2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары




Название2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
страница1/9
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/company/np_akty_rk/kz/Zheke_kasipkerlik_turaly_KR_zany.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.08.2012 15:06:37


Қазақстан Республикасының
Заңы

 

Жеке кәсіпкерлік туралы

(2011.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңын қара (2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-5-баптар)

2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары

(6-13-баптар)

3-тарау. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi

(14-17-баптар)

4-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

(18-23-баптар)

5-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінқұру және олардың нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы

(24-26-баптар)

6-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату

(27-28-баптар)

7-тарау. Мемлекеттік әкімшілік ету

(29-36-баптар)

8-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау

(37-41-баптар)

9-тарау. Мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жәнеаккредиттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауаптылығы

(42-44-баптар)

10-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы

(45-49-баптар)

11-тарау. Қорытынды ережелер

(50-51-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;

2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;

3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;

4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшін және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;

5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;

6) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерліктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi;

8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;

9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн білдіру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;

11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттік органдардың тануы;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;»

12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;

13) кәсiпкерлiк жөніндегі уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:

жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;

жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

15) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат;

17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 4-тармақпен толықтырылды

4. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3-бап. Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектерi

1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.

 

4-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен принциптерi

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:

жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;

жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;

жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.

 

2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді

5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктерi

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде тіркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жiбередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) көбеюін растайтын есептеу нәтижелерін міндетті түрде қамтуға тиіс.

2009.17.07. № 188-IV ҚР
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары icon1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының...
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconΙ-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Азақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары icon5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы...
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconЖеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған жаднама
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау кезінде, соның ішінде салық салу мақсатында да анықтау кезінде қысқа әрі нұсқа...
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары icon«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы
Л», «Каспий» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»...
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconҚазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру жолдары
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері б
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconR айнымалы кернеу айнымалы ток генераторларында өндіріледі. Олардың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукцияқұбылысына негізделген. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: ІІ тарау. Айнымалы ток. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconЖылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды...
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары iconСоциологиялық парадигмалар
Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница