Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу




Скачать 99.06 Kb.
НазваниеМемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Дата конвертации07.02.2016
Размер99.06 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish242261_7539.doc




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН



«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 18-1-баптарының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы
30 шілдедегі № 269 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226,
2788-104 телефондары арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының (он екі айдан аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар шығарылымын қоспағанда) проспектісі не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын тіркеу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызметтер көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.


  

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке:

1) өтінішті;

2) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигацияларды шығару туралы шешімінің көшірмесін;

3) екі данада жасалған облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін);

4) жарғының көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

6) инфрақұрылымдық облигациялар, сондай-ақ банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін;

7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын-ала шешімінсіз облигациялар шығарылымы жүзеге асырылмайтын болса, акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттаманың үзінді көшірмесін) және облигациялар шығарылымы туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерінің көшірмесін ұсынуы тиіс.

Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері Заңның
13-бабында белгіленген. Облигациялар шығарылымының ерекше талаптары Заңның 14, 15, 16, 17, 18, 18-1-баптарында белгіленген.

12. Өтініш беруші мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті еркін нысанда жасайды.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.00-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда:

1) эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса;

2) эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Комитет эмитентке (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оның қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мына жағдайда, егер:

1) осы облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

2) осы облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;

3) облигациялық бағдарлама аясында облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста болған облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып кетсе;

4) облигациялық бағдарлама аясында облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде эмитент Заңның
14-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметтері туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.


  

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметтерді көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 


4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  


5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу
050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша,
№ 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды
түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар
050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.

Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы Стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

5) Комитет төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);

6) Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;

7) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.


_______________


«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

1

2

3

4

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%









_______________

Похожие:

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Енжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon"Өрнек xxi" АҚ облигациялар шығарылымының проспектісі
Асар-аудит жшс жүргізеді, 2003 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік лицензия №266, Директор Михайленко Л. И., 1998 жылғы 21 ақпандағы...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу iconСемей ядролық полигонында сынақ салдарынан зардап шеккендерді тіркеу және есепке алу
Семей ядролық сынақ полигоныныда ядролық сынақтардан зардап шеккендерді тіркеу және оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай жәрдемақы...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу iconЗаңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
«Заңды тұлғаларды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Жұмыссыздар өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын жұмыс іздеп жүрген және еңбек...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу iconИсточник: ис параграф, 22. 05. 2012 13: 49: 24
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді...
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница