Шығарылған күні: 31. 08. 2010




НазваниеШығарылған күні: 31. 08. 2010
страница1/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.22 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://web.quick.cz/rossica/pom/az-zivaja.rtf
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




«Астана медицина университеті» АҚ



Форма№ ОБ-07.1.13


Шығарылған күні: 31.08.2010

Қалыпты физиология кафедрасы


Тексеріс күні: 31.08.2012


Тексеріс #:


бет


ДӘРІСТЕРДІҢ КОМПЛЕКСІ


Fis 1209 Физиология пәні бойынша


(пәннің атауы және коды)


05110 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына арналған


Дәріс 6 (сағат)


Курс 1-ші


Семестр 2-ші


Дайындаған: доцент, м.ғ.к. Ибраева С.С.


Астана, 2012ж.


«АМУ» АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

1 Дәріс.

Тақырыбы: Физиология пәніне кіріспе. Физиологиялық функцияларды қалыптастыруы мен реттелуінің негізгі қағидалары. Қозу мен тежелу үдерістерінің табиғаты. Қозғыш құрылымдардың функциялық ерекшеліктері, Нейрон функциялары, синапстардың қасиеттері. ОЖЖ-дағы қозу мен тежелу. Қозудың өту ерекшеліктері. ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру қызметі.

Мақсаты: Физиологияның даму кезеңдері, физиология ғылымына үлкен үлес қосқан ғалымдар туралы түсінік қалыптастыру; Нерв, бұлшықет тіндерінің функциональді ерекшеліктеріне білім беру. Гальвани тәжірибесінің орындалуы мен түсіндірілуін қадағалау.

Дәріс жоспары: Физиология пәніне кіріспе. Қозғыш құрылымдардың функциялық ерекшеліктері. ОЖЖ-дағы қозу мен тежелу. ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру қызметі.

Дәріс тезисі:

Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология орга­низм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты. Физиология -тірліктану ғылымы. Ол тіршіліктік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Тірлік (функция) - жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті.

Үрдіс - белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті түрде алмасуы.

Жүйе - жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы (ты­нысалу, асқорыту, қанайналымы, қорғаныс, реттеліс, сөйлеу, өрбу т.б.).

Физиологиялық қалып (норма) - бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі тетіктері арқылы үйлесімді және нәтижелі деңгейде сақталады немесе жағдайға сәйкес жеткілікті мөлшерде өзгереді.

Тетік - тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі.

Реттеліс - ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру. Оның жергілікті, гуморалды (humor - сүйықтық) және жүйкелік тетіктері болады. Физиологияның зерттейтін нысаны дені сау тірі организм.

Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.

Жалпы физиология көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, козу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.

Салыстырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, үқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.

Эволюциялық физиология - адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.

Жеке физиология - кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с) бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты зандылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

Авиация физиологиясы - ұшқыштар организмінің ұшу кезіндегі жағымсыз әсерленісін анықтап, оларды болдырмау тәсілдері мен амалдарын табады.

Әлеуметтік физиология - адам организміне қоғамдық ортаның, өндіріс, тұрмыс жағдайларының әсерін анықтайды.

Әскери физиология - оқу - жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс жағдайларында физиологиялық әрекеттердің реттелісін зерттейтін әскери медицина саласы.

Ғарыштық физиология - космостық түрткілердің (салмақсыздық, гиподинамия) ғарышкерлер организміне жарамсыз ықпалын тексеріп, оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды.

Еңбек физиологиясы - адам организмінің еңбектену кезіндегі қалыпты жағдайын, жұмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады.

Жас физиологиясы - адам организмі мен ағзалары және жүйелері қызметінің туылған сәттен жеке дамуының ақырына дейінгі қалыптасу және жойылу ерекшеліктерін тексереді.

Спорт физиологиясы - дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырады.

Суасты жузу физиологиясы - теңізшілер мен сүңгушілер организміне сүңгуір қайықтардың үзақ уақыт жұмыс кезіндегі әсерін анықтайды.

Тамақтану физиологиясы - адамдардың жасына сәйкес әртүрлі кәсіби топтар үшін арнайы, ұтымды тамақтану шартгарын қарастырады.

Психофизиология - адам психологиясы мен физиологиясы саласынан қалыптасқан. Ол әртүрлі психикалық үрдістер (түйсік, есте сақтау, сезім, ойлау, сөйлеу т.б.) кезінде ақиқат байқалатын физиологиялық өзгерістерді зерттейді.

Экологиялық физиология - адам организміне табиғаттың әр алуан төтенше түрткілері мен орасан жүктемелерінің әсерін тексереді.

Физиологияның аса маңызды саласының бірі - ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы, оның негізгі мақсаты мал мен құс шаруашылық өнімдерін ғылыми жетілдіру.

Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нысандары мен әдістеріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.

Қалыпты физиология - дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты физиологияның басты мұраты - адамның денсаулығын сақтау. Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология (vale - сау болу, logos - ілім) зерттейді.

Денсаулық дегеніміз - адам организмінің барынша ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Дара кісінің (индивидуум) денсаулығы туралы мағлұматтар физиологиялық қалыпты көрсеткіштермен немесе нормалармен сипатталады. Патологиялық физиология - ауру организмдегі ауытқуларды, олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және айықтыру үрдістерін зерттейді.

Клиникалық физиология - ауру организмдегі физиологиялық көрсеткіштердің (хирургиялық емдеуден, протездер қондырғаннан кейінгі) жаңа стационарлық деңгейін тексереді.

Физиология ғылымы медицина мен гигиенада өте маңызды орын алады. Расында, организмнің қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты фи­зиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі. Демек, физиология, организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқу мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім алу бары­сында профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін ұйымдастырғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым.

Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, пси­хология, валеология және дене тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.

Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуы оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде, тиісті білім қоры болған кезде ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең үрпаққа адамгершілік, әсемдік, еңбек, ақыл-ой және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

Физиологияның мақсаттары. 1. Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. 2. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру. 3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету. 4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.

Физиологияның зерттеу әдістері. Физиологиялық үрдістер өте үдемелі өзгеріп отыратын құбылыстар. Оларды анықтау тәсілдері физиологияның даму кезендеріне және шектес ғылымдардың жетістіктеріне сәйкес қалыптасты. Сондықтан мүның бірнеше бағытын талдауға болады:

1) Бақылау әдістері - физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.

2) Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.

3) Тітіркендіру әдістері - тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.

4) Электрофизиологиялық әдістер - қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.

5) Өткір тәжірибе әдістері - жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.

6) Созылмалы тәжірибе әдістері - жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.

7) Аспаптық әдістер - физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.

Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде.

Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен тех­ника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен қолданады.

Физиология мен техника ғылымдарының тығыз байланысынан био­ника, физиологиялық кибернетика және кванттық медицина дамыды. Мұндай жетістіктер медицина ғылымының басқа да жаңа салаларын қалыптастырды.

Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді, шектес ғылымдардың табыстарын, мәліметтерін мол пайдаланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер алынып отыр.

Мұнымен бірге физиологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физиологиялық жағдайларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының түрғысынан зерттеу басталды. Әрекеттік жүйелер теориясы және оның әржақты қағидалары ме­дицина, педагогика, психология, социология, техника т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданыс тапты.

Организм мен қоршаған орта қатынасы кезіндегі физиологиялық тірліктерді меңгеретін әрекеттік реттеу жүйесі болады. Меңгеру ағза-иар мен жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы пайдалы тіршіліктік икемделуді қамтамасыз етеді.

Физиологиялық әрекеттерді меңгеру үш түрлі жолмен атқарады: 1) іске қосу; 2) түзету; 3) үйлестіру. Іске қосу - ағзалардың тыныш жағдайын белсенді әрекетке көшіреді. Түзету - ағзалардың іс-әрекетін өздігінен атқарылу режимінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйлестіру - бірнеше ағзалар мен жүйелерді бірлестіру арқылы пайдалы икемделу нәтижесіне жеткізеді.

Организмнің тіршіліктік әсерленістері бірнеше сатылы және әртекті реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов реттелуші жүйенің төрт түрін жіктейді.

1. Химиялық, бейарнамалы жүйе - зат алмасуы өнімдері арқылы ағзалардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді.

2. Эндокриндік жүйе - әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары -гормондары арқылы белсендіреді.

3. Вегетативтік жүйке - бір орталықтан бірнеше нысандарды: ағза, тін, тірліктік жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді меңгереді.

4. Орталық жүйке жүйесі - бір жағынан организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртұтас организмді сыртқы ортамен теңестіреді.

Жүйелердің өздігінен реттелісі. Қандай да болмасын әрекеттік меңгеруші жүйелердің қызметі реттеліс және өзін-өзі реттеуге негізделген.

Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттігін және ішкі орта тұрақтылығын қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін айтады. Организмнің ішкі ортасын тұрақты құрамды қан, лимфа, тін сұйықтықтары құрады. Физиологиялық әрекеттердің өзін-өзі реттеуі деп төменгі даму сатысындағы жануарлар әлемінде кездесетін реттелудің қарапайым түрін айтады.

Өздігінен реттеліс - тіршілік үшін маңызды үрдісті белгілі бір тұрақты жағдайда сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия, изогидрия т.б. өзін-өзі реттеу арқылы сақталады. Табиғатта мұндай реттеу арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағдайлар автоматты түрде белгілі деңгейде атқарылады.

Түрлі организмнің еркін тіршілігі ішкі ортаның тұрақтылығы екендігін алғашқы дәлелдеген француз ғалымы К. Бернар (1813-1878). Кейін Кеннон гомеостаз туралы ілімінің негізін қалады. Гомеостаз -организмнің ішкі ортасының және физиологиялық әрекетінің салыстырмалы тұрақтылығы. Гомеостазды қолданушы негізгі тетіктер өздігінен реттеледі.

Ішкі ортаның тірліктік тұрақты көрсеткіштері қатаң және икемді болып екіге бөлінеді. Қатаң тұрақты көрсеткіштер: осмостық қысым, сутек көрсеткішінің шамасы (рН), глюкоза, газдардың мөлшері, т.б. Икемді тұрақты көрсеткіштерге қанның құрамы, көлемі, қысымы, қоректік заттардың мөлшері т.б. Тірліктік көрсеткіштер белгілі бір мөлшердің деңгейінде тербеліп тұрады, сондықтан гомеокинез деп аталады.

Организмнің бейімделіс және өтеміс әсерленістерін қамтамасыз ететін гомеокинез көрсеткіштері жас кезеңдеріне сәйкес қалыптасады. Мұны гомеорезис дейді. Гомеорезис - өздігінен реттелетін жүйелерде жасқа байланысты туатын өзгерістерінің дамуы.

Меңгеру орталық жүйке жүйесі және қан арқылы қамтамасыз етіледі. Бұлар нейрогуморалдық реттеу жүйесін құрады. Соңғы кезде бұған иммундық реттеу жүйесі қосылды Әрекеттердің жүйкелік және гуморалдық (һumor - сұйықтық) реттелісін, бірлестігін, физиологтар ашқан жүйке аралық байланыс - синапстар (түйіспелер) қызметі дәлелдейді. Жүйке жүйесінің қозуынан синапста химиялық дәнекерші зат - медиатор пайда болып, ол қозуды бір нейроннан екінші нейронға өткізеді. Сөйтіп, жүйелердің түрлі қызметтерінің бейімделісі жалпы организм қызметінің жүйкелік-гуморалдық реттелуі арқылы іске асады, организмнің қорғаныш қасиетін иммундық жүйе қамтамасыз етеді..

Жүйкелік-гуморалдық қатынаспен қатар жасушалар арасында креаторлық (грек, create - көшірме) өзара байланыс та бар (Г.И. Косицкий). Жаңа және ескі жасушалардың құрылымында ұқсастық болуы үшін олардың арасындағы маңызды ақпараттарды ірі молекулалар жеткізеді. Оларды қан да тасмалдауы мүмкін. Макромолекулалар бір жасушадан екіншісіне олардың түйіскен жеріндегі саңылаулар арқылы немесе пиноцитоз жолымен өтеді.

Жаңа медицинаның дәлелдеуі бойынша, организмнің әрбір жасушалары кванттық (фотон) байланысы арқылы өзара әрекетттестік қатынаста болады. Мұндай өзара қарым-қатынас электромагниттік өрістер мен, шығыс медицинасы қолданатын, дененің белсенді нүктелері және меридиандары арасында өтеді.

Бүгінде тіршілік ісәрекетін реттеуші тек нейроиммуноэндокриндік кешен деп ұғыну жеткіліксіз. Өйткені, бұл жүйелерді организм дамуының белгілі кезеңінде қарапайым және әмбебап реттеу жүйесі әржақты қалыптастырады. Соңғы жүйе ретінде электрлік реттеу жүйесі қаралады. Оның негізін организм тірлігінде кездесетін жасушаның мембраналық шамасының электромагниттік өрісі жасайды.

Реттеліс және өзін-өзі реттеу аса қозғыш, тітіркендіргіштің өте аз күшіне әсерленетін жүйке жүйесінің қызметі арқылы орындалады. Тірі тіндердің көбінде қозғыштық қасиет бар, олар тітіркендіргіш әсер еткенде туатын, электр құбылысына негізделген қозу деп аталатын белгілі бір жағдайда болады. Қозғыштық жоғары сатыдағы жануарларда болатын, ал тітіркену - төменгі сатыдағы организмдерге тән қасиет. Түрлі жүйке бөлшектері - қабылдағыш құрылымдар, нейрондар, олардың талшықтары өте қозғыш тіндерге жатады. Нейрондар орталық жүйке жүйесінде, арнайы қызмет атқаруға бейімделіп, тұрақты орында орналасады. Әрбір жүйке орталықтары организмнің белгілі бір қызметін реттеуге бейімделген. Мәселен, тынысты реттейтін жүйке орталықтары сопақша мидың, жұлынның, ми бағанының, ми қыртысының белгілі бір жерінде орналасқан.

Жүйкелік реттелістің гуморалдық әсерге қарағанда артықшылығы

болады:

1. Жүйкелік байланыс белгілі бір мүшеге, жасушалар тобына дәл бағытталады. Гуморалдық реттеуде химиялық белсенді заттар қан немесе лимфа арқылы бірнеше мүшеге, тінге бірдей әсер етеді. Сондықтан ол заттарға организмнің жалпы әсерленісі байқалады.

2. Жүйкелік байланыс әрекеттерді жылдам реттейді. Жүйке серпіністерінің ерістеу жылдамдығы қан қозғалысынан жүз еседей тез.

3. Жүйке жүйесі әрекетті тек қана тудырып қоймай, қажет болмаса оны мүлде тоқтатып тастайды. Ал, химиялық заттың әсері ол зат әбден ыдырағанша жалғасады.

Адам мен жануарлар организмінде қызмет біртұтас нейрогуморалдық жолмен реттеледі. Оның ішінде жүйкелік реттеу басты, қан арқылы реттеу қосымша тетіктер болып саналады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconКүндердің ең абзалы жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған. Және осы күні жаннатқа кіргізілген. Әрі осы күні одан шығарылған. Қиямет те осы жұма күні болады
Аллаһ оның сауабын арттырып, күніларын кешіреді. Бұл күнде бір сәт бар. Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconШығарылған күні: 31. 08. 2007
Тақырыбы: Физиология пәні. Физиологиялық қызметтерді қалыптастыру және реттелудің негізгі принциптері
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconШығарылған күні: 31. 08. 2007
Физиология курсына кіріспе. Физиологиялық қызметтерді қалыптастыру және реттеудің негізгі принциптері. Қозудың табиғаты. Ожж (орталық...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconЖ. аймауытұлы прозасының тілі оқу құралы қайта басып шығарылған
Г. Т. Кәріпжанова – Павлодар: Кереку, 2009. 154 б., қайта басып шығарылған,келісімшарт №12
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconАлғаш рет Әке күні 1910 жылы 19 мусымда АҚШ –та өткізілді. 2010 жылы бұл мерекеге 100 жыл толды. Қазіргі таңда бұл мереке әлемнің 52 елінде аталып өтеді
Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр. Бұл күні отбаслық кештер әке мен балаға арналады, сонымен бірге ұрпақтың...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconСӨЖ – 30 сағат Барлығы – 90 сағат
Пәннің оқу әдістемелік кешені Казгу –дың 2010 жылы шығарылған типтік оқу жоспары негізінде құрастырылған
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 icon«Объядинить ячейки»; мына батырма қандай операцияны атқарады?
«1 қыркүйек білім күні» мәтіндегі күні сөзі белгіленген. Мәтін қандай түрді қабылдайды, егер сіз вырезать содан кейін вставить командаларын...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconЖүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі
...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconДоклад перед населением «Об итогах работы за 2010 год и задачах на 2011 год»
Жылғы 28 қаңтар күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты өзінің кезекті Жолдауын Қазақстан...
Шығарылған күні: 31. 08. 2010 iconТехникалык регламенттер мен стандарттар мемлекеттік
«Тамақ өнімдері. Функционалдық тамақ өнімдері. Терминдер мен анықтамалар» 11. 10. 2010 ж. №454-од бұйрығымен енгізілді. Енгізілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница