Алтынвалюта резервтерін басқару




Скачать 80.13 Kb.
НазваниеАлтынвалюта резервтерін басқару
Дата конвертации07.02.2016
Размер80.13 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish230495_4456.doc
Алтынвалюта резервтерін басқару.


Елдің алтынвалюта резервтерін басқару басқа орталық банктердегі сияқты ҚР Ұлттық Банкінің де негізгі функцияларының бірі болып табылады. 2007 жылдың аяғында алтынвалюта резервтерінің жалпы нарықтық құны 17 391 млн. АҚШ долларына жуық құрады.

90-шы жылдардың басында КСРО ыдырағаннан және 1991 жылдың аяғында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін және елдің алтынвалюта активтерін қалыптастыру мен басқару қажеттілігіне байланысты Ұлттық Банктің резервтерін бірінші басқару тәжірибесі алынды.

Елдің алтынвалюта резервтерін басқаруды шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады:

- басқарудың ерте кезеңі, 1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде елдің алтынвалюта резервтерін басқару;

- басқарудың қазіргі заманғы кезеңі, 2000 жылдан бастап қазіргі уақыт аралығындағы елдің алтынвалюта резервтерін басқару.

1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде елдің алтынвалюта резервтері қалыптасу үрдісін бастан кешірді. 1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде алтынвалюта резервтерінің көлемі 1993 жылдың аяғындағы 712,00 млн. АҚШ долларынан 2000 жылдың аяғында
2 097,00 млн. АҚШ долларына дейін, 1 385,00 млн. АҚШ долларына өсті.




Бұл кезеңде алтынвалюта резервтерінің деңгейі жеткілікті дәрежеде құбылмалы болды, себебі Қазақстанның ішкі валюта нарығы шетел валютасына айтарлықтай сұраныс қысымында болды, сондықтан Ұлттық Банк ұлттық валюта бағамын ұстап тұру мақсатында шетел валютасын сату бойынша белсенді интервенция жүргізді. Сонымен қатар осы кезеңде ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы министрлігі белсенді түрде сыртқы қарыз алуды жүзеге асырды, одан түскен валюта қаражаты Ұлттық Банкке елдің алтынвалюта резервтеріне сатылды. Мәселен, ҚР Қаржы министрлігі Әлемдік Банк, Жапонияның Экспорт-Импорт Банкі, Азия Даму Банкі және т.б. сияқты халықаралық қаржы ұйымдарынан валюта заемдарын алды. ҚР Ұлттық Банкі 1994 және 1995 жылдары «Stand-by» бағдарламасы бойынша, 1996 және 1999 жылдары «Extended Fund facility» бағдарламасы бойынша Халықаралық валюта қорының заемдарын алды. Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі кейіннен 1997 жылы 550 млн. АҚШ доллары сомасына орналастырумен 200 млн. АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды, бұған қоса Қаржы министрлігі Қазақстанның ірі-ірі кәсіпорындарына жүргізілген жекешелендіру нәтижесінде алтынвалюта резервтеріне Ұлттық Банк сатып алған қосымша валюта қаражатын алды.

1993-2000 жылдардағы кезеңде активтерді басқарудың немесе алтынвалюта резервтерін басқарудың ерте кезеңі ұйымдастыру сипатындағы көптеген қиындықтармен, техникалық жарақтандырудың жетіспеуімен, ҚР Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қажетті біліктіліктерінің болмауымен сипатталды.

1993 жылы Ұлттық Банк «SWIFT» халықаралық жүйесіне және «Reuters» халықаралық ақпараттық-дилинг жүйесіне тұңғыш рет қосылды. Бірқатар әріптес банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының шақыруы бойынша Ұлттық Банктің қызметкерлері халықаралық нарықтарда активтерді басқару саласында олардың білім алуына мүмкіндік беретін семинарлар мен тағылымдамаларға қатысты, Ұлттық Банктің активтерді басқару жөніндегі операцияларын жүзеге асыратын бөлімшесінің ұйымдық құрылымы жасалды.

1993 - 1998 жылдар аралығындағы кезеңде алтынвалюта активтері негізінен депозиттерге және АҚШ қысқа мерзімді бағалы қағаздарына инвестицияланды. Бұған Ұлттық Банк жүргізген белсенді интервенцияларға байланысты елдің алтынвалюта активтерінің жоғары өтімділігін ұстап тұру қажеттілігі себепші болды. Бұл ретте, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін тек қана банкаралық депозиттерге өз бетінше инвестициялауы жүзеге асырылды. АҚШ қысқа мерзімді бағалы қағаздарына инвестициялау АҚШ Үкіметінің бағалы қағаздарына автоматты түрде инвестициялау бағдарламасы жасалған Нью-Йорк, Федералдық Резервтік Банкі арқылы жүзеге асырылды. Осы бағдарлама бойынша келісім Федералдық Резервтік Банкпен 1993 жылы жасалды.

Жоғарыда атап айтылғандай, бұл кезең Үкіметтің және Ұлттық Банктің белсенді сыртқы қарыз алуымен сипатталды, сондықтан алтынвалюта активтерінің валюталық құрылымы, негізінен Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің АВА көлеміне арақатынасы негізінде қалыптастырылды. Алтынвалюта активтерінің валюталық бөлігі, негізінен, АҚШ долларына, неміс маркасына және жапон иеніне номинирленді. Мысал ретінде 1995 жылы активтерді валюталық бөлу келтіріліп отыр.





1997 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтерін басқарудың негізгі қағидаттары жөніндегі ереже бекітілді. Бұл құжат алтынвалюта активтерін басқарудың мынадай негізгі қағидаттарын айқындады: алтынвалюта активтерін басқарудың міндеттері мен мақсаттары, алтынвалюта активтерінің құрылымы, валюта қоржынын айқындау қағидаты, бар тәуекелдердің түрлері және басқару кезінде оларды бақылау және т.б.

Осы құжат шеңберінде алғаш рет алтынвалюта резервтерін басқару кезінде шешімдер қабылдаудың және өкілеттіктер берудің көп сатылы жүйесі белгіленді. Мәселен, жаңа құжатқа сәйкес алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі қағидаттарын Ұлттық Банктің жоғары басқару органы – Ұлттық Банктің Басқармасы бекітуі қажет еді. Алтынвалюта резервтерін басқарудың алғашқы инвестициялық стратегиясын немесе ол сол уақытта портфельдік тәуекелге арналған лимиттер деп аталды, ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітті, кейіннен бұл құжат инвестициялық стратегия деп атала бастады. Тәуекелді және ағымдағы стратегияны анықтау, портфельдік лимитке (инвестициялық стратегияға) өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, жедел лимиттерді (ашық позиция лимиттерін, зиянға арналған лимиттерді) анықтау ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары жетекшілік жасайтын инвестициялық комитетке жүктелді.

Жаңадан қабылданған құжат алтынвалюта активтерінің құрылымын айқындады, осылайша алтынвалюта резервтері өтімді портфел және инвестициялық портфель болып бөлінді.

Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерінің өтімді портфелі ақша-кредит саясатының мақсаты, ұлттық валютаның бағамын, ішкі және сыртқы валюта нарықтары конъюнктурасының ауытқуына икемді жауап қайтару мүмкіндігін реттеу үшін құрылған. Ұлттық Банктің инвестициялық портфелі активтердің кірістілігін барынша арттыру үшін құрылған және тұрақты стратегиялық резерв болып табылады.

1997 жылдан бастап алтынвалюта активтерін әртараптандыру және кірістілігін ұлғайту мақсатында инвестициялық портфельдің құрамына ағылшын фунт стерлингіне номинацияланған қосалқы портфель енгізілді.





1998 жылғы мамырда шетелдік нарықтарда бағалы қағаздармен белсенді операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін алғашқы «Bloomberg» ақпараттық-дилингтік терминал орнатылды. Осы жылы ҚР Ұлттық Банкі активтерді белсенді дербес басқаруға және бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға көшті.

Алтынвалюта резервтерін қазіргі заманғы басқару немесе 2000 жылдан бастап басқару ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына деген айтарлықтай ұсыныс жағдайында басқарумен және Ұлттық Банктің алтынвалюта активтері көлемінің өсуімен, жаңа валюталарға және құралдардың жаңа түрлеріне инвестицияларды әртараптандыру арқылы басқару барысын одан әрі жетілдірумен сипатталды.

ҚР Ұлттық Банкі 2000 жылы алтынвалюта активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды. Инвестициялық стратегияға құрылымдық сипаттағы өзгерістер енгізілді және алғаш рет эталондық портфельдер немесе индекстер бекітілді, оларға қарсы алтынвалюта активтері басқарылуы тиіс болды және тәуекелдердің негізгі көрсеткіштері бойынша олардан рұқсат етілетін ауытқулар бекітілді. Ұлттық Банк осы уақыттан бастап және қазіргі кезде активтерді басқарудың индекстік әдісін қолданады. Индекстік басқару, сондай-ақ «дәстүрлі» деп аталады, эталондық портфельмен сәйкес келетін пропорциядағы әр түрлі қаржы құралдарының портфелін қалыптастырудан тұрады. Эталондық портфель немесе индекс – инвестордың мүддесі айқындалатын бағалы қағаздар жиынтығы. Басқару нәтижелері (кірістілік) және инвестициялық тәуекелдер эталондық портфельге немесе индекске қатысты бағаланады, сондай-ақ айтарлықтай мөлшерде оған қатысты болады. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезінде өлшем ретінде болады. Әлемдік жетекші қаржы компаниялары әзірлеген және қадағалайтын индекстер эталондық портфель ретінде пайдаланылады.

Тиісті эталондық портфельдері бар алтынвалюта активтерінің жаңа құрылымы мынадай болды:

1. АВА ұзақ мерзімді портфелі;

- 70% Merrill Lynch US Treasuries&Agencies 1-3 years;

- 25% Merrill Lynch German Federal Governments 1-3 years;

- 4% Merrill Lynch U.K. Gilts 1-3 years;

- 1% Merrill Lynch Japanese Governments 1-3 years.

2. АВА қысқа мерзімді портфелі;

- 100% Merrill Lynch 3-month US Treasury Bill Index.

3. Алтын портфелі.


Алтынвалюта активтерімен операциялардан кірістілікті ұлғайту мақсатында Ұлттық Банк 2000 жылы халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен және АҚШ пен Германия агенттіктерінің бағалы қағаздарымен операциялар жүргізе бастады.

Осы жылы алтынвалюта активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыртқы басқару бойынша келісімдер жасаған болатын. 2001 жылдың аяғына дейін Ұлттық Банк сыртқы басқару бойынша 4 келісім жасады, сыртқы басқаруға берілген портфельдің нарықтық құны 619,3 млн. АҚШ долларын немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің 24,7% құрады. Алайда бүгінгі күні активтерді басқару дағдыларын дамыту сыртқы басқару үлесін Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін дербес басқару пайдасына бірте-бірте нөльге дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

2000 жылдан бастап АҚШ доллары үлесінің бірте-бірте төмендеуін және Еуро мен басқа валюталар үлесінің өсуін байқауға болады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді портфель активтерін корпоративтік бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлік немесе активтер кепілге берілген бағалы қағаздарға, құрылымдық өнімдерге, туынды құралдарға инвестициялауға рұқсат етілді, сондай-ақ балама құралдарға инвестициялау рұқсат етіледі.

2003 жылы АҚШ-та пайыздық ставкалардың өсу циклін күтуге байланысты инвестициялар үлесін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялауды ұлғайту шешімі қабылданған және алтынвалюта активтерінің құрылымына тиісті өзгерістер енгізілген болатын. Мысалы, 2003 жылдан бастап 2006 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңде алтынвалюта активтерінің құрылымына ақша-кредит саясатының мақсатына арналған өтімділік портфелі қосылды, ал бұрын осы мақсатқа пайдаланылған қысқа мерзімді портфель тікелей қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялауды жүзеге асыру үшін бөлінген болатын. АҚШ-та пайыздық ставкалардың өсу циклінің аяқталуына байланысты алтынвалюта активтерінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді портфельдері бірыңғай инвестициялық портфельге біріктірілді. Қазіргі кезде алтынвалюта активтерінің құрылымы тиісті эталон портфельдерімен бірге мынадай болып көрсетілген:


1. АВА инвестициялық портфелі;

- 45% ML US Treasuries and Agencies 1-5 years;

- 30% ML EMU Direct Governments 1-5 years;

- 10% ML UK Gilts1-5 years;

- 10% ML Japanese Governments 1-5 years;

- 5% ML Australian Governments 1-5 years.

2. АВА абсолюттік кірістілігінің портфелі;

3. АВА өтімділігінің портфелі;

4. Алтын портфелі.


Ұлттық Банк 2007 жылдың екінші тоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін әлемдік дағдарыс проблемасымен бетпе-бет келді. Алайда, портфельдердегі корпоративтік бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлік және активтер кепілге берілген бағалы қағаздарды уақтылы іске асыра отырып және құрылымдық өнімдердің үлесін біршама төмендете отырып, осылайша консервативтік анағұрлым тәуекелсіз ұстанымды ұстанған Ұлттық Банк алтынвалюта резервтері активтерінің құнын тек жоғалтпаумен қатар, 2007 жылдың қорытындысы бойынша біршама оң нәтижелер көрсетті. Мәселен, АҚШ долларында есептелген АВА инвестициялық портфелінің кірістілігі 2007 жылдың аяғында 10,95%, абсолюттік кірістіліктің жылдық көрсеткіштегі портфель кірістілігі 6,26% құрады. Сондай-ақ, Ұлттық Банк әлемдік қаржы нарығында болуы мүмкін ықтимал теріс өзгерістерді күте отырып 2006 жылдың аяғында алтынды біршама сатып алған болатын, бұл 2007 жыл бойы осы металл бағасының қарқынды өсуі есебінен алтын портфелінің өсуіне әкелді. Оған қоса, әлемдік және ішкі қаржы нарығындағы ахуалдың тұрақсыз болуы жағдайында АВА активтері өтімділігінің жоғары деңгейін қолдау үшін өтімділік портфелінің көлемі біршама ұлғайды және оның құрамына анағұрлым өтімді құралдар кірді. Осылайша, Ұлттық Банк әлемдік қаржы нарығының конъюнктурасындағы өзгерістерге дер кезінде және тиімді жауап қайтарады және әлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде шараларды жүзеге асырады.




Похожие:

Алтынвалюта резервтерін басқару iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Алтынвалюта резервтерін басқару iconМемлекеттік Университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәні бойынша 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері...
Алтынвалюта резервтерін басқару iconАқтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Алтынвалюта резервтерін басқару icon«адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша СӨЖ (СӨЖО) материалдары бакалавриат
«Адамзат ресурстарын басқару» пәнінің типтік бағдарламасы және 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу бағдарламасы...
Алтынвалюта резервтерін басқару icon«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасы «бекітемін»
М070200 – Автоматизация және басқару мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница