Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Скачать 135.96 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата конвертации07.02.2016
Размер135.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/proiekt_ZRK12.06.30kaz.doc


жоба


Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2007 ж., №9, 65-құжат; №19,147-құжат; №20, 152-құжат;№ 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат;2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж.,№ 1, 2-3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат;2012 ж.,№ 3,26-құжат; № 4,32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):

1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн не шетелдік қызметкерге халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алғанға дейiн

немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;

2)29-баптың 1-тармағында:

2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда,бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған жергілікті атқарушы органрұқсатымен не болмаса халықтың көші-қонымәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатымен белгіленген мерзімі шегінде жасалуы мүмкін.»;

3) 31-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) тұрғылықты жері не болмаса уақытша тұруы бойынша тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;».

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18,84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2,5-құжат;№ 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):

1) 178-баптың 1-тармағының бірінші абзацымынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 182, 184-бабында өзгеше белгіленбесе, салық кезеңіндегі төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.»;

2) 184-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;»;

мынадай мазмұндағы3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасасқан еңбекшарты бойынша алынған (алынуға жататын) еңбекші көшіп келуші – Қазақстан Республикасының резиденттерінің мынадай:

үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден);

жылжымайтынмүлікті жөндеу бойынша қызметтерден түсетін табыстары.

Осы Кодекстің 6 және 7-тарауларының мақсатындаеңбекші көшіпкелушілеркелудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылады;»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:

«2-1. Еңбекші көшіп келуші-резиденттер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлеуді жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшеріндееңбекші көшіп келуші – резиденттіңшетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алу (ұзарту) туралы өтінішінде көрсетілген тиісті кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептеледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлеуді еңбекші көшіп келуші – резидент шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннанкейін еңбекші көшіп келуші – резиденттер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен жеке табыс салығы сомасын есептеуді жүргізеді.

Табысқа салық салынатын сома республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшеріндегі шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептелген сомаға азайтылған жұмысты орындаудан (қызмет көрсетуден) алынған (алынуға тиісті) табыстардың сомасы ретіндеайқындалады.

Салық кезеңі ішінде бюджетке еңбекші көшіп келуші-резидент төлеген алдын ала төлемдердің сомасыесепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасыесептісалық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы жеке табыс салығыныңартық төленген сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есептелуге жатпайды.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрініс табады және салық кезеңі қорытындысы бойынша декларацияға сәйкес жеке табыс салығын төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент осы Кодекстің 186-бабының 1-1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларациянытабыс ету мерзімінен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.»;

3) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

1-1. Осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған еңбекші көшіп келуші-резиденттер жеке табыс салығы бойынша декларацияныесепті салық кезеңіндегі есептелген жеке табыс салығы сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.

Осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны еңбекші көшіп келуші-резиденттерболатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстардысалық кезеңі ішінде алған еңбекші көшіп келуші-резидент Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осы адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;

4) 192-баптың бірінші тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«18-1) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасасқан еңбек шарты бойынша алынған (алынуға жататын) еңбекші көшіп келуші – резидент еместердің мыналардан:

үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден);

жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша қызметтерден түсетін табыстары.»;

5) 204,205-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

  1. Осы баптың ережелерi резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң

ережелерiне сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.

4. ҚР 21.07.11 ж. № 467-IV Заңына сәйкес алынып тасталды.

5. Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша еңбекші көшіп келуші-резидент еместер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеуді жүргізеді.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алу (ұзарту) туралы еңбекші көшіп келуші-резидент еместің өтінішінде көрсетілген тиісті кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептеледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент емесшетелдікқызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін еңбекші көшіп келуші-резидент еместер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканықолдану жолымен жеке табыс салығы сомасын есептеуді жүргізеді.

Табыстың салық салынатын сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептелген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған жұмысты орындаудан (қызмет көрсетуден) алынған (алынуға тиісті) табыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Салық кезеңі ішінде бюджетке еңбекші көшіп келуші-резидент емес төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасыесепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығы сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы жеке табыс салығының артық төленген сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға не болмаса есептелуге жатпайды.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығы сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрініс табады және салық кезеңі қорытындысы бойынша декларацияға сәйкес жеке табыс салығын төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент емес осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы туралы декларацияны табыс ету мерзімінен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.

205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушiнiң болатын (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Ағымдағы салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының аумағына кейiннен кiрместен ағымдағы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы туралы декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңi iшiнде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте, жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңiнiң басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейiнгi кезеңге табыс етiледi.

Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған еңбекші көшіп келуші-резидент еместер жеке табыс салығы туралы декларацияныесепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығы сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайдатабыс етеді.

Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы туралы декларацияны еңбекші көшіп келуші-резидент еместерболатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл ретте, осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының18-1) тармақшасында көзделген табыстардысалық кезеңі ішінде алған еңбекші көшіп келуші-резидент емес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осы адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;

6) 583-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер алынатын (өндiрiлiп алынатын) объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 19-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.

Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды берудіжүзеге асыратын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.».

3. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат):

1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат – жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерікөшіп келушіге беретінбелгіленген нысандағы құжат;»;

2) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«25-1) көшіп келушілерге еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат береді;»;

3) 35-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың, шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;»;

4) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шетелдік қызметкерлерге келуге визаны және уақытша тұруға арналған рұқсаты,шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты болған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір жылға ұзартады.

Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган осы рұқсаттың жарамдылық мерзіміне ұзартады.»;

5) 37-бапмынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің тәртібі

1. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша жыл сайын белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаста айқындалады және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.

2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек жөніндегі уәкілетті орган облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың арасында бөледі.

Жергілікті атқарушы органдар белгіленген квота шегінде:

  1. жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға;

  2. шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты

береді және оны ұзартады.

3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алмай-ақ жүргізіледі.

  1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін таруға арналған квотаны белгілеудің тәртібін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналдасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат Қазақстан Республикасында үш айдан кем емес мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан елдердің азаматтарына беріледі.

Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат көшіп келушімен үй шаруашылығындағы жұмысты (қызмет көрсетуді), сондай-ақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша қызметтерді орындауын көздейтін еңбек шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Жеке тұлғада бестен астам шетелдік қызметкердің бір уақытта еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.

Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем жасалғанын растайтын құжат табыс етілген кездересімделеді.

Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат көшіп келушінің рұқсат беру туралы өтінішінде көрсетілген мерзімге ресімделеді жәнебір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

Көшіп келушінің өтініші бойынша шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінің ең ұзақ кезеңі он екі айдан аспауы тиіс.».

  1. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау туралы және шетелдік

қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру туралы нормалары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті


Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница