Скачать 48.37 Kb.
|
Жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ а у л ы с ы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беруін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7396 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы ___ ____________ № ___ қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсынуын нақтылайды. 2. Есептілікті ұсыну 2. Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер ай сайын Ұлттық Банкке Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялар бойынша есеп (бұдан әрі – Есеп) ұсынады. 3. Есеп есепті айдан кейінгі айдың бес жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) арқылы ұсынылады. 4. Есеп Нұсқаулыққа қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалынады. 5. Қағаз тасымалдауыштағы Есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды, мөрмен бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есеп түзетулер мен тазартулар болмауы тиіс. 6. Екінші деңгейдегі банк ұсынған Есепте толық емес ақпараттар немесе қателер табылған кезде, сондай-ақ электрондық түрде ұсынылған Есептің саналуы мүмкін болмаған жағдайларда, Ұлттық Банк бұл туралы үш жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке хабарлайды. Екінші деңгейдегі банк хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді есепке ала отырып пысықталған Есепті ұсынады. 7. Екінші деңгейдегі банктер қажет болған жағдайда Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау үшін қажетті құжаттарды (шарттар, шот-фактуралар, қабылдау-өткізу актілері, төлем тапсырмалары) үш жұмыс күні ішінде ұсынады. Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымша Нысан __________________________________________ (екінші деңгейдегі банктің толық атауы) тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша 20___ жылғы ____________ * (айы) есебі
* Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады. ** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.
|
![]() | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы... | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын |
![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді... | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша... |
![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара) | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту... |
![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... |
![]() | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді | ![]() | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы... |