2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы




Скачать 29.82 Kb.
Название2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Дата конвертации07.02.2016
Размер29.82 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://shemonaiha.vko.gov.kz/files/rep-2009-3-1-1-kz.doc
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Әлеуметтік-экономикалық жағдай ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін негізінде оң қалыптасты. Бірқатар бағыттар бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілді:

  1. Аудан бюджетіне төлем түсімдері бойынша болжамды көрсеткіштерді орындау қамтамасыз етілді, 358 млн.теңге жоспарында нақты 394 млн.теңге немесе 110% түсті. 14 млн.теңгеден астам сомаға салық салу база резервтері қаралды. Айта кету керек, кіріс бөлікті орындау мақсатында жоспарланған бюджеттік қаржы бөлуді біріншіден екінші жартыжылдыққа жылжыту жүзеге асырылған жоқ. Ауданның салық төлеушілерімен жыл басымен салыстырғанда бюджетке салық берешектерінің өсуі болған жоқ, олардың қаржы жағдайларының тұрақтылығын куәландырады.

  2. Жоспарланған бюджеттік қаржы бөлулер толық пайдаланылды: 1 млрд. 3 млн.теңге жоспарында 989 млн.теңге немесе 98,5% пайдаланылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мақсаттарды қалыптастыру мен бюджет бағдарламаларының соңғы нәтижелеріне бағытталған талдау жұмысы жақсарды, ол осы кезеңде өте өзекті, өйткені келесі қаржы жылынан бастап бюджеттік бағдарламалар паспорттарының орнына мемлекеттік органдардың стартегиялық жоспарлары әрекет ететін болады.

  3. Аудандық бюджет қаражатынан «Жол картасы» іс-шараларын қосымша қаржыландыру қамтамасыз етілді. Жоспарланған мерзімде 18 жобаны іске асыру басталды.

  4. Бұрынғыдай ауданның инвестициялық тартымдылығы жоғары болуда, ол 2008 жылдың ұқсас кезеңіне инвестиция көлемінің 40% өсуімен сипатталады.

  5. Ауданның екі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының толық тоқтауына қарамастан- «ЕХМЗ» АҚ және «ЕСЖК» ЖШС – физикалық көлем индексі бойынша көрсеткіштер төмендеген жоқ.

  6. Республикалық бюджет қаражатынан шағын бизнес субъектілерін несиелеу бағдарламасы әрекет етеді. Жартыжыл ішінде 10 әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпкерлер (шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жалпы сомасы 171,3 млн.теңге несие алды.

  7. Қалыптасқан қиын экономикалық жағдайға қарамастан жұмысқа орналастыру қарқыны төмендеген жоқ: 2008 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде келген азаматтардың ішінен 70% жұмысқа орналастырылды, 2009 жылдың 1 жартыжылдығында -68%. 2009 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жұмыспен қамту орталығында 411 азамат есепте тұрды, сонымен қатар жұмыссыздардың деңгейі 1,5% деңгейінде қалыптасты. Осы күнге жұмыссыздардың жалпы саны 1572 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,6%.

  8. 2009 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша жұмыспен қамту орталығында есепте 373 азамат есепте тұрады, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі 1,3%  қалыптасты. Осы күнге жұмыссыздардың жалпы саны 1544 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,5%.

2008 жылы 82 жұмыс орнына жыл басынан 142 жаңа орын құрылды.

  1. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу бойынша көрсеткіштер төмендеген жоқ.

  2. Шаруашылықтардың барлық санаттарында өндірілетін ет көлемі 5% көбейді.

  3. Егістік жұмыстары жоспарланған мерзімде өтті, ылғалды ресурстарды сақтау аумақтары бойынша дақылдар егістігі 12% ұлғайды.

  4. Ауданның шаруашылық субъектілерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумдар жасау жалпы орындалуда. Жартыжылдық қорытындылары бойынша меморандумдар шеңберінде жалпы сомасы 26 млн.теңгеге қызмет көрсетілді.

Сонымен ауданның жалпы әлеуеті өткен жылғы 1 жартыжылдықта қол жеткізілген даму қарқынын сақтап ғана қоймай, оның өсуіне мүмкіндік береді.
Бірақ ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын жартыжылдық бірқатар көрсеткіштері өткен кезеңдегі ұқсас мерзімге қарқыны төмен.

А.ж. 1 тоқсанымен салыстырғанда оң динамикаға қарамастан сүт өнімінің көрсеткіші өткен жылғы кезеңнен төмен, осы сияқты көрініс жұмыртқа өндірісінде де сақталуда. Өндірушілер бөлінісінде ірі қара мал басы көп төмендеді, оның ішінде тұрғындар шаруашылығында айқындалды. Инфлициялық процестерді ұстау бойынша нақты нәтижелер жоқ. Субвенциясыз қаржыландыруға ауданды көшіру бойынша іс-шаралар жоспары орындалмайды. Еңбекақы бойынша қарыздар көрсеткіші мейілінше жоғары болып қалуда. Жартыжыл қорытындылары бойынша шағын бизнестің қолданыстағы кәсіпорындар саны бойынша көрсеткіштер төмендеді, ол экономиканың осы секторындағы іскери белсенділіктің төмендеуін растайды.

Похожие:

2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconШу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2010 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 110,9 млн теңге немесе 110,1 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 104,1
Ауданның 2010 жылғы 1 жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы
Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі...
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconБотақара кенті
Есептік жылдың қорытындылары бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы iconАуданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы конъюнктураны және жаһандық дағдарыс жағдайында...
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы icon2010 жылғы 9 ай ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
«Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлығы 34500 гектар жер телімі бөлінді, оның ішінде: 5000 гектар егістік, 29500...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница