1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет




Скачать 252.77 Kb.
Название1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер252.77 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.idealgewicht.narod.ru/Artikles/46Was_ist_Sinn.doc
  1   2   3



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 1.09.11ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні: 29.08.2012ж.

Қайта қаралды:

Бет ден






СИЛЛАБУС


Пәні: МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

MBMG 1201


Мамандығы: 051101 - «Мейрбике ісі»


Дәрістер: 10 сағат


Тәжірибелік сабақтар: 20 сағат


ОСӨЖ: 30 сағат


СӨЖ: 30 сағат


Сағат саны 90 сағат


Астана 2012

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әр түрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхаметжанқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Ангиотензи, катехоламин және глюкокортикоидтің өкпе ұлпасына таралуы әрі түрлі стресс жағдайында.

Ассистент Жалмақанова Ж.Ж. КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Ассистент Кұсмамбетова Қ.А. Аль-Фараби атындағы ҚазНУ, медициналық-биологиялық ісі.

Ассистент Жұмағұлова Акмарал Әбдіразаққызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Ассистент Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.


1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «МУА» АҚ оқу корпусы.

.


1.9 Пәннің саясаты

Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа міндетті дайындалу, рубеждік бақылаудың тапсырмаларын орындау, жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру, оқу-әдістемелік құжаттармен танысу, оқу тәртібін сақтау, құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау. Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.

Пәннің мазмұнын толық меңгеру үшін мектептің биология және химия курсын білу керек.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Медициналық биология және генетика – медициналық білім беру іргетасының маңызды, түпкілікті пәндерінің бірі болып саналады. Биология ғылымдарының жетістіктері мен жаңалықтары медико-биологиялық және клиникалық пәндердің дамуы мен ілгеруінде маңызды рөл атқарады.

Бағдарламаға сәйкес теориялық және тәжірибелік курстарды оқыту адам тіршілігінің биологиялық негіздерін оқып үйренуге бағытталған. Әсіресе, адам денсаулығы, денсаулық сақтау тәжірибесі үшін қызықты биологиялық құбылыстарды оқып- үйренуге басты көңіл аударылған. Бағдарламада тіршіліктің барлық деңгейлерінде байқалатын түпкілікті әмбебап биологиялық заңдылықтар туралы жалпы түсініктер бейнеленген.

Бағдарлама студенттердің тек қана теориялық білімдерін қалыптастырып қана қоймай, сол сияқты белгілі бір тәжірибелік дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыруды да көздейді. Ол үшін заманауи микроскопиялық техникалар арқылы әртүрлі биологиялық нысандардың құбылысын зерттеу, адамдардың белгілерінің тұқым қуалаушылығының түрліше типтері мен түрлерін өз беттерінше талдау, хромосомалық және генеалогиялық талдау әдістерін үйрену және игерулер қарастырылған. Сонымен қатар, адамдардың тұқым қуалайтын, паразитарлық, трансмиссивтік ауруларының пайда болу себептерін, оларды анықтау, алдын алу әдістерін игеру де көзделген.

Бағдарлама биохимия, гистология, физиология, микробиология т.б. пәндерді оқып үйренуге теориялық негіз бола алады және студенттердің клиникалық ойлау негіздерін қалыптастырады.


2.2 Пән мақсаты:

Ағзалар тіршілігінің биологиялық негіздері туралы студенттердің заманауи білімдерін қалыптастыру және оларды медико- биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге қолдану.


2.3 Пән міндеттері:

- тіршіліктің құрылымдық деңгейлері және тіршіліктің түпкілікті қасиеттері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

- тұтас ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайларда қызмет етуіндегі молекулалық- генетикалық және жасушалық тетіктердің ролін дұрыс түсінуді қалыптастыру;

- кең таралған тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету.

- паразитология, экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық – биология қырлары (аспектілері) туралы мағлұматтар беру;

- тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен электрондық деректер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


2.4 Оқып үйренудің ақырғы нәтижелері:

Студент білуге міндетті:

- тіршіліктің құрылым деңгейлерін және тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін;

- прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылысын;

- жасушаның бөліну үрдісін және оның реттелу тетіктерін;

- жынысты және жыныссыз көбейюдің биологиялық мәнін;

- ағзалардың жеке дамуының генетикалық негіздерін;

- биологиялық ақпараттың жүзеге асу үрдістеріін;

- гендердің өзара әрекеттесуі, генокөшірмелер мен фенокөшірмелердің медициналық маңызын;

- адамдардың гендік және хромосомалық ауруларын, олардың пайда болу себептерін анықтау, емдеу және алдын алу әдістерін;

- паразитизімнің биологиялық негіздерін, паразиттік ауруларды анықтау және олардың алдын алу әдістерін;

- экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық биологиялық

қырларын (аспектілерін) қолдана білуге;

- әр түрлі биологиялық нысандарды микроскоп арқылы зерттеуді;

- уақытша микропрепараттарды жасай білуді;

- эукариоттық жасушаларды танып білу және олардың негізгі жиынтықтарын ажыратуды;

- митоз және мейоз фазаларын ажыратуды;

- ұрпақтарда физиологиялық және патологиялық белгілердің байқалу ықтималдығын болжауды;

- арнайы терминдерді, анықтама материалдары, электрондық деректер базасын пайдалана білуді;

Дағдыларды игеруге:

- әр түрлі биологиялық нысандарды микроскоп арқылы зерттеу;

- тұқым қуалайтын патологиялардың ұрпақтарда байқалу қауібін болжау үшін адамдар шежіресін құрастыру;

- адам кариотипін талдау;

- адам үшін инвазиялық паразиттердің даму сатыларын ажырату.


2.5 Пререквизиттер: орта мектептің жалпы биологиясы және химиясы;

2.5 Постреквизиттер: биохимия, гистология, физиология, микробиология, клиникалық медицинаға кіріспе.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны.

1 Кредит.

Медициналық биологияға және генетикаға кіріспе. Заманауи жетістіктері. Медициналық маңызы. Тіршіліктің маңызы. Тіршіліктің жасушалық және молекулалы-генетикалық негізгі үрдістері. Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы ұйымдасуы. Негізгі құрылымы. Құрылысы және қызметі.

Жасушаның молекулалық биологиясы. Нуклеин қышқылдары және нәруыздар – теңдесі жоқ ақпараттық биологиялық макромолекулалар. ДНҚ-ның құрылысы, құрылымы, репликациясы, репарациясы. Тұқым қуалау ақпаратының реализациясы. Жасушалық цикл. Регуляция. Апоптоз. Жасушаның тұқым қуалау аппараты. Көбею. Молекулалық, жалпы және медициналық генетиканың негізі. Популяциялық генетика.

№2 Кредит.

Даму биологиясы. Дамудың генетикалық негізі. Даму ақаулықтары. Эволюция сұрақтары. Мүшелер жүйесінің эволюциясы. Онтогенез және фиологенез. Регенерация. Антропогенез. Адам нәсілдері. Заманауи жіктелуі. Экологияның және медициналық паразитологияның негізі. Паразитизмнің биологиялық негізі. Адам экологиясының негізі. Адам және биосфера. Ноосфера. Медико-биологиялық аспектілері.


2.7 Сабақтардың тақырыптық жоспаралары (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыстары)


Дәрістердің тақырыптық жоспары




Дәрістердің тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақ

тың ұзақ

тығы

Кредит № 1

1

Кіріспе. Тіршіліктің құрылым деңгейлері. Тіршіліктің түпкілікті қасиеттері. Жасушалар түрлері, құрылысы

Жалпылама

1

2

Жасушаның молекулалық биологиясы. Нуклин қышқылдары және ақуыздар - жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымдары.

Жалпылама

1

3

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылық ақпараттың кодталау қағидалары және жүзеге асу жолдары.

Жалпылама

1

4

Жалпы генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың жалпы заңдылықтары.

Жалпылама

1

5

Медициналық генетика негіздері. Гендік және хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын патологияларды анықтау және алдын алу әдістері.

Жалпылама

1

Кредит №2

6

Онтогенез. Эмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық негіздері.

Жалпылама

1

7

Мүшелер жүйесінің эволюциясы. Адамның мүшелер жүйесінің филогенетикалық ақаулықтары.

Жалпылама

1

8

Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері, биологиялық қырлары (аспектілері)

Жалпылама

1

9

Адам эколгиясының негіздері . Медициналық – биологиялық қырлары (аспектілері)

Мәселелі

1

10

Адам және биосфера

Мәселелі

1




БАРЛЫҒЫ : 10 сағат








Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

Кредит № 1

1

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының жалпы құрылымы

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

2

Ақуыздар биосинезі. Транскрипция. Трансляция.

Семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

1

3

Жасуша бөлінуі. Жасуша циклі. Митоз. Хромосомалардың құрылысы

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

4

Адам кариотипі

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

5

Мейоз

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

6

Жалпы генетика негіздері. Мендель заңдары. Адамдарда моногендік тұқым қуалау.

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

7

Гендердің өзара әрекеттесуі

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

8

Адамдар генетикасын зерттеу әдістері. Генеалогиялық әдіс.

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

9

Адамдар гендік және хромосомалық аурулары

Семинар

1

10

Тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу әдістері

Шағын топтармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

Кредит № 2

11


Эмбриональдық даму. Дамудың генетикалық және жасушалық негіздері

Семинар

Мультимедиялық деректер базаларымен жұмыс

1

12

Постэмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Регенерация

Семинар

1

13

Тері, қаңқа және нерв жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу

1

14

Қан айналым, тынысалу және асқорыту жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу

1

15

Зәр шығару және жыныс жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу

1

16

Қарапайымдылар. Саркодалылар, инфузориялар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

17

Қарапайымдылар, талшықтылар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

18

Жалпақ құрттар. Сорғыштар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

19

Таспа құрттар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

20

Жұмыр құрттар – геогельминттер адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1




БАРЛЫҒЫ : 20 сағат







  1   2   3

Похожие:

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет
Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет iconСиллабус
Мму онкология кафедрасының меңгерушісі Сирота В. Б. м.ғ. д., профессор Кафедра және оқытушылар туралы жалпы мәлімет
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus 1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет iconОқытушылар құрамын аттестаттау туралы
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби дамуының мониторингін жүзеге асыру мақсатында
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус Қазақстан Республикасының білім беру жалпы міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана 2006)...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет: Кафедра меңгерушісі
Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon"Мал басы туралы мәлімет" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
...
1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. 7 Оқытушылар туралы мәлімет icon«Неке және отбасы туралы» Қр заңы қабылданғаннан бастап шетелдіктермен асырап алынған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қазақстандық балалар туралы мәлімет

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница