Скачать 231.27 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қаржы кафедрасы Орта кәсіби және жоғары кәсіптік білім сырттай оқу түріндегі, 050509 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары» пәні бойынша СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Павлодар
Құрастырушы: аға оқытушы И.Т. Имангалиева ___________ ассистент Закриянова Н.М._______________ Қаржы кафедрасы «Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары» пәні бойынша СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама «___»_____________200__жылы жұмыс оқулық бағдарламасы негізінде ұсынылған «___»_____________200__ жылдың кафедра мәжілісінде ұсынылған _____№ Хаттамасы Кафедраның меңгерүшісі_____________ Н.С. Кафтункина «____»_________________200___ жылы қаржы - экономикалық факультеті оқу-әдістемелік кенесімен мақұлданған №_____хаттамасы ОӘК төрағасы ________________________ Л.А. Сидорова1 Оқытушылар туралы мәліметтер Имангалиева Индира Тлеубергенқызы – қаржы кафедраның аға оқытушысы Закриянова Нагима Мылтыкбаевна - қаржы кафедрасының ассистенті (ОСӨЖ) Кафедрада қабылдайтын уақыты: сәрсенбі және жұма күндері 12:00 – 14:00 сағатқа дейін. 2 Пән туралы мәліметтер Қазіргі жағдайда қаржы және қаржылық қатынастар шұғыл өзгерістерге ұшырауда. Қаржыны басқару үдерісі қазіргі замандағы нарықтық экономиканың өзгеруіне байланысты қаржы механизміне бейім келетін үздіксіздікті, дәйектілікті және кешенділікті талап етеді. Қазақстанның экономикасы өзінің даму барысында түрлі кедергілерді кездестіруде. Олардың ішінде қаржы жүйесінің болашағы мен оларды зерттеудің өзектілігін атап өтуге болады. Қаржы басқармасы дүниежүзілік тәжірибені негізге ала отырып, өнімді шешімдер қабылдауға бағыт алуда және ҚР қаржы жағдайын бағалауға сонымен қатар шетел тәжірибесін біздің экономикаға бейімдей отырып ҚР қаржы жүйесін дамытуға бар күш жігерін салуда. «ҚР қаржы жүйесінің дамуындағы актуалды мәселелері» курсының негізгі мақсаты болып Қазақстандағы қаржы жүйесінің құрылыуның негізгі кезеңдеріне байланысты білім алушылардағы терең қызығушылықты тудыру, қаржы жүйесінің жеке элементтерінің қазіргі кездегі жағдайы бойынша анализ жасаудан тәжірибені молайту, сонымен қатар оның негізгі мәселелері мен даму бағыттарын зерттеп білу. Пәнді оқып білу келесі пәндерді оқыған кезде алынған білімдерге негізделеді: қаржы, корпоративті қаржы, құнды қағаздар нарығы, сақтандыру, банктік іс, қаржы анализі. Студент пәнді оқып болғаннан кейін төмендегілерді білуі керек:
Студент сабақтағы сарамандық жұмыстарға қатыса отырып, СӨЖ жұмысын орындаған кезде төмендегілерді үйренеді:
3 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізіміНегізгі
Қосымша
www.afn.kz/ 3.1 Пәннің тематикалық жоспары 3.1.2 050509 «Қаржы» мамандығы, күндізгі оқу түрі орта кәсіптік білім негізінде
3.2 Аудиторлық сабақтар мазмұны 3.2.1 Дәріс сабақтарының мазмұндары Тақырып 1 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қаржы рөлі Өтпелі шарттардағы қаржы дамуның негізгі заңдылықтары. Қаржының экономикаға әсері. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы. Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтерудегі қаржылық жүйенің мүмкіндіктері. Тақырып 2 ҚР банктік сектордың жағдайы және дамуы Қазақстандағы банктік жүйенің қайта құрылуының негізгі кезеңдері. Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан экономикасының банктік секторының позицияландыруды бағалу. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметіне анализ жасау. Қазақстанның банктік секторының даму мәселелері. Тақырып 3 ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтін мемлекеттік реттеу механизмін бағалау. Коммерциялық банктердің ресурстық базаларының қалыптасу үдерісінде мемлекеттің қатысуының приоритеттік бағыттары. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін институционалды және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша кешенін жетілдіруге байланысты мемлекеттің шаралардың негізгі ұсыныстары Тақырып 4 Банктік жүйенің және экономикалық сектордың өзара байланысы: негізгі тенденциялары Қазақстанның қазіргі экономика жағдайындағы банктік және өндірістік капиталды интеграциялау. Банктік және өндірістік капиталды интеграциялаудың тиімділігін бағалау. Банктік және өндірістік капиталдың интеграциялауды мемлекеттік реттеу. Тақырып 5 ҚР зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы және даму перспективалары Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және алғышарттары. Қазақстанның жинақтық зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу. ҚР зейнетақы нарығының институционалды құрылымы. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: негізгі жетістіктер және мәселелері. Отандық зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесінің даму перспективалары. Тақырып 6 ҚР сақтандыру секторының жағдай және даму перспективалары Қазақстанның сақтандыру жүйесінің қалыптасуы. ҚР сақтандыру нарығының институционалды құрылымы. Қазақстанның сақтандыру секторының қазіргі жағдайы: негізгі жетістіктері және мәселелері. Сақтандыруды дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолданудың мүмкіндіктері. Тақырып 7 ҚР қаржылық нарықтың жағдайы және даму перспективалары Қазақстан қор нарығының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның қор нарығының институционалдық құрылымы. Қазақстан қор биржасының айналымындағы құралдар құрылымы және құрамы. Мемлекттік емес бағалы қағаздар нарығы: жетістіктері, даму перспективалары және мәселелері. Мемлекеттік бағалы қағаздар секторы: жетістіктері және даму перспективалары. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпкерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығы: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу. Тақырып 8 ҚР инвестициялық қорлар жағдай және даму перспективалары ҚР инвестициялық қорлар түрлері және түсінігі. Пайлық инвестициялық қорлар: қазіргі жағдайы. Акционерлік инвестициялық қорлар: қазіргі жағдайы. ҚР инвестициялық қорлар даму перспективалары. Тақырып 9 Қазақстанның даму институтары Қазақстанның даму банкі: қызмет бағыты және мақстаы. Қазақстанның инвестициялық қоры: қызмет бағыты және мақсаты. Қазақстанның иновациялық қоры: қызмет бағыты және мақсаты. Тақырып 10 ҚР корпорацияларының қаржылары Корпорациялық қаржыларды басқарудың қазақстандық үлгісі. Корпоративтік басқару кодексін басқару: түсінігі, қағидалары, бағыты. Корпорациялардың инвестициялық және иновациялық қызметін қаржыландырудың әдістері және жаңа формалары. Тақырып 11 Қазақстандағы қаржы және инфляция Қазақстандағы инфляциялық үрдістер: монетарлық және монетарлық емес факторлар. Антиинфляциялық саясаттың негізгі шаралары және қазіргі даму кезеңіндегі оларды жүргізу тиімділігі. Тақырып 12 Қазіргі даму кезеңдегі Қазақстан экономикасын мемлекеттік қаржылық реттеу Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты. Қазақстан экономикасын салықтық-бюджеттік реттеу. 3.2.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны Тақырып 1 Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қаржы рөлі Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын бағалау. Тақырып 2 ҚР банктік сектордың жағдайы және дамуы Банктік сектордың экономикада позициялануын бағалаудың көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан экономикасындағы банктік сектордың позициялаудың бағасы Тақырып 3 ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу Коммерциялық банктердің институционалды және инфрақұрылымдық инвестициялық қызметін қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік шаралар кешенін дамыту, яғни жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Тақырып 4 Банктік жүйенің және экономикалық сектордың өзара байланысы: негізгі тенденциялары Банктік және өнеркәсіптік капиталдардың интеграциясының тиімділігін бағалау әдістемесі. Тақырып 5 ҚР зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы және даму перспективалары ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызметін бағалу: негізгі көрсеткіштер есебі және динамикасы. Тақырып 6 ҚР сақтандыру секторының жағдай және даму перспективалары ҚР сақтандыру сеторының қызметін бағалау: негізгі көрсеткіштер есебі және динамикасы. Тақырып 7 ҚР қаржылық нарықтың жағдайы және даму перспективалары Өткен жыл бойынша КАSE биржа айналымының құрылымы және динамикасы. Мемлекеттік емес бағалы қағазадар нарығының секторы: негізгі көрсеткіштер анализі және динамикасы. Тақырып 8 ҚР инвестициялық қорлар жағдай және даму перспективалары Қр инвестициялық қорлардың іс-әрекетін бағалау: негізгі көрсеткіштер анализі және динамикасы. Тақырып 9 Қазақстанның даму институтары Қазақстанның даму банкі қызметін бағалау: негізгі көрсеткіштер анализі және динамикасы. Тақырып 10 ҚР корпорацияларының қаржылары Копоративтік басқару кодексі. Инвестициялық және иновациялық қызметті қаржыландырудың әдістері және жаңа формалары: венчурлік қаржыландыру, активтердің секъюритизациясы және т.б. Тақырып 11 Қазақстандағы қаржы және инфляция Қазақстандағы инвестициялық үрдіс және оған әсер етуші факторлар анализі. Тақырып 12 Қазіргі даму кезеңдегі Қазақстан экономикасын мемлекеттік қаржылық реттеу Қазақастан экономикасын салықтық-бюджеттік реттеу. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты. 3.3 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны СӨЖ бойынша уақыт бюджеті қаржылық-экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесі белгілеген нормаларына сай әрбір тематикалық жоспар бойынша СӨЖ-ге бөлінген сағаттарды есепьеу бойынша жүргізіледі: 3.3.1 050509 «Қаржы» мамандығы, сырттай оқу түрі орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім негізінде, 2006 ж.т.
5.5 Бақылау шараларының күнтізбелік графигі 5.5.1 Жоғары кәсіби білім негізінде, сырттай оқу түрінде, 050509 «Қаржы» 2007 түскен жылы мамандыѓына арналѓан бақылау шараларының күнтізбелік графигі
Шартты белгілер:
6 Курс саясаты Егер сіз барлық сабақтарға кешігусіз қатысып, барлық сабақтарға дайын болып, сабақ барысында белсенді жұмыс жасап тапсырмаларды сапалы және уақытында жасайтын болсаңыз бақылау шараларының күнтізбелік сызбасында көрсетілген жоғары балды жинайсыз. Сабаққа қатысқаныңыз үшін максималды балл кешігусіз келген жағдайда қойылады, кері жағдайда сабаққа қатысу үшін бөлінген балдың елу пайызы алынып тасталады. Практикалық сабақтарда тапсырмаларды орындау келесідей бағаланады:
егер практикалық сабақта ауызша сұраулар болатын болса, мұндай жағдайда балдар төмендегідей қойылады:
Реферат орындаған үшін балл орындалған жұмыстың мазмұны, мерзімі және қорғау қортындысына сай қойылады. Мерзімінде орындалмағаны үшін бес балл алынады. Егер студент рефератты қорғаудан өтпесе, максималды балл он бес балды құрайды. Аралық бақылау оқудың оныншы аптасында өтеді. Жазба түрде өтеді. Аралық бақылау сұрақтары өтілген барлық материалдарды қамтып тоғызыншы аптада практикалық сабақта беріледі. Бақылаудың қортынды түрі сынақ болып табылады. Сынақ билет бойынша жазбаша түрде жүргізіледі. Бір билет үш теоретикалық сұрақтан тұрады. Сынақ немесе аралық бақылау кезінде көшіруге тыйым салынады. Аралық бақылау 100 балға тең. Аралық бақылауға ағымды үлгерім балдары болған студенттер жіберіледі. (1,2) Рейтинг келесі формула бойынша есептеледі (1,2) Р = (1,2)АҮ*0,7 + (1,2)АБ*0,3 Егер студент аралық бақылаудан 50 кем балл алса, рейтинг анықталмайды. Сонда декан АБ тапсыруының жеке мерзімін белгілейді. Емтиханға рұқсат (РР) алу келесі формула бойынша есептеледі РР = ((1Р + 2Р)*0,7)/2 + КЖ*0,3 Егер студент рейтинг рұқсатынан (РР) 50 баллдан кем алса, емтиханға жібарілмейді. ҚБ 50 кем болса, студент ақылы түрде пәнді қайта оқиды. Қорытынды баға (ҚБ) рейтинг рұқсаттың (РРСҮ) және емтиханның қорытынды бақылауының (ЕҚСҮ) салмақтық үлестерінен құралады. ҚБ келесі формала боыйнша есептеледі ҚБ = РР*0,6 + ЕҚ*0,4 Салмақтық үлес Университетін Ғылыми Кеңесімен жылсайын бекітіледі. Курстық жұмыс комиссия алдында қорғанылады. Емтихан билет арќылы µткізіледі: билеттердіњ саны 25 болады, єрбір билет ішінде 2 с±раќ жєне 1 есеп болады. Емтиханда алынатын максималды балл - 100 балл, оныњ ішінде есеп - 40 баллмен, бір с±раќ 30 баллмен баѓаланады. |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Бейсембаева Гульмира Кулханова | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған |
![]() | 1. 7 Оқытушылар туралы мәліметтер. Кулмуканова Куралай Какешевна Силлабус 051301 «Жалпы медицина» мамандығына арналған «Психология негіздері» пәні бойынша жасалды | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары В050900 «Қаржы» мамандығының жоғары кәсіби білім сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған «Қаржылық талдау» |
![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148 | ![]() | Оқытушылар құрамын аттестаттау туралы Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби дамуының мониторингін жүзеге асыру мақсатында |
![]() | 1. Оқытушылар туралы мәліметтер Силлабус (студенттiң жұмыс бағдарламасы) биохимия және химиялық пәндер кафедрасында химия пәнi бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде... | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кагибат Азамат Кагибатович Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген, С. Торайғыров атындағы... |