Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін




Скачать 145.04 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
Дата конвертации07.02.2016
Размер145.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish717408_8317.doc


Жоба


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қаулысы


Алматы қ. 2012 жылғы «___» __________ № ____


Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жіктеушісін –


төлем белгілеудің бірыңғай
жіктеушісін қолдану және


төлемдер бойынша төлем

белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi

бөлігінде мәліметтер беру ережесін

бекіту туралы» 1999 жылғы 15

қарашадағы № 388 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» _____________ № _________ және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидалары»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидаларда төлемдерге код қою жүйесі және ақша жіберуші мен бенефициардың қодтарын, төлемдер белгілеу кодтарын қою міндеттілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрі – төлем құжаттары) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қою тәртібі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі, нысаны және мерзімдері берілген.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Төлемдердің кодын қою төлемдер бойынша берілген мәліметтер негізінде төлемдердің айқындылығын қамтамасыз ету, көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдау үшін пайдаланылады.»;

қазақ тіліндегі мәтінде 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қою тәртiбi төлемдердiң электрондық жүйесiнде, сол сияқты iшкi банктік және халықаралық төлемдердi қоса алғанда‚ банктiң тiкелей корреспонденттiк шоттар бойынша операциялары үшін де қолданылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Төлемдердің кодын қою»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлемдердің кодын қою цифрлық және әріптік символдар жүйесінің көмегі арқылы құрылған. Бұл жүйе төлем құжатының қосымша деректемелерінен және төлем белгілеу кодынан қалыптастырылады. Төлемдердің кодын қою жүйесі мынадай:»;

қазақ тіліндегі мәтінде 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Экономика секторы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай экономика секторының кодына сәйкес қойылады.

12. Төлемдi белгiлеу коды осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қойылады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Төлем құжаттарын толтыру тәртібі»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Ақша жіберушінің/бенефициардың резиденттiк белгісі және экономика секторларының кодтары, төлем белгілеу коды, валюта коды электрондық форматта және қағаз тасымалдауышта қалыптастырылған төлем құжаттарында арнайы бөлiнген жерге қойылады.»;

16-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

қазақ тіліндегі мәтінде 18-2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«18-2. Ұлттық Банкке мәліметтерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық), екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер), «Казпочта» акционерлік қоғамы береді және Ұлттық Банк осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.»;

1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына 1-қосымша»;

қазақ тіліндегі мәтінде ескертудің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қағидаларда экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттік басқару органдары; қаржылық ұйымдар: қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.»;

2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына 2-қосымша»;

Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесінде:

«7-Тауарлар және материалдық емес активтер» бөлімінде:

710-кодтың бірінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«710

Жылжымайтын мүлікті және төлем белгілеу коды 711-713 тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер»;

«Ala card карточкасы бойынша берілген бензин үшін ақша аудару» 710-кодынан кейін мынадай мазмұндағы 711-713-кодтармен толықтырылсын:

«711

Тауарларды Қазақстанның аумағына әкелмей шетелден тауарлар сатып алу және сату

712

Қазақстанның аумағына бұрын әкелінген тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелге сату

713

Қазақстанның аумағына бұрын әкелінген тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелден сатып алу»;

«9-Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу» бөлімінде:

913-код мынадай редакцияда жазылсын:

«913

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар»;

мына жол алып тасталсын:

«920

Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізіндегі арнайы салық режимі»;

921-924-кодтар мынадай редакцияда жазылсын:

«921

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша түсімдер

922

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша өсімпұлдар

923

Ұсынылмаған Тауарлар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш бойынша өсімпұл аудару

924

Қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған сомасына есептелген өсімпұл»;

925-929-кодтар алып тасталсын;

930, 940, 950 шағын бөлімдер және осы шағын бөлімдердің кодтары алып тасталсын;

960-шағын бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«960

Бюджеттен қайтару (есепке алу)»;

964-код мынадай редакцияда жазылсын:

«964

Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу»;

969-код мынадай редакцияда жазылсын:

«969

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу»;

ескертуде:

«Арнайы аударымдар» 1-бөлімнің үшінші абзацының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

«Транзиттік төлемді алған кезде, бенефициар банкі одан әрі Мәліметтерді ұсыну үшін мәмілелерге сәйкес келетін экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қояды.»;.

9-бөлім – «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу» мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бөлім – «Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу»

 

Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару бойынша (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) кодтары кіреді.

911-код Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептелген (есептеп шығарылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді аударған кезде қойылады. Оған салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша; салық төлеу мерзімдері өзгергенде (ұзартылғанда); камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке міндеттемелер бойынша төленетін сомалар жатпайды.

912-код салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдердің мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде қойылады. Оған салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген; салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген; камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

913-код «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын; салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.

914-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдердің сомаларын (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады.

915-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

916-код салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін салынатын (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатындарды қоспағанда); салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұл сомалары жатпайды.

917-код төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады.

918-код салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есептелген; камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

919-код салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдардың сомалары төленген кезде қойылады. Оған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген; салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салынатын айыппұл сомалары жатпайды.

921-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті және өзге төлемдердің (өсімпұлды қоспағанда) сомаларын аударған кезде қойылады.

922-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады. Оған бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген; салықтарды төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген; камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

923-код ұсынылмаған Тауарлар әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш бойынша өсімпұл аударған кезде қойылады.

924-код Қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған, салықтық тексеру жүргізу кезінде расталмаған сомасына есептелген өсімпұлды аудару кезінде қойылады.

961-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын салық берешегін өтеу есебіне есепке алу кезінде қойылады.

962-код грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

963-код Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

964-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.

965-код салық органының артық қосылған құн салығын қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына бюджеттен өсімпұл төлеу кезінде қойылады.

966-код салық органының салықты, ақы төлеуді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл төлеу кезінде қойылады.

967-код салық органының салықты, ақы төлеуді есепке алу мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұлдар төлеу кезінде қойылады.

968-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдардың артық немесе қателесіп төленген сомасын қайтару кезінде қойылады.

969-код камералдық бақылау нәтижелері бойынша есептелген сомалар бойынша берешекті өтеу есебіне артық (қателесіп) төленген сомаларды есепке алу кезінде қойылады.

971-код бюджеттен артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, басқа да міндетті және өзге төлемдерді салық төлеушінің банк шотына қайтару кезінде қойылады.

972-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

973-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу кезінде қойылады.

974-код есепке алынған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін пайда болған, есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару кезінде қойылады.

975-код бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салық сомалары мен бюджетке өзге міндеттемелерді бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына аударған кезде қойылады.

976-код салықтар, бюджетке басқа да міндетті және өзге төлемдерді басқа салық органдарына қате есептеген кезде, басқа салық органдарына артық немесе қате төленген салықты және төлемді аударған кезде қойылады.

977-код нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған қосылған құн салығын есепке алу кезінде қойылады.

978-код салық төлеушілерге бюджетке міндеттемелер бойынша төленген айыппұл сомасын қайтару кезінде қойылады.

979-код басқа да төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алулар және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады.

981-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, бюджетке есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке өзге міндеттемелерді (өсімпұл мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады.

982-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады.

983-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады.

984-код төлеу үшін келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге ұсынылған салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салық сомалары туралы хабарлама төлеу үшін негіздеме болып табылады.

985-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептелген өсімпұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.

986-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

987-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомаларын төлеген кезде қойылады.

988-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде қойылады.

989-код келісімшарттың (жер қойнауын пайдалануға арналған, мемлекеттік бағдарлама бойынша және басқа келісімшарттар) әр түрлі салық салу талаптарын көздейтін шектердегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер салықтарды төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

991-код жеке тұлғалар – азаматтар салықтар сомаларын, бюджетке басқа да міндетті және өзге де төлемдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын қоспағанда) аудару кезінде қойылады.

992-код жеке тұлғалар – азаматтар бюджетке міндеттемелерді уақтылы өтемегені үшін есептелген өсімпұл сомаларын төлеу кезінде қойылады.

993-код жеке тұлғалар – азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

994-код жеке тұлғалар – азаматтар өткен жылдары толық төленбеген салықтарды өтеу кезінде қойылады.

995-код әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салық органдары салған, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептелген айыппұлдар сомаларын төлеу кезінде қойылады.

996-код тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

997-код резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.

998-код пайдалануға енгізілетін негізгі құрал-жабдықтар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде қойылады.»;

3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына 3-қосымша».

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко



Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница