Скачать 0.53 Mb.
|
Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы «___» ________ № __ қаулысымен бекітілген жоба «Катонқарағай ауданы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы мен пайымдауы Тікелей және түпкілікті нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару. Қаржы органдары, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, экономикалық қызметтер, салық органдары, жергілікті атқарушы органдарымен үйлестірілген жұмыс, бекітілген бағдарламаларды қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі қалыптасқан экономикалық жағдай негізінде түсімдер болжамдарын қалыптастыру тәсілдерінің шынайылығы. Заңды тұлғалар, олардың мүліктері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің есептілігі бойынша мәліметтерді ескере отырып, мемлекеттік коммуналдық меншік активтерін есепке алудың толық, анық ақпараттық базасын құру. 2. Ағымдағы жағдайды талдау Ел Президентінің 1997 жылғы 11-ші қазандағы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдына қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды. Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген орта мерзімді жоспары мен фискальды саясатына сәйкес шығыстардың тиімділігін арттыру есебінен өңірдің қаржылық мүмкіншілігін кеңейтетін, мемлекеттік басқарудың институционалды негіздерін нығайту және жаңғырту жолымен ауданның экономикалық өсуіне ықпал ету қажет. Қазіргі уақытта қойылған міндеттерге жету үшін бюджеттің атқарылуы бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, бюджеттік қаражаттардың мақсатты және дер кезінде игеру, бюджетке түсімдердің уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жиынтығын жүргізуі қажет. Бюджетті толық және дер кезінде атқару мақсатында «Катонқарағай ауданы қаржы бөлімі» ММ жергілікті бюджеттердің түсімдерінің атқарылуына және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес бюджет қаражаттарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің пайдалануына талдау жасайды. Бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша тоқсан бойынша және бір жылға аудан әкімі немесе әкімнің орынбасарының төрағалығымен, ауылдық округ әкімдерінің , аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, Қазынашылық Басқармасының және Катонқарағай ауданы бойынша Салық Басқармасының басшыларының қатысуымен, аудандық кеңейтілген мәжілістер өткізіледі. Нәтижелері бойынша бюджеттің атқарылуын толық және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар мен тиісті хаттамалық шешімдер қабылданады. Қаржы бөлімі мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты буын ретінде бюджеттің тиімді атқарылуына және облыстық мемлекеттік активтерді сапалы басқаруға мүмкіндік береді. Соңғы бес жылда аудан бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің нақты барлық қызметтері бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің біршама ұлғаюымен сипатталады. 2005 жылға қарағанда өсім 1101302,7 мың.теңгені құрады. Қазіргі уақытта бюджеттік қаржыландыру саласында инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыру көлемінің ұлғаюына байланысты жеке бағыт бар, өсім 8879 мың.теңге. Бюджет қаражаттарының толық және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік артуда, тиісінше жүргізілетін бюджеттік мониторинг сапасын күшейту талап етіледі. Қаражаттарды игеру мынадай көрсеткіштермен сипатталады: 2005 жылы – 99,9%, 2006 жылы – 100 %, 2007 жылы – 99,9%, 2008 жылы - 99,9%, яғни тікелей нәтижелердің төмендеуі байқалады. Мемлекеттік сатып алу тендерлерін қалыптастыру бөлігінде қаражаттардың уақытында игерілмеуінің бірден бір негізгі себептері ретінде: сауда-саттық жүргізудің созылмалы процесі, бірнеше рет өткізілуі, конкурстардың өтпей қалуы, әлеуетті жеткізушілердің жоқтығы сияқты мәселелер анықталды. Бюджеттің уақтылы орындалмау проблемасын барлық талап етілген рәсімдік мәселелер қызметін нақты жүргізіп, ұйымдастыра шешу керек, көптеген мемлекеттік органдар бюджеттік және қаржылық операцияларды уақтылы орындамай, тиісті бақылау жасамай қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің бүкіл қолданылу кезеңінде барлық аудан бюджетін атқару процесі және бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз. Ай сайын мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар 3814 мың. теңгеден 21395 мың. теңгеге дейін құрайды. Дұрысында мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру және қаражаттарды игеру индикаторларын 99,5%-дан 100%-ға дейін ай сайын арттыруға ұмтылу қажет. Бюджетті атқару және бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу кезінде Бөлім ұшырасатын, стратегиялық бағытты жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін мынадай мәселелерді көрсетуге болады: бюджетті атқаруда жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмейді; түсімдер бойынша жоспарлардың орындалмай қалуы және тиісінше бақылау шотында қолма-қол ақшаның болмауына байланысты жоспарланған нәтижелердің орындалмауы; кредиторлық және дебиторлық берешектердің өсуі; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және төмен тұрған уәкілетті органдардың бюджетті атқару, бюджетті және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сондай-ақ белгіленген есептілікті дер кезінде өткізу бөлігіндегі нашар атқарушылық қызметі, осының салдарынан аудан бойынша Бөлім жоғарыдағы органдарға қалыптастыратын және ұсынатын есептілік мәліметтер сапасының төмендеуі және мерзімінің созылуы. Мұнан басқа, бюджеттік бағдарламаларды атқару бөлігінде мынадай мәселелер бар: бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз жүзеге асырылуына әкелетін, бюджеттің атқарылуындағы бюджеттік рәсімдердің көпсатылылығы мен күрделілігі (бюджеттік бағдарламалардың іс-шаралары жөніндегі шешімдерді қабылдаудан бастап, соңғы есептерге дейін); бюджеттік бағдарламалардың дер кезінде атқарылу мәселесі әлі де өткір мәселе болып қалып келеді. Аудандық коммуналдық меншікті басқару жүйесін қалыптастыру (меншікке қатысты меншік құқығын жүзеге асыру, мемлекеттік активтерді коммуналдық меншік объектілерін ұтымсыз пайдалану тұрғысынан тексеру, мұндай объектілерді бәсекелі ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру, мемлекеттік мүлікті сату және тағы басқалар) стратегиялық жоспарда Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі Тізілім), кешенді мониторингінің нәтижелерін қамтитын ақпараттық базаны қалыптастырумен ұсынылған. Тізілімде ағымдағы жағдай бойынша иесіз объектілер мен заңды тұлғалардың пайдаланылмай тұрған мүліктері жөніндегі деректер толық көрсетілмеген, ол коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден және сатудан бюджетке түсетін түсімдер көлеміне әсер етеді. 2008 жылы жалдық төлемдердің түсімдері 2007 жылға қарағанда 50,4 %-ға, түсімдердің көлемінің төмендеуі, осы код бойынша ШҚО бойынша телекоммуникация Дирекциясының «Қазақтелеком» ЖШС филиалынан – 202,3 мың теңге, «Калинин» ЖШС - 227,0 мың теңге, «Жұмажанов Д.У.» ЖК бойынша – 337,8 мың теңге қайтарылды, сонымен қатар, «Қазақтелеком» ЖШС-нің 2 баланс ұстаушылары аудандық бюджеттен облыстық бюджетке ауысты. Коммуналдық меншікті басқару бойынша атқарылған жұмыстар шеңберіндегі жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Бөлім ұшырасатын және көрсетілмеген стратегиялық бағытты жүзеге асыру жолымен өз шешімін табатын мына проблемаларды көрсету қажет: мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігін дер кезінде аудармауы және мемлекеттік басқарма органдары тарапынан қазыналық кәсіпорындардың нақты алынған кірістерінің жоспарланғаннан артық болуына бақылаудың жоқтығы; мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарының қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарын жасау мен олардың атқарылуын талдау, Қаржы министрлігі белгілеген мерзімде оларды нақтылау жөніндегі нашар атқаруышылық тәртібі, осының салдарынан аудан бойынша Бөлім өткізген жиынтық мәліметтерді талдау сапасының төмендеуі; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында оларды басқа коммуналдық меншік ұйымына жалға, балансқа, есептен шығару немесе бәсекелік ортаға беру ретінде қаралатын пайдаланылмайтын мүліктердің болуы; балансұстаушылар коммуналдық мүлік, әсіресе техникалық сипаты бойынша, түсуі және шығуы туралы, мүлікті тіркеу және пайдалану туралы мәліметтерді жеткілікті дәрежеде сапалы қалыптастырмайды. Жоғарыда аталған проблемалар меншікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, қаржылық және басқару ақпаратымен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру жолымен шешуді талап етеді. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
|
![]() | Темір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы... | ![]() | Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай... |
![]() | Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы | ![]() | Катонқарағай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің 2011 жылдың 2 жартыжылдығында атқарған жұмысы Катонқарағай ауданында кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту... |
![]() | Катонқарағай ауданының Акимат Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының... | ![]() | 2012 жылға жастар іс-тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5,8- баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы... |
![]() | Ауыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама «Тарбағатай ауданының жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған... | ![]() | 2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар... |
![]() | Аудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің... | ![]() | Тарбағатай ауданы әкімдігінің «Бөлім» Тарбағатай ауданы Әкімдігінің 17. 01. 2006 жылғы №58 қаулысы негізінде құрылды |