Скачать 449.94 Kb.
|
«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтер СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер 1. Валюталық операция және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты және аумақтық филиалдары көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық аппараты бөлімшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызметтер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратында және аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі валюталық операция немесе шетел банкіндегі шот туралы қағаз тасымалдауыштағы хабарлама туралы куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) олар валюталық операцияны жасаған кезде көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері: тұтынушы валюталық шарт туралы ақпарат ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; 2) банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына электронды түрде хабарлайды. Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты адамына кезек күтпестен тапсырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салады); 3) валюталық операция туралы хабарлама туралы куәлікті тұтынушыға не оның сенім білдірілген адамына (сенімхат негізінде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен береді. 8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 9. Құжаттарды қабылдау және беру, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының ғимараттарында көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының және аумақтық филиалдарының ғимараттары мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі 11. Тұтынушы мемлекеттік қызметтерді алу үшін осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады. 12. Валюталық операция туралы хабарламаның нысанын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсынан (www.nationalbank.kz) және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшесінің және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысынан осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады. 13. Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына берілетін деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен бірге ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электронды түрде хабарлайды. Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар валюталық операция туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты адамына осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салады). Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты адам сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты адам тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты бөлімшесі қарауына жолдау үшін жібереді. 14. Банктердің валюталық операция туралы электронды түрде келіп түскен хабарламаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Статистика» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі (бұдан әрі - «Статистика» ААШЖ) қабылдайды. Хабарламада қателер болмаған жағдайда қабылдау туралы электронды хабарлама жасалып, банкке жіберіледі. Хабарламада қате болған жағдайда қате туралы банкке электронды хабарлама жасалады және «Статистика» ААШЖ-не хабарлама қабылданбайды. Банк хабарламаға түзетулер енгізіп, қайтадан жіберуі тиіс. «Статистика» ААШЖ-не хабарлама қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпарат технологиясы үшін жауапты бөлімшесі осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша түсіндіреді. Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының (банктерден басқа) қолына осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі. Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты адамы осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жазады. Тұтынушы құжаттарды поштамен жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді. 15. Валюталық операция туралы хабарлама туралы куәлікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының және/немесе аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенім білдірілген адамына (сенімхат негізінде) жеке басын куәландыратын құжаттың ұсынған кезде валюталық операция туралы хабарлама куәліктерді беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып береді. Хабарлама туралы куәліктің тұтынушының келмеуі себебінен 7 (жеті) жұмыс күнінен асатын мерзімде берілуі мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды. 16. Валюталық операцияларды жасау жағдайларын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушыдан валюталық операцияларды жүзеге асыруға негіз болатын валюталық шартты талап етуге құқылы. Валюталық операция туралы хабарламаны растау тұтынушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. 3. Жұмыс қағидаттары 17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: 1) әдептілік; 2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат; 3) мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуі; 4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы; 5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы; 6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде олардың сақталуы. 4. Жұмыс нәтижелері 18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 5. Шағымдану тәртібі 20. Іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағымды дайындауға көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты бөлімшесі осы Стандарттың 7-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады. 21. Егер тұтынушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы қабылдаған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселені жоғары тұрған сатының қарауы талап етілсе, тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына берілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады. 22. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының немесе аумақтық филиалының уәкілетті лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына не оның орнындағы адамға, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысына осы Стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша шағым жасай алады. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі. Шағымдарды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады. Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. 25. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. 26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы мына мекенжайда: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үйдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының ғимаратында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.nationalbank.kz). ________________ «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтер стандартына 1-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық аппараты бөлімшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайы және байланыс деректері
_______________ «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтер стандартына 2-ҚОСЫМША |
![]() | «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету... | ![]() | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы... |
![]() | «Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы... | ![]() | «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1 Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы... |
![]() | Резидент кәсіпорын резидент еместен 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға және 180 күннен астам мерзімге кредит алуды жоспарлайды, яғни бұл операция ҚРҰБ тіркелуге жатады. Осы кредитті, шот ашуға хабарлама туралы куәлігі болса, осы резидент кәсіпорынның шетел банкінде ашылған шотына алуға бола ма? Шылған шетелдiк банктердегi шоттар арқылы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген.... | ![]() | «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік |
![]() | Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,... | ![]() | Жеке тұлғалардың валюталық операциялары бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы Заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір... |
![]() | Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы... | ![]() | Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Жалпы ережелер (1-3 баптар) |