Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның




НазваниеЕкінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның
Дата конвертации07.02.2016
Размер93.7 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish503198_8482.doc


Алматы қ.

2012 жылғы 4 шілде

№ 215



Екінші деңгейдегі банктердің

кредиттік портфельдерінің сапасын

жақсартуға мамандандырылған ұйымның

күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды

және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын,

сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді

және үмітсіз активтерге қойылатын

талаптарды бекіту туралы


Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1.Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 46 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7571 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 12 маусымда № 313-317 (27391) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді иемденуі 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


  Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 4 шілдедегі

№ 215 қаулысына

1-қосымша


Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары


Осы Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздардың Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың 2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкестігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 ереже) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;

2) банк – жарғылық капиталдарындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;

3) баланстық құн – негізгі борыштың, есептелген сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл), сыйлықақының немесе дисконттың жиынтық құны;

4) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны – тәуелсіз бағалаушы айқындайтын, Ұйымның тәуекелдерімен және шығыстарымен байланысты дисконтын шегергендегі құны;

5) дисконт Ұйымның тәуекелдері мен шығыстарын, оның ішінде:

қамтамасыз етудің (құнсызданудың) құнын төмендету тәуекелдерімен;

иемденетін активті бағалау шығыстарымен;

қамтамасыз етуді ресімдеу және өткізу, оның ішінде сот арқылы және соттан тыс өткізу, мемлекеттік баж салығын төлеу, соттан тыс өткізу кезіндегі аукциондық алым шығыстарымен;

консультанттардың заң қызметтеріне (тартуға) жұмсалатын шығыстармен;

кепіл мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде кепіл мүлкін сақтандыру және күзету қызметтерінің ақысын төлеу шығыстарымен;

мүлікті күтіп ұстау, оның ішінде коммуналдық қызметтердің, мүлік және жер салығын төлеу шығыстарымен;

бағалы қағаздарды эмиссиялау шығыстарымен;

сенімгерлік басқару шығыстарымен;

күмәнді және үмітсіз активтерді иемдену шығыстарымен байланысты тәуекелдері мен шығыстарын құрайды.

6) шарт – мәні Ұйымның банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемдену болып табылатын Ұйым және банк арасында жасалатын шарт.

2. Ұйым иемденетін күмәнді және үмітсіз активтердің құны мына тәсілдердің бірімен анықталады:

1) күмәнді және үмітсіз активтердің дисконтты қолданғандағы құны бойынша;

2) шартты жасау күнгі осы актив бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтің баланстық құны бойынша;

3) шартты жасау күнгі күмәнді немесе үмітсіз активтің баланстық құны бойынша.

Ұйым иемденетін күмәнді немесе үмітсіз активтің құнын айқындау тәсілін таңдайды.

3. Егер Ұйым жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ұйымның сатып алуына банк ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін белгілесе, банк осындай бағалауды жүргізу шығыстарын өтейді.

4. Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді баланстық құны бойынша иемденген кезде, олардың құны Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) және № 296 ереженің талаптарына сәйкес осы активтер бойынша қалыптастырылған провизиялардың ең көбін шегергенде баланстық құн ретінде айқындалады.

5. Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді дисконт қолданылған құны бойынша не баланстық құны бойынша иемденген кезде, Ұйым иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірісті алады не иемденген күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстарды толық көлемде көтереді.

Осы активтер бойынша қалыптастырылған провизияларды есептемегендегі күмәнді және үмітсіз активтерді баланстық құны бойынша иемденген кезде, иемденген күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден түскен кірістер не күмәнді және үмітсіз активтер құнының түсуінен болған шығыстар ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерін берген банк пен Ұйым арасында Ұйым осы банктің келісімімен айқындайтын арақатынаста бөлінеді.

6. Иемденетін күмәнді және үмітсіз активтерге тәуелсіз бағалау жүргізуді мынадай критерийлерге сәйкес келетін тәуелсіз бағалау компаниясы жүзеге асырады:

мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау, сондай-ақ ) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;

бағалау қызметі нарығында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мүшелерінің құрамына кіргізілген елде бас офисінің болуы;

Халықаралық бағалау стандарттары саласында халықаралық сертификациясы, сондай-ақ Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшелері болып табылатын шетелдік институттар берген біліктілік куәліктері бар кемінде 3 (үш) маманның болуы.

7. Ұйым банктерден иемденген күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды мына тәсілдердің бірімен:

1) Ұйыммен дербес;

2) күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйым иемденген банктермен дербес не Ұйыммен бірлесіп;

3) басқа да қаржы ұйымдарымен, кәсіби сарапшылармен және халықаралық аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен жүзеге асырады.

8. Қарыз алушының төлем қабілетсіздігімен немесе қарыз алушының қарыз бойынша міндеттемелерін орындамауымен байланысты сотта оларға қатысты талқылау жүргізіліп жатқан не сот шешімдері қабылданған күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды Ұйым осы активтерді иемденуге берген банкпен бірлесіп жүзеге асырады.

9. Басқару тәсілін таңдауды Ұйым банкпен келісу бойынша жүзеге асырады.

10. Ұйым өзінің қызметі туралы есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 4 шілдедегі

№ 215 қаулысына

2-қосымша


Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар


Осы Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банк – жарғылық капиталындағы қатысу не орналастырылған акциялары үлестерінің елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, екінші деңгейдегі банк;

2) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздардың Талаптардың 2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкестігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес «5-санатты күмәнді» немесе «үмітсіздер» ретінде жіктелген қарыздар (бірыңғай сипаттағы қарыздар тобы) бойынша талап ету құқықтары;

3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – Қазақстан Республикасына Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингілік агенттіктері берген рейтингілер;

4) шарт – мәні Ұйымның банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемдену болып табылатын Ұйым және банк арасында жасалатын шарт.

2. Ұйым күмәнді және үмітсіз қарыздар бойынша талап ету құқығын осындай қарыздар бір уақытта мына критерийлерге сәйкес келгенде иемденеді:

1) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күмәнді және үмітсіз ретінде жіктелген қарыздар;

2) қарыздар бойынша қарыз алушылар заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резиденттері) болып табылады;

3) Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген кепіл түрлерін қоспағанда, кепілмен қамтамасыз етілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері эмитенттер шығарған және «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес эмитенттер шығарған бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қарыздар;

4) шартты жасау күніндегі негізгі борыш сомасын, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешектің қалдығы 60 (алпыс) және миллионнан астам теңгені немесе шетел валютасында балама соманы құрайды.

3. Ұйым:

1) қарыз тұтынушы болып табылған;

2) қарыз тұрғын үй, тұрғын үй кешендерін салуға берілген;

3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісіне сәйкес келетін немесе асып кететін кредиттік рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – эмитенттері шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлік және мүліктік құқық не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымында шектеулі мүлік, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері, қайта салу кезеңіндегі объектілер, жиһаз кепіл мәні болып табылған;

4) қарыз бойынша жалғыз кепіл түрі:

жылжымайтын тұрғын үй;

компьютер жабдығы және техника;

арнайы техника;

айналымдағы тауарлар;

болашақта түсетін мүлік;

жер қойнауын пайдалану құқығы;

авторлық құқық;

лицензиялар;

патенттер;

талап ету құқықтары;

жерді пайдалану құқығы;

жалдау құқығы;

тауар белгісіне арналған құқық;

үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілдемелері болған жағдайларды қоспағанда, банктерден қарыздар бойынша талап ету құқығын иемденеді.

Ұйым:

жылжымайтын тұрғын үйді, кепілдіктер мен кепілдемелерді қоспағанда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген, жиынтық мөлшері қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 10 (он) пайызынан аспайтын кепіл мүлкінің түрлерімен;

қамтамасыз етудің жалпы кепіл құнының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшердегі жылжымайтын тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша талап ету құқығын иемденеді.


Похожие:

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconЕкінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы
Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру...
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның icon4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconЕ. Л. Бахмутова 2009 жылғы «25» желтоқсан
Екінші деңгейдегі банктердің басшы қызметіне (бас бухгалтерден басқа) үміткерлерге арналған тест сұрақтары
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
...
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Екінші деңгейдегі банктердің заемдарын экономикалық қызмет түрлері бойынша үлестіру
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconТөраға А. Дунаев
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconБасқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница