«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте




Скачать 115.47 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
Дата конвертации07.02.2016
Размер115.47 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish551021_6182.doc


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына


салыстырмалы кесте


Р/с №


Құрылымдық элемент

Заңның редакциясы

Ұсынылып отырған өзгерістің немесе толықтырудың редакциясы

Негіздеме

1

2

3

4

5




1. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1

1-бап

4) тармақша


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

4) валюталық операциялар:

валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың ауысуына байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;

валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару;

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

4) валюталық операциялар:

валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың ауысуына байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану;

валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және аудару;

Реттеуші нормалардың қайталануын жою мақсатында валюталық операциялардан «жіберу» ұғымын алып тастау. Жіберу тәртібі, оның ішінде валюталық құндылықтарды жіберу тәртібі ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексімен, «Почта туралы» ҚР Заңымен және Дүниежүзілік почта одағының актілерімен реттеледі.

2

18-бап

18-бап. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелу және әкету, жiберу

1. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғанын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.
      Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкететiн кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың қайдан алынғандығының заңды екендiгiн растайтын құжаттарды табыс етуi қажет.
      Әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғандығының заңды екендiгiн растайтын құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi . 

2. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын және баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегi қолма-қол ұлттық валютаны Қазақстан Республикасына әкелуi және одан әкетуi қолма-қол шетелдiк және (немесе) ұлттық валютаның әкелiнетiн немесе әкетiлетiн бүкiл сомасына кедендiк декларация беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс. 

3. Номиналдық құны (номиналы) ұлттық валютамен және шетел валютасымен көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдердi, чектердi, оның iшiнде жол чектерiн) Қазақстан Республикасына әкелу және әкету жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусiз жүзеге асырылады. 

4. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын, сондай-ақ резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелуiн және әкетудi кедендiк ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген құжаттандырылған бағалы қағаздарды, төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

1. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген құжаттандырылған бағалы қағаздарды, төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер және резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.

2. Жеке тұлға жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін декларацияламай Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.

3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, кеден одағының кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкетілетін немесе әкелінетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.

Кеден органында декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген әкелінетін және әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.

4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, кеден одағының кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.

5. Жеке тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын қымбат металдардан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

18-баптың мазмұны Ақшаның iзiн жасыруға қарсы күрестiң қаржылық шараларын әзiрлеу тобының (ФАТФ) IX Арнайы ұсынымына сәйкес келтірілді


18-баптың жаңа редакциясына сәйкес жеке тұлғалар әкететін ақша қаражатының шығу тегін бақылауды кеден органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жолаушылардың кедендік декларациялары негізінде жүзеге асырады. Декларациялаумен қамтылатын ақша қаражатының құрамы ФАТФ IX Арнайы ұсынымына толық сәйкес белгіленген.

Жолаушылардың кедендік декларациясын міндетті түрде ұсынуға арналған шекті мәндер Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы халықаралық шартқа сәйкес белгіленген. Бұл Шартқа кеден одағына мүше мемлекеттердің басшылары 2010 жылғы 5 шілдеде қол қойды.


18-баптың жаңа редакциясында қолма-қол ақшаны әкелудің және әкетудің қолданылып жүрген тәртібімен салыстырғанда неғұрлым ымырашыл тәртіп ұсынылады.


Бұдан басқа 18-баптың жаңа редакциясының 5-тармағының нормалары заңды төлем құралы болып табылатын қымбат металдардан жасалған монеталарды өткізу тәртібіне қатысты түсіндірудің дұрыс берілмеуін жояды.




«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы


1

4-бап

1-тармақ

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11) және 18) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер өзінің сипаты бойынша ол осы баптың 2-тармағында көзделген операциялардың бір түріне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:

осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген операция үшін - 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 2) - 5), 8), 10) - 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады.

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11) және 18) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер өзінің сипаты бойынша ол осы баптың 2-тармағында көзделген операциялардың бір түріне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:

осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген операция үшін - 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 2) - 5), 8), 10), 11), 13)-17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;

осы баптың 2-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген операциялар үшін - кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органында мiндеттi түрде жазбаша декларациялануға тиiс сомада болса;

осы баптың 2-тармағының 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады.

Қолма-қол ақшаны және айналым ақша құжаттарын әкелудің және әкетудің қаржы мониторингіне арналған шекті мәндер Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы халықаралық шартпен белгіленген міндетті түрде жазбаша кедендік декларациялауға арналған шекті мәндерге сәйкес келтірілген. Осы Шартқа сәйкес кеден органында міндетті түрде декларациялау рәсімі жолаушылардың кедендік декларациясының қосымша формулярын – Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының декларациясын (Жолаушылардың кедендік декларациясының нысаны Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 287 шешімімен бекітілген) толтырудан тұрады.

Қаржы мониторингінің мақсаттары үшін жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны және (немесе) айналым ақша құжаттарын өткізуіне қатысты мәліметтерді белгілеуге арналған бірыңғай шек кеден одағына мүше мемлекеттердің қаржы мониторингі уәкілетті органдарының тиімді ақпараттық өзара іс-қимылы үшін қажетті шарт болып табылады.




4-бап

2-тармақ

12) тармақша

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

...

2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға:

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға:

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол ақшаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

«Жеке тұлғалардың ақшаны өткізуі» IX Ақшаның iзiн жасыруға қарсы күрестiң қаржылық шараларын әзiрлеу тобының (ФАТФ) арнайы ұсынымының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес елдер көрсетілген ұсынымда көзделген валютаға қатысты шараларды ғана емес, сондай-ақ ұсынушыға арналған айналымдағы ақша құжаттарын қабылдауы тиіс.




4-бап

5-тармақ

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

5. жоқ



4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

5. Кеден одағы кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан кеден одағы кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қаржы мониторингіне жататын мәдени құндылықтарды, қолма-қол ақшаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға кейіннен оны міндетті түрде ұсына отырып жүзеге асырады.


АЖҚ/ТҚ туралы заңның қолданылып жүрген редакциясына сәйкес мемлекеттік органдар қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексте (10 және 16-баптар) кеден органдарының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға АЖҚ/ТҚ туралы заңға сәйкес ақпарат беретіндігі көрсетілген. 5-тармақтың ұсынылып отырған редакциясы қолма-қол шетел валютасын, айналымдық ақша құжаттарын және мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету операциялары бойынша мәліметтер мен ақпаратты белгілеуді және беруді қамтамасыз ететін субъектілерді айқындауға қатысты құқықтық кемшілікті жояды.

Кеден одағының ішкі шекараларындағы кеден бекеттерін алып тастау кеден органдарының жеке тұлғалардың кеден одағының ішінде қолма-қол ақшаны және айналым ақша құжаттарын өткізу жөніндегі ақпаратты жинау мүмкіндігіне жол бермейді. Бұл кемшіліктің орны Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қаржы мониторингі органдарының өзара іс-қимылын (оның ішінде ақпараттық) күшейту есебінен толтырылатын болады.



ҚР Ұлттық Банкі

Төрағасының орынбасары Б. Тәжіяқов


Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте iconҚазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница