Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі




НазваниеАбдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі
страница1/6
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.5 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://dmitrskola2007.narod.ru/urokisheina.doc
  1   2   3   4   5   6


ӘОЖ 633.11«321»:631.527 Қолжазба құқығында


Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы


Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және

генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі


06.01.05 – селекция және тұқым шаруашылығы


Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алмалыбақ, 2010


Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған.


Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА, УАҒА, РАШҒА                                                                      академигі Р.А.Оразалиев


ауыл шаруашылығы ғылымдарының                                                           докторы, профессор К.К. Абдуллаев


Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

                                                                    докторы, профессор, ҚР АШҒА

                                                                   академигі С.А. Бабаев


ауыл шаруашылығы ғылымдарының                                                                      кандидаты Б.Ә. Исмайлов


Жетекші ұйым:            Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты


Диссертацияны қорғау 2010 жылы «5» қарашада сағат 1400 Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған БД 55.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайымыз: 040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1.


Диссертациямен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылдың «5» қазанында таратылды.


/Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторы    Н.А. Әлдеков

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі.  Агроөнеркәсіп кешені Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне жатады. Біздің мемлекетіміз қазіргі кезде астық экспорты бойынша дүние жүзінде алтыншы орынды иеленеді. Экспорттың әлеуеті жылына 8-10 млн. тонна аралығында деп бағаланады.

Республикамызда жаздық бидай жыл сайын 13-14 млн. гектарға егілсе, оның 200-250 мың гектары жаздық қатты бидай үлесінде. Қазақстанның табиғи-климаттық ресурстары қатты бидайдың жоғары сапалы дәнін алуға және оны кеңінен өсіруді қамтамасыз ететін мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Қатты бидай макарон және жарма өндірістерінде теңдесі жоқ негізгі шикізат ретінде қабылданады. Бұл дақыл өсіретін барлық мемлекеттер үшін негізгі мәселелердің бірі – оның өнімділігін көтеру және дәннің технологиялық сапасын арттыру болып табылады.

Біздің елімізде өндірілетін қатты бидай сапасы жағынан әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Осыған байланысты аталған дақылдың селекциясы бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстарының мақсаты - жергілікті жерге жақсы бейімделген, құрғақшылыққа төзімді, дәннің түзілуі мен толысуы жақсы дамыған, сабағының вегетативті және репродуктивті бөліктері қалыпты үйлескен, дәні жоғары сапалы, жапырылуға, сондай-ақ аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттар шығару.

Селекциялық жұмыстар нәтижелі болу үшін өсімдіктер төзімділігінің тұқым қуалауын, сондай-ақ сұрыптау кезінде ескерілетін төзімділікті білдіретін белгілерді анықтау қажет. Осы ретте экологиялық бейімділікке қарай сұрыптау әдістерін жақсарту селекциялық жұмыста аса қажеттілік тудырады. Өйткені бүгінгі таңда селекцияның басты талаптарының бірі - жаңадан шығарылған сорттардың бейімділігін айтарлықтай арттыру. Бұл өте күрделі мәселе, себебі бір сорттың бойына барлық шаруашылықтық-құнды белгілерді жинақтау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да бұдан шығар жол, сыртқы ортаға жақсы бейімделген жаңа сорттар шығару болып табылады.

Тақырыптың ғылыми жобалармен байланысы. Зерттеулер 2002-2004 жылдары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында республикалық мақсаттық бағдарламаның 2001-2005 жылдардағы «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сыртқы ортаға төзімді және өнімді жаңа сорттары мен будандарын шығару» атты мемлекеттік тапсырма ауқымында жүргізілді (мемлекеттік тіркеу 1 0100 РК 00231).

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында жаздық қатты бидай сорттық үлгілерінің сандық белгілерін селекциялық-генетикалық әдістермен cұрыптау тиімділігін арттыру болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеулердің міндеттері төмендегідей:

- Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында жаздық қатты бидайдың сандық белгілерінің параметрлерін айқындау;

- сорттық үлгілердің сандық белгілері бойынша комбинациялық қабілеттіліктерін анықтау;

- тұқым қуалау және тұқым қуалаушылық сипатын анықтау;
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconРсалиев Аралбек Сырашұлы Жаздық қатты бидай ( Triticum durum Desf ) сорт-үлгілерінің тат ауруларына төзімділігі
Жаздық қатты бидай (Triticum durum Desf) сорт-үлгілерінің тат ауруларына төзімділігі
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconЭлектрондық мемлекеттік қызмет көрсету
Тұтынушы) көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет түрін алу үшін электрондық сұраным жасаған тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасымен...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconӘктас жер қойнауын бағалау
Пайдалы қазбалар кенорындарда табиғи жатыс ретінде қорланып жатады. Пайдалы қазбалардың қорлану сандық және сапалық қатынасында өндірістік...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconМодуль биотехнологиядағЫ Қолданылатын физикалық ЖӘне биофизикалық Әдістер
Биообьектінің систематикалық күйіне тәуелсіз, практикада табиғи ұйымдастырылған бөлшектер мен нағыз генетикалық ақпараты бар жасушалар...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconҚатты денелердің ішкі құрылысы және байланыс күштері
Төменгі температурада жылусыйымдылықтың өзгеруін Эйнштейн және Дебай теорияларының негізінде түсіндіріледі. Қатты денелердің жылудан...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconҚарағанды 2012 ж
Тақырыбы 5: Генетикалық код. Генетикалық код туралы түсінік, қасиеті. Ақуыз биосинтезі
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Ақпараттың арифметикалық негізі. Санау жүйелері. Сандық ақпараттардың берілу формасы (үтірмен ажыратылған, *, теріс сандардың берілуі)....
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconЕгер қос спиральдi тарқатып, жазықтыққа орналастырсақ, онда бұл молекула тiптi баспалдақ түрiнде болады, оның қант және фосфат тобы баспалдақ түйiндерiн
Нуклеотидтердiң немесе генетикалық әрiптердiң белгiлi бiр құрамы мен олардың днқ молекуласында тiзбектi орналасуы генетикалық код...
Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы Жаздық қатты бидайды сандық белгілерінің селекциялық және генетикалық көрсеткіштері арқылы сұрыптау тиімділігі iconКонкурстық құжаттар тегін беріледі
«Қоршаған ортаны қорғау» бөліімін әзірлеу арқылы Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында қатты отынмен істейтін қазандық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница