1. негізгі ережелер




Скачать 140.52 Kb.
Название1. негізгі ережелер
Дата конвертации07.02.2016
Размер140.52 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.akimvko.gov.kz/assets/kz/files/agro3_5.doc


БЕКІТІЛГЕН

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

Басқарма шешімімен

(2011 ж. «___» ______ №__

отырыс хаттамасы)


БЮДЖЕТТЕН ТЫС КӨЗДЕР ЕСЕБІНЕН

2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ


Белгіленген қолдану мерзімі

201___ жылғы «_____»_________________


Қазақстан Республикасы, Астана қ., 2011 жыл

МАЗМҰНЫ


1. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 3

2. «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ 3

3. БАҒЫТТАР БОЙЫНША МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ ЕСЕБІНЕН АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ 5

§ 3.1. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 5

§ 3.2. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 6

§ 3.3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 7

§ 3.4. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, АСПАЛЫ, ТІРКЕМЕЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 7

§ 3.5. АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 8

§ 3.6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ 8

4. ИСЛАМ ДАМУ БАНКІСІНІҢ ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ 9



1. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР



1. Осы қаржыландыру шарттары (бұдан әрі – Шарттар) «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 24 шешімімен бекітілген «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының ішкі несие саясатына және АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту бойынша қолайлы қаржы қызметтерін көрсету арқылы бәсекеге жарамды әрі экспортқа бағдарланған агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында әзірленген.

2. Осы Шарттар «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) АӨК субъектілерімен қарым-қатынасында қолданылады және қаржы лизингісі мен несиелендіру (бұдан әрі - қаржыландыру) түрі мен мақсатқа арналуын, сыйақы мөлшерлемесінің көлемін, қаржыландыру мерзімін, алынған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарттарын және Қоғам қаржыландыру беретін басқа да шарттарды анықтайды.

Қаржы лизингісі шарттары лизингке жаңа, пайдаланылмаған лизинг заттарын беруге қолданылады.

Салық заңнамасымен белгіленген уақыт өткен соң, аталмыш Шарттарды қайталама лизинг шарттарында сақтау үшін Шарттар қаржы лизингісі шарттарын бұзуға байланысты Қоғам балансына қабылданған лизинг заттарын қайталама лизингке беруде қолданылмайды.

3. Бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру Қоғамның меншікті қаражаттары есебінен және Ислам даму банкісінен тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осы Шарттар мақсаттарында Қоғамның меншікті қаражаты деп Қоғамның жарғылық капиталын толықтыруға келіп түскен қаражат есебінен, бюджеттен тыс көздерден (Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражатынан басқа) тартылған қаражат есебінен, сыйақыларды, комиссияларды, айыппұлдарды (тұрақсыздық айыптарын) өтеу есебінен, сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылған қаржы лизингісі (қарыз, сатып алу-сату және т.б.) шарттары бойынша негізгі борышты өтеуден түскен ақша қаражаттарын қайтару нәтижесінде алынған қаражаттарды айтады.

4. Қоғам Басқармасы Шарттарды немесе оның жекелеген ережелерін толықтыруға және (немесе) өзгертуге құқылы. Қажет болған жағдайда, Шарттардың немесе оның жекелеген жобалар бойынша ережелерінің толықтыруларын және (немесе) өзгертулерін, мұндай өзгерту үшін негіздеме болып табылатын да «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқармасының шешімі.

5. Қоғам Басқармасы Қоғамның, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ уәкілетті органымен немесе АӨК реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен басым немесе пилоттық ретінде мойындалған жобалар үшін жекелеген қаржыландыру шарттарын бекітуге құқылы.

2. «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ 2011 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ



6. Қаржыландыру АӨК субъектілеріне қаржы лизингісі және несиелендіру түрінде беріледі.

7. Қаржыландыру валютасы – теңге.

1) Қоғамның меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, негізгі борыш пен есептелген сыйақыны өтеу бойынша төлемдер индекстелуге жатпайды;

2) шетелдік қаржы ұйымдарының берген қарыздары есебінен қаржыландырылған жағдайда, негізгі борыш пен есептелген сыйақыны өтеу бойынша төлемдер тартылған қаражаттардың валютасына (теңгеден басқалары) индекстелуге жатады.

8. Қаржы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде лизинг алушы (қарыз алушы) өз қалауы бойынша келесі қамтамасыз етуді ұсынуға тиісті:

1) қаржы лизингісі түрінде қаржыландыру үшін лизинг затының жалпы құнын және сыйақының жылдық сомасын өтеу бойынша алдағы жылдық лизингілік төлемді төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесі қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгені беріледі:

- екінші деңгейлі банктің немесе Қоғам талаптарына жауап беретін заңды тұлғалардың кепілдігі;

-ақша кепілдігін салу;

-кепілақы;

- лизинг затының жалпы құнын және жылдық сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша алдағы жылдық лизингілік төлемнен 120 (жүз жиырма) % кем емес көлемде Қоғаммен келісілген кез келген өтімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлік кепілдігін салу. Бұл ретте есеп негізіне мүліктің бағалау құнына өтімділік коэффициентін қолдану арқылы есептелетін мүліктің кепілдікті құны алынады. Өтімділік коэффициентінің мөлшерін Қоғам ішкі нормативтік құжат негізінде белгілейді;

- немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган талаптарына қарама-қайшы келмейтін басқа да қамтамасыз ету тәсілдері.

2) несиелендіру түрінде қаржыландыру үшін қарыз бойынша негізгі борыш пен есептелген сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде келесі қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгені немесе бірнешеуі беріледі:

- екінші деңгейлі банктің немесе Қоғам талаптарына жауап беретін заңды тұлғалардың кепілдігі немесе қарыз сомасынан 100 (жүз) % плюс тоқсандық сыйақы көлемінде ақша кепілдігін салу;

- Қоғаммен келісілген кез келген өтімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлік кепілдігін салу, соның ішінде қарыз сомасынан 120 (жүз жиырма) % кем емес плюс тоқсандық сыйақы көлеміндегі сатып алынатын мүлік кепілдігін салу. Бұл ретте есеп негізіне мүліктің бағалау құнына өтімділік коэффициентін қолдану арқылы есептелетін мүліктің кепілдікті құны алынады. Өтімділік коэффициентінің мөлшерін Қоғам ішкі нормативтік құжат негізінде белгілейді;

- немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган талаптарына қарама-қайшы келмейтін басқа да қамтамасыз ету тәсілдері.

9. Лизинг алушы алғашқы 3 (үш) жыл ішінде лизинг затының құнынан 50 (елу) % өтейтін болса, Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша лизинг алушы лизинг шартының барлық қолданылу мерзімі бойына осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген қамтамасыз етуді беру бойынша міндеттемелерден босатылуы мүмкін.


10. Берілетін қаржыландыру бойынша негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі Қоғамның ішкі құжаттары негізінде қабылданатын Қоғамның Несие комитеті шешіміне сәйкес іске асырылатын жобаның ерекшелігіне қарай, жекелеген түрде белгіленеді.

11. Қаржы лизингісінің мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең аз мерзімнен кем болмауға тиісті.

12. Лизинг алушы лизинг затын Қоғаммен аккредиттелген сақтандыру компаниясында лизинг затының төленбеген құн қалдығына (қарыз шарты бойынша несие берешегінің қалдығына) жыл сайынғы сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл ретте сақтандыру шарты келесі сақтандыру оқиғаларын қамтуға, бірақ олармен шектелмеуге тиісті: бүліну, өртену, опат болу, ұрлану, толығымен немесе ішінара жоғалу, мерзімінен бұрын тозу, неге байланысты болғанына қарамастан, лизинг затының немесе оның кез келген бөлшектерінің зақымдануы.

13. Лизинг алушының (қарыз алушының) мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету дүркіндігі Қоғамның ішкі құжаттарына, Қоғамның Несие комитетінің шешіміне сәйкес, бірақ жылына бір реттен кем уақытқа белгіленуге тиісті.

14. Лизинг алушының (қарыз алушының) төлем қабілетін бағалауға, құқықтық мәртебесін анықтап, кепілдікті мүлігін анықтауға қажетті құжаттар тізбесі Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес тапсырылады.

15. Осы тараумен анықталмаған барлық басқа талаптар осы құжаттың тиісті тарауларында белгіленеді.

3. БАҒЫТТАР БОЙЫНША МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ ЕСЕБІНЕН АӨК СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ




§ 3.1. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ



16. Мақсатқа арналуы: отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің монтажды қажет етпейтін ауыл шаруашылығы техникалары, арнаулы техникалар, аспалы және тіркемелі машиналардан басқасы (соның ішінде ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және алғашқы өңдеуге арналған, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларын механизациялауға, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен машиналар, жаңбырлатқыш және суару машиналары).

17. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен – тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,2 (он екі бүтін екі ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

18. Қаржы лизингісінің мерзімі:

1) лизинг затының бір бірлігінің құны 25 000 000, 00 (жиырма бес миллион) теңгеге дейін болғанда – 7 (жеті) жылға дейін;

2) лизинг затының бір бірлігінің құны 25 000 000, 00 (жиырма бес миллион) теңгеден бастап одан жоғары болғанда – 10 (он) жылға дейін.

19. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем:

1) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;

2) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз етусіз құрайды:

а) лизинг затының бір бірлігінің құны 25 000 000, 00 (жиырма бес миллион) теңгеге дейін болғанда – лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) %;

б) лизинг затының бір бірлігінің құны 25 000 000, 00 (жиырма бес миллион) теңгеден бастап одан жоғары болғанда – лизинг затының құнына 20 (жиырма) %.

20. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.




§ 3.2. МОНТАЖДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ


21. Мақсатқа арналуы: отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің монтажды қажет етпейтін технологиялық жабдықтары мен арнаулы техникалары (соның ішінде ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және алғашқы өңдеуге арналған, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларына арналған жабдықтар, жемшөп дайындауға арналған жабдықтар мен техника).

22. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен: тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,2 (он екі бүтін екі ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

23. Қаржы лизингісінің мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін.

24. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем:

1) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;

2) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.

25. Бірінші төлем көлеміне және осы Шарттардың 25 тармағының талаптарына қарамастан, Қоғамға кепілдікке ғимарат (үй-жай) орналасатын жер телімімен бірге технологиялық жабдықтар мен арнаулы техникаларға монтаж жасалатын ғимарат (үй-жай) беру міндетті түрде.

26. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.

27. Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша 2 (екі) жылға дейін жеңілдікті кезең берілуі мүмкін.


§ 3.3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ



28. Мақсатқа арналуы: ет және ет өнімдерін өндіру жабдықтары, жемістер мен көкөністер өңдеу және консервілеу жабдықтары, өсімдік және мал майлары мен тоң майларын өндіру жабдықтары, сүт өңдеу және ірімшік өндіру, ұн тарту-жарма өнеркәсіп өнімдерін өндіру, малға арналған дайын жемшөп азықтарын өндіру, нан өндіру, балаға арналған тағамдар мен диеталы азық-түлік өндіру, крахмал-пат өнеркәсіп өнімдерін өндіру, сондай-ақ, Қоғамның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін отандық өндірістің және жақын және алыс шетел өндірістерінің басқа да жобалары.

29. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен: тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,2 (он екі бүтін екі ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

30. Қаржы лизингісінің мерзімі – 10 (он) жылға дейін.

31. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем:

1) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;

2) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.

32. Бірінші төлем көлеміне және осы Шарттардың 25 тармағының талаптарына қарамастан, Қоғамға кепілдікке ғимарат (үй-жай) орналасатын жер телімімен бірге ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін өңдеу жабдықтарына монтаж жасалатын ғимарат (үй-жай) беру міндетті түрде.

33. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.

34. Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша 2 (екі) жылға дейін жеңілдікті кезең берілуі мүмкін.


§ 3.4. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, АСПАЛЫ, ТІРКЕМЕЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ



35. Мақсатқа арналуы: ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін және олардан тереңдетіп өңделетін өнімдерді тасымалдау бойынша көлік құралдары, аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы машиналары (транспортерлер, тиегіштер мен дән атқыштар, көкөніс себуге және көкөніс дақылдарын жүйек аралық өңдеуге арналған сепкіштер (минералдық тыңайтқыштар сала отырып), әмбебап көкөніс сепкіштері, отағыш агрегаттар, қопсытқыштар, жемшөп үлестіргіштер, жемшөп тасымалдауға және үлестіруге арналған машиналар (жемшөп араластырғыш-жемшөп үлестргіштер), шалғылар (екі-үш қайрақты, ауыспалы, отағыштар және т.б.), тырмауыштар, қопсытқыштар, пішен тайлаушылар, тең тергіштер және тасымалдауыштар, сүйретпелер, шөмеле тасығыштар, тиегіш-маялағыштар және трактор тіркемелері, аспалы алысқа шапшып ағатын жаңбырлатқыштар, жаңбырлатқыш машиналар, агрегаттар мен қондырғылар, жылжымалы суарғыштар, тіркемелер, арнаулы құрастырылған жабдығы бар тіркемелерді қосқанда, жүгері жинауға арналған құрылғы, дестелегіштер, сепкіштер, соқалар, топырақ өңдегіш машиналар мен құралдар (тырмалар, сыдыра жыртқыштар, таптауыштар, қопсытқыштар және басқалар), бүріккіштер, тозаңдатқыштар, тұқым дәрілеуіштер, тыңайтқыш салуға арналған машиналар, егісті күтуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған машиналар).

36. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен: тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,2 (он екі бүтін екі ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

37. Қаржы лизингісінің мерзімі – 5 (бес) жылға дейін.

38. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.

39. Осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету қажет емес.

40. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.


§ 3.5. АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАЛДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ



41. Мақсатқа арналуы: асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдары (ірі қара мал, ұсақ қара мал, жылқы, түйе). Лизингке табысталатын асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарының әрбір бірлігінің натуралды қасиеті қандай да бір тұқымға тән жалпы белгілерге (генетикалық, анатомиялық, морфрлогиялық және т.б.) сәйкес келуге тиісті.

42. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен: тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,2 (он екі бүтін екі ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

43. Қаржы лизингісінің мерзімі – 5 (бес) жылға дейін.

44. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем лизинг затының құнынан 25 (жиырма бес) % құрайды.

45. Осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету қажет емес.

46. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.


§ 3.6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫ



47. Мақсатқа арналуы: айналым капиталы, негізгі құралдар, инвестициялық мақсаттар және Қоғамның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін басқа да жобалар.

48. Несие қаражаттарын беру тәсілі:

- несие желісі (жаңғыртылмалы, жаңғыртылмайтын, аралас);

- мақсатты несие.

49. Сыйақы мөлшерлемесі:

Қоғамның меншікті қаражаты есебінен: тіркелген жылдық 11,5 (он бір бүтін бес ондық) % көлемінде. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,3 (он екі бүтін үш ондық) % құрайды және оған комиссиялық сыйақы кіреді.

50. Несиелендіру мерзімі:

1) айналым капиталын толықтыруға несиелендіру – 3 (үш) жылға дейін;

2) негізгі құралдарға, инвестициялық мақсаттар мен басқа жобаларға – 7 (жеті) жылға дейін.

51. Жобаны қарау үшін комиссия – көрсетілген қаржы қызметі мөлшерінен 1 (бір) %, бірақ 5 000 000, 00 (бес миллион) теңгеден артық емес.

52. Қоғамның Несие комитетінің шешімі бойынша 2 (екі) жылға дейін жеңілдікті кезең берілуі мүмкін.

4. ИСЛАМ ДАМУ БАНКІСІНІҢ ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІСІ ШАРТТАРЫ



53. Мақсатқа арналуы: ауыл шаруашылығы техникалары.

54. Сыйақы мөлшерлемесі: тіркелген жылдық 9,9 (тоғыз бүтін тоғыз ондық) %. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,01 (он бір бүтін бір жүздік) % бастап.

55. Қаржы лизингісінің мерзімі – 10 (он) жылға дейін.

56. Лизинг затын табыстағанға дейінгі бірінші төлем:

1) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартымен лизинг затының құнынан 15 (он бес) % құрайды;

2) осы Шарттардың 8 тармағымен көзделген кепілзатпен қамтамасыз ету шартынсыз лизинг затының құнынан 20 (жиырма бес) % құрайды.

57. Жобаны қарау үшін комиссия жоқ.

-----------------------------------------------


Похожие:

1. негізгі ережелер icon1-БӨлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер 1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 наурыздағы №72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482); "Казахстанская...
1. негізгі ережелер icon1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер
Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері
1. негізгі ережелер icon050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
Мемлекеттік жалпы міндеті негізінде әзірленген Қр мжмбс 08. 315-2006 және Қр мжмбс 03. 005-2009 «Қазақстан Республикасының білім...
1. негізгі ережелер iconТтік жатақханасы туралы ережелер
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары жайлы” Заңының 113-шы бабы “Студенттік жатақхана туралы ережелер” атты 16-шы пунктіне, сонымен...
1. негізгі ережелер iconТтік жатақханасы туралы ережелер
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары жайлы” Заңының 113-шы бабы “Студенттік жатақхана туралы ережелер” атты 16-шы пунктіне, сонымен...
1. негізгі ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
1. негізгі ережелер iconДиплом алдыңдағы практиканы өту жөніндегі
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың Қр мжмбс 08. 009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім...
1. негізгі ережелер iconАтестаттауды өткізу бойынша Нысан
Госо қР 08. 368–2006, Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі...
1. негізгі ережелер iconОқу әдістемелік ісі жөніндегі проректоры
Академиялық күнтізбе Қр мжмбс 04. 019-2011 "Бакалавриат. Негізгі ережелер", Жоғары оқу орындарында білім алушылар үлгерімінің ағымдағы...
1. негізгі ережелер iconМемлекет – саяси жүйенің негізгі буыны
Мемлекет белгілі бір тер­ритория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница