Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы




Скачать 156.63 Kb.
НазваниеЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Дата конвертации07.02.2016
Размер156.63 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_15.doc


Зайсан аудандық мәслихатының

2008 жылғы 22 сәуірдегі № 6-3

шешіміне қосымша.





Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын

дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған


Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы












Зайсан қаласы

2008 ж.


Мазмұны



  1. Бағдарлама паспорты.




  1. Кіріспе.



3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай күйін талдау.


4. Бағдарламаның мақсаты.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі жолдары.

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері.

7. Бағдарлама іске асқанда күтілетін нәтиже.

8. Зайсан ауданының тұрғын үй құрылысын дамытудың

2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның орындау іс-шаралары.



  1. Бағдарлама паспорты




Бағдарлама атауы

Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

Әзірлеуші.

Зайсан аудандық құрылыс бөлімі.

Мақсаты.

Халықтың қалың жігінің қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын, кешенді түрде жүргізу.

Міндеттері

Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау; тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік – жеке меншік серіктестікті ынталандыру; жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру; тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Іске асыру мерзімі

2008-2010 жылдар.

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері.

Бағдарламаны іске асыру үшін 3 жылда 633029 мың теңге қаржы қажет.Оның ішінде республикалық бюджеттен әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға 242000 мың теңге; облыстық бюджеттен 381029 мың теңге, оның ішінде әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді салуға 242000 мың теңге. Осы тұрғын үй құрылысының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын салуға 50 000 мың теңге. Ипотекалық несие арқылы салынып жатқан тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын аяқтауға 9029 мың теңге. Жеке меншік тұрғын үй салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға 80000 мың теңге. Жергілікті бюджеттен нысандардың жобалық – сметалық құжаттарын дайындауға 10000 мың теңге. Одан тыс жеке меншік тұрғын үй құрылысшыларының қаржысы жұмсалады.

Күтілетін нәтижелер.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: 18422 шаршы метрге жуық тұрғын үй салынатын болады,оның ішінде: Республикалық несие есебінен - 1213 шаршы метр, Республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 743 шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй, облыстық бюджет қаражаты есебінен 3 743 шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салынады.

Үш жыл ішінде 9723 шаршы метр жеке меншік тұрғын үйлер салынуы күтілуде.Зайсан қаласында жеке меншік тұрғын үйлер құрылысы салынатын үш мөлтек аудандар (жалпы көлемі 37,2 га) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 180 нен астам адамдарға жаңа жұмыс орны ашылады, қала және елді мекендердің сәулет көрінісі жақсарады. Жергілікті бюджетке құрылыстық қызметтерден салық түсуі көбейеді. Соның ішінде мүлік салығы, табыс әлеуметтік салықтарын жинау ұлғаяды.



2. Кіріспе.

Тұрғын үй құрылысы – жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 19 наурыздағы №13-6/6 шешімімен «Зайсан ауданының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар арасындағы» бағдарламасы (бұдан әрі бағдарлама) бекітілген. Осы бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде жалпы ауданы 11160 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген болса, 2005-2007 жылдары 139 тұрғын үй пайдалануға беріліп, немесе 11463 шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Оның ішінде:

2005 жылы – 42 тұрғын үй, 3462 шаршы метр

2006 жылы – 48 тұрғын үй 3915 шаршы метр

2007 жылы – 49 тұрғын үй 4086 шаршы метр

Осы қосылғанның бәрі меншік үй құрылысы арқылы, негізінен зілзалаға келген көмек кезінде уақытында құрылысы бітпей қалған үйлерді өз күштерімен аяқтағандар.

Бұдан басқа жеке инвестиция тарту арқасында Зайсан қаласындағы бес қабатты 60 пәтерлі жалпы ауданы 3725,5 шаршы метр үй пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: құрылыс индустриясын дамыту, қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер телімдерін бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру секілді бағыттары айқындалды.

Ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып осы заманғы әлеуметтік саясат белгіленген: адамдардың сұранысы мен мұқтаждықтары, жұмыс орындарын ашу басты назарда тұр. Осыны негізге ала отырып қолданыстағы Бағдарламаны ескеретін және әлеуметтік бағыттағы, бірінші кезекте, табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға арналған 2008-2010 жылдарға арналған осы бағдарлама әзірленді.


3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай күйін талдау.

3.1. Зайсан ауданының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындысы.

Бағдарламаны іске асыру барысындағы үш жыл ішінде: жалпы ауданы 11463 шаршы метр тұрғын үй меншік үй құрылысшылары арқылы пайдалануға берілді.

2005 жылы 3462 шаршы метр (2004 жылмен салыстырғанда 115,7%)

2006 жылы 3915 шаршы метр (2005 жылмен салыстырғанда 113,8%)

2007 жылы 4086 шаршы метр (2006 жылмен салыстырғанда 104,4%)

Осы бағдарлама негізінде жеке инвестор «Икеп» шаруа қожалығы 95 млн теңге қаржыға заман талабына сай 60 пәтерлі тұрғын үй жалпы ауданы 3725,5 шаршы метр іске қосты. Республикалық бюджет есебінен ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген несиелік қаржы есебінен жалпы ауданы 1213 шаршы метр бір пәтерлі 15 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы уақыт ішінде коммуналдық тұрғын үйлер салынған жоқ. Зайсан ауданында тұрғын үй қорының жалпы ауданы 297,0 мың шаршы метрді құрайды. Осының 3,0 мың шаршы метр бұзуды талап етеді, 7,8 мың шаршы метр күрделі жөндеуді талап етеді. Тұрғын үй алуға, жақсартуға тұрған жанұялар саны 01.01.2008 жылға 200 жанұя құрайды.

Жасалған бағдарлама бойынша жеке тұрғын үй құрылысын ары қарай дамыту үшін Зайсан қаласының үш мөлтек ауданына бас жоспар жасалынып, осы аудандарға инженерлік желілер тарту жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік аз қорғалатын жігі үшін коммуналды тұрғын үйлер салынуы жоспарланып отыр.

3.2. Жеке меншік тұрғын үй құрылысының қалпы

Аудан тұрғындары соңғы жылдары тұрғын үй мәселелерін шешу өз күшімен іске асыруда. Салынған үйлердің көркі де, сапасы да жақсаруда.

Аудан бойынша:

2005 жылы - 3462 м2

2006 жылы - 3915 м2

2007 жылы - 4086 м2

3.3. Құрылыс материалдарын өндіру, дайындау саласының жай-күйі.

Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде қанағаттандыра алмайды.

Зайсан ауданында қазіргі уақытта «Зайсан» құрылыс компаниясында қуаты сағатына 35 тонна асфальтобетон шығаратын зауыт, СМУ «Шығыс» мекемесінде жылына 3 млн қызыл кірпіш шығаратын зауыт және осы мекемеде пластикалық есік, терезе блоктарын жасайтын цех жұмыс істеуде.

Құрылыс құнын төмендету мақсатында тиімді құрылыс материалдарының өндірісін дамыту, жаңа технологиялар енгізу және құрылыс материалдарының сапасы жоғары ассортиментін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

4. Бағдарламаның мақсаты.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін:

  • ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңестірілген тұрғын үй нарығын жасау;

  • тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік –жеке меншік серіктестікті ынталандыру;

  • жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

  • тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

Мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік саланың еңбеккерлеріне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелері арқылы жылдық мөлшері 4 пайыздан аспайтын алдын ала тұрғын үй займдарын беруді жүзеге асыру керек.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала еңбеккерлері үшін салынатын үйлерге екпін түсірген жөн. Өзінің жеке меншік тұрғын үйлерін салғысы келетін азаматтар үшін мемлекет жеке меншік құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады.

Құрылыс компанияларының қызметінде мөлдірлікті және саладағы бәсекелестікті арттыру дәрежесін заңды түрде қамтамасыз ету керек. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғауды арттыру қажет.

Жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі жолдары.

1.Тұрғын үй салу ұсыныстарын ынталандыру. Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет 1 шаршы метрі 56515 теңгеден аспайтын құны арзан және қолжетімді тұрғын үйлерді салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады. Бұл ретте, өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізген кезде реттелетін болады. Облыстың жоғарғы сейсмикалық аудандар үшін қолжетімді тұрғын үйлердің бір шаршы метрі құрылысының көрсетілген құнына – 1,15 түзету коэффициентін енгізу рұқсат етілген.

Қолжетімді тұрғын үйді облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің қаражаты есебінен салынатын болады. Қолжетімді тұрғын үйдің орташа алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс.

2. Ипотекалық кредит алу жүйесін жетілдіру.

3. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жүйесін дамыту.

4. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту.

5. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру.

6.Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

7.Жеке капиталдың инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйлер салу.

8. Тұрғын үй құрылысында прогрессивті технологияларды, экологиялық, қазіргі заманғы өнімдер мен материалдарды пайдалану.

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері.

Бюджет шығындарының қажеттілігі мынаны құрайды:

Барлығы 633,029 млн. теңге: оның ішінде:

- Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер –242,00 млн теңге;

- Облыстық қаражаты есебінен 381,029 млн теңге осының 242,00 млн теңге; - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрымдарын салуға – 50,0 млн теңге; - ипотекалық несие арқылы жатқан 15 тұрғын үй құрылысының инженерлік құрылымдарына 9,029 млн. теңге;

-жеке тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға – 80,0 млн теңге;

-жергілікті бюджеттен тұрғын үйді жобалауға 10,0 млн теңге қаржы қажет.

2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері аясында нақтыланатын болады. Осы үйлер жалға, ипотека несиесіне кезекке тұрған азаматтарға беріледі.

7. Бағдарлама іске асқанда күтілетін нәтиже.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Зайсан ауданы бойынша



Мерзімі

Ипотекалық

несие

м2

Жалдамалы

(коммуналды)м2

Жеке меншік үй құрылымы

м2

Барлығы

м2

Республикалық бюджет

Облыстық бюджет

2008

1213







2975

4188

2009




3743




3312

7055

2010







3743

3436

7179

Жиыны

1213

3743

3743

9723

18422

Үш жыл ішінде 18,422 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады, осы жылдар арасында 258 жанұя тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде:

7486 шаршы метр Зайсан қаласында жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй арқылы (120 пәтер);

- 1213 шаршы метр Зайсан қаласында ипотекалық кредит арқылы 15 бір пәтерлі тұрғын үй;

- 9723 шаршы метр 123 жеке меншік тұрғын үй құрылысы;


Жеке меншік тұрғын үй салудың қалалық,

ауылдық округтары бойынша тізбесі




Қалалық,ауылдық

округтар


2008 ж

2009 ж

2010 ж

барлығы

үй саны

ауда

ны

үй саны

ауда

ны

үй саны

ауда

ны

үй саны

ауда

ны

1

Зайсан қаласы

26

2080

33

2640

38

3040

97

7760

2

Айнабұлақ

1

60

-

-

-

-

1

60

3

Біржан

1

64

1

56

-

-

2

120

4

Дайыр

2

136

2

200

1

100

5

436

5

Қарабұлақ

2

160

-

-

-

-

2

160

6

Қаратал

3

200

3

240

3

249

9

688

7

Кеңсай

3

224

1

80

-

-

4

304

8

Сартерек

1

51

1

96

1

48

3

195

9

Шілікті

-

-

-

-

-

-

-

-




Барлығы

39

2974

41

3312

43

3437

123

9723



- Жеке тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен (абаттандыру, су құбырымен, электр энергиясымен, телефон желілерімен қамтамасыз етілетін болады.

- 150 ден астам адамға жұмыс орындары құрылады.

- Елді мекендердің сәулет көрінісі жақсарады.

- Жергілікті бюджетке құрылыстық қызметтерден салық түсуі көбейеді.


8. Зайсан ауданының тұрғын үй құрылысын

дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын

орындаудың іс-шаралары.




п/п

Іс-шаралар

Мерзімі

Тұрғын үй ауданы

Орындаушы- лар


Ескерту


1

Аудан халқына Мемлекеттік бағдарламаны ауыл жиындарында, «Достық» газетінде түсіндіру және насихаттау

2008 ж. қаңтар-ақпан

сәуір-мамыр




Ішкі саясат бөлімі




2

Тұрғын үй салуға банк арқылы қаржы, кредит алу тәртібін түсіндіру-ипотекалық кредит беру жүйесінің және тұрғын үй құрылысы жинақтарының қолайлы шарттары туралы ауыл жиындарында, «Достық» газетінде түсіндіру

2008-2010 ж.

қаңтар-ақпан

2008-2010 ж.

наурыз-мамыр




Экономика және бюджетті қаржы- ру, аудандық қаржы бөлімі





3

Үй салуға керекті құжаттарды алу

жолын ауыл жиындарында,

«Достық» газетінде түсіндіру.Олармен қамтамасыз ету.

2008-2010 ж

көлемінде қаңтар- ақпан

2008-2010 ж

көлемінде сәуір-мамыр үнемі




Құрылыс бөлімі,

сәулет және қала құрылыс

бөлімі




4

Жеке меншік

тұрғын үй құрылысын ынталандыру, дамыту.

2008ж

2009ж

2010ж



38 үй -2975м2

42 үй-3312м2

43 үй-3436м2

Жеке меншік иелері

Қалалық, ауылдық округ әкімдері.




5

Ипотекалық несие арқылы, жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй құрылысын салу арқылы әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар,білім, денсаулық және мемлекеттік қызмет саласында істейтін жекеленген санаттарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

15 үй – 1213 м2

60 пәтер – 3743м2

60 пәтер – 3743м2


Құрылыс бөлімі.


Респуб-лық қаржы

Облыстық

қаржы.

6

Тұрғын үй салушыларды керекті ағаш материалдарымен қамтамасыз ету

2008-2010ж.

мамыр-қыркүйек




Орман шаруашылық мекемесі

Мүмкіндігінше

7

Салынған тұрғын үйлерді комиссия арқылы уақытында қабылдау, заңға сәйкес құжаттармен қамтамасыз ету.

2008-2010 ж

үнемі




Құрылған комиссия






Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қ.Бейсенов


Похожие:

Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан ауданының 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы iconЗайсан ауданындағы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспары
Дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау, олардың білім алуына мүмкіндіктер жасау
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница