 мың теңге. 

Осы қаулыға 50-қосымшаға сәйкес мәдениет және ақпарат объектілерін  күрделі және ағымды жөндеуге берілетін соманы бөлу бекітілсін. 

5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді және нысаналы даму трансферттерін аударуды қамтамасыз етсін. 

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен  және уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 

7. Осы қаулыға 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі бекітілсін. 

8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалар мен 42 – 48-қосымшаларға сәйкес өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімді бекітсін. 

9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде: 

1) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау; 

2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің  осы қаулының 3-тармағының 13), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы ережелердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2010 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде бұрын «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының теңгеріміне берілген кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптарын тоқтату туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі: 

2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттерi» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жаңа денсаулық сақтау объектілерін салуға көзделген қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын; 

2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 3-тармағының   1), 5), 29) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 

2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берілетін нысаналы даму трансферттерi» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жаңа білім беру объектілерін салуға көзделген  қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын; 

2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 3-тармағының     2), 3), 27), 28), 30) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

14. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 

2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан iске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын; 

2010 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге және жол жүруін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау агенттігімен бірлесіп, 2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын белгілеу туралы шешімнің жобасы белгіленген тәртіппен енгізсін. 

16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлінісінде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат берсін. 

17. Жергілікті атқарушы органдар 2010 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулыға 1-қосымшада көзделген объектілерді салуға және реконструкциялауға арналған конкурстық рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін. 

18. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2010 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 011 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын зерттеу жобаларының іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының қаражатын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлу туралы шешімнің  жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

19. Орталық атқарушы органдар 2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін. 

20. Құпия. 

21. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. 

 

 

  Қазақстан Республикасының 

          Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов

Похожие:

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconAуыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялаудың 2007 жылға арналған ережесін бекіту туралы
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан icon2010 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Егемен Қазақстан" 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №425-426 (25823): "Казахстанская правда" от 21. 12. 2009 г., №296 (26040)
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы
Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және «2010...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconҚазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан icon2010 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«2010 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №232 шешіміне өзгерістер мен...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан iconАуыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница