1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)




Скачать 106.52 Kb.
Название1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
Дата конвертации07.02.2016
Размер106.52 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish745932_6718.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы сәуірде жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тоқсан сайынғы тексеру нәтижелері кредит нарығында корпоративтік сектор және сол сияқты жеке тұлғалар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсу үрдісінің байқалғанын көрсетіп отыр. Бәсекенің күшеюіне байланысты банктер өзінің кредиттік ұсыныстары бойынша талаптарды жақсартады. Банктердің несие портфеліндегі проблемалық кредиттердің үлесі жоғары болса да, банктердің несие портфелінің кейбір жақсаруы жалғасуда. Заемшылардың проблемалық кредиттер бойынша кепілге салынған мүлікті өндіру бойынша операциялар санының өсуі бәсеңдеді.


Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1).

2011 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша банктердің 53% сұраныстың ұлғайғанын және 44% сұраныстың өзгермегенін атады.
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі


Корпоративтік кредиттеу секторында заемшылар тарапынан айналым қаражатын толықтыру үшін қысқа мерзімді заемдарға және негізгі құрал-жабдықтар сатып алу және кәсіпорындарды түрлендіру үшін ұзақ мерзімді кредиттерге сұраныс өсуде. Сондай-ақ соңғы 4-тоқсанда банктер қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда ұзақ мерзімді заемдарға неғұрлым жоғары сұранысты белгіледі. Сонымен қатар, басқа банктерден алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға сұраныстың жоғары деңгейі сақталып отыр, сондай-ақ клиенттер тарапынан «овердрафт» кредиттік өніміне (бір жылдан аспайтын мерзімге) үлкен мүдделілік байқалып отыр, оның мақсаты заемшылардың қысқа мерзімді ақша қаражатына бірінші кезектегі қажеттілікті жедел қанағаттандыру болып табылады.

Бизнесті кредиттеуге ниеттің ұлғаюын банктердің 71% белгіледі. Алайда, егер бизнестің айналым капиталының толықтыру үшін кредиттерге қажеттілігін банктер толық көлемде қанағаттандыратын болса, онда инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін кредиттер беру әлі де жоғары тәуекелді ретінде қарастырады және оларға сұранысты кредиттеу мерзімінің ұзақ болуына қатысты ішінара қанағаттандырады.

Банктер ағымдағы жылдың 2-тоқсанында кредиттік өнімдерге сұраныстың одан әрі өсу үрдісінің сақталатынын күтеді. Респонденттердің 68% сұраныстың ұлғаятынын және банктердің 32% ғана оның бұрынғы деңгейде қалатынын күтеді. Сұраныстың неғұрлым жоғары өсуі, негізінен, шағын және орта бизнес және аз көлемде ірі кәсіпкерлік есебінен күтіледі.

2. Бизнес субъектілері тарапынан ұлттық валюта – теңгедегі кредиттерге сұраныстың басым түрде өсуі жалғасады (2-диаграмма).


2-диаграмма. Заемдар валютасының олар бойынша мерзімдер бойынша өзгеруі


Бұл ретте теңгедегі ұзақ мерзімді ресурстарға сұраныс теңгедегі қысқа мерзімді заемдарға сұраныспен теңесті. Сондай-ақ шетел валютасындағы кредиттеудің кейбір қалыпына келуі байқалады, негізінен қысқа мерзімді мақсаттарға.

3. Кредиттеу нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты банктер өздерінің кредиттік өнімдері бойынша талаптарды жақсартты (3-диаграмма).

Банктер капиталына шетелдік қатысуы бар банктер тарапынан басым түрде кредиттеу саласындағы бәсекенің айтарлықтай артқанын атап өтеді. Бәсекелестік жағдайын теңестіру үшін банктер кредит саясатын жұмсартуға мәжбүр. Кәсіпкерлер тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың шамалы өсуі банктерді жұмыс істеп тұрған өнімдер бойынша жаңа тартымды талаптарды әзірлеуге, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған кредиттік желілерді біртіндеп жаңартуға және дағдарыс кезеңінде тоқтатыла тұрған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мәжбүрлейді. Осыған меншік иелерінің (акционерлердің) есебінен және сол сияқты ішкі және сыртқы капитал нарықтарында ресурстық базаға банктер белгілеген қолжетімдіктің артуы және құнының төмендеуі белгілі бір дәрежеде себепші болды.

С
3-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі


онымен қатар, банктер жалпыэкономикалық тәуекелдерді (елдің экономикалық дамуындағы үрдістердің өзгеру тәуекелі) бұрынғыша төмен деп санайды. Сондай-ақ банктер салалық тәуекелді (экономиканың қандай бір саласындағы тәуекел профилінің өзгеруі) кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелін қабылдауды төмендетті, алайда соңғысының мәні әлі де теріс аймақта болып отыр.

Қазіргі кезде банктер кредиттік өнімдерге ұсыныс саясатын неғұрлым тартымды талаптармен жүргізуде. Оларға, қазіргі бар, өлшемі KazPrime индикаторына байланыстырылған өзгермелі ставкалар бойынша кредиттеуді жаңартудың тіркелген ставкаларына қосымша ретінде кредиттеу мерзімдері мен сомаларының ұлғаюын жатқызуға болады, бұл банктің заемшыларына кредит бойынша неғұрлым төмен түпкілікті құн алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жекелеген банктер заемшының қаржылық жағдайына қарай дифференцацияланған пайыздық ставкаларды белгілейді. Нәтижесінде бизнес субъектілерінде кредиттер бойынша неғұрлым тартымды талаптарды таңдау бойынша мүмкіндіктері кеңейді. Сонымен қатар, ірі және орта банктер Интернет арқылы кредиттік өтінімдерді берудің және заемдар бойынша алдын ала шешімдер алудың электрондық жүйесін ендірді.

Бұл ретте, корпоративтік сектор тарпынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қарамастан, банктер үшін несие портфелінің сапалық өсуін қамтамасыз ету бірінші орында тұр. Банктер бұрынғыша клиентті таңдауға өте сақтықпен қарайды, себебі кредиттеу нарығында сапалы заемшылардың дефицит проблемасы әлі де өткір болып отыр. Заемшыны таңдау кезіндегі аса маңызды аспект банк үшін жақсы кредиттік тарих және клиент рентабельділігінің оң көрсеткіштері болып табылады. Кредиттік тәуекелдер жоғары болған кезде жекелеген банктер іс жүзінде жаңа бизнесті қаржыландыруға өтінімдерді қарамайды.

Осыған байланысты корпоративтік секторға қатысты кредит саясаты ағыдағы жылдың 2-тоқсанында тұтастай алғанда орын алып отырған үрдістерді сақтайды (3-диаграмма). Респонденттердің 76% жуығы кредит саясатының бұрынғы деңгейде қалатынын, банктердің 15% кредит саясатты шамалы жұмсартуды болжайды және банктердің небәрі 9% саясатты қатаңдатуды жоспарлап отыр.

Кредит нарығындағы орын алып отырған үрдісті ескере отырып, 2011 жылғы 2-тоқсанда банктер арасындағы сапалы заемшылар үшін бәсекелестіктің одан әрі өсуі оларды пайыздық ставкаларды төмендетуге, кредиттеу талаптарын жақсартуға – банктің стандартты кредиттер бойынша маржаны төмендетуге, кредиттің ең жоғары мөлшерін ұлғайтуға, негізгі борыш сомасы бойынша жеңілдік кезеңін ұсынуға, кредиттік желілерді ұлғайтуға мәжбүрлейді.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1. Тұрғындардың тұтынушылық сенімділігінің өсуі және кредиттеудің бөлшек өнімдері бойынша талаптарды жақсарту нәтижесінде тұтынушылық және ипотекалық кредиттік өнімдерге сұраныстың өсуі байқалып отыр.

А
4-диаграмма. Ипотекалық кредит ресурсатарына сұраныстың өзгеруі


ғымдағы жылдың 1-тоқсанының нәтижелері бойынша банктердің 30% ипотекалық кредиттеу өнімдерін сұраныстың өскенін және банктердің 61% жуығы сұраныстың бұрынғы деңгейде қалғанын белгіледі (4-диаграмма). Бұл ретте соңғы екі тоқсан бойы ипотекалық кредиттеу нарығындағы жаңғыру аясында жеке тұлғалар тарпынан ипотекаға нақты сұраныс пен банктердің күтулері арасындағы айырмашылықтың ұлғаюы байқалып отыр. Осы күтулерді тұтынушылық сенімділіктің өсуіне және жылжымайтын мүліктің белгілігі бір көтерілуіне қарамастан, «тым оңтайлы» ретінде сипаттауға болады. Ипотекалық өнімдер бойынша ұсыныстың ұлғаюы нәтижесінде нарықтың осы сегментін одан әрі жандандыру мақсатында банктер арасындағы бәсекелестіктің өсуі қаржыландыру талаптарын кейбір ырықтандыруға және ипотекалық кредиттер ставкаларының төмендеуіне алып келді.

С
5-диаграмма. Тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өзгеруі


ондай-ақ тұрғындар тарапынан тұтынушылық кредиттерге сұраныстың айтарлықтай өсуі байқалды, банктердің 63% жуығы сұраныстың ұлғаюын белгіледі, ал өткен тоқсанда осы көрсеткіш 43% құрады (5-диаграмма)

Бұл ретте, ипотека сегментінен айырмашылығы, 2011 жылғы 1-тоқсанда нақты үрдістер іс жүзінде банктердің күтулерімен сәйкес келді, ол алдыңғы үш тоқсан бойы байқалған жоқ. Бұған, банктердің пікірі бойынша, тұрғындардың кредиттік ресурстарға жинақталған қажеттілігі, оның ішінде борыштық ауыртпалықты қабылдау дәрежесінің төмендеуіне байланысты, сондай-ақ банктер ұсынатын тартымды талаптар себепші болды. Заемшыларды кредиттеудің ең көп тараған мақсаты пәтер жөндеу, демалыс, автомобиль сатып алу, тұрмыстық және электрондық техника сатып алу, үйлеу тойы, жылжымайтын мүлік болып қалуда.

Бөлшек кредиттеуге сұраныс ұсынылатын негізгі валюта Қазақстан теңгесі болып табылады, ал шетел валютасындағы кредиттік өнімдерге сұраныстың төмендеуі жалғасуда.

Банктер 2011 жылғы 2-тоқсанда халық тарапынан тұтыну және ипотекалық өнімдерді кредиттеуге арналған сұраныстың өсу үрдісі жалғасады және сұраныс жоғары деңгейде сақталады деп болжайды. Банктердің негізгі үлесі, атап айтқанда респонденттердің 77%-ы клиенттердің тарапынан тұтыну заемдарына сұраныстың өсуін күтеді. Бұған қоса, ипотекалық кредиттер бойынша сұраныстың өсуі банктердің 45% жуығы күтуде, ипотекалық кредиттер бойынша өзгеріс болжанбайтын респонденттердің үлесі 55% және тұтыну заемдары бойынша небәрі 22%.

2
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)


. 2010 жылғы 1-тоқсанда респондент банктердің 40%-ға жуығы тұтыну заемдары бойынша және банктердің небәрі 18%–ы ипотекалық өнімдерге қатысты кредит саясатын жұмсартты (6 және 7-диаграммалар).
Бұл ретте респондент банктердің 80% олардың тұтыну кредитін беруге ниеттерінің артқаны туралы және 38% – ипотекалық кредит беруге ниеттерінің артқаны туралы хабарлады.

Х
7-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиті)


алықтың іскерлік белсенділігінің өсуіне және банк секторындағы жоғары өтімділік деңгейіне байланысты бөлшек кредит беру нарығын қалпына келтіру жандана түскені байқалуда. Бәсекелестіктің күшеюі, ресурстардың қол жетімді болуының артуы, сондай-ақ негізінен жалпы экономикалық күтулерге және жылжымайтын мүлік нарығының даму болашағына қатысты тәуекелді қабылдау деңгейінің төмендеуі кредиттер құнының төмендеуіне әсер етеді. Бәсекелестіктің өсуі жағдайында банктерге кредиттер бойынша талаптарды жұмсартуына тура келеді: кредиттер бойынша пайыздық және комиссиялық ставкаларды азайту, қаржыландыру мерзімдері мен сомаларын ұлғайту, әр түрлі жарнамалық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ кредит бойынша пайыздық ставка заемшының сапасына байланысты болған кезде жаңа кредиттік талаптарды енгізу.

Банктердің кредит саясатының біршама жұмсаруына қарамастан, тұтастай алғанда заемшылардың төлем қабілеттілігін бағалау жүйесі қатаң күйінде қалуда. Банктер клиенттердің төлем қабілеттілігін және кредитке қабілеттілігін жеткілікті дәрежеде мұқият тексереді, нарықта кірісті растап алмайынша кредит ұсыну шектелген. Сонымен қатар банктер халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруды белгілейді, мұны клиенттердің кредиттеу талаптары мен өздерінің төлем қабілеттілігін неғұрлым мұқият бағалауы растайды.

2011 жылғы 2-ші тоқсанда банктердің 91%-ға жуығы кредиттеудің негізгі бағаға қатысты емес шарттарын сақтауды болжайды (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілдік қамтамасыз етуге талаптар) және 93%-ы баға шарттарын өзгеріссіз қалдыруды жоспарлайды (кредиттеудің стандарттық және тәуекелді түрлері бойынша маржа).

О
8-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының өзгеруін күту


сыған байланысты, банктердің 24%-ға жуығы ипотекалық заемдарға қатысты және 42%-ы тұтыну кредиті бойынша кредит саясатын бұдан әрі біршама жұмсартуды күтуде.

3. 2011 жылғы 2-ші тоқсанда респондент банктердің көбі (59%) жылжымайтын мүлік бағасының өсуін болжайды және небәрі 34% жылжымайтын мүлік бағасы өзгеріссіз қалатынын болжайды (8-диаграмма). Банктердің пікірі бойынша, елдегі экономикалық ахуал дамыған кезде және халықтың әл-аухат деңгейі өскен кезде жылжымайтын мүлік бағасы да өседі.


  1. Тәуекелдер картасы


1. 2011 жылғы 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша банктердің несие портфельдері сапасының біршама жақсаруы жалғасты, бұл ретте банктердің кредиттік портфелінде проблемалы кредиттердің үлесі әлі сақталып отыр.

Банктер 2011 жылғы 2-ші тоқсанда несие портфелінің сапасын аз да болса қалпына келтірудің жалғасатынын күтуде. Мәселен, банктердің 28%-ы кредиттік портфель сапасының біртіндеп жақсаруын болжайды және респонденттердің 61%-ға жуығы сапаның өзгеріссіз қалатынын болжайды, ал банктердің небәрі 11%-ы банктердің несие портфелінің сапсы аз ғана нашарлайды деп санайды. Сегменттер бөлігінде банктердің кредиттеуі жеке тұлғалардың несие портфелінің жақсаруы корпоративтік заемшылар портфелінен біршама жылдамырақ жүретін болады: респондент банктердің тиісінше 27%-ы және 18%-ы тиісті кредиттік портфель сапасының аз ғана жақсаруын күтуде, 70%-ы және 73%-ы портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.

2. Заемшылардың проблемалы кредиттері бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялар санының өсуі бәсеңдеді. Бірақ 2011 жылғы 2-ші тоқсанда банктер осы операциялар саны өсуінің жаңаруын күтуде.

Ағымдағы жылғы 1-ші тоқсанда заемшылардың борыштарын қайта құрылымдау бойынша операциялардың өсу қарқыны және 2-ші тоқсанға арналған күтулер өткен тоқсандағы деңгейде сақталуда.

Проблемалы кредиттермен жұмыс жөніндегі негізгі шаралар ретінде мерзімі өткен берешектерді өтеу бойынша өтеу мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат беру, айыппұл шараларын (өсімпұл және банктің басқа да санкциялары) қолданбау, кредиттің жалпы мерзімін ұзарту және төлем кестесін өзгерту, заемшыға банк алдындағы борышты қайта қаржыландыруды (банктің заемшыдан қосымша кепілдік қамтамасыз етуді қабылдауы арқылы), оның ішінде заемшының басқа банкке өтініш білдіруі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін беру.

3. 2011 жылғы 1-ші тоқсанда банктер үшін негізгі тәуекелдер кредит тәуекелі, сондай-ақ пайыздық тәуекел болды. Кредиттік тәуекелдің өсуін респондент банктердің 25%-ы белгіледі (11%-ы оның төмендеуін хабарлады), банктер үшін пайыздық тәуекел банктердің 17%-ы үшін артты (6%-ы үшін төмендеді).

2011 жылғы 2-ші тоқсанда кредиттік тәуекелдің бұдан әрі өсуі, сондай-ақ банктердің валюталық тәуекелінің өсуі күтілуде.


9-диаграмма. Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы2




4. Банктер үшін қосымша қаржыландыруды тартудың маңызды көзі болып заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, капиталды жұмыс істеп тұрған акционерлердің есебінен тарту және алынған пайданы қайта инвестициялау болып қала береді.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсаны ішінде банктер салымдар бойынша сыйақы ставкаларын азайту жөнінде белсенді саясат жүргізді, бұл кредиттер бойынша ставкаларды төмендету үшін негізгі шарт болып табылады. Банктер депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын азайту жөнінде шара қабылдауға мәжбүр болып отыр, себебі ішкі нарықта банктер үшін қорландыру барынша қымбатқа түседі, бұл өз кезегінде банктердің теріс пайыздық маржасына тікелей ықпал етеді. Осылайша, банктер депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендету арқылы пайыздар бойынша шығыстарды біртіндеп азайтады. Нәтижесінде банктер депозиттік базаны сомалары, мерзімдері және сыйақы ставкалары бөлігінде оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізеді.


1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде ұсынылды, ол қандай да болмасын өлшемнің ұлғаюын/азаюын белгілеген респонденттер % айырмасы ретінде есептеледі. Бұл жағдайда диаграммада кредиттік тәуекелдің ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгеруі берілген.




Похожие:

1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon1. 2011 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқыны айтарлықтай төмендегені байқалды. Банктер корпоративтік клиенттерді тарту және ұстау мақсатында кредиттеудің талаптарын жұмсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды (11-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon1. 2012 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы үш тоқсанның үрдістері айтарлықтай өзгерместен, қаржылық емес ұйымдардың тарапынан кредиттік ресурстарға баяу сұраныс байқалуда
Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қазан
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) icon«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №276, 2011 жылғы 25 ақпандағы №36, 2011 жылғы 24 наурыздағы №55, 2011 жылғы 16 мамырдағы...
1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1) iconОқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница