Скачать 472.88 Kb.
|
ӘОЖ : : 811.512.122'355:636 Қолжазба құқығында БАЙТЕЛИЕВА ЖАНАР ДӘРІБЕКҚЫЗЫ Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі 10.02.06 – түркі тілдері Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның а в т о р е ф е р а т ы Қазақстан Республикасы Алматы, 2007 Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарыныңдокторы, академик Ә.Қайдар Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Керімбаев филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Отарбекова Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Диссертация 2007 жылы «30» қарашада сағат –де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.53.38.01. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29). Диссертациясымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28). Автореферат 2007 жылы «30» қазанда таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егеменді ел болып, тәуелсіздік туын биік көтерген қазақ елінің бүгінгі таңдағы алдына қойған мақсаты – дамыған елу ел қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы – қай сала болса да барынша еңбек етіп, қазақтың материалдық, рухани байлықтарын әлемге танытуға әрекет жасау. Осыған байланысты қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулерде қазақ ұлтының болмысы, дүниетанымы тілінде сақталған құнды дүниелерімен танылуда. Академик Ә.Т.Қайдардың осы бағыттағы «Қазақтар ана тілі әлемінде» және «Қазақ қандай халық» атты көлемді еңбектерін жазу үстінде екендігі ғылыми көпшілікке белгілі. Сонымен қатар ғалымның жетекшілігімен қазақ этносының тілін дүниетанымы, салт-дәстүрі, наным-сенімі арқылы зерттеу ісі кеңінен қолға алынып отыр. Себебі қай халықтың болса да қоршаған ортаға, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі қажеттіліктерге байланысты санасындағы ойы, ұғымы тілі арқылы жарыққа шығатыны қазіргі тіл білімінде антропоцентристік бағыт арқылы дәлелденуде. Осыған байланысты этномәдени мұра, ұлттық таным негізінде жасалған айшықты тұжырым ретінде фразеологиялық тіркестерді (ФТ) зерттеудің мәні зор. Осындай халықтың жадында сақталып бүгінгі күнге жеткен сөз байлығымызды жинап, толық меңгеріп, өзіндік нақыш-бояуымен келесі ұрпаққа табыс ету – бүгінгі таңдағы қазақ тіл білімінде қалыптасқан этнолингвистика саласының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақ халқының ұлттық болмысы мен танымын көрсететін қазақ тілінің сүбелі қабаттарының бірі – төрт түлікке байланысты, оның ішінде жылқы малына қатысты тұрақты тіркестер деуге болады. Т.Қоңыровтың «Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігінде» берілген 5000 фразеологизмнің 1300-і (25 %) жануарлар атауларымен байланысты болса, оның 449-ы үй жануарлары болып келеді. Әрине, бұның ішінде ең көбі жылқы малына қатысты фразеологизмдер (103, 22,9 %). Заман ағымына қарай ғылым да, зерттеу әдістері де, түрлі бағыттарда даму үстінде. Төрт түлік атауларын зерттеу сонау ХІ ғасырда тек сипаттау, салыстыру әдістерімен шектелсе, соңғы уақыттарда салғастырыла (Номинханов), тақырыптық топ аясында қарастыру (Тоқтағұл), ономасиологиялық негізін анықтау (Жанәбілов) сияқты әр алуан объектілік тұрғыдан зерттеліп отыр. Ал соңғы 10-15 жыл ішінде дамып келе жатқан этнолингвистика ғылымының аясында төрт түлік ішіндегі жылқы малына қатысты ФТ мәселесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан да біздің жұмысымыз, жылқы малына қатысты ФР-терді осы аспектіде қарастыруға арналды. Төрт түлікке қатысты ФТ-терді зерттеуге қатысты теориялық мәселелердің ғылыми негізі С.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, М.М.Копыленко, С.Сәтенова, Г.Смағұловалардың зерттеу еңбектерінде кеңінен қарастырылады. ФТ-тер қалыптасуының нақты уәжділік және этнолингвистикалық сипаты А.Жылқыбаева, Қ.Ғабитхан, Ш.Сейтова, Б.Дина, Ш.Қарсыбековалардың зерттеулерінің арнайы зерттеу нысаны болған. Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі – қазақ тілінде жылқы малына қатысты қалыптасқан ФТ-тер. Осыған орай аталмыш зерттеудің мақсаты – сөздік қорымыздағы жылқы малына қатысты ФТ-терді барынша жинастырып, тілдік деректерді молынан беру, олардың мағынасын экстралингвистикалық факторлар арқылы ашуға талпыныс жасау. Осымен байланысты ұлттық болмыс пен төл мәдениетті тану мен танытуға байланысты тілде қалыптасқан жылқы малына байланысты ФТ-тердің, тарихи-этнографиялық деректердің, этнолингвистикалық сипатын зерттеу, талдаудың өзектілігі дау туғызбайды. Сондықтан да бұл тақырыптың этнолингвистикалық тұрғыдан алынып, арнайы қарастырылуы және жылқы малына қатысты ФТ-тердің халқымыздың ертедегі дүниетанымы мен наным-сенімдерін, салт-дәстүрлерін, әлеуметтік-қоғамдық факторларға қатысты ұғымдарына негіз болып, абстракцияланып, уақыт өте келе адамды бейнелеуге, танытуға дәйек болуын тілдегі нақты да, бай тіл деректері негізінде анықтау, дәлелдеу – зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады. Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тілі тілдік деректеріндегі жылқы малына қатысты ФТ-тердің танымдық мәні, жасалу жолдары мен этнолингвистикалық табиғатын ашу – зерттеудің нысанына жатады. Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-тердің этнолингвистикалық сипаты. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-тердің этномәдени уәждемелерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Диссертациялық жұмыстың мақсат-міндеттеріне сәйкес тарихи-салыстырмалы, сипаттамалық зерттеу, жүйелеу, тақырыптық-мағыналық топтастыру, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (І.Кеңесбаев, 1977), Ә.Қайдардың «Халық даналығы» және «Тысяча метких и образных выражений» сөздіктері, Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегі, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (он томдық: 1974-1986), Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі (1966), Қазақ тілінің аймақтық сөздігі (2005), Кыргыз тилинин фразеологиялык сөздүгү (Ж.Осмонова, К.Конкобаев, Ш.Жапаров, 2001), Türk atasözleri (1993), Древнетюркский словарь (1969) және С.Сәтенованың, Ж.Бабалықұлының, Х.Арғынбаевтың, А.Тоқтабайдың, С.Қасимановтың Ә.Ермековтың еңбектері, халық ауыз әдебиеті үлгілері алынды. Зерттеу жұмысының әдістанымдық негіздері. Зерттеу жұмысына қазақ тіл біліміндегі Ә.Қайдар, Р.Сыздық, М.М.Копыленко, Е.Жанпейсов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдістанымдық тұрғыдан басшылыққа алынып, жұмыстың орындалып шығуына ғылыми негіз болды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бұл жұмыста қазақ тіліндегі жылқыға қатысты ФТ-тердің этномәдениетпен сабақтастығы этнолингвистикалық аспектіде арнайы зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Қазіргі уақыт талабында белгілі бір ұлт этносының дүниетанымын, ой-санасын, өркениеті мен мәдениетін тіл арқылы, оның ақпараты арқылы білу – ең маңызды да өзекті мәселелердің бірі. Бұл – қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа толығымен сәйкес келеді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-тердің табиғатын этнолингвистикалық тұрғыдан талдап ашып беру, олардың этномәдени мағыналарын анықтау, «тіл мен ұлт», «тіл мен мәдениет» қағидасына сәйкес интерпретация жасаудың мәні ерекше. Осымен байланысты зерттеу барысында жасалған тұжырымдар мен нақты нәтижелер қазақ тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының қалыптасуына өз деңгейінде теориялық үлес қоса алады. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысы нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын – тіл тарихы, лексикология, фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының теориялық курстарын оқытуда, түрлі арнаулы семинарлар мен курстарды жүргізуде пайдалануға, қолдануға болады деп санаймыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы нәтижелерін, лексикографиялық тәжірибелерде – сөздіктер құрастыруда, шешендік өнерде т.б. мәдени коммуникация қызметтерінде де практикалық тұрғыдан тиімді пайдалану тұрғысынан құндылығы бар деуге болады. Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен М.Мырзахметұлының 75 жасқа толу мерейтойына арналған “Түрік халықтары әдебиеті тарихының өзекті мәселелері: өткені, бүгіні және ертеңі” атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Тараз, 2005), Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ұйымдастырған “Жас ғалым – 2005” атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2005), академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдық мерейтойына байланысты өткен «Академик Ө.Айтбайұлы және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік лингвистикалық семинарда (2007, маусым) баяндалып, тақырыпқа қатысты ғылыми басылымдарда 4 мақала жарияланды. Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар зерттеу барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы туралы мәлімет беріледі. Жұмыстың бірінші тарауы «Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты тақырыптық-мағыналық топтардың этномәдени мәні» деп аталады. 1.1. «Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы» атты бірінші тараушада төрт түлік малға, оның ішінде жылқыға байланысты тілдік бірліктердің көне жазба ескерткіштерден бастап бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерде керегінше сөз болғандығы айтылады. Жалпы түркітануда жылқы малы атауларын сөз еткен авторлардың ішінде Н.Махмудов (өзбек тілі), Р.Г.Ахметьянов (татар тілі), А.Шынардың (түрік тілі) еңбектерінің орны айрықша. Сондай-ақ, Т.Дүшеналиева (қырғыз тілі), Т.Урунов (өзбек тілі), М.Н.Губогло (гагауыз тілі), Э.Ф.Ишбердин (башқұрт тілі), К.А.Новиков (тұңғыс-манжұр тілі), Ц.Д.Номинханов (түркі-монғол тілдері) т.б. сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде жан-жануарлар лексикасын әр қырынан қарастырып, оның ішінде жылқы малына қатысты пікірлерін де берген. Қазақ тіл білімінде төрт түлік малға қатысты атаулар мәселесі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ш.Жанәбілов (1953), Ә.Жақыпов (1983), Т.В.Линко (1989), С.К.Сәтенова (1990), М.С.Бейсенова (1997), Б.Тлепин (1997), Р.З.Панзарбекова (1998), Б.С.Тоқтағұл (2005), Н.Айтбаева (2007) т.б. сияқты тілші-ғалымдардың диссертацияларында жүйелі сөз болады. Сондай-ақ, Е.Жанпейсов, О.Нақысбеков, Ж.Бабалықұлы, Х.Арғынбаев, Ә.Ермеков, А.Тоқтабаев, С.Қасиманов, Қ.С.Ахметжанов, Ж.Сейітқұлова т.б. ғалымдардың зерттеу мақалалары мен еңбектерінде жылқы малына қатысты мәселелер әр қырынан қарастырылды. Келесі 1.2 «Жылқыға қатысты ФТ-терді тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудің теориялық негіздері» деп аталатын тараушада қазақ тіл біліміндегі тілші-ғалымдардың тақырыптық топтарға бөлуде ұсынған теориялық тұжырымдамалары мен номинация теориясы сөз болады. Қазақ этнолингвистикасы – зерттеу объектілерін өзара әрі іштей топтастыра зерттеу принципін қатал сақтауды талап етеді. Бұл жүйелілік принципі талабынан туындайтын әдіс-тәсілдердің бірі. Акдемик Ә.Т.Қайдар этнолингвистикалық деректерді «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш үлкен салаға жіктеуді ұсынған [1, 19]. Ғалым ана тіліміздің сөздік қорының мәйегі саналатын ФТ-тердің басым көпшілігінің қай кәсіпке байланысты туындағанына және қазіргі уақыттағы білдіретін ұғымына қарай топтастырудың қажеттілігіне ерекше мән береді. Дегенмен, бұл «Адам», «Қоғам», «Табиғат» макротоптық жүйесінің этнолингвистикалық зерттеулердегі мәнін, тақырыптық-мағыналық, лексико-семантикалық топтастырудың құрылымдық лингвистикадағы тиімділігін жоғары бағалай отырып, тілді ұлт танымымен тығыз байланыста қараған зерттеулерде сол ұғымның атауына не уәж болып тұр деген өзекті мәселе номинация теориясына сүйенуді қажет етеді. Оны пайдаланудың тиімді үлгісі қазақ тіл білімінде баршылық. Мысалы, Б.Қалиевтің, К.Хұсайыновтың Ж.Манкееваның, Е.Керімбаевтың, Р.Шойбековтің т.б. зерттеулері бұған дәлел. Нақты айтқанда номинация теориясы нысанды, оның қызметін сипаттайтын, атау үшін негіз бола алатын ерекшеліктерін, айрықша белгілерін, сапаларын, яғни тілдік емес те уәждерін анықтауға назар аударады. Сонымен, қазіргі номинация теориясында зат атауының негізіне уәж болған сол заттың ерекше белгілері, қасиеттері мен сапалары алынады. Өсімдік әлемінің ұлттық атауларын зерттеген профессор Б.Қалиев бүгінде ғалымдардың атауға негіз болатын уәждеменің ортақ жүйесін төрт тақырыптық топқа (табиғат, адам, қоғам, таным) бөліп қарастыруды ұсынып отырғанын айта келе, номинацияның бұл принципін барлық тілдерге ортақ әмбебап деп тануға болатынын айтады [2, 53]. Профессор Ж.Манкеева атау мен зат арасындағы тілдік емес факторларды жан-жақты зерттемей тұрып, оның шығу себебін анықтау оңай бола бермейтінін айта келе тіл біліміндегі атаудың (номинацияның) екі дәрежесін атап көрсетеді: 1) бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау (первичная номинация). Ол – атаудың аталушы заттың қасиеттерімен уәжделеді. 2) екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторичная номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде өзін тудырған түбірмен мағыналық байланысы үзіледі [3, 249]. Екінші дәрежелі атаудың барлық түрінің негізінде адам ойлаудың ассоциативті сипаты жатады. Ол көбінесе бұрыннан бар, етене таныс нәрселермен ұқсатумен байланысты болады. Яғни біз қарастырып отырған ФТ-тер – екінші дәрежелі атау. Сондай-ақ, осы тараушада тақырыптық топтарға бөлуге байланысты С.Сәтенова, Р.Шойбеков, Ш.Қарсыбекова, Ш.Сейітова сияқты ғалымдардың зерттеулеріндегі тұжырымдары да пайдаланылды. |
![]() | 1 Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұРҒыдан қарастырылуы 6 Азақ тілінденгі антропонимдер мен этноантропонимдердің Қалыптасуының Әлеуметтік-мәдени негізі 34 | ![]() | Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм) А. Байтұрсынов және Х. Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер |
![]() | Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен... | ![]() | 1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. “Жылқы малдың Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен... |
![]() | Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл Жалпы жоғарыда көрсетілген грамматикалық оқулықтарда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер жайлы жекелей... | ![]() | АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның |
![]() | Ереханова Фатима ТӨреханқызы Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері | ![]() | Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жоспары Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық... |
![]() | Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі Нұрғалиева Г. К., Есжанов А. Е. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық... | ![]() | БайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды |